Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1925-1998 жж.)

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1925-1998 жж.)

Тлендиев Нургиса (1925–1998 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1925 1 сәуір

Аманқарағай ду­аны, Күнти­мес ор­да-қыс­та­уы, Ал­ма­ты об­лы­сы, Іле ауда­ны, Шиліке­мер ауылы

Қай­тыс болғаны: 1998 қазан

Ал­ма­ты об­лы­сы, Жам­был ауда­нын­да

Тілен­ди­ев Нұрғиса Ата­байұлы (1925–1998) – қазақтың әйгілі күйші ком­по­зито­ры, ди­рижер, дәулес­кер дом­бы­рашы.

Ту­ып өскен жері — Ал­ма­ты об­лы­сының Іле ауда­нына қарас­ты Шиліке­мер ауылы. То­пырақ бұйырған жері Жам­был ке­сенесінің іргесі.

Мазмұны:

1. Білім теңізі;

2. Ту­ын­ды­лары;

3. Му­зыка­лық мәде­ни­ет;

4. То­лығырақ;

5. Күй сезіну;

6. Да­рын;

7. Ұлы­лар­дың сөзі;

8. «Ар­ман».

Білім теңізі

НұрғисаМәске­удің П. И. Чай­ковс­кий атын­дағы кон­серва­тори­сының ди­рижерлік фа­куль­тетін (проф. Н. П. Ано­совың кла­сы бойын­ша) бітірді. Қазақтың Абай атын­дағы опе­ра және ба­лет те­ат­рында (1953–1961), қазақтың Құрманғазы атын­дағы Мем­ле­кеттік Ака­деми­ялық ха­лық ас­паптар ор­кестрінде (1961–1964) және тіке­лей өзінің ұйым­дасты­ру­ымен дүни­еге кел­ген «Оты­рар са­зы» ха­лық ас­папта­ры ор­кестрінде (1981–1998) бас ди­рижер қыз­метін атқар­ды. Сон­дай ақ, 1968 жыл­дың «Қазақфильм» ки­нос­ту­ди­ясы му­зыка ре­дак­ци­ясы­ның бас ре­дак­то­ры бо­лып істеді. Қазақстан­ның ха­лық әртісі, Қазақстан Рес­публи­касы Мем­ле­кеттік сый­лығының иегері, КСРО ның ха­лық әртісі. Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің жар­лығымен Н. Тілендіұлы­на 1998 жы­лы «Ха­лық Қаһар­ма­ны» атағы берілді.

Ту­ын­ды­лары

Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың му­зыка­лық мәде­ни­етіне ком­по­зитор, ди­рижер, орын­да­ушы ретінде өшпес із қал­дырған су­рет­кер. Ол 500-ден ас­там му­ыз­ка­лық төл ту­ын­ды­лар­дың ав­то­ры. Осы­нау мол мұра­ның жанр­лық аясы да қай­ран қал­ды­рады: ән, күй, ро­манс, увер­тю­ра, по­эма, кон­та­та, опе­ра, ба­лет. Сүйікті шығар­ма­лары­нан «Дос­тық жо­лымен» (1958), «Менің Қазақста­ным» кон­та­тасын (1959), Қ. Қожа­мяров­пен бірлесіп жазған «Ал­тын та­улар» опе­расын (1961), «Ата толғауы» және ор­кестр үшін жа­зылған шығар­ма­ларын (1962), «Ха­лық қуаны­шы» (1963), «Қай­рат» (1964), «Жеңіс сол­да­ты» (1975) сияқты увер­тю­рала­рын атауға бо­лады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Ар­ман», «Ата толғауы», «Әлқис­са», «Қорқыт ту­ралы аңыз», «Көш ке­ру­ені», «Ма­хам­бет», «Фа­раби са­зы» сияқты күй­лері мен «Сар­жай­лау», «Ала­тау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты он­даған әндері ха­лықтық бо­яу нақышы­ның қанықтығымен, өзіндік қол­таңба­сының айқын­дығымен жұртшы­лықтың сүйіп тыңдай­тын ру­хани қазы­насын ай­налған. Мұның сыр­тында қырықтан ас­там пьесаға және жи­ыр­ма­дан ас­там филь­мге му­зыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса му­зыка­сын жазған М. әуезов­тың, Ш. Ай­монв­тың, Т. Ах­та­нов­тың, Ә. Тәжіба­ев­тың пьеса­лары, сон­дай ақ «Қыз Жібек», «Қилы ке­зең», «Менің атым Қожа», «Қар­лығаш­тың құй­рығы не­ге айыр», «Ақсақ құлан» филь­мдері әлдеқашан қазақ сах­на­сын мен эк­ран өнерінің клас­си­касы­на ай­налған. Ол Абай­дың «Әсем­паз бол­ма әрне­ге…», «Жа­сым­да ғылым бар деп ес­кермедім…», «Ішім өлген, сыр­тым сау…», «Қыза­рып, сұрла­нып…» өлеңдеріне ән шығарған. Со­нымен қатар қазақ ақын­да­рының өлеңдеріне «Ғашыққа мойын қой», «Абай ар­ма­ны», «Әй­герімнің әні», «Ақын­ның пайғам­ба­ры — Абай ата» әндерін жаз­ды. Қазақстан Рес­публи­касы Мем­летінің сый­лығының ла­уреаты.

Му­зыка­лық мәде­ни­ет

Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың му­зыка­лық мәде­ни­етіндегі сал серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Ол өнер ту­ын­да­ту ба­рысын­да уақыт­тың иде­оло­ги­ялық өктемдігіне, ас­си­миля­ци­яшыл әсіре үрдісіне мүлде мойын ұсын­бастан, өзінің тәңір да­рытқан төлту­ма қал­пы­нан қыл­дай ауытқымай жүріп, шығар­ма­шылық да­ралығын сақтап қала ал­ды. Бұл рет­те, Нұрғиса жер­ден қуат ала­тын Ан­тей сияқты, қазақтың му­зыка­лық дәстүріне та­банын нық тіреп тұрып, өзінің ар­ман аңса­рын еш жасқан­бастан ды­бысқа ай­нал­ды­ра білді. Ол өз за­маны­ның му­зыка­лық та­нымын те­рең игер­ген кәсіпқой му­зыкант бо­ла тұра су­ырып­салма­лық дәстүрді ұдайы ша­быт тұғыры етіп отыр­ды. Бы­лай­ша айтқан­да, көргенді күй­ттеп, естігенді жат­тап оты­ратын ор­кестрлік қасаңдыққа Нұрғиса бу­ырқанған ша­быт еркіндігін да­рыта білді. Бұл ре­те, Нұрғиса са­хара­ның ақ бас абыз­да­ры сияқты, өз үнін көп да­уысқа тұншықтыр­май, өз лебізін көп даңғазаға ілестірмей, қазақтың дәстүрлі му­зыка­лық тіліндегі да­рашыл қаси­етті (мо­нодий­ность) тәу етіп өтті. Нұрғиса­ның ком­по­зитор, ди­рижер, орын­да­ушы ретіндегі ойы көпке ор­тақ, тілі көпке түсінікті. Егер, сал­серілер өнері адам­ның жан жүрегіне бағыт­та­лу­ымен да­ралан­са, сол ұлы дәстүр Нұрғиса­ның да бар­ша шығар­ма­шылық бол­мы­сын­да ас­та төк бо­лып, шалқып ша­шылып жат­ты. Дәл осы тұрғыда Нұрғиса қазақтың дәстүрлі му­зыка­сының әрін тай­дыр­мастан, нәрін жоғалт­пас­тан тек қана өзіне тән про­фес­си­она­лизмді қалып­тасты­ра ал­ды.

То­лығырақ

Нұрғиса тұңғыш рет қазақтың төл му­зыка­сын төл ас­папта­рымен ор­кестрлік үлгіде ды­быс­тау арқылы, әрі қалай да­мыту­дың та­маша үлгісін көрсетті. Енді, орын­да­ушы Нұрғиса, яғни дом­бы­рашы Нұрғиса ту­ралы. Қашан­да айғақсыз де­ректің бәрі қиял­мен қоңсы­лас, бол­жаммен кіндіктес. Айғақты де­рек ата­улы шын та­рих­тың тап­жылмас ірге­тасы. Қазақ маңдайына біткен ұлы күйші – ком­по­зитор­лардың, шүкір қата­ры қалың. Бүгінге жет­кен күй мұра­сына да кен­де емеспіз. Де­ген­мен, сұлу­лыққа іңкәр көңіл кей­де қиял­дай­ды: шіркін – ай, осы­нау құдірет күй­лерді сол шығару­шы құдірет­тердің өзі қалай тарт­ты екен деп. Өкініштісі, ары­дағы дәулес­кер күйшілер­ден жет­кен «қол­таңба» жоқ. Қол­дан – қолға көшіп жет­кен күй­леріне қанағат. Дом­бы­рашы – орын­да­ушы­лық өнерді көксе­ген­де де, сол көненің күй­лерін көкірегіне қонақта­тып, бүгінгі күнімізге жеткізген саңлақтар­дың өнеріне жұба­намыз. Жай ғана жұба­нып қой­май­мыз, орын­да­ушы­лық ұлы дәстүрдің жығасы қисай­май, бар­ша сән – сал­та­наты­мен, бар­ша ше­берлік – ша­лымы­мен жет­кеніне де күмәнсіз се­неміз. Сендірмей қой­май­тын құдірет – бүгінгі күй құмар қауым Ди­на Нұрпейіскеліні, Қали Жантілеу, Әбікен Ха­сен, Жап­пас Қалам­бай, Төле­ген Мом­бек, Нұрғиса Тілендіұлы, Мағауия Хам­за, Ырыс­бай Ғаб­ди, Қар­шыға Ах­медьяр, Әзи­дол­ла Есқали, Та­лас Әсемқұл, Шәміл Әбілтай, Се­кен Тұрыс­бек, Сы­матай Үмбет­бай, Мұха­мет­жан Тіле­ухан сияқты күйші – орын­да­ушы­лықтың жыл­жыған жорғасы мен жыл­миғмн жүйріктерін естіп – көріп отыр. Бұлар­дың әр қай­сы­сы бір – бір мек­теп, әр қай­сы­сының са­усағына ілесіп сан ғасыр­дың ше­берлік – ша­лымы жет­кен. Со­нан соң, бұлар­дың бәрі де жай ғана жапт­тап тар­та­тын жай­дақ орын­да­ушы­лар емес, күйші – орын­да­ушы­лар. Яғни, күй ту­ын­да­татын­дар, со­дан да, олар тар­та­тын күйінің ішіне түсіп, кейіпкеріне ай­на­лып тар­та­ды. Олар ары­дағы құдірет күйшілердің өзі тіріліп келіп тыңда­са, өкіндірмейтін дүлдүлдер. Міне, осын­дай дүлдүл орын­да­ушы­лар­дың бірі ғана емес, біре­гейі – Нұрғиса. «Со­лақай­дың сойынан сақтан» де­ген­дей, Нұрғиса со­лақай дом­бы­рашы болған. Мұның өзі оң қол са­усақта­рының пер­не­лер­ге қапы­сыз қада­латын икемділігін пай­да­ланып, мөлдір ды­быс­тар шығару­ына дес бер­ген сияқты. Ол дом­бы­ра арқылы ай­тар ойын жеріне жеткізе айтқан дом­бы­рашы.

Күй сезіну

Қазақ дом­бы­рашы­лары күй өнерін көз арқылы, қол арқылы және құлақ арқылы жұғады деп оты­рады. Осы­лар­дың ішінде күйді құлақпен сіңіретіндердің жөні бөлек. Се­бебі, көз – көргенінен тан­бай­ды, қол – ұстағаны­нан – айырыл­май­ды. Яғни, күйді көз бен қол арқылы жұғыс­ты ет­кендер, әдет­те, қасаң қай­та­ла­ушы­лыққа ұры­нады. Ал, құлаққа сіңген күй, сөз жоқ, са­наға да сіңеді. Са­наға сіңген күй жүректі тер­беп, жүрек­пен тар­тылмақ. Нұрғиса бол­са, күйді құлақпен сіңіріп, жүрек­пен тар­та­тын дом­бы­рашы. Оның тартқан күй­лері жүрек­тен шыққан соң да жүрек­терді бай­рап жа­тады. Нұрғиса дом­бы­рашы – орын­да­ушы ретінде қазақтың күйшілік мек­тептеріне тән төл ерек­шеліктерді те­рең та­нып – түсінген; сол та­нып – түсінгенін ды­быс­тай алар әдіс – тәсілдерді қапы­сыз меңгер­ген. Ол Ал­тай­дың тік күй­лерін, Арқаның қоғыр күй­лерін, Сыр бойының бой­ла­уық күй­лерін, Жетісу­дың жай­саң күй­лерін, Аты­ра­удың аду­ын күй­лерін тартқан­да, со­лар­дың қай – қай­сы­сының да әрін тай­дыр­май, нәрін жоғалт­пай, сәні мен сал­та­натын келістіріп тар­та алған са­на­улы ғана саңлақтар­дың бірі. Егер Нұрғиса ком­по­зитор да бол­май, қоғам қай­рат­кері де бол­май, тек қана дом­бы­рашы – орын­да­ушы бол­са, ол сон­да да қазақтың мәде­ни – ру­хани шежіресіндегі көрнекті тұлға ретінде төрден орын алар еді.

Да­рын

Оты­рар са­зы ор­кестріТілендіұлы Нұрғиса­ның бойын­дағы осын­дай Тәңір да­рытқан­дай көп қыр­лы, алу­ан сыр­лы ас­та – төк да­рын­ның сыр – се­бебі кім – кімге де ден қой­дырт­са ке­рек. Әри­не, он­дай сыр – се­бептің негізі қашан­да туған то­пырақ, шыққан тек, өсіп — өнген ор­та­мен кіндіктес. Бұл рет­те, Нұрғиса­ны жа­рық дүни­еге кел­ген сәттен бас­тап – ақ әнге бөлеп, жыр­мен құндақтап, күй­мен тер­беткен Жетісу­дың өнер­паздық дәстүрін тағдыр­лы се­бептің зо­ры де­се жөн. Мұндай­да көктей шо­лып бол­са да, Жетісу­дың өнер мек­тебіне тұғыр болған тұлғалар­дың атын атап, түсін түстеп өті қажет. Бұл рет­те, әри­не, Сүйінбай, Жам­был, Құлмам­бет, Бақты­бай, Бар­мақ, Үмбетәлі, Қалқа, Ке­нен, Қуат, Бал­тағұл, сияқты айыр көмей ақын­дар, Ке­бек­бай, Са­пақ, Ноғай­бай, Бөлтірік сияқты от ауыз­ды, орақ тілді ше­шен­дер, Қана­дан, Бай­сер­ке, Бердібек сияқты дәулес­кер күйшілер, Дәурен – сал, Қыр­мы­зы, Жи­дебай, Балқыбек сияқты тол­лықсып – бұлықсыған сал – серілер, Ұлби­ке, Әлмен, Ақкүміс, Ләти­па, Жаңыл­дық сияқты жез­таңдай қыз – келіншек­тер ал­ды­мен ес­ке түседі. Олар қалып­тастырған ұлы өнер мек­тебі, ұлағат­ты өне­ге Нұрғиса­дай туа біткен да­рын­ды жөргегінде ты­ныш жатқызуы мүмкін емес еді.

Осы орай­да, Нұрғиса­ны ақ көй­лек­пен туған, ақжол­тай жан де­уге бо­лады. Ол өнер­паздықтың ұлы дәстүрін тал­бойына сіңірген әкесі – Тілендінің ба­уырын­да өсті. Тәңірдің тіліндей күй са­рын­да­рын әке ал­дында оты­рып ба­ла көкірегіне қона­тат­ты. Нұрғиса­ның ана­сы Са­лиха әйгіліКе­нен ақын­ның қарын­да­сы, ол кісі де төңірегін әншілігімен тәнті ет­кен. Сол кісінің сы­зыл­та са­латын сұлу әндеріне ба­ла Нұрғиса жан – жүрегін тер­белтіп өсті. Мүшел жасқа то­лар – тол­мас кезінің өзінде – ақ ауылын­дағы қазақ пен қырғыз­дың, орыс пен та­тар­дың му­зыка­лық ас­папта­рын тегіс қолы­нан өткізіп, алу­ан түрлі ән мен күйді құйқыл­жы­та тартқан­да ауыл – ай­мағы аузын ашып, көзін жұма­тын бол­ды. Есейе ке­ле Нұрғиса әншіліктің ақиығы Ке­нен­нен ба­та алып, жыр жам­по­зы Жам­былдың сарқытын ішті. Мұның бәрі де Нұрғиса өнер­паздығының се­бепшісі, бас­тау бұлағы де­уге әбден бо­лады. Алай­да, үлкен өнердің са­ра жо­лына қадам бас­тыртқан, тағдыр­дың жа­зу­ын­дай орай­лы сәтке Нұрғиса он төрт жа­сын­да кезікті. Кезігушісі – қазақ му­зыка­сына пайғам­бардай ша­пағаты ти­ген әйгілі Ах­мет Жұбан еді. Жеті қабат жер ас­ты­нан жаңа ғана бұлқынып шығып, бу­лыға ағып, енді ғана жүлге тар­та бас­таған кәусар бұлақтың те­ге­урінін жаз­бай та­нитын қарт бағьан сияқты, ба­ла Нұрғиса­ның бойын­дағы бұла да­рын­ды да­на Ах­мет те бірден та­ниды. Та­ниды да, Нұрғиса­ны қолы­нан же­тек­теп алып келіп, қазақ ұлт ас­паптар ор­кестрінің дом­бы­рашы­лар то­бына қоса­ды. Бұл, жаз­мыш де­генді қой­сай­шы, ор­кестр құра­мын­дағы өңшең дәулес­кер дом­бы­рашы­лар­дың ішінен дом­бы­рашы­лықтың дүлдүлі Қали Жантіле­удің оң жағынан Нұрғисаға орын ти­еді. Қали­дың ал­дын көрген құй­ма құлақ Нұрғиса кешікпей – ақ, бұрын күйді қызығып тарт­са, енді күйді құнығып тар­та­тын бо­лады, бұрын күйді еліріп тарт­са, енді күйді елігіп тар­та­ды. Міне, осы­ның бәрі де Нұрғиса әлеміне тап­жылмас тұғыр бол­ды, осы­ның бәрі де Нұрғиса да­рыны­ның сарқыл­мас қай­нар көзі еді. Тілендіұлы Нұрғиса өзінің бар­ша қабілет – да­рынын халқының ру­хын асқақта­туға ар­на­ды. Бұл жол­да ол халқымен ете­не тіл та­бысып, халқының сыр­ла­сы да, мұңда­сы да бо­ла ал­ды. Оның му­зыка­сы ба­ланың да, да­наның да жүрегіне жол та­уып, дүйім жұрттың ру­хани жан серігіне ай­нал­ды. Ол атақ – даңқ ізде­ген жоқ, атақ – даңқ оны іздеп тап­ты. Қазақстан ком­по­зитор­ла­рының ішінде тұңғыш рет Ха­лық қаһар­ма­ны атағын ал­ды. Кез – кел­ген ке­сек да­рын­ның күмәнсіз орын­да­латы­ны сияқты, бұған дүйәм жұрт қалтқысыз көңілмен қуана қол соқт. Нұрғиса­ны бірту­ар да­рын, қай­та­лан­бас тұлға ретінде көзінің тірісінде – ақ әйгілі за­ман­даста­ры біра­уыз­дан мойын­да­ды. Олар Нұрғиса­ны мақтаған жоқ, ха­лықтың мәде­ни – ру­хани өміріндегі құбы­лыс ретінде Нұрғиса­мен мақтан­ды.

Ұлы­лар­дың сөзі

  • Жам­был Жа­ба­ев: «Менің ием, жол­ба­рысым Тілендінің ба­ласы Нұрғисаға кетті. Түсімде со­ның алақанын жа­лап тұр екен. Ендігі иесі сол бо­лар».
  • Дінмұха­мед Қона­ев: «Му­зыка – адам­заттың әмбе­бап тілі ғой. Ол біздің жан – дүни­емізді байытып, әсіре­се, ұлттық са­на – сал­ты­мызға ба­ули­тын сиқыр­лы күш. Мен Нұрғиса Тілен­ди­евтің шығар­ма­ларын тыңдаған сайын осын­дай ойға қалам».
  • Нұрсұлтан На­зар­ба­ев: «Тілен­ди­ев жазған күй­лер тыңда­ушы­сын қуан­та да ала­ды, жұба­та да біледі; толған­ды­ра оты­рып ой­лан­ды­рады; әлди­лей оты­рып әдемі әсер­ге бөлейді, он­да ата­дан ба­лаға ми­рас бо­лып ке­ле жатқан адам­гершілік асыл қаси­ет­тер, ина­бат иірімдері, мейірім мен ра­хым ша­пағаты жа­ныңды ба­урай­ды; ион­да мұқал­мас жігер, қанат­танды­рар қай­рат, өрлік пен өжеттік, ұлттық рух, на­мыс бар; меніңше, Тілен­ди­евтің күй­лері бүгінгі тыңда­ушы­сын қалай бей­жай қал­дырма­са, енді он, жи­ыр­ма, жүз жыл­дан кейін де дәл бүгінгі құдірет күшін со­лай сақтай­ды; өй­ткені ол ықылым за­манғы ба­балар ру­хымен, ар­ман – мақса­тымен са­бақтас».
  • Қана­бек Бай­сейітов: «Нұрғиса­ның тұла бойы толған ды­быс қой, оның де­несінен бір жа­пырақ етті үзіп алып, лақты­рып тас­та­саң, ол екеш оған дейін бүлкілдеп, өлең ай­тып жа­тады».
  • Әбдіжәміл Нұрпейісов: «Нұрғиса­ның та­лант­ты екенін, тұла бойы толған ән, әуен, саз екенін білу үшін оны­мен бір рет ди­дар­ла­сып, кез­дессе де жетіп жа­тыр… Осы бір ақжарқын, ар­жайы, ашық жігіттің қара­пай­мы ды­бысқа қалай жан бітіріп жібер­геніне таңда­насың. Еш нәрсе­ге көңілі селт ет­пейтін осы дүни­едегі ең бір ен­жар, са­марқау жүретін кісіні де жағасы­нан ұстап алып жұлқып – жұлқып қалған­дай, құдіретті күшті қап­та­тып жібе­ретініне се­нер – сен­бесіңдң білмейсің».
  • Ер­кеғали Рах­ма­ди­ев: «Н. Тілен­ди­ев бір ғасыр­да бір ту­ып, ғасыр­лар бойы өзінің өнерімен халқының ор­та­сын­да өмір сүретін тұлға».
  • Әбіш Кекілба­ев: «Дом­бы­рашы Нұрғиса­ның қолы­на дом­бы­рати­се, теңіз төрінде да­уыл көтерілген­дей, алай мен дүлейдің ала­сапы­раны­на түсіп, ди­рижер Нұрғиса­ның қолы­на ор­кестр ти­се, Ала­тау жа­пыры­лып, Ат­лант са­пыры­лып кет­кендей, ала­ман – асыр­дың ас­тында қал­ды­рып, ком­по­зитор Нұрғиса билік ал­са, ас­пан ашы­лып, шуақ ша­шылып, дүние жарқырап жүре бе­ретін қазіргі дәуренімізді көре қалған­дардың өксімей, ес­ти қалған­дардың көксе­мей өтуі еш мүмкін емес. Жүректің дүлгіріне, қиял­дың қиыры­на, ар­манның тұңғиығына он­дай те­рең бой­лай ала­тын­дар тым си­рек еді – ау».
  • Мыр­за­тай Жол­дасбе­ков: «Нұрғиса Тілен­ди­ев – қазақ да­ласын сах­наға ай­нал­ды­рып сазға бөлен­ген жа­сам­паз; му­зыка өнерінің ашыл­май кет­кен жұмбағы, шешілмей кет­кен сы­ры; та­усыл­май­тын кені, тот бас­пай­тын асы­лы, сарқыл­май­тын бұлағы, сөнбейтін шы­рағы, тал­май­тын пы­рағы, қалқайған құлағы; ла­пыл­даған жүрегі, құла­май­тын тірегі, ақиқат шын­дығы, асқақ үні; ал­тын діңгегі, мінсіз ұста­сы; өшпейтін өне­гесі, аз­бай­тын ру­хы; әннің тіккен туы, асқар та­уы, күйдің соққан желі, қара да­уылы, ақ бо­раны; мауқымыз­ды басқан, әні ел­ге ем болған бал­гер; бар­мағынан бал тамған арқалы дом­бы­рашы, ке­удесінен күй қоз­даған күй – құдірет».
  • Жәнібек Кәрме­нов: «Сөз жоқ, Нұрғиса Тілен­ди­ев оқшау да­ра тұлға. Зор та­лант иесі. Халқымыз­дың ақын­дық, әншілік, ше­шендік, күйшілік, ком­по­зитор­лық ру­хы, күш қуаты бір ба­сын­да тоғысқан жа­раты­лысы жо­март бірту­ар жан».

Осы ой – толғам­дардың алып – қоса­ры жоқ, бәре де ақиқат сөздер. Ой­дың ора­мын Тілендіұлы Нұрғиса­ның өз сөзімен түйінде­уге бо­лар: «Кей­де мен өзімді әке – ше­шеден ту­маған­дай сезінем. Өй­ткені, ха­лық алақаны­на са­лып, өмір бойы аялап ке­леді,» — дейді екен. Бұл да шығар күндей шын­дық.

«Ар­ман»

Бір ауыл­да той бо­лып, сол тойға Тілендіұлы Нұрғиса ар­найы шақыры­лып­ты. Өзі той болған соң, оған Нұрғиса шақырылған соң, әри­не, күй тал­ты­лады. Күйді, әри­не, Нұрғиса тар­та­ды. Елдің де күткені сол, күй тар­тылған сайын тыңда­ушы жұрттың айызы қанып, желпіне түседі. Жұрт желпініп, қоша­мет көрсет­кен сайын Нұрғиса­ның арқасы қозып, дом­бы­расын қырық құбыл­та­ды. Тыңда­ушы­ның де­лебесі одан сайын қоза­ды. Жұрт осы­лай­ша мәз – мей­рам бо­лып жатқан­да, бір ақ сақал­ды қарт құйған мүсіндей бо­лып, шет­теу оты­рады. Бей­не бір тас ке­рең адам секілді, тар­ты­лып жатқан күй­ге селт ет­пейді. Әрбір күйді тартқан сайын қол­пашты қар­дай бо­ратқан көпшілік Нұрғиса­ны одан сайын қолқалай түседі.

Еті қызып алған Нұрғиса дом­бы­раны төсіне қойып, ба­сына шығарып, шырқ үйіріп тар­та­ды. Тыңда­ушы көпшіліктің есі шығып, одан сайын үздіге түседі. Тек, әлгі шет­керірек отырған ақ сақал­ды қарт сол құйған мүсін сияқты қал­пы­нан селт етер емес. Нұрғиса бол­са арқала­нып алған, дом­бы­расын одан сайын бе­бе­улетіп, одан ар­ман безілде­те түседі. Әлден уақыт­та де­лебесі қозған бір жас жігіт: «Нұрғиса, сіз күйді ба­шайыңыз­бен тар­та­ды дейді ғой, ба­шайыңыз­бен тар­тыңыз­шы!» деп өзе­урейді. Нұрғиса бол­са сұра­ушы­ны жа­лын­дырмай­ды, кебісті қағып тас­тап, дом­бы­раны ба­шайымен қағады.

Жұрт қыран – то­пан, ай­ран – асыр, таң – та­маша. Бірақ, шет­керіде отырған қарт қана, селт ет­пестен, сол тұнжы­раған қал­пы­нан тан­бай­ды. Со­дан, күйдің не­ше ата­сы тар­ты­лып, әннің не­ше ата­сы ай­ты­лып, тыңда­ушы­ның құма­ры қанып, түннің бір мезгілі болған кез­де Нұрғиса ты­нығып, дем ал­мақшы бо­лады. Қонақтар­ды ал­дын – ала сай­ланған үй­лер­ге бөліп – бөліп жатқызу үшін та­рата бас­тай­ды. Нұрғиса бол­са, бағанағы құйған мүсіндей тұнжыр қарт­тың үйіне бөлінеді. Үй­ге ке­леді. Тап – тұй­нақтай қонақ түсетін үй екен. Нұрғиса­ның көзіне төрде ілулі тұрған қозы қарын қызыл дом­бы­ра ал­ды­мен ша­лына­ды.

Дом­бы­ра көрсе Нұрғиса­да тағат қала ма, қызыл дом­бы­раны қолы­на алып, шертіп көрсе, дом­бы­раның көмейі күмбірлеп, көкірегі өксиді екен. Нұрғиса қызықғып ке­теді де, үй иесіне: «Ақсақал, бір күй тар­тып бе­рейінші!» дейді. Үй иесі са­марқау қал­пы­мен Нұрғиса­ның бетіне бар­лай қарап ала­ды да: «Тарт­саң тарт, шы­рағым. Тек, үйдің бе­рекесін ал­май, адам құсап тарт­шы!» — дейді. Қарт­тың үні мүлде түңілген­дей, дені дұрыс күй тыңда­удан күдерін үзген­дей бо­лып естіледі. Нұрғиса бол­са дүние төңкеріліп түскен­дей «Ах!» дейді. Күнұзынғы қол­паштың, күнұзынғы ма­рапат­тың бәрі жел­ге ұшқан­дай, бәрі жалған сияқты жа­ны құла­зып са­ла бе­реді. Ол аз­дай – ақ, сол сәт әкесі Тіленді марқұмның дәл жаңағы қарт сияқты «Күйдің бе­рекесін ал­май, күйін келтіріп тар­тар бо­лар» деп оты­ратын сөзі есіне түсіп, одан сайын құмығыды.

Тап бір әке өси­етін ат­танған­дай, күйші әкесінің ар­ма­нына қылау түсіріп алған­дай, жан – дүни­есі әп – сәтте әптер – дәптер бо­лады. Сол сәт көкірігінен «Ах, ар­ман – ай!» де­ген сөздің қалай лықсып шыққанын өзі де аңғар­май қала­ды. Нұрғиса тұғыр­дағы қыран­дай дүр сілкініп, есін жи­яды. Сол қал­пында дом­бы­раны үгітіп жібе­рер­дей құшыр­ла­на ба­уыры­на ба­сып оты­рып, жөргек­тен құлағына сіңген ескі са­рын­ды сұңқыл­да­тып қоя бе­реді. Күй қолы­мен емес, жүрегімен тар­ты­лады. Те­реңнен тепсініп шыққан шұңғыла са­рын гөй –гөй­леп, небір нақыш­ты иірім – қайырым­дар өзінен — өзі құйылып ар­ма­нымен қауышқан­дай сезіне беріледі. Күй аяқта­лады. Нұрғиса қар­сы ал­дында қақши­ып отырған қартқа қарай­ды.

Қарт­тың қабағы ашы­лып, жа­нары шоқтай жай­нап, мүлде басқа күй­ге түскен. Сол қал­пы бо­тадай елпілдеп: «Ой, бәре­келді, өркенің өссін, қарағым!» дейді. Нұрғиса сон­да ғана өзіне өзі кел­гендей бо­лып, көңілі ор­ны­на түседі… Сөй­тсе, бұл қар­тыңыз соғысқа барғанға дейін тыңда­ушы­сын тәнті ет­кен дәулес­кер дом­бы­рашы екен. Соғыс­тан сол қолы шын­тағынан кесіліп ора­лып­ты. Қол кесілген­мен, көкірек сау, күй­ге ын­тық көңілін өзінше аулап, дом­бы­расын бап­тап қояды екен. Міне, осы қарт­тың ал­дында тартқан күйін Нұрғиса кейін «Ар­ман» деп атап жұртқа жай­са ке­рек.