Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан (1932 ж.)

Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан (1932 ж.)

Уалиханов Шота Идрисович (1932 г.)

Дүни­еге кел­гені: 1932 ж. сәуірдің 26-ын­да

Сы­рым­бет ауылы, Айыр­тау ауда­ны, Көкше­тау об­лы­сы

Ман­са­бы: Сәулетші

Уәли­хан, Шот-Аман Ыды­рысұлы (Шо­та Уәли­ханов) — сәулетші. Уәли­ханов Шо­та Ыды­рысұлы (26.4.1932 ж. туған, Солтүстік Қазақстан об­лы­сы Айыр­тау ауда­ны Сы­рым­бет ауыл) – сәулетші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі (1978), про­фес­сор, Шығыс ел­дері Ха­лықара­лық сәулетші ака­деми­ясы­ның ака­демигі (2001).

Жыл Оқиға

  • 1956 ж. Мәскеу мем­ле­кеттік сәулетші инс­ти­тутын бітірген;
  • 1956 – 65 ж. Қазақ қала құры­лысын жо­балау инс­ти­тутын­да, КСРО құры­лыс және сәулетші ака­деми­ясы Қазақ бөлімшесінде сәулетші, кіші ғылы­мының қыз­меткері бол­ды;
  • 1966 – 67 Ал­ма­ты қала­сы бас сәулетшісінің орын­ба­сары;
  • 1967 – 70 Қазақ өнеркәсіп құры­лысын жо­балау инс­ти­туты­ның аға ғылы­мының қыз­меткері;
  • 1971 – 78 ҚР та­рих және мәде­ни­ет ес­керткіштерін қорғау қоғамы төрағасы­ның орын­ба­сары;
  • 1976 жыл­дан ҚР та­рих және мәде­ни­ет ес­керткіштерін қорғау қоғамы төрағасы­ның 1-орын­ба­сары;
  • 1973 – 82 Қазақстан Сәулетшілер одағы басқар­ма­сының төрағасы;
  • 1975 жыл­дан КСРО Сәулетшілер одағы басқар­ма­сының хат­шы­сы;
  • 1982 жыл­дан Қазақ аза­мат­тық се­ло құры­лысын жо­балау инс­ти­тутын­да бас сәулетшісі;
  • 1990 – 95 ж. ҚР ҰҒА-ның Әде­би­ет және өнер инс­ти­тутын­дағы өнер және сәулетші бөлімінің меңге­рушісі;
  • 1995 жыл­дан ҚР Та­рих және мәде­ни­ет ес­керткіштерін қорғау қоғамы Ор­та­лық кеңесінің төрағасы әрі Ха­лықара­лық Абы­лай хан қоры­ның пре­зиденті.

Мазмұны

  1. Жетістіктер;
  2. Қысқаша өмірба­яны;
  3. Негізгі шығар­ма­шылық жұмыс­та­ры;
  4. Ма­рапат­та­ры.

Жетістіктер

Ш. Ы. Уәли­ханов бірне­ше ірі ғима­рат­тардың, 20 мо­нумент пен ес­керткіштің (басқалар­мен бірге) ав­то­ры. Со­лар­дың қата­рын­да: Ал­ма­ты қала­сын­дағы «Ди­намо» ста­ди­оны (1958), «Уни­вер­сам» дүкені (1979), «Каз­гипро­зем» үйінің (1983) ғима­рат­та­ры; Уәли­ханов ес­керткіші (1969; Қазақ КСР-і Мем­ле­кеттік сый­лығы, 1970), Ә. Жан­гелдин, Т. Бо­кин (екеуі де 1975), Ғ. Мұрат­ба­ев (1984), Шығыс Қазақстан об­лы­сы Қара­уыл ауылын­дағы Абай (1970), Көкше­тау қала­сын­дағы Т. Би­гел­ди­нов (1998), Қос­та­най қала­сын­дағы А. Байтұрсы­нов (1999), Ас­та­на қала­сын­дағы Ке­неса­ры Қасымұлы (2001), т. б. ес­керткіштері; Д. Қона­ев бюсті (1985), Тәуелсіздік мо­нументі (1996, жо­ба ав­то­ры әрі же­текшісі), т. б. Уәли­ханов 1996 ж. Қазақстан Рес­публи­касы­ның жаңа мем­ле­кеттік ел­таңба­сы бойын­ша өткен байқауын­да ҚР сәулетшілер одағының ал­тын ме­далі мен дип­ло­мын ал­ды, ел­таңба (қараңыз Герб) ав­то­ры. Сон­дай-ақ ол Қазақстан сәулет және бей­не­леу өнерінің көкей­тесті мәсе­лелерін көтер­ген көпте­ген ғылы­ми мақала­лар; со­нымен қатар бірқатар дра­малық шығар­ма­лар­дың да («Шоқан», алғаш рет 1962 ж. қойылған; «Ағнұр», 1982; «Тағдыр», 1984; «Тер­рор», 2000) ав­то­ры; бірқатар пьеса­лары рес­публи­калық (Ал­ма­ты) және об­лыстық (Көкше­тау, Қараған­ды, Шым­кент) те­атр­ла­ры сах­на­сын­да қойыл­ды. Ха­лықара­лық сәулетшілер одағының дүни­ежүзілік 12 – 13, 20-конг­рес­теріне (Мад­рид, 1975; Ме­хико, 1978; Пе­кин, 1999) қатыс­ты. «Құрмет» ор­денімен ма­рапат­талған.

Қысқаша өмірба­яны

1932 ж. сәуірдің 26-ын­да Көкше­тау об­лы­сының (қазіргі Солтүстік Қазақстан об­лы­сы) Айыр­тау ауда­нын­дағы Сы­рым­бет ауылын­да туған.

Мәскеу сәулетшілік инс­ти­тутын бітірді.

«Қазақстан қала құры­лысын жо­балау» инс­ти­туты­ның қыз­меткері, Ал­ма­ты қала­сының бас сәулетшісінің орын­ба­сары,

Қазақстан Сәулетшілер одағы басқар­ма­сының төрағасы бол­ды.

Рес­публи­калық та­рихи және мәде­ни­ет ес­керткіштерін қорғау қоғамы­ның төрағасы.

Шот-Аман Уәли­хан — төре ру­ының өкілі, әйгілі қазақ пен ре­сей ғалы­мы Шоқан Уәли­ханов­тың ба­уыры­ның ұрпағы. Қазақ ақыны Ба­хыт­жан Қана­пи­янов­тың не­мере ағасы.

Негізгі шығар­ма­шылық жұмыс­та­ры

  • Ал­ма­тыдағы Шоқан Уәли­ханов (1969);
  • Әліби Жан­келдин (1975);
  • Тоқаш Бо­кин (1975) ес­керткіштері;
  • «Ди­намо» ста­ди­оны құрлы­сының (шығар­ма­шылық топ құра­мын­да) жо­бала­ры;
  • Ал­ма­ты Тәуелсіздік мо­нументі ав­торлар то­бының же­текшісі (1998);
  • Қазақстан Рес­публи­касы Мем­ле­кеттік ел­таңба­сының ауто­ры.

Ма­рапат­та­ры

  • Қазақстан­ның мем­ле­кеттік сый­лық иегері (1990);
  • Қазақстан­ның еңбек ciңip­гeн қай­рат­кері‎.