Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 ж.)

Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 ж.)

Нурпеисов Абдижамил (1924 г.)

Дүни­еге кел­гені: 1924 қазан

Қызы­лор­да об­лы­сы, Арал ауда­ны

Ман­са­бы: жа­зушы

Әбдіжәміл КәрімҰлы Нүрпейісов (22.10.1924 жы­лы туған, Қызы­лор­да об­лы­сы, Арал ауда­ны, Қүлан­ды ауыл кеңесі, «Аван» ба­лык за­воды) — қазак жа­зушы­сы. 1942–1945 жыл­да­ры Ұлы Отан соғысы­на қатыс­ты. 1956 жы­лы А. М. Горь­кий атын­дағы әде­би­ет инс­ти­тутын (Мәскеу) бітірді. 1962–64 жыл­да­ры «Жүлдыз» жур­на­лының бас ре­дак­то­ры бол­ды. 1964 жыл­дан бері твор­чест­во­лық қыз­метте. Әбдіжәміл Нүрпейісов әде­би­ет­ке 40-жыл­дардың екінші жар­ты­сын­да ара­ласа бас­та­ды. Түңғыш шығар­ма­сы — Отан соғысы тақыры­бына жа­зылған «Кур­ляндия» ро­маны (1950). Бүл ро­ман­ды Әбдіжәміл Нүрпейісов өңдеп, то­лықты­рып, 1958 жы­лы «Күткен күн» де­ген ат­пен қай­та жа­ри­яла­ды. Ро­ман­да ха­лықтар дос­тығына, адам­дардың адам­гершілік, мо­раль­дық, ба­тыр­лық түлғасы­ның те­рең ашы­ла түсуіне на­зар ауда­рылған.

Күрделі ту­ын­ды­сы — «Қан мен тер» три­логи­ясы (1-кіта­бы, «Ымырт», 1961; 2-кіта­бы, «Сер­гелдең», 1964; 3-кітап, «Күй­реу», 1970) үшін 1974 жы­лы Әбдіжәміл Нүрпейісов­ке КСРО Мем­ле­кеттік сый­лығы берілді. Три­логи­яда қазақ халқының ре­волю­ция ал­дындағы және Ұлы Ок­тябрь ре­волю­ци­ясы, Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы та­рихи өмірі, қазақ еңбекшілерінің үстем тап өкілдеріне қар­сы күресі, орыс еңбекшілерімен бірге ре­волю­цияға ке­луі, ішкі-сыртқы жа­улар­мен шайқас­та Кеңес өкіметін ерлікпен қорғауға бел­се­не қаты­суы та­рихи шын­дыққа сай шы­найы көркемдікпен шежіре­лен­ген. Әбдіжәміл Нүрпейісов сол та­рихи ке­зеңдегі ха­лық өкілдерінің қай­та­лан­бай­тын, да­раланған, күрделі тағдыр­лы типтік бей­несін жа­сады (Ела­ман, Қален, Сүйеу т. б.). «Қан мен тер» эпо­пе­ясы КСРО ха­лықта­рының (орыс, ла­тыш, лит­ван, эс­тон, өзбек, тәжік, якут т. б.) және ше­тел­дердің (фран­цуз, араб, неміс, чех, ру­мын, түрік, ағыл­шын) тіліне ауда­рыл­ды. Ә. Нүрпейісовтің «Қан мен тер» ро­маны бойын­ша жа­салған инс­це­ниров­ка­сы қазақ дра­ма те­ат­ры­ның ре­пер­ту­ары­нан (1974 жыл­дан) түрақты орын ал­ды. Сын мақала­лары­ның таңда­малы­сы «Толғау» де­ген ат­пен қазақ, орыс тілдерінде кітап бо­лып шықты (1972).

Әбдіжәміл Нүрпейісов көркем аудар­ма са­ласын­да да еңбек етеді. Ол А. П. Че­хов­тың, А. М. Горь­кийдің, На­зым Хик­меттің, ис­пан жа­зушы­сы А. Кэ­сон­ның шығар­ма­ларын қазақ тіліне аудар­ды. Ә. Нүрпейісов Қызыл Жүлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Қүрмет Белгісі» ор­дендерімен және ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.