Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (1965 — 1986 жж.)

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (1965 — 1986 жж.)

Рыскулбеков Кайрат (1965 — 1986 гг.)

Қай­рат Ноғай­байұлы Рысқұлбе­ков. Қай­рат Ноғай­байұлы Рысқұлбе­ков (13 на­урыз 1966, Мойынқұм ауда­ны Бірлік ауылы – 21 ма­мыр 1988, Се­мей қала­сы) – 1986 жылғы Жел­тоқсан көтерілісінің қаһар­ма­ны.

Мазмұны:

1. Өмірба­яны;

2. Жетістіктері.

Өмірба­яны

1973 – 81 жы­лы Шу ауда­ны Төле би ауылын­дағы ор­на­ласқан Сәду Шәкіров атын­дағы мек­теп-ин­тернат­та оқып, 8 жыл­дық білім ал­ды. 1981 – 83 жы­лы Бірлік ауылын­дағы бұрынғы Ки­ров атын­дағы ор­та мек­тепте оқып, он жыл­дықты бітірген соң, әскер қата­рына шақырылғанға дейін әкесі Ноғай­байға жәрдемші-мал­шы бо­лып, Көкте­рек та­уар­лы-сүт фер­ма­сын­да жұмыс істеді. 1984 – 86 жы­лы Амур өлкесі Бе­логор қала­сын­да әске­ри міндетін абы­рой­мен өтеді. Әске­ри-са­яси қыз­меттердің үздігі ретінде бірне­ше мақтау қағазы­мен ма­рапат­та­лып, әске­ри бөлімше ко­ман­дирлері ата-ана­сына алғыс айтқан құрмет қағаз­да­рын жіберді. 1986 жы­лы ма­мыр­да әске­ри бо­рышын өтеп ауылға орал­ды. Та­мыз айын­да әске­ри бөлімшенің жол­да­масы­мен Ал­ма­тыдағы Сәулет-құры­лыс инс­ти­туты­на келіп сы­нақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. Осы жы­лы16 – 18 жел­тоқсан­да болған қазақ жас­та­рының отар­шылдық және әміршілдік жүйеге қар­сы көтерілісіне бел­се­не қатыс­ты.

Бірақ көтеріліс қаты­гездікпен жан­шылған­нан кейін 1987 жыл­дың қаңта­рын­да ішкі істер ор­га­нының қыз­меткер­лері «Ал­ма­тыда бір төбе­лес­ке қатыс­ты» де­ген же­ле­умен Рысқұлбе­ковті Мойынқұм ауда­нының ор­та­лығын­да тұра­тын нағашы­сы – М. Асан­ба­ев­тың үйінде де­малып жатқан жерінен ұстап әке­теді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанын­дай, тер­ге­ушілер зы­ми­ян әре­кет­терімен Рысқұлбе­ков­ке не­ше түрлі ай­ла-шарғылар қол­да­на оты­рып, оны С. Са­виц­кийдің өліміне кінәлі етеді. Қазақ КСР-і Жоғарғы Со­тының қыл­мыстық істер жөніндегі кол­ле­ги­ясы­ның төрағасы Е. Гра­бар­никтің 1987 жы­лы 16 ма­усым­дағы Үкімімен Рысқұлбе­ков – ең жоғары жа­за – өлім жа­засы – атуға бұйырыл­ды. Зи­ялы қауым өкілдері СОКП Бас хат­шы­сы Гор­ба­чев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Пре­зиду­мының төрағасы Гро­мыко­ның аты­на Рысқұлбе­ковтің жа­засын жеңілде­ту ту­ралы өтініштерін жол­да­ды. Кейіннен Рысқұлбе­ков­тың ату жа­засы амал­сыздан 20 жылға бас бос­тандығынан айыру жа­засы­мен ауыс­ты­рыл­ды. Бірақ Шу, Қараған­ды темір жол бе­кет­тері арқылы Рысқұлбе­ков белгісіз се­беп­термен Се­мей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдай­да оның өміріне қас­тандық жа­сал­ды.

Жетістіктері

Жел­тоқсан көтерілісінің бас құрба­ны болған Рысқұлбе­ков еліміз еге­мендік алған­нан кейін Қазақстан Жоғарғы Со­ты Пле­нумы­ның 1992 жы­лы 21 ақпан­дағы шешімімен то­лықтай ақтал­ды. Оған «Ха­лық Қаһар­ма­ны» атағы берілді. Та­раз қала­сын­да Рысқұлбе­ков есімімен ата­латын де­малыс паркі бар. Сон­дай-ақ он­да Рысқұлбе­ков­ке ес­керткіш қойылған; қ. Қай­рат Рысқұлбе­ков ес­керткіші.