Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Олжас Сүлейменов (1936 ж.)

Олжас Сүлейменов (1936 ж.)

Сулейменов Олжас Омарович (1936 г.)

Дүни­еге кел­гені: 1936 ма­мыр

Ал­ма­ты

Ман­са­бы: ақын, ой­шыл, ғалым, са­ясат­кер

Ол­жас Омарұлы Сүлей­ме­нов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілта­нушы, са­ясат­кер, яд­ро­лық қару-жа­рақтар­ды жап­пай қол­да­нуға қар­сы тұру­шы, Төтен­ше және Өкілетті Елші.

Мазмұны:

1. Өміpба­яны;

2. Та­нымыл ақын;

3. Ақын мен өлең;

4. Зерт­те­улері;

5. Ақын­дығы;

5.1. Жыр жи­нақта­ры;

6. Шығар­ма­лары;

7. Ма­рапат­та­ры;

8. Әде­би­ет­тер.

Өміpба­яны

1936 ж. Ма­мыр­дың 18 Ал­ма­тыда дүни­еге кел­ген.

1959 ж. С. М. Ки­ров атын­дағы Қазақ мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінің Ге­оло­гия фа­куль­тетін, кейін А. М. Горь­кий атын­дағы Әде­би­ет инс­ти­тутын бітіреді.

1962—71 жж. Ка­захс­тан­ская Прав­да ұнжа­ри­ясы­ның әде­би қыз­меткері, Қазақфилм ки­нос­ту­ди­ясы сце­нар­лық-ре­дак­ця­лық алқасы­ның бас ре­дак­то­ры, Прос­торжур­на­лының бөлім меңге­рушісы бо­лып жұмыс­тар атқара­ды.

1971—81 жж. Қазақстан жа­зушы­лар одағы басқар­ма­сының хат­шы­сы, со­нымен бірге 1972 ж. Азия-Аф­ри­ка ел­дері жа­зушы­лары­мен бай­ла­ныс жөніндегі Қазақстан­дық көми­теттің төрағасы бол­ды.

1981—83 жыл­да­ры Қазақ КСР ки­нема­тог­ра­фия жөніндегі мем­ле­кеттік ко­митетінің төрағасы.

1983—91 жыл­да­ры Қазақстан жа­зушы­лар одағы басқар­ма­сының бірінші хат­шы­сы бол­ды.

1989 ж. ақпа­нын­да халқара­лық Не­вада-Cе­мей яд­ро­лық қаруға қар­сы қозғалы­сының пре­зиденті бол­ды.

1991 ж. қаза­нынан Қазақстан Ха­лық конг­рессі пар­ти­ясы­ның төрағасы, құрметті төрағасы бол­ды.

1994 ж. сәуірде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсы­ныла­ды, мәжілісте өз үміткерлігін та­лап­пен алып тас­тай­ды.

1994—95 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қор­шаған ор­та және та­биғат­ты пай­да­лану ко­митетінің мүшесі.

1995 ж. та­мызы­нан бас­тап ҚР Ита­лия рес­публи­касын­дағы, 1996 ж. сәуірінен Гре­кия рес­публи­касын­дағы, сон­дай-ақ Маль­та рес­публи­касын­дағы төтен­ше және өкілетті елші міндетін атқар­ды.

Та­нымыл ақын

По­эзия жай­лы сөз қозғау қашан да қиын. Бұл әнші құстың да­уысын оның қауыр­сынды де­несінен бөліп қара­умен тең бо­лар еді. Ал өзіңе ұстаз әрі үлгі тұтар тұлға деп са­най­тын адам ту­ралы сөз қозғау одан да қиын. Де­ген­мен де ай­туға бо­лады, егер Бұл қажеттілік жүрек­тен туған бол­са… Егер Бұл жағдай­да өне­гелік Ұста­ным­да­ры, оның ең бас­ты­лары — адам­гершілік, адал­дық, бо­рыш үғым­да­ры бас­шы­лыққа алын­са… Дәл осы жер­де За­ратушт­ра за­маны­нан бері ай­ты­лып ке­ле жатқан көне да­налықты қалай ес­ке ал­масқа: «Ізгі сөз — ізгі ой — ізгі әре­кет». Осы қаси­етті өси­ет бізге есімдері мен құнды мұра­лары келіп жет­кен менің даңқты ба­бала­рым Ұстанған ақиқат­тың бас­ты пос­ту­лат­та­рының бірі болған.

Сол тәрізді ақын Ол­жас Сүлей­ме­новтің өмірі мен шығар­ма­шылығы да осы мо­раль­дық үш таған­ның (три­ада­ның) бас­тапқы мәнін бей­не­лейді. Бүгінгі таңда оның қазақ жеріндегі ең та­нымал ақын екендігіне күмән келтіретін адам да аз бо­лар. Ол­жас ту­ралы жа­зылған дүни­елер же­терлік, со­лар­дың бәрінің ба­сын қосып жи­нақта­са, бірне­ше том­дық еңбек бо­лары сөзсіз. Оның ақын­дығы ту­ралы тек өзінің Ота­нын­да ғана емес, со­нымен қатар алыс ел­дерде де көп жа­зыл­ды. Оның шығар­ма­шылығына таңда­на қарап, осы жайын­да Па­мир­ден При­бал­ти­каға, Кіші Ази­ядан Па­риж­ге, Күнгей Кав­каздан Гер­ма­нияға дейінгі ай­мақта өз пікірін білдірушілер көптеп та­был­ды. Оның өлең жи­нақта­ры 100000 та­ралым­мен жа­рық көріп, сол сәтте-ақ си­рек кез­де­сетін биб­ли­ог­ра­фи­ялық кітап­тар қата­рына еніп отыр­ды. Ақын­ның өрбір жаңа ірі ту­ын­ды­сы қызу талқылан­ды. Мен, сірә, біздің қазіргі та­нымал қалам­герлердің ішінен оқыр­мандар мен сөз қадірін түсінер адам­дар дәл осы­лай үлкен құмар­лықпен оқитын өзге ақын­ды атай ал­ма­сам ке­рек. Оның жетістіктері нағыз әде­би­етшілерді қуан­тып, ақиқат­ты үздіксіз іздеу жо­лын­дағы ба­тыл, кей кез­дердегі жүгенсіз асау ой­лар мен сезімдердің жи­ын­тығы оны күнде­ушілердің ашу­ын келтіріп, шығар­ма­шылығына та­быну­шылар­дың таңда­нысы­на жол аш­ты.

Ол­жас Сүлей­ме­новтің әлемді дүр сілкіндірген да­уысы ең алғаш рет естілгелі жар­ты ғасырға жақын уақыт өткен екен. Осы уақыт­тан бері біз ақын жыр­ла­рынан оның за­ман­даста­ры мен отан­даста­рының қалай тіршілік етіп, нені сезініп, нені ой­лағанын оқып ке­леміз. Ол­жаспен бірге Қазақстан­ның ұшы-қиыр­сыз да­ласын шар­лауға бо­лады, шо­пан киіз үй­лерінде қонақта бо­лып, күйшілер мен күміс көмей әншілердің жыр­ла­рын өз құлағыңмен тыңдай ала­сың. Шар­шаған тың иге­руші жігіттер­мен бірге ашық ас­пан ас­тында, төбе маңын­дағы орылған егіс алаңын­да түне­уге бо­лады. Құла­зыған сор­таң жер­лер мен кеуіп қалған өзен ар­на­ларын ге­оло­ги­ялық пар­ти­ялар­мен бірге кезіп жүре ала­сың. Бақыт­сыздыққа үшы­раған ха­лыққа қорған бо­лу мақса­тын­да түрлі мінбе­лер­ден үн қату,

Ха­лықты өзі үлгі көрсе­ту арқылы рух­танды­ру — дәл осы қаси­ет­тер оған құдіретті күштің ар­найы үйғары­мымен берілген тәрізді. Кей кез­дері маған Ол­жастың өмірі тұтас­тай жан қияр­лықпен күш жұмса­уды қажет ететін өре­кет­терден құра­латын­дай бо­лып көрінеді. Се­бебі: бұған дейін та­ныл­май кел­ген не­месе дәлірек айтқан­да, өрке­ни­еттік бірле­етікте өз дәре­жесінде, то­лық тұта­етығымен және сұлу­лығымен көріне ал­маған қазақ елін бүкіл әлем­ге та­ныту де­ген үлкен жа­уап­кершілікті са­налы түрде өз мой­ны­на ала білді. Бүгінде оның сөзіндегі, ойы мен әре­кет­теріндегі ерек­шеліктерді түсіне ала­тын адам­дарға ерек­ше әсер бер­ген жарқын да­усы үлкен бе­дел­ге ие.

Ол­жас Сүлей­ме­нов — құдіретті рух­тың көңілінен шығып, өз за­ман­даста­рын Ақиқат пен Сұлу­лыққа жақын­да­та түсу үшін Ал­ла­ның өділеттілікті аңсау мен соған де­ген ұмты­лыс­ты бүкіл бол­мы­сына енгізіп қойған ақын­дардың бірі. Шын­дығын­да, Сұлу­лықты су­рет­те­ген сайын біз оған бір қадам жақын­дай түсеміз! Ақиқат­ты бей­не­леген өрбір сәтте біз оны­мен біріге түсеміз. Ол — Жол­ды жа­рықтан­ды­ратын шы­рақ тәрізді. ізде­нушілер өздері ізде­ген маңыз­ды да зөру ме­селе­леріне жа­уап­ты дәл осы қазақ ақыны­ның шығар­ма­лары­нан та­ба ала­ды. Қазақ халқының өткені, бүгіні мен бо­лашағы бар­лық түтас­тығымен Мұхтар Әуезовтің ұлы эпо­пе­ясы­нан кейін бірінші рет сон­ша­лық кең көлем­де және жоғары көркем деңгей­де осы аза­мат ақын шығар­ма­ларын­да бей­не­лен­ген. Бақыт Кен­же­евтің мы­на бір айтқаны өте орын­ды: «Қазақстан­ды әде­би тұрғыда әлем кар­та­сына енгізген дәл сол (О. С.), се­бебі, ол шын мөнісіндегі алғашқы ха­лықара­лық қазақ жа­зушы­сы бол­ды.

Ол­жас қазақтар ту­ралы көп жаз­ды жөне сол жазған­да­рымен бүкіл әлемді қызықты­ра ал­ды. Мәске­уліктердің оның кітап­та­рын қалай дүкен сөре­лерінен сы­пырып-си­ырып алып кет­кендері менің есімде. Ал, „Аз и Я“ кіта­бы ту­ралы еш­теңе ай­та ал­май­мын, Бұл менің құлшы­лық етер кіта­бым…» (Ме­гапо­лис, 13,05.2004 ж.). Ақын ту­ын­ды­лары­нан қазақ халқы бас­тан өткер­ген жарқын жыл­дардың қуанышқа то­лы сәттері мен қайғыдан көңілі қалған ұлы өмірінің бет­терін құрауға бо­лады. Қан­ша ғасыр­лар бойы үлесіне ти­ген көпте­ген ауыр сы­нақтар­ды ба­сынан өтке­ре оты­рып, өзіндік төл мәде­ни­етін то­лық дерлік алғашқы қалып­та сақтай алған таң қалар­лық және біре­гей қазақ елі тағды­рының куәсі бо­лады.

Ақын­ның өзі бұл жай­лы бы­лай дейді: «Біздің ұрпақ крис­талда­ну үстінде. Ха­лық ара­сын­да на­мыс қозғалы­сы жүріп жа­тыр. Қор­лықта жүрген­дерде қуаныш үғымы бо­луы мүмкін емес. Ақын­дар ха­лыққа на­мыс қозғалы­сына күш-қуат жеткізіп ту­руға міндетті». Бұл бағыт­та, яғни та­рих пен ха­лық тағды­рының мөнін түсіну­де Ол­жасқа дейінгі ұлы қай­рат­керлер — Абай құнан­ба­ев, Шоқан Уәли­ханов, Шәкәрім құдай­бер­ди­ев, Ыбы­рай Ал­тынса­рин және басқа да қазақ ағар­ту­шыла­рының жетістіктері де аз болған жоқ. XX ғасыр­дың та­нымал көркем сөз зер­герлері — Мағжан Жүма­ба­ев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіре­пов, Іли­яс Жансүгіров, Іли­яс Есен­берлин және т. б. тәжіри­белерінің де маңызы кем емес. Осы та­рихи-мәде­ни кон­текс­те қазақ өде­би­етін әлемдік аре­наға алып шығу Ол­жас Сүлей­ме­новтің еншісіне ти­ген екен.

Оны қазақ елінің ха­лықара­лық деңгей­дегі ақыны деп мойын­дау «Адамға та­бын жер, енді!» ат­ты по­эма­сының жа­рыққа шығуымен тығыз бай­ла­ныс­ты. Ол­жас Сүлей­ме­нов — маңыз­ды әрі теңдесі жоқ құбы­лыс. Оны ақын­ның әде­би еңбек­терінің жоғары деңгей­де бағала­нуы ғана дәлел­деп қой­май­ды. Со­нымен қатар, Ол­жас — ақын, ой­шыл, ғалым, са­ясат­кер. Осы қаси­ет­тердің бәрі де тек бір ғана біре­гей тұлғаның эпос­таста­ры. Ол­жас са­яси, өле­уметтік және мәде­ни ор­та­да белгілі бір по­зиңияға ие ақын­ның тек о бас­та өзіне ар­нап берілген мүмкіндіктерді пай­да­лана оты­рып қана әре­кет етуі қажет екендігін жақсы түсінді. Ол қаруы — сөз. Ол әде­би­ет­ке ерек­ше да­уыс­пен енді. Оның шығар­ма­лары әу бас­тан-ақ ұлттық өде­би құбы­лыс­тарға то­лы бол­ды, со­нымен қатар сөз қадірін түсінер жүрттың көңілінен шықты және бүгінге дейін сол деңгейін жоғалтқан жоқ.

Ол­жас Сүлей­ме­нов по­эзиясы та­усыл­мас күш-қуат­пен сарқырай ағар серпінді ырғаққа негіздел­ген. Ол өрбір өзіндік ерек­шелігі бар ақын­дар және да­ра түлғалар тәрізді ал­дын ала да­яр­ланған иде­оло­ги­ялық тап­сы­рыс­тар шеңберін бұзып шыға ал­ды. Оның по­эзиясы сөз қадірін білетіндер мен сөз зер­герлеріне, со­нымен қатар қара­пайым оқыр­мандарға да орыс тілі арқылы қазақ халқының бол­мы­сын ашып көрсе­туғе мүмкіндік туғыз­ды. Ақын шығар­ма­шылығы өзіндік ерек­шелігімен, афо­ристілігімен және қаламғерлік ше­берлігінің ке­мелділігімен таңдан­ды­рады. Дәл по­эзия жан­рында ха­лық ру­хының та­рихы және мәде­ни да­муы, пси­холо­ги­ялық қата­рының өзіндік ерек­шеліктері бар түтас­тығымен және құнар­лы­лығымен көрінетіндіғін ақын жақсы түсінді.

Ақын мен өлең

Ол­жас Сүлей­ме­нов — та­биғаты­нан ру­хани бүғаулан­баған адам. Еркіндік — үнемі оның шығар­ма­шылық және қоғам­дық қыз­метіндеғі негізгі ұста­ным бо­лып та­была­тын-ды. «Еркіндік» сөзінің мағына­сы көп қыр­лы. Ақын­ның өзі де дәл осы үғымға бірне­ше түсінікте­мелер үсынған. Заңғар биіктікте самғап үшу үшін де ауа қажеттігін ол жақсы түсінді. Сол се­бепті:

Су­ретшінің ша­ру­асы не да­лада.
Дімкәс та­лант — да­лада емес —
Мо­лада.
Еркіндіктің екінші аты — сол да­ла,
Сол да­ланы жүр өлеңге ба­ла да, —

деп жыр­лай­ды. Өзіме ру­хани қыры­нан сон­ша­лықты жақын ақын­ды кай­та-кай­та оқи оты­рып, мен тағы бір ке­ремет ақын әрі ой­шыл Джеб­ран Ха­лилдің мы­на бір сөздерін еріксіз ес­ке ала­мын. Ол бы­лай де­ген еді: по­эзия — күлімсіре­удің нақты қаси­етті көрінісі, ол — көз жас­ты құрғату­шы белгі, адам бол­мы­сын­да тіршілік ететін рух; қуысы — жүрек, ша­рабы — ма­хаб­бат. Дәл осы пікірді Ол­жас ту­ралы да ай­туға бо­латын­дай. Оның по­эзиясы — өткір, жарқын және кіршіксіз та­за. Оның мы­на бір қара­пайым әрі ба­лалық нанғыш­тықпен айтқан сөздеріне мен се­немін:

Мен қайғырам, Зәбір көріп қай ха­лық
Қасірет­ке ба­тар бол­са қайғы алып.
Ай­на­лайын, О, Қара Жер, ай­нал­шы,
Мен өлейін бірге өзіңмен ай­на­лып.

Оның по­эти­калық шығар­ма­шылығының ерек­ше белгісі — көркем об­раздар­дың айқын көрінісі бо­лып та­была­ды. Да­ла Ол­жас шығар­ма­шылығын­да «қып­шақтар» эт­но­нимінің жи­ын­тық ата­уы, ал Қула дүз көшпелі тай­па­лар­дың ме­кені де­ген ұғым­ды бе­реді. Да­ла об­ра­зы Ол­жас түсінігінде еркін әрі ерікті адам об­ра­зымен тығыз бай­ла­ныс­ты.

Уа, аруақ!
Бейбіт күннен өлмейді ер,
Же­бедің бе,
Қан май­дан­да же­бей гөр!
Мейлі маған жа­сын лақтыр,
Жай тас­та!
Бас сауғалап көрген емес айқас­та.
Бірінші боп жығыл­маспын,
Жығыл­сам
Жығылар­мын ең ақырғы шайқас­та.
Ағып түскен жүлдыз­ды мен
Ару­лар­ды сүйіп түрып,
Серт бе­рем.
Ба­латон­га ба­рар жол­ды сілте­сең,
Уа, аруақ, Айғырым­ды ерт­тер ем,
Аялаған,
Әлди­леген жан құрсын!
Ағып өтем,
Әнімнен түз жаңғыр­сын.
Ме­нен калған тос­тақ ізге қақ түрып.
Ата жа­уым Со­дан шөлін қан­дырсын!
Соқпақ-жол­сыз сәті бол­мас са­пар­дың,
Ат­пен бірге жығылар­мын,
Жа­тар­мын.
Тас­бақаша тарғыл құмды жа­мылып,
Қат­ты үйқыға,
Тәтті үйқыға ба­тар­мын.

Ақын­ның сөздерді аса ше­берлікпен қол­да­наты­ны сон­ша­лықты ды­быс­тың алғашқы құбы­лу­ының таңғалар­лық ойыны­на таңдан­басқа ша­раң жоқ. Де­ген­мен өздеріңіз зейін қойып тыңдаңыз­даршы:

Ба­лық-су­ын
Қыран — оқтай қарқынын,
Жаңбыр­лы Бұлт
най­зағай­дың жарқылын.
Қалай сүй­се,
Сүй­се әлсіздер даңқты,
Мен де сені со­лай сүйем,
Жарқыным!

Со­нымен қатар, ав­тор тек су­рет­теп қана қой­май­ды, құпия сезімдер то­бын қозғалысқа түсіріп, көрген және естіген жай­ттар­дың өте айқын бей­не­лен­ген шы­найы көрінісін бе­реді. Сол се­бепті оқыр­ман өзі де күтпе­ген жер­ден өлең жол­да­рының ара­сына жа­сырылған, әрең ұстап қалуға бо­латын ин­то­нация көмегімен су­рет­кердің құпия ой­ла­рының үстінен шығады. Шы­нымен де Бұл өлең жол­да­ры алаңсыз, та­за өрі мөлдір емес пе?! Ақын­ның адам жа­нының ең асыл шек­терін қозғай­тын қайғы-қасіретті дәл су­рет­теуі сон­ша­лық, дәл сол кез­де түйсінген сезімдер қазір де сол қал­пында жүректі ба­урап ала­тын ерек­ше қабілетті, тебіреністі де та­за өлең жол­да­рының шы­найы құпи­ясы­ның не­де екенін мен біле ал­ма­дым. Мәңгілік тақырып — Су­рет­кер мен Уақыт — еш уақыт­та ақын­ның на­зары­нан тыс қал­маған және оның бар шығар­ма­шылығының қақ ор­та­сын қызыл жо­лақ бо­лып қиып жатқан өзекті тақырып. Мы­салы «Как­тус» және «құмырсқа» по­эма­ларын­да, әсіре­се «Саз бал­шықты кітап­та»:

— Әр адам­ның өз жүлды­зы түр пісіп,
Сол үзілмек,
Со­лай тағдыр құры­лысы.
Қалғиды әлем,
Қорыл­даған то­быр­дан
Ғасыр сайын
Бас көте­рер бір кісі.

Міне, шы­найы көрініс: үйқыдағы элем және сер­гек су­рет­кер. Ол­жас Сүлей­ме­нов по­эзиясы­ның екінші қыры — ой ауқым­ды­лығы. Оның по­эти­калық көз қарас­та­ры өткен ғасыр­лар қой­на­уынан және қазіргі за­ман­ның өткір көріністерінен алынған ер­те за­ман­дағы қазақ халқының та­рихи тағды­рын бей­не­лейтін көріністерді де қам­ти­ды. Ақын әрі көтерілісші Ма­хам­бет ол үшін тек ха­лық на­разы­лығының белгісі ғана емес, со­нымен ка­тар өз елі үшін өмірінің соңына дейін ба­тыл шешім жа­сай білген күрес­кер!

«Кешіре біл ағайын­ды су­ысқан,
Ел бақыт­ты, — сен жы­мисаң,
Ту­ысқан!»
Де­ген­де ғой,
Ту­ра түрған бо­лар ем
Тізгінімді шығар­май-ақ уыс­тан.
«Жайық бар­да ор­тай­май­ды,
Көлге сен,
Ақын бар­да қар­тай­май­ды,
Ел­ге сен.
Сен тіріде — біз де тірі» де­генді
Ай­тпа­ды олар,
Айтқан­да олар,
Өлмес ем!

Ақын Ма­хам­бет бей­несінен әділдік үшін әре­кет ет­кен нағыз күрес­кер эр си­патын көреді. Ол­жастың Ма­хам­беті — то­лыққан­ды және құдіретті фи­гура:

Дүшпа­ныңнан қай­тты кегің,
Қай­тты есең.
Ай­тып сап­сың ақиқат­ты,
Айт де­се.
Қан­дай ба­кыт акын бо­лып туғаным,
Сені ақын деп білер ме едім, әй­тпе­се!

Да­ла аңыз-ер­тегілері — жы­ра­улар мен ақын­дардан ге­нети­калық түрғыдан берілген су­ырып­салма­лық қаси­ет Ол­жас Сүлей­ме­нов шығар­ма­шылығын­да айқын көрініс та­бу­ымен таңдан­ды­рады. Бұл қаси­ет оған бір тақьірып­тан екінші тақырыпқа, бір ғасыр­дан екінші ғасырға еш қиын­дықсыз өту­ге мол мүмкіндік туғыза­ды. Оның об­разда­ры ерек­ше ұмты­лыс­пен жөне тасқын­ды өсіп оты­рады, «про­за пат­ша­лығына по­эзиямен еніп, ме­тафо­ралар­мен әлемді жөндейді». Ақын шығар­ма­шылығы жай­лы сын­шы­лар­дың бірі бы­лай де­ген еді: Ол­жас Сүлей­ме­нов по­эзиясы — шет-шегіне дейін қай­наған күш-қуатқа то­лы са­уыт. Кей­де алу­ан түсті әлемнің, сезімдер мен ой­лар­дың то­лық бей­несін бе­ру үшін де ақынға өлең фор­ма­сының шеңбері тар­лық етеді, міне, сол сәтте ол күтпе­ген жер­ден ұйқас­ты­рылған қара сөздер­ге не­месе дра­маға көшеді. Ол үшін бөрі қол же­тер жер­де және бәріне де рұқсат.

Ол­жас Сүлей­ме­нов үшін кім ақыл мен ой­дың еркін қанат жа­юына бөгет бо­латын соқыр елікте­уден бойын аулақ Ұста­са, сол — ақын. Оның қашан да «үй­реншікті ал­ле­гори­ялар­дан жүрегі ай­ни­тын». Ол ақын­ның өз ұмты­лыс­та­рымен ұлы Жа­рату­шы тәрізді өзіндік кіші әлем жа­рата ала­тын мүмкіндігі ба­рын жақсы түсінді. Ол­жас Сүлей­ме­новтің түтас шығар­ма­шылық жо­лы — осыған айқын дәлел. Қоғам­ның адам­гершіліктен алыс­тап ба­ра жатқанын көрген ол көркем шын­дыққа сүйене оты­рып, өз жа­ныңа өзің билік жүргізе алу қажеттігі, басқаша айтқан­да, адам­дық қал­пыңды сақтап қалу қажеттігін қол­дай­тын­дығын білдіреді. Ол үшін же­ке түлға қан­ша­лықты деңгей­де өне­гесіздікке қар­сы ту­ра алар бол­са, сон­ша­лықты деңгей­де биік. Бүған Ол­жастың шығар­ма­шылық ізденістерінің пуб­ли­цис­ти­касы­на, со­нымен ка­тар әде­би­ет ту­ралы, өзіне дейінгі қоғам қай­рат­керлері мен за­ман­даста­ры ту­ралы жазған мақала­лар­мен та­нысқан­да көз жеткізесің. Ол­жас — өз еліне адал және лайықты ұл. Менің ұғымым­да ол — кез кел­ген жо­ла­ушы­ның шөлін қан­ды­руға дайын тұра­тын шөлдегі көгал (оазис) тәрізді. Ақын егер па­рыз бен ұлтжан­ды­лық әлем­ге және адам­зат өміріне зи­ян тигізер бол­са, он­да мұндай па­рыз бен ұлтжан­ды­лықтан бас тар­ту ке­рек де­ген ой­ды құптай­тын да­налар­дың қата­рына жа­тады.

Акын үшін өз халқыңа және өз еліңе де­ген сүйіспеншілік жа­уап­кершілікпен ұшта­сып жа­туы ке­рек. Бұл жай­лы ол бірде мы­надай ой айтқан еді: «Мен өз елімді және оның халқын олар­дың беріктілігі мен төзімділігі үшін сүйемін. Бірақ мен ешқашан бір елді екінші ел­ге ай­дап са­лушы „ұлтжан­ды­лар­ды“ сүйе де ал­мас едім, түсіне де ал­мас едім». Оның жал­пы жұртқа әйгілі «Да­ланы биікте­теміз деп та­улар­ды ала­сарт­пайық» де­ген афо­ризмі аза­мат ақын­ның бүкіл шығар­ма­шылық жо­лының өзіндік кре­досы бо­лып та­была­ды. Осы­дан-ақ ақын­ның ата- ба­бала­рының та­биғи да­налығын көру­ге бо­лады. Жөне Бұл жал­пы қазақ халқына тән қаси­ет. Өздерінің да­лала­рының шексіз кеңдігіне орай, қазақтар о бас­тан-ақ тар пейілділіктен ада ел; ер­те­ден-ақ оларға кеңпейілділік тән. Ол­жас Сүлей­ме­нов — өткір ақын, жіті көре­ген, өте шап­шаң әрі еті тірі жан. Оның жа­нын­да өзге­лердін бәрі үйықтап жатқан не­месе мүлгіп отырған тәрізді. Біздің көз ал­ды­мызға қазақтарға өздерін бүкіл әлем­ге лайықты дәре­жесінде та­ныту қажет болған шақта ақиқат­ты тын­бай ізде­ген, өз ке­зеңін түсіну­ге үмтылған, бо­лашақ жай­лы үздіксіз ой­ланған бу­ырқанған ке­зең ба­ласы­ның үлы об­ра­зы ке­леді.

Ол­жас Сүлей­ме­новтің шығар­ма­шылық тағды­рына ой­ша көз жүгірткен шақта ақын әлеміне те­рең бой­лаған сайын көбірек ой­ла­нып-толғану қажеттілігі жай­лы ой өзіңе еріксіз ке­ле бас­тағанын бай­кай­сың. Ақын көтер­ген мәсе­лелердің ауқым­ды­лығы бас­тапқыда қойылған ше­кара­ны бүзып өтеді. Олай бол­са, ха­лық да­налығын­да ай­тылғанын­дай, тым бол­ма­са жар­ты жолға жет­кесін де арт­ка бір бұры­лып қараған дұрыс, Бұл жа­рым жол­дың да бізге бе­рері көп. Мав­ло­но Джа­лал-ад-дин Ру­ми бы­лай де­ген екен: «Теңіздің бар­лық су­ын ішіп та­уысу мүмкін емес, бірақ шөлің қанған­ша ішу­ге бо­лады». Жа­рату­шы Ол­жасты адам­заттық рух пен шығар­ма­шылықтың жоғары заңда­рын ашуға ар­найы таңдап алған­дай. Оның жыр­ла­рын­дағы сөздер ма­тери­ал­дық жөне ру­хани субс­тан­ци­яларға ие. Ақын та­биғат­та бар сөздерді іздеп та­буға және ал­дын ала түйсіну­ге ты­рыса­ды. Шығар­ма­шылык про­цесс — Бұл Жа­ратқан Иенің көмегімен «жа­сала­тын» қажетті сөздер бірлігінің топ­та­масы. Ақын олар­ды ес­ти алуы, түсіне алуы және соған шат­та­на алуы қажет.

Мен таңсықпын түяғы мен тұлпар­дың.
Топ­шы­сына қыран бүркіт, Сұңқар­дың.
құмы­раның қыл мой­ны ме­ниҚылышқ
Қашап жазған қай­сар жыр­га іңкәрмін.
Бақи уақыт,
Бақи тірлік, бақи құм
Құпи­ясын то­сып маған не қилы,
То­лық Ай­ды түніме­нен сөндірмей,
Құс жо­лынан ас­пан жы­рын оқимын.

Ақын сөздің әлемді түсіну мен қай­та құруға ар­налған құрал екендігін жақсы түйсінеді. Менің жос­па­рым­да Ұстаз-Ол­жастың шығар­ма­шылығына жан-жақты өде­би тал­дау жа­сау мақса­ты болған жоқ. Бұл екінің бірінің қолы­нан ке­ле бер­мейді. Мен тек Ақын­ның шығар­ма­лар жи­нағын құрас­ты­рып және қай­та-қай­та оқи оты­рып, осы ұлы адам­мен қарым-қаты­насым­дағы қуаныш­та­рым­ды бөліскім келді. Алые және жақын оқыр­мандар, Сіздер ақын­ның «ізгі сөз, ізгі ой, ізгі әре­кет­теріне» менімен бірге қуан­сын дедім. Бұл жай­лы Ол­жастың өз айтқаны:

— Әр адам­ның өз жұлды­зы
түр пісіп,
Сол үзілмек,
Со­лай тағдыр құры­лысы.
Қалғиды элем,
Қорыл­даған то­быр­дан
Ғасыр сайын
Бас көте­рер бір кісі.
Қарып түскен қызыл
Күйінде ол
Айқай са­лып сасқан­нан
Ояна­ды
Қарғып тұрған кісідей
Жүлды­зы ағып түскен күні ас­паннан.

Жеті том және сегіз кітап­тан тұра­тын аталған еңбек­ке ен­ген шығар­ма­лар тек олар­дың жа­рыққа ке­лу тәртібін ғана көрсетіп қой­май­ды, со­нымен қатар ав­тордың шығар­ма­шылық жо­лының көп қыр­лы мөде­ни-та­рихи және ғылы­ми- көркем шын­дығын көрсе­тетін ру­хани ізденістерін та­ныта­ды. Аталған шығар­ма­лар жи­нағы ақын­ның бар­лық ту­ын­ды­ларын қам­ти­ды деп ай­та ал­май­мыз. Бұл тек белгілі бір деңгей­де ғана Су­рет­кер шығар­ма­шылығының еле­улі ке­зеңін қам­ти­ды.

Зерт­те­улері

Ол­жас тілта­нушы ретінде көбіне­кей көне түркі тілін зерт­теді, әсіре­се шу­мер­лер және шу­мер тілі ту­ралы зерт­те­улері ба­тыс ғалым­да­рының көне тіл үнді-еуро­па тілдерінен бас­тау ала­ды дейтін қасаң те­ориясы­на пәрменді соққы берді.

Зерт­те­улері ретінде төмен­дегі бірне­ше кітапті ай­туға бо­лады:

  • 1975 ж. жа­рық көрген «Аз и Я» кітабі түркі және сла­вян ха­лықта­рының ежелгі жаз­ба ес­керткіштеріне ар­налған. Тым-тым арғы, ес­те жоқ ескі за­ман­дағы ұлт пен ұлыс­тардың тілі, ғұрып-әдеті сөз болған бұл кітапті кейінгі зерт­те­ушілердің та­маша қолғана­ты, оқушы­лар­дың, қызығушы­лар­дың сүйп оқыр ғылым­на­масы де­уге бо­лады. Әсіре­се кітап­тың Шу­мер­на­ма бөлімі оқыр­манды тың да, тілсім қиял­дарға бас­тай­ды. Кітап­тың соңы 1001 сөз ат­ты эти­моло­ги­ялық сөздікке ұла­сып, бұрыңғыдан ке­мел­де­не түсті.
  • «1001 сөз» жа­зу мен таңба­ның та­рихы ту­ралы шығар­ма, кітап әрқилы мәде­ни­еттің кез­дей­соқ, же­ке да­ра пай­да бол­мастан бір-біріне тығыз бай­ла­ныса оты­рып ту­ыла­тынын, да­миты­нын осы 1001 сөзді дәйек ете оты­рып дәлел­де­уге ты­рыса­ды.
  • 1998 ж. жа­рық көрген «Жа­зу тілі» кітабі та­рихқа дейіңі мәде­ни­ет­ке көзқарас, мұнда аутор шыған­дай шырқап со­нау майя тілі мен қытай тілі ара­сын­дағы бай­ла­ныс­ты зерт­тейді.
  • «Тa­рихқа дейіңгі түркілер» кітабінда сла­вян және түркі тілдерінің, атап айтқан­да, көне қазақ жэ­не көне орыс тілдерінің ежелгі өза­ра бай­ла­нысы ту­ралы ай­ты­лады. Жа­зушы­ның он­даған жыл­дар бойы ты­ным­сыз ізде­нуінің нәти­жесінде та­былған екі ха­лықтың осын­дай әре­кет­ке түсуіне қатыс­ты ма­тери­ал­дар көне қазақ тілі де­ген тер­минді алғаш рет қол­да­нуға мүмкіндік берді. Кітап­та бұл тер­миннің дұрыс екендігі то­лық дәлел­де­неді.

Ақын­дығы

«Біз жаңаша өлең жа­зуды Ол­жастан үй­рендік» дейді — Сер­гей Мар­ков, бұл бол­са Ол­жас өлеңдерінің ты­нысы өзге­шелігін әйгіле­ген­дей. 1961 жылғы тыр­нақ ал­ды жи­нағы «Арғымақтар» кітабінан бері ол жи­ыр­ма шақты жыр жи­нағына аутор бол­ды. «Ха­лықтың та­рихы ай­на­лып кел­генде ақын­ның үлесіне ти­еді» — дейді А. С. Пуш­кин, оқып отыр­саңыз Ол­жастың өлеңдері қазақ халқының та­лай ғасыр­лық мұңы мен қуаны­шын, сы­ры мен си­патын ай­та­ды, енді сіз бір ақын­ның жы­рын ғана емес бір ұлттың сан ғасыр­лық сәли­халы та­рихын ара­лаған­дай бо­ласыз. Ол­жас өлеңдері қазақ пен орыс ара­сын­да ғана емес, Еуро­па ел­дері, Кіші Азия, Қытай, Аме­рика ел­дері ара­сын­да өзінің асқақ қазақы үнін ас­панда­та саңқыл­да­тады.

Жыр жи­нақта­ры

  • «Арғымақтар», Қазақтың мем­ле­кеттік көркем әде­би бас­па­сы, Ал­ма­ты, 1961 ж.;
  • «Ол­жас Сүлей­ме­нов жи­нағы», Жа­зушы, Ал­ма­ты, 1967 ж.;
  • «Қыш кітап», Жа­зушы, Ал­ма­ты, 1969 ж.;
  • «Ата­мекен», Жа­зушы, Ал­ма­ты, 1972 ж.;
  • «Каж­дый день — ут­ро», Прав­да, Моск­ва, 1973 ж.;
  • «Пов­то­ряя в пол­день», Жа­зушы, Ал­ма­ты, 1973 ж.;
  • «Круг­лая звез­да», Ху­дожест­вен­ная ли­тера­тура, Моск­ва, 1975 ж.;
  • «Бе­рега. Оп­ре­деле­ние», Жа­зушы, Ал­ма­ты, 1976 ж.;
  • «Olz­sasz Su­lej­men ver­sei» (ма­жар тілінде), Еуро­па кё­нив­ка­до, Бу­дапешт, 1976 ж.;
  • «Тұңғыш кос­мо­навт», Жа­лын, Ал­ма­ты, 1979 ж.;
  • «Sa­kalai virs smev­lus» (лит­ван тілінде), Ба­га, Виль­нюс, 1980 ж.;
  • «Зем­ля, пок­ло­нись че­лове­ку!» (түркімен тілінде), Ма­гарыф, 1985 ж.;
  • «Сви­ток», Мо­лодая гвар­дия, Моск­ва, 1989 ж.;
  • «Ар­га­мак» (моңғол тілінде), Улань га­зар, Ула­ан­ба­атр, 1990 ж.;
  • «Ай­на­лайын», Жібек жо­лы, Ал­ма­ты, 1996 ж.;
  • «Исп­рав­ляя ме­тафо­рой мир», Қар­жы-қара­жат, Ал­ма­ты, 1996 ж.;
  • «Im Azi­mut der No­maden», Ин­терд­рюк, Лей­пциг, 1997 ж.;
  • Таңда­малы ту­ын­ды­лары, Жібек жо­лы, Ал­ма­ты, 2005 ж.;
  • «Olz­has Su­lej­me­now ge­dich­te» (неміс тілінде), Қазақстан, Ал­ма­ты;
  • «Fi­zikçinin Du­ası» (түрік тілінде), Ыс­тамбұл, 1976 ж.

[өңдеу] Шығар­ма­лары:

  • Нұрлы түндер, А., 1962;
  • Қылықты түн, А., 1963;
  • Мешін жы­лы, А., 1967;
  • Таңда­малы ли­рика, М., 1968;
  • Ақ да­рия ас­па­нын­да, Таш., 1970;
  • Ата­мекен, А., 1972;
  • Қала­улы қайыр­ма, А., 1973;
  • Жұмыр жұлдыз, М., 1975;
  • Көңіл көкжи­егі, А., 1976, 1980;
  • Оп­ре­деле­ние бе­рега, А., 1979;
  • Асқар­дан асу, А., 1987;
  • От ян­ва­ря до ап­ре­ля, А., 1989;
  • Тюр­ки в до­ис­то­рии, А., 2002.

Ма­рапат­та­ры

  • Қазақстан Ле­нин ком­со­молы сый­лығы, 1964 ж.;
  • Бұкіло­дақтық Ле­нин ком­со­молы сый­лығы, 1967 ж.;
  • Қазақ КСР мем­ле­кеттік сый­лығы, 1972 ж.;
  • Қазақстан­ның Ха­лық жа­зушы­сы атағы, 1992 ж.;
  • Тәуелсіз «Тар­лан» сый­лығы, 2000 ж.