Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Тарихи хроника

М. С. Гор­ба­чев ре­фор­ма­сы тұсын­дағы Қазақстан (1985–1991 жж.)

1985 жылғы на­урыз­да К. У. Чер­ненко қай­тыс болған­нан кейін КОКП Ор­та­лық Ко­митетінің Бас хат­шы­сы қыз­метіне М. С. Гор­ба­чев сай­лан­ды. КОКП Ор­та­лық ко­митетінің сәуір айын­да болған пле­нумын­да әле­уметтік-эко­номи­калық өмірдің мәсе­лелеріне жаңаша қарауға әре­кет жа­салын­ды. Пле­нум­да әле­уметтік-эко­номи­калық да­муды же­дел­де­ту бағыты жа­ри­ялан­ды. Бұл серпілісті са­яси бас­шы­лық да­мудың эко­номи­калық қарқыны­ның бәсеңдеуіне жол бер­меу және негізгі күштерді осы бағытқа жұмыл­ды­ру арқылы жүзе­ге асығуға ты­рыс­ты.

Ғылы­ми-тех­ни­калық прог­ресс негізінде эко­номи­каның құры­лым­дық қай­та құру проб­ле­мала­рын КОКП Ор­та­лық Ко­митетінің ірі мәжілісінде талқылау жаңа бас­шы­лықтың алғашқы қада­мы бол­ды. 1986 жыл­дың ақпа­нын­да болған КОКП-ның XXVII съезінде бұл бағыт қол­дау та­уып, да­мытыл­ды.

Өндіргіш күштер мен өндірістік қаты­нас­тардағы түпкілікті өзгерістер со­ци­ализмді жетілдірудің құра­лы, со­ци­алистік құры­лыс­тың ора­сан зор ар­тықшы­лықта­ры мен мүмкіндіктерін ашу­дың шар­ты деп қарал­ды.

Сәуір (1985 ж.) пле­нумы, одан кейінгі пле­нум­дар да, КОКП-ның XXVII съезі де КСРО-ны төніп ке­ле жатқан те­рең дағда­рыс­тан құтқара ал­ма­ды және құтқара да ал­май­тын еді.

Же­дел­де­ту бағыты те­рең ұғынылған ғылы­ми кон­цепци­ясыз, айқын да, анық бағдар­ла­масыз жүргізілді. Же­дел­де­ту бағыты­ның сәтсіздікке ұшы­ра­уының негізгі кінәлілері же­келе­ген бас­шы ком­му­нис­тер бо­лып жа­ри­яла­нуы белгілі бір заңды­лық тәрізді. Мы­салы, Мәске­уде В. В. Гри­шин, Ле­нинг­рад­та Г. В. Ро­манов, ұлттық рес­публи­калар­да Д. Қона­ев пен Г. Али­ев.

Жаңару­дағы те­же­удің ұшығы әміршіл-әкімшіл жүйенің бұрынғыша сақта­лу­ын­да, оның са­яси инс­ти­тут­та­рының тиімсіздігіне, ха­лыққа жат­тығын­да, адамға жақсы еңбек ету негізінен тиімсіз болған, оның эко­номи­калық құры­лым­да­рының өміршең еместігінде жат­ты. Қоғам да­му­ының қажет­терінен ғылым да қалып қой­ды.

Алғашқыда жа­ри­яланған мақсат­тар мен нақты өмірдің ара­сын­дағы күрделі қай­шы­лықтар­дың нәти­жесі 1986 жылғы Ал­ма­тыдағы жел­тоқсан оқиғала­рына жеткізді.

Жел­тоқсан оқиғасы (1986 ж.)

1986 жылғы жел­тоқсан оқиғасы­на жыл­дар бойы қор­да­ланған осын­дай се­беп­тер түрткі бол­ды. Ор­та­лықтың өктемдік әре­кет­тері мен де­мок­ра­ти­ялық прин­циптері ара­сын­дағы қай­шы­лықтар, шо­винистік са­ясат т. б. қалып­тасқан жағдай­лар на­разы­лықтың негізгі се­беп­тері бол­ды.

На­разы­лық сыл­та­уы. 1986 жы­лы 16 жел­тоқсан­да Қазақстан ком­му­нистік пар­ти­ясы­ның Ор­та­лық Ко­митетінің V пле­нумы бол­ды. Пле­нум­да Қазақстан­ды көп уақыт бойы басқарған Д. Қона­ев­ты ор­ны­нан бо­сатып, мем­ле­кет бас­шы­лығына рес­публи­ка халқына бей­та­ныс Ульяновск об­лы­сы пар­тия ко­ми­етінің бірінші хат­шы­сы болған Г. В. Кол­бин тағайын­далды. Ел бас­шы­лығының ауыс­ты­рылу­ына ар­налған бұл пле­нум 18 ми­нутқа ғана со­зыл­ды. Ор­та­лықтың бұл әре­кеті ба­рып тұрған са­яси қателік және ха­лық мүддесін мүлде еле­ме­ушілік бол­ды.

Оқиға ба­рысы. 1986 жы­лы 17 жел­тоқсан­да Ал­ма­ты қала­сын­да рес­публи­ка бас­шы­лығының ауыс­ты­рылу­ына қар­сы­лық ретінде жас­тар толқуы бас­талды. Мұндай на­разы­лықтар басқа қала­лар­да да өтті. На­разы­лықтың бас­ты қозғаушы күші сту­дент­тер, жас­тар бол­ды. Жас­тар толқуы бейбіт жағдай­да Ал­ма­ты көше­лерінде бас­талды. Жас­тар ше­руі құқық бұзу­шылық, ұлтшыл­дық си­пат­тан ал­шақ еді. Тек ле­ниндік ұлт са­яса­тының бұрма­лан­ба­уы, әр ұлтқа өз бас­шы­сын қою ке­рек де­ген сөз жа­зылған тақтай­лар ұстап жүрді. Бю­рок­ра­ти­ялық жүйеге үй­рен­ген рес­публи­ка бас­шы­лары жас­тар пікірін тыңдағыла­ры кел­мей, олар­дың тез та­ра­уын та­лап етті. Ше­руді тарқату мақса­тын­да рес­публи­ка бас­шы­лары Ал­ма­ты гор­ни­зоны, басқа да әске­ри күштер жас­тар жи­налған Бреж­нев алаңын қоша­ды. Де­монс­тра­ци­яны тоқта­ту мақса­тын­да КСРО-ның кейбір өңірлерінің ішкі әскер бөлімдері әкелінді.

Осын­ша­ма ірі күштер са­пер күрегі, үй­ретілген ит­тер, су ша­шатын ма­шина­лар, сойыл­дар т. б. қару­лар көмегімен де­монс­тра­ци­яны тоқтат­ты. Қоғам­дық тәртіп сақшы­лары өрес­кел қаты­гездікке ба­рып, көп адам­дардың қаза та­бу­ына жол берілді. Рес­публи­ка бас­шы­лары бұл жағдайға көз жұма қара­ды.

Ше­руге қатысқан­дарды тер­геу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тер­геу ка­мера­лары­на, қала­ның сыр­ты­на әкетілген­дердің са­ны 8,5 мың бол­ды. Көпте­ген жас­тар оқу орын­да­рынан, ком­со­мол­дан шығарыл­ды. Оқу ор­ны­нан 271 сту­дент, ком­со­мол­дан 787 адам шығарыл­ды.

Жел­тоқсан оқиғасы­на қатысқан­дардың ішінен Қай­рат Рысқұлбе­ков, Ер­бол Сы­пата­ев, Ләззат Аса­нова, Сәби­ра Мұха­мет­жа­нова сияқты жас­тар жа­зықсыз өктем биліктің құрбан­да­ры бол­ды. Біраз уақыт­тан кейін сол кез­де айып­талған 99 адам­ның 46-сы ақтал­ды. 1987 жылғы КОКП Ор­та­лық Ко­митеті Ал­ма­тыдағы 1986 жылғы жел­тоқсан оқиғасын «қазақ ұлтшыл­дығының көрінісі» деп бағала­ды.

Жел­тоқсан оқиғасы КСРО-ның ыды­ра­уын тез­детті. Кейіннен пар­тия жел­тоқсан оқиғасын­да жіберілген қате­лерді мойын­да­ды. КОКП ОК-ның жел­тоқсан­дағы жас­тар ше­руін қазақ ұлтшыл­дығы деп кінәлау қате де­ген қаулы шығар­ды. КСРО ха­лық де­путат­та­рының I съезінде ақын, қоғам қай­рат­кері М. Ша­ханов жел­тоқсан­дағы ор­та­лықтың жүргізген іс-әре­кетін қат­ты сы­нап, тұңғыш рет мінбе­де сөз сөй­леді. Бұл жел­тоқсан шын­дығын ашу­дағы алғашқы қадам бол­ды.

Қазақстан­ның еге­мендік алуы (1989–1992 жж.)

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жы­лы 25 қазан­да рес­публи­камыз­дың мем­ле­кеттік еге­мендігі ту­ралы Дек­ла­рация қабыл­да­ды.

1990 жылғы жел­тоқсан­да Ре­сей, Ук­ра­ина, Бе­лорус­сия, Қазақстан рес­публи­кала­рының же­текшілері өза­ра төрт жақты шарт жа­сау жөніндегі келісімге қол қой­ды. Бұл келісім бойын­ша олар өздерінің Одақтық шартқа қар­сы қоятын та­лап­та­рының бар екендігін ашып ай­тты. Рес­публи­калар бұрынғы фе­дера­ци­яның ор­ны­на, енді кон­фе­дера­ция түріндегі одаққа бірігу жөнінде та­лап қой­ды. Ол бойын­ша Ор­та­лықтың ше­шуіне сыртқы са­ясат, ха­лықара­лық мәсе­лелер, сыртқы са­уда, мем­ле­кеттік банк және фи­нанс, ел­дегі қорғаныс мәсе­лелерін ше­шуді қал­ды­рып, қалған мәсе­лелердің бар­лығын жергілікті жер­лерде ше­шу дұрыс деп есеп­телінді.

Бұл та­лап­тар негізінде жаңа Одақтық шартқа қол қояр ал­дында 1991 жы­лы 19 та­мыз­да Яна­ев, Пав­лов, Крюч­ков, Пу­го, Язов, т. б. қаты­насқан мем­ле­кеттік төңкерістің бо­лу­ымен және ор­та­лықтың ешқан­дай ымы­раға кел­меуімен бай­ла­ныс­ты одақтас рес­публи­калар­дың же­текшілері бұған дейін жүргізіп кел­ген келіссөз та­лап­та­рынан бас тарт­ты.

Қазақстан­ның аты­нан Н. Ә. На­зар­ба­ев КСРО Жоғары Кеңесінің ке­зек­тен тыс сес­си­ясын­да жаңарған Одақ енді фе­дера­ция түрінде бо­луы мүмкін емес, тек кон­фе­дера­тивтік шарт негізінде бо­луы ке­рек деп ашық ай­тты, яғни бұл тек тең құқықты рес­публи­калар­дың дос­тық одағы бо­луы мүмкін деп көрсетті. Рес­публи­калар­дың бұл ұсы­нысы 1991 жылғы 19 та­мыз­дан кейінгі оқиғаның ар­тынша тәжіри­бе жүзінде іске асы­рыла бас­та­ды, бұрынғы бірыңғай одақтың ор­ны­на тәуелсіз мем­ле­кет­тер дос­тастығы қалып­тасты. Олар көпте­ген са­яси, әле­уметтік-эко­номи­калық мәсе­лелерді өздері ше­шетін бол­ды. Тәуелсіз мем­ле­кет­тер дос­тастығы бойын­ша әске­ри, сыртқы және т. б. аса маңыз­ды ха­лықара­лық мәсе­лелерді бірігіп ше­шу міндеті ғана қал­ды. Та­мыз уақиғасы­нан кейін Кеңес Одағы Ком­му­нистік Пар­ти­ясы, оның құрам­дас бөлігі Қазақстан Ком­парти­ясы (1991 ж. Қыркүйек) та­рихи аре­надан кетті.

Өкілеттіктер рес­публи­ка пар­ла­ментінің 1991 жы­лы 20 қара­шада қабыл­даған «Қазақ КСР-да мем­ле­кеттік өкімет билігі мен басқару құры­лымын жетілдіру және Қазақ КСР Конс­ти­туци­ясы­на өзгерістер мен қосым­ша­лар енгізу ту­ралы» Заңы бойын­ша берілді. Заң негізінде Рес­публи­каның мем­ле­кеттік басқару ор­ганда­рын­да өзгерістер жа­сал­ды. Про­кура­тура, Мем­ле­кеттік қауіпсіздік, Ішкі істер, әділет, Сот ор­ганда­ры қай­та құрыл­ды. Қазақстан­ның мем­ле­кеттік Қорғаныс ко­митеті жаңадан ұйым­дасты­рылып қыз­метіне кірісті.

1991ж. 1 жел­тоқсан­да Қазақстан та­рихын­да тұңғыш рет рес­публи­када жал­пы ха­лықтың қаты­насу­ымен Пре­зидент сай­ла­уы өткізілді. Да­уыс бе­ру қоры­тын­ды­сы бойын­ша Н. На­зар­ба­ев Пре­зидент бо­лып сай­лан­ды. Сол жылғы 10 жел­тоқсан­да Ел­ба­сы жар­лығымен Қазақ Кеңестік Со­ци­алистік Рес­публи­касы­ның ата­уы Қазақстан Рес­публи­касы бо­лып өзгертілді.

1991 жы­лы 16 жел­тоқсан­да Қазақстан Рес­публи­касы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сес­си­ясын­да пар­ла­мент де­путат­та­ры «Қазақстан Рес­публи­касы­ның мем­ле­кеттік тәуелсіздігі ту­ралы» Заң қабыл­да­ды.

Рес­публи­каның мем­ле­кеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі ұлта­ралық бай­ла­ныс тілі бо­лып белгіленді. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 жел­тоқсан рес­публи­ка тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлем­ге та­ныл­ды.

1992 жы­лы 3 на­урыз­да Қазақстан біріккен Ұлттар Ұйымы­на кірді.

Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Рес­публи­касын дүни­ежүзінің он­даған елі та­ныды. Біздің елді алғашқылар­дың бірі бо­лып Түркия, сол сияқты АҚШ, Гер­ма­ния, Фран­ция, Ұлыб­ри­тания және т. б. ірі-ірі мем­ле­кет­тер мойын­да­ды.

Қоғам­дық-са­яси қозғалыс­тар (1985–1992 жж.)

80 жыл­дардың аяғына қарай де­мок­ра­ти­ялық про­цестің жан­да­ну­ына бай­ла­ныс­ты Қазақ КСР-де қоғам­дық ұйым­дар құры­ла бас­та­ды.

1989 жы­лы Қазақстан­да алғашқы бо­лып «Не­вада-Се­мей» эко­логи­ялық қозғалы­сы құрыл­ды. Қозғалыс­тың мақса­ты – рес­публи­ка жеріндегі Се­мей және басқа по­лигон­дарды жа­бу, по­лигон зар­да­бын шек­кен ха­лыққа көмек көрсе­ту. Қозғалыс төрағасы – О. Сүлей­ме­нов. Ақын, қоғам қай­рат­кері М. Ша­ханов­тың бас­та­масы­мен Балқаш және Арал проб­ле­мала­ры бойын­ша ко­ми­етет құрыл­ды. Ко­ми­еттің негізгі мақса­ты Арал төңірегіндегі эко­логи­ялық апатқа өкімет на­зарын ауда­ру бол­ды.

1990 жы­лы «Азат» аза­мат­тық қозғалы­сы құрыл­ды. Бас­ты мақса­ты Қазақстан­ның мем­ле­кеттік еге­мендігін алу бол­ды.

1991 жы­лы «Азат» аза­мат­тық қозғалы­сының пар­ти­ясы құрыл­ды.

Жас­тар өздерінің са­яси қозғалы­сы «Алаш» па­ри­ясын құрды.

1991 жы­лы Қазақстан со­ци­ал-де­мок­ра­ти­ялық пар­ти­ясы құрыл­ды.

1990 жы­лы ұлта­ралық «Единс­тво» қозғалы­сы құрыл­ды. Қозғалысқа ғылы­ми-тех­ни­калық ин­телли­ген­ция өкілдері кірді.

Осы кез­де «Жел­тоқсан» пар­ти­ясы құрыл­ды. Бұл пар­ти­яның құра­мына 1986 жылғы жел­тоқсан оқиғасы­на қатысқан­дар кірді.

1989 жы­лы «Әділет» қоғамы құрыл­ды. Қоғам­ның негізгі мақса­ты ұжым­дасты­ру кезіндегі ашар­шы­лық, ста­линдік реп­рессия шын­дығын ашу бол­ды. Бұдан басқа Қазақстан­да «Аза­мат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсыл­мандар әйел­дер ли­гасы» сияқты қоғам­дық-са­яси қозғалыс­тар құрыл­ды. 1990 жы­лы Қазақстан­да 100-ден аса қоғам­дық-са­яси қозғалыс бол­ды. Ал­ма­тыда ғана 40-қа жуық са­яси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кез­де Қазақстан­дағы көпте­ген қоғам­дық-са­яси қозғалыс­тар әлсіз және қалып­та­су кезінде бол­ды. «Не­вада-Се­мей», «Қазақ тілі» сияқты қоғам­дық қозғалыс­тар бірша­ма мықты, көпте­ген мүше­лері мен белгілі дәре­жедегі қар­жы­лық қор­ла­ры бар ірі қозғалыс­тар бол­ды.

1990 жы­лы Қазақстан ком­му­нистік пар­ти­ясы құра­мын­да 800000-ға жуық мүше бол­ды. Осы кез­ден бас­тап ком­партияға де­ген ха­лықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай ком­партия бе­делінің түсуіне ай­тар­лықтай әсер етті. 1990 жы­лы ком­партия мүше­лерінің 42%-ы өз еркімен пар­тия қата­рынан шықты. Осы жы­лы пар­тия мүше­лерінің қата­ры 49000-ға кеміді.

90 жыл­дардың ба­сына қарай Қазақстан­да бұрын пат­ша үкіметінің қол­шоқпа­ры жа­зала­ушы күші болған ка­зак­тар ұйымы пай­да бол­ды. 1991 жы­лы 15 қыркүйек­те Орал қала­сын­да ка­зак­тар пат­ша үкіметіне қыз­мет етуінің 400 жыл­дығын ме­реке­ле­уге шешім қабыл­да­ды. Бұл қазақ халқының ұлттық мүддесімен са­нас­паған­дықтың дәлелі. «Азат», «Жел­тоқсан», «Па­расат» қозғалыс­та­ры бұл әре­кет­ке ашық түрде қар­сы шықты. Жап­пай қақтығысқа ұла­са жаз­даған бұл әре­кет жоғары­да аталған қозғалыс­тар мен құқық қорғау ор­ганда­рының ара­ласу­ымен тоқта­тыл­ды.

Еге­мендік алу­дың ке­зеңдері

1989–1990 жыл­да­ры Еге­мендік ту­ралы Дек­ла­раци­яны КСРО-ның басқа рес­публи­кала­ры да қабыл­да­ды. Сөйтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген Рес­публи­калар Одағы ыды­рады.

1991 жыл­дың жел­тоқса­нын­да Н. Ә. На­зар­ба­ев Қазақстан­дағы «1986 жылғы 17–18 жел­тоқсан оқиғала­рына қатысқаны үшін жа­уапқа тар­тылған аза­мат­тарды ақтау жөнінде» жар­лық шығар­ды, ол бойын­ша қыл­мыстық жа­уап­кершілікке, әкімшілік және тәртіп бұзғаны үшін жа­уап­кершілікке тар­тылған­дар ақтал­ды.

1991 жылғы 8 жел­тоқсан­да Бе­лорусь, РСФСР және Ук­ра­ина рес­публи­кала­рының бас­шы­лары Минск қала­сын­да (Бе­ловеж кез­де­суі) кез­десіп, мәлімде­ме қабыл­да­ды.

1991 жыл­дың 12 жел­тоқса­нын­да Аш­ха­бад қала­сын­да Ор­та Азия рес­публи­кала­ры мен Қазақстан бас­шы­лары­ның кез­де­суі бо­лып өтті.

1991 жылғы 21 жел­тоқсан­да Ал­ма­тыда 11 рес­публи­ка өкілдері қаты­насқан кез­де­су бол­ды. Олар тең құқықтық жағдай­дағы Тәуелсіз мем­ле­кет­тер дос­тастығы құрылған­дығы жөніндегі шартқа қол қой­ды.

1991 жылғы 1 жел­тоқсан­да Қазақстан та­рихын­да тұңғыш рет рес­публи­када жал­пы ха­лықтың қаты­насу­ымен Пре­зидент сай­ла­уы өткізілді. Да­уыс бе­ру қоры­тын­ды­сы бойын­ша Н. На­зар­ба­ев Пре­зидент бо­лып сай­лан­ды.

1991 жылғы 10 жел­тоқсан­да Ел­ба­сының жар­лығымен Қазақ Кеңестік Со­ци­алистік Рес­публи­касы­ның ата­уы Қазақстан Рес­публи­касы бо­лып өзгертілді.

1992 жылғы қаңтар­да Рес­публи­каның Мем­ле­кеттік тәуелсіздігін қам­та­масыз ету мақса­тын­да оның ішкі істер әскері құрыл­ды.

1992 жы­лы 3 на­урыз­да Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы­на кірді.

1992 жы­лы 25 ма­мыр­да Дос­тық, ын­ты­мақтас­тық және өзра көмек ту­ралы шартқа қол қой­ды.

1992 жылғы 4 ма­усым – Қазақстан Рес­публи­касы та­рихын­дағы ерек­ше мәрте­белі күн. Бұл күн еліміздің мем­ле­кеттік рәміздері – Туы, Ел­таңба­сы, Гимні – дүни­еге кел­ген күн ретінде мәңгі ес­те қала­ды.

1992 жы­лы жел­тоқсан­ның ор­та­сын­да қоғам мен ха­лықтар дос­тығын нығай­ту­да Ал­ма­тыда Қазақстан ха­лықта­рының фо­румы өтті.

1993 жы­лы Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті Н. Ә. На­зар­ба­ев сыртқы са­яси бейбітшілік са­яса­тын ұста­нуды ес­ке­ре оты­рып, Лис­са­бон хат­та­масы­на қол қою арқылы Қазақстан яд­ро­лық қару­дан еркін ай­мақ бо­латын­дығын мәлімдеді.

1993 жы­лы 28 қаңтар­да Рес­публи­ка Жоғары Кеңесі құқықтық мем­ле­кет құру­дың ірге та­сы, оның мем­ле­кеттілігінің, тәуелсіздігін қам­та­масыз етудің, эко­номи­калық, мәде­ни және ғылы­ми-тех­ни­калық прог­ресс жо­лымен алға ба­са бе­руінің кепілі бо­лып та­была­тын тәуелсіз Қазақстан Конс­ти­туци­ясын қабыл­да­ды.

1993 жыл­дың аяғы Қазақстан­да кеңес­тердің жап­пай өзін-өзі та­рату­ымен ерек­ше­ленді. Өзін-өзі та­рату жай­лы алғаш рет Ал­ма­тыдағы Ала­тау аудан­дық кеңес­тері мәлімдеді. Қара­ша айының аяғын­да 100-ге жуық, оның ішінде Ал­ма­ты қала­лық және об­лыстық кеңес­тері өздерінің та­ратылғанын мәлімдеді. Жел­тоқсан­ның 8-күні Ал­ма­ты қала­сын­да Рес­публи­ка Жоғарғы Кеңесі XI сес­си­ясы­ның II ке­зеңі өз жұмы­сын бас­та­ды.

1994 жы­лы 7 на­урыз­да Қазақстан Рес­публи­касын­дағы сай­лау жөніндегі жаңа ко­декс­ке сәй­кес Жоғарғы Кеңес­ке сай­лау өтті. Бұл сай­ла­удың ерек­шелігі сол, са­лыс­тырма­лы көпшіліктің ма­жори­тар­лық жүйесі де­путат­тыққа кан­ди­дат­тарды Пре­зиденттің ұсы­ну тәжіри­бесімен бірге қол­да­ныл­ды. 1995 жылғы сәуірдегі Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ялық со­ты «1994 жылғы 7 на­урыз­да сай­ланған Қазақстан Рес­публи­касы Жоғарғы Кеңесінің ле­гитимді еместігі (заңсыз­дығы) жөніндегі» қаулы қабыл­да­ды. Осы қаулы бойын­ша қыз­меті 1993 жылғы Конс­ти­туцияға негіздел­ген XI­II шақыры­лым­ның Жоғарғы Кеңесі өзінің өкілеттігін тоқтат­ты.

1994 жыл 6 шілде – Қазақстан Рес­публи­касы Жоғарғы Кеңесінің ке­зекті жал­пы оты­рысын­да Пре­зиденттің ас­та­наны Ақмо­лаға көшіру ту­ралы ұсы­нысы мақұлдан­ды.

1995 жылғы 30 та­мыз­дағы ре­ферен­думда еліміздің жаңа Конс­ти­туци­ясы қабыл­данды. Оған қатысқан адам­дардың 90%-ы біздің мем­ле­кетіміздің жаңа Ата заңын жақтап да­уыс берді.

1997 жыл – Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың «Ғасыр­лар тоғысы» ат­ты кіта­бы жа­рыққа шықты. Рес­публи­ка Пре­зиденті Жар­лығымен жал­пы ұлттық та­тулық және са­яси қуғын-сүргін құрбан­да­рын ес­ке алу жы­лы деп жа­ри­ялан­ды. Қазақстан 60тан ас­там ха­лықара­лық ұйым­дарға мүше бо­лып қабыл­данған.

1998 жыл – Ха­лық бірлігі мен ұлттық та­рихы жы­лы деп атап өтілді. Та­рих жы­лы тұтас­тай алған­да 23 ірі-ірі ғылы­ми фо­рум­дардың өткізілуімен ерек­ше­ленді.

1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен са­бақтас­тығы жы­лы деп жа­ри­ялан­ды. Осы­мен бай­ла­ныс­ты өткен ғасыр­лардан жет­кен ора­сан зор мәде­ни-та­рихи мұра­ны сақтап, оны жи­нақтап жаңа ғасыр­дың игілігіне ай­нал­ды­ру міндеті қойыл­ды.

1999 жыл 10 қаңтар – Н. Ә. На­зар­ба­ев Қазақстан Пре­зиденті бо­лып қай­та­дан сай­лан­ды.

2000 жыл – Мәде­ни­етті қол­дау жы­лы деп жа­ри­ялан­ды. Бұл жы­лы мәде­ни­ет ме­кеме­лерін да­мытуға, олар­дың ма­тери­ал­дық ба­засын нығай­туға бағыт­талған едәуір жұмыс­тар атқарыл­ды. Мәде­ни­етті қол­дау жы­лының ша­рықтау шегі Түркістан қала­сының 1500 жыл­дық тойын той­ла­умен са­бақтас келді.

2002 жыл ха­лықтың ден­са­улығын сақтау және оның деңгейін көте­ру мақса­тын­да Пре­зиденттің жар­лығымен Ден­са­улық жы­лы деп жа­ри­ялан­ды. Ден­са­улық жы­лының аясын­да ауыл­дағы көпте­ген ме­дици­налық ме­кеме­лер ғима­рат­та­ры жөнде­уден өтті. 4,2 мил­ли­он ауыл тұрғын­да­ры тек­се­руден өткізіліп, 36 пайызға жуық науқас есеп­ке алын­ды. Ауру­ларға қар­сы адам­дарды егу­мен қам­ту 97 пайызға жетті. Ден­са­улық жы­лы шеңберінде 12–18 жасқа дейінгі бір мил­ли­он 690 мың оқушыға ме­дици­налық тек­се­ру жүргізілді. 2002 жыл­дың ерек­шелігі же­ке Ден­са­улық сақтау ми­нистрлігі, Са­нитар­лық-эпи­деми­оло­ги­ялық бақылау және Фар­ма­ция ко­митеті құрыл­ды.

23 қазан­да Түркістан қала­сын­да қазақтар­дың Бүкілдүни­ежүзілік екінші құрыл­тайы бо­лып өтті.

2004 жыл жел­тоқсан айын­да Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пар­ла­мент сай­ла­уы өтті.

2005 жылғы 4 жел­тоқсан­да ҚР Пре­зидентінің ке­зекті сай­ла­уы өтті. Сай­лау қоры­тын­ды­сы бойын­ша ең көп да­уыс алған Н. Ә. На­зар­ба­ев Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті бо­лып жеті жыл мерзімге қай­та сай­лан­ды.

Қазақстан­дағы көппар­ти­ялық жүйе

Қазақстан­ның Еге­мендік алуы, КСРО дик­та­тура­сының құла­уы қоғам­дық да­мудың та­биғи ат­ри­буты боп са­нала­тын көппар­ти­ялықтың өрістеуіне жол аш­ты.

«Қазақстан­ның со­ци­алистік пар­ти­ясы» (ҚСП) 1991 жылғы 7 қыркүйек­те құрыл­ды (бұрынғы Қазақстан­ның Ком­му­нистік пар­ти­ясы). Құра­мын­да 47 мың мүшесі бол­ды. Төрағасы – А. Әлімжа­нов, кейін П. Сво­ик. Мақса­ты:

  • Еңбекшілерді әле­уметтік жағынан қорғау.
  • Әле­уметтік әділеттік ұста­ным­да­рын ор­на­ту.
  • Меншік түрлерінің теңдігін қорғау

ҚСП еліміздегі бұқара­лық пар­тия бо­лып есеп­телді.

«Қазақстан­ның ком­му­нистік па­ри­ясы» (ҚКП) 1991 жыл­дың күзінде құрыл­ды. Бұрынғы Ком­партия мүше­лерінің көпшілігі пар­тия аты­ның со­ци­алистік бо­лып өзгертілуіне на­разы­лық білдіріп, ҚКП аты­нан XIX съезд өткізіп, ком­му­нис­тер атын сақта­ды. Мүшесі – 55 мың адам. Төрағасы – Б. Төлеп­ба­ев, кейін С. Әбділдин. Мақса­ты:

  • Ғылы­ми со­ци­ализм ұста­ным­да­рына негіздел­ген әле­уметтік әділетті қоғам ор­на­ту.
  • Ком­му­нистік иде­яларға адал­дық.

«Қазақстан­ның Рес­публи­калық пар­ти­ясы» (ҚРП) Қазақстан­ның аза­мат­тық қозғалы­сы «Азат» негізінде құрыл­ды. Төрайымы – С. Ақата­ев. Мақса­ты:

  • Қазақ ұлтын өркен­де­ту.
  • Ұлттық-эт­ни­калық топ­тарды жан-жақты да­мыту.
  • Ұлттық-пат­ри­от­тық күштерді біріктіру.

«Қазақстан­ның Ха­лық конг­ресі пар­ти­ясы» (ҚХК) 1991 жылғы 5 қазан­да құрыл­ды. Мүшесі – 30 мың адам. Төрағала­ры – О. Сүлей­ме­нов және М. Ша­ханов. Мақса­ты:

  • Ел өмірінде са­яси аяны кеңей­ту.
  • Ұлттық са­яси күштер құру.

ҚХК пар­ти­ясы­ның атқарған жұмыс­та­ры:

  • Жергілікті мәсли­хат­тарға және Жоғарғы Кеңес­ке де­путат­тар сай­ла­уда бел­сенділік та­ныту.
  • Жоғарғы Кеңес­тегі са­яси пар­ти­ялар­дың заң жо­басын бекіту мәсе­лесін ше­шу.
  • Жергілікті жер­лердегі өзін-өзі басқару ре­фор­ма­сы тұжы­рым­да­масы­ның (кон­цепци­ясы­ның) заң жо­басын талқылау.

«Қазақстан­ның де­мок­ра­ти­ялық прог­ресс пар­ти­ясы» (ҚДПП) 1991 жылғы қара­шада құрыл­ды. Төрағасы – А. До­куча­ева. Мақса­ты:

  • Эко­номи­калық бос­тандыққа же­ту.
  • Құқықтық мем­ле­кет құру және адам құқығын қорғау ба­сым­ды­лығына же­ту.

«Қазақстан­ның ха­лық бірлігі» одағы 1993 жылғы ақпан­да құрыл­ды. Төрағасы – Қ. Сұлта­нов. Са­яси қозғалыс­тар ара­сын­да бұл одақ бе­делді бол­ды.

Рес­публи­када 300-ден аса қоғам­дық-са­яси ұйым­дар, 68 әр түрлі қор­лар, 11 рес­публи­калық ұлттық мәде­ни топ­тар тіркелді. 1993 жыл­дың соңына қарай қоғам­дық-са­яси қозғалыс­тар берік са­яси күшке ай­нал­ды.

«Қазақстан­ның ха­лықтық-ко­опе­ративтік пар­ти­ясы» (ҚХКП) 1994 жылғы жел­тоқсан айын­да құрыл­ды. Төрағасы – У. Сәрсе­нов. Әле­уметтік ба­засы – ауыл еңбек­керлері, ко­опе­ративтік қозғалыс жұмыс­керлері.

«Қазақстан­ның өрлеу пар­ти­ясы» (ҚӨП) 1995 жылғы қаңтар­да құрыл­ды. Төрайымы – А. Жағано­ва, мүшесі – 5 мың адам. Мақса­ты:

  • Әле­уметтік жағынан қорғал­маған ха­лық топ­та­рының мүддесін қорғау.
  • Білім және ден­са­улық са­ласын қорғау.

«Қазақстан­ның аг­рарлық пар­ти­ясы» (ҚАП) 1995 жыл­дың ба­сын­да құрыл­ды. Мүшесі 42 мыңнан ас­там адам. Мақса­ты: Ауыл еңбек­керлерінің әле­уметтік-эко­номи­калық және са­яси мүдде­лерін қорғау.

«Қазақстан­ның де­мок­ра­ти­ялық пар­ти­ясы» (ҚДП) 1995 жы­лы жаз­да құрыл­ды. Төрағала­рының бірі – Т. Жөке­ев. Мүшесі – 19 мың адам. Мақса­ты:

  • Әле­уметтік-на­рықтық эко­номи­ка құруға ат­са­лысу.
  • Аза­мат­тық қоғам ор­на­ту.
  • Де­мок­ра­ти­ялық құқықтық мем­ле­кет құру.

«Ақ жол» қоғам­дық қозғалы­сы 1998 жы­лы қара­шада құрыл­ды. Же­текшісі – Н. Ора­залин. Мақса­ты:

  • Пре­зидент Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың са­яси бағытын қол­дау.
  • «Қазақстан-2030» стра­теги­ясын жүзе­ге асы­ру.
  • Зи­ялы өкілдер мүдде­лерін қорғау.

«Отан» пар­ти­ясы 1999 жы­лы қаңтар­да құрыл­ды. Төрағасы – С. Те­рещен­ко. Бұл пар­тия Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың Пре­зиденттікке кан­ди­дату­расын қол­дау қоғам­дық шта­бы негізінде құрыл­ды.

«Қазақстан­ның отан­шылдар» пар­ти­ясы 1999 жы­лы 14 қаңтар­да құрыл­ды. Мүше­лері қата­рын­да: «Азат» қозғалы­сының же­текшісі – Ха­сен Қожа-Ах­мет, жа­зушы – Н. Асы­шев, «Мем­ле­кеттік тіл» қоғамы­ның төрайымы А. Ос­ма­нова бол­ды. Мақса­ты:

  • Ұлттық ын­ты­мақтас­тыққа ру­хани тәрби­елеу жо­лымен же­ту.
  • Пат­ри­от­тық сезімді қалып­тасты­ру және өсіру.
  • Қазақстан қоғамы проб­ле­мала­рына ана­лиз жа­сау және дағда­рыс­тан шығу жол­да­рын көрсе­ту.

«Қазақстан­ның де­мок­ра­ти­ялық таңда­уы» ат­ты қоғам­дық са­яси бірлестік 2001 жы­лы қара­шада құрыл­ды.

1999 жы­лы рес­публи­када бар­лығы 14 са­яси пар­ти­ялар мен 30-ға жуық са­яси қоғам­дық қозғалыс­тар, бірлестіктер құрыл­ды. 2000 жы­лы рес­публи­кадағы рес­ми тіркел­ген пар­ти­ялар са­ны – 15.

Қазақстан және дүни­ежүзілік қауым­дастық. Қазақстан­ның сыртқы са­яси және сыртқы эко­номи­калық бай­ла­ныс­та­рының да­муы

КСРО та­раған­нан кейін яд­ро­лық қару негізінен Ре­сей жерінде шоғыр­ланды. Қазір жер жүзінде 5 яд­ро­лық дер­жа­ва бар: АҚШ, Ре­сей, Қытай, Ұлыб­ри­тания, Фран­ция.

1996 жылғы 31 қыркүйек – Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қата­рын­да яд­ро­лық қару­ды та­рат­пау жөнінде шартқа қол қой­ды.

1996 жыл, 26 сәуір — «Шан­хай бестігі» құрыл­ды (Қазақстан, Қырғызс­тан, Қытай, Ре­сей, Тәжікстан).

Қазақстан бас­шы­лығы әске­ри-са­яси одақ НА­ТО-мен ын­ты­мақтас­тыққа маңыз­ды орын бе­реді. Бұл ын­ты­мақтас­тық «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдар­ла­масы негізінде жүзе­ге асу­да.

Тәуелсіз алған­нан бері ха­лықара­лық ұйым­дарға мүше бо­лып кіру­ге жол ашыл­ды. Қазақстан 60-тан ас­там ха­лықара­лық ұйым­дарға мүше. (1997 ж. ба­сы).

800-ге жуық мем­ле­кета­ралық және үкіме­тара­лық келісім-шарт­тарға қол қойыл­ды.

Бірқатар ірі ка­пита­листік ел­дер Қазақстанға эко­номи­калық көмек ретінде не­сие бе­руде. Ең ірі көлем­дегі не­си­елерді бе­руші ел­дер: Гер­ма­ния, Түркия, Авс­трия, Ұлыб­ри­тания. Бұдан басқа Жа­пония, АҚШ секілді до­нор ел­дер үлкен қар­жы­лық көмек көрсетіп отыр. Рес­публи­ка эко­номи­касы­на ше­тел ин­вести­ци­яла­ры көптеп тар­тылды.

Еліміздегі ше­телдік бірлес­кен кәсіпо­рын­да­рының жал­пы са­ны – 746 (1996 ж.). Қазақстан-аме­рикан бірлес­кен кәсіпо­рын­да­ры – 325 (1999 ж.). Аме­рикан ин­вести­ци­ясы­ның көлемі – 2 млрд. дол­лар.

1997 жылғы 28 ақпан — «Тіке­лей ин­вести­ци­ялар­ды мем­ле­кеттік қол­дау ту­ралы» Заң қабыл­данды. Нәти­жесінде, Қазақстанға тар­тылған ин­вести­ци­ялық қар­жы көлемі – 10 млрд. дол­ларға жетті.

Соңғы жыл­да­ры Қазақстан­ның өнеркәсібін жан­данды­руда біраз ша­ралар іске асы­рыл­ды. Нәти­жесінде, 1999 жыл­дың соңын­да жал­пы өнім өндіру – 1%-ға, өндіріс көлемін арт­ты­ру – 1,8%-ға өсті. Рес­публи­каның ал­тын қоры 2 млрд. дол­ларға жетті.

2000 жылғы 26 сәуір — «Еура­зия – 2000» эко­номи­калық сам­миті өтті.

2000 жылғы 10 қазан – Ас­та­нада ке­дендік Одақ ел­дері бас­шы­лары­ның (Қазақстан, Бе­ларусь, Қырғызс­тан, Ре­сей, Тәжікстан) мем­ле­кета­ралық Кеңесі өткізілді. Нәти­жесі: Қазақстан Пре­зиденті Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың ұсы­нысы­мен Еура­зи­ялық эко­номи­калық қауым­дастықты құру ту­ралы құжат қабыл­данды.

Ха­лықара­лық бай­ла­ныс нәти­желерінің та­рихи маңызы:

  • Қазақстан әлемнің көпте­ген ел­дерімен тең деңгей­де дип­ло­мати­ялық қарым-қаты­нас ор­натты.
  • Қазақстан дүни­ежүзілік аре­нада бе­делді орын иеленді.

Қ. Р. әле­уметтік-эко­номи­калық да­муы (1991–2006 жж.). На­рықтық қаты­нас­тардың негізгі белгілері

Қазақстан тәуелсіздік алған­нан кейін на­рықтық эко­номи­каға көшуді таңдап алған бо­латын. Қазақстан­да на­рықтық эко­номи­каға көшудің алғашқы үш ке­зеңі белгіленді:

  1. 1991–1992 жыл­дар
  2. 1993–1995 жыл­дар, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдар­ла­масы Жоғарғы Кеңестің сес­си­ясын­да мақұлда­нып, Пре­зиденттің Жар­лығымен бекіді
  3. 1996–1998 жыл­дар

На­рықтық эко­номи­каға көшу мәсе­лелерімен ай­на­лыса­тын жаңа мем­ле­кеттік басқару ор­ганда­ры құрыл­ды. Олар: Мүлік жөніндегі, Мо­нопо­лияға қар­сы са­ясат жөніндегі ко­митет­тер, Са­лық инс­пек­ци­ясы, Ке­ден және т. б.

Мем­ле­кеттің ал­дында дағда­рыс­тан шығудың жол­да­ры қарас­ты­рыла бас­та­ды. Оның ең бас­ты­сы – бағаны ырықтан­ды­руды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстан­да ырықтан­ды­ру 1992 жы­лы мұнай­дың, мұнай­дан шығатын өнімдердің, басқа да энер­гия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғары­ла­уы ке­рек де­ген ұран­мен жүргізілді.

Бағаны ырықтан­ды­рудан кейінгі екінші атқарылған іс – же­кеше­лендіру. Мем­ле­кеттік меншікті тезірек жойып, бәрін же­ке меншікке ай­нал­дырсақ, ха­лық жұмы­ла жұмыс істеп, өндіріс жан­да­нып, ел байып, бәрі де ор­ны­на ке­леді деп ой­ла­ды. Тәжіри­бе жүзінде олай бол­май шықты. Же­кеше­лендіру ба­рысын­да елімізде үш бағыт­тағы (шағын, жап­пай және же­ке жо­бамен) кәсіпо­рын­дар құрылған. Нәти­жесінде мем­ле­кеттік меншікті же­кеше­лендіру жа­ри­яланған екі ке­зеңде де (1991–1992 жж. және 1993–1995 жж.) мүліктің үлкен та­лан-та­ражға түсуіне жол берілді.

1994 жыл­дың қаңта­рын­да эко­номи­калық ре­фор­ма­ны жүргізуді жан­данды­ру жөніндегі ша­ралар ту­ралы Пре­зидент қаулы қабыл­да­ды. Он­да дағда­рысқа қар­сы ша­ралар мен эко­номи­каны тұрақтан­ды­рудың 1994–1995 жыл­дарға ар­налған бағдар­ла­масы әзірленді. Бағдар­ла­мада Қазақстан­да жүргізіліп жатқан ре­фор­ма­лар­дың ерек­шеліктері, елдің өндіргіш күштері, өндірістік қаты­нас­тар, өндірістік ап­па­рат, игерілетін қаз­ба бай­лық, ел­дегі 7 мил­ли­он­дай еңбек­ке жа­рам­ды адам күші ес­керілді. 1993 жы­лы қара­ша айының 15-ші жұлды­зын­да мем­ле­кеттің өз ақша­сы – теңге енгізілді. 1994 жы­лы на­урыз­да Пре­зидент Жар­лығымен ауыл кәсіпо­рын­да­рының өтей ал­маған 2,2 млрд. сом­дық не­си­есінің мерзімі екі жылға ұзар­тылды.

Ре­фор­ма­ның ба­рысын­да Қазақстан­да 1994 жыл­дың күзінен үкімет мак­ро­эко­номи­калық рет­те­уді меңге­ре бас­та­ды. Бағаның өсуі те­желіп, инф­ля­ци­яның өсу қарқыны төмен­деді.

На­рықтық эко­номи­каға көшу­дегі жіберілген қате – ол үкімет бас­шы­лары­ның елдің эко­номист ғалым­да­рына сен­беуі. На­рықтық қаты­нас­тарға көшу ба­рысын­да бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол со­нау Сто­лыпин ре­фор­ма­сынан, одан бері Қазақ төңкерісінен кейінгі ин­дуст­ри­ялан­ды­ру, ұжым­дасты­ру науқан­да­ры сияқты қоғам өміріндегі өзгерістер­ге ре­волю­ци­ялық си­пат бе­ру.

1992 жы­лы өндірістің құлды­ра­уы бірша­ма тұрақты болған 1990 жыл­мен са­лыс­тырған­да 14,6%, 1993 жы­лы – 28%, 1994 жы­лы – 48%, ал 1995 жы­лы – 45% жетті.

Қазақстан үкіметі осы­дан кейін 1996–1998 жыл­дарға ар­налған жаңа бағдар­ла­ма қабыл­да­ды. Он­да ре­фор­ма­ның ең күрделі де­ген мәсе­лелерін ше­шу маңыз­ды орын ал­ды. 1999 жы­лы бас­талған төртінші ке­зең қазіргі уақытқа дейін жалғасып, мем­ле­кеттік меншікті басқару мен пай­да­лану мәсе­лелерінде мем­ле­кеттік басқару­дың деңгей­лері ара­сын­да өкілеттіктерді бөлу жөніндегі жаңаша көзқарас­тармен си­пат­та­лады.

1997 жыл­дың қазан айын­да Пре­зидент Н. Ә. На­зар­ба­ев Рес­публи­ка халқына «Қазақстан-2030» де­ген ат­пен жол­дау қабыл­дап, он­да еліміздегі дағда­рыс­тан шығудың және жүріп жатқан ре­фор­ма­лар­ды аяқта­удың, сон­дай-ақ ал­дыңғы қатар­лы мем­ле­кет­тердің қата­рына қосы­лудың, не­месе «Қазақстан ба­рысын» қалып­тасты­рудың жаңа бағдар­ла­масын ұсын­ды. Бағдар­ла­мада еліміздің са­яси, әле­уметтік-эко­номи­калық да­му­ының жақын ара­дағы және стра­теги­ялық ұзақ мерзімдегі да­му жол­да­ры мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді.

Өнеркәсіп

Кәсіпо­рын­дардың көпшілігі бірқатар се­беп­тер бойын­ша: қажетті ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­дың жоқтығынан не­месе тұрақсыз қар­жы жағдайына бай­ла­ныс­ты өз қуат­та­рын то­лық пай­да­лана ал­ма­ды. Күрделі құры­лыс­тың қысқаруы эко­номи­каға кері әсерін тигізді Ин­вести­ци­ялық про­цестің төмен­деуі қоғам­дық өндірістің тоқыра­уына соқтыр­ды. Эко­номи­каның тұрақта­ну­ына қар­жы-ақша жүйесінің те­рең дағда­рысы кесірін тигізді.

1999 жыл­дан бас­тап Қазақстан үкіметі елдің өнеркәсібін жан­данды­руда бірсы­пыра ша­ралар­ды іске асы­руға күш сал­ды. Жеңіл өнеркәсіпті да­мыту бағдар­ла­масы жа­салып, хи­мия өнеркәсібі мен ма­шина жа­сау са­ласын да­мыту бағдар­ла­масы ти­янақтал­ды. Осын­дай мем­ле­кеттік маңыз­ды ша­ралар­ды жүзе­ге асы­ру ба­рысын­да (2000–2002 жыл­да­ры) рес­публи­када тұрақты эко­номи­калық өрлеу, өндіріс ауқымы­ның өсуі байқал­ды.

2005–2006 жыл­да­ры Қазақстан­ның өте мол кен бай­лығы өнеркәсіп са­ласын­да, әсіре­се мұнай-газ өндірісін, тау-кен орын­да­рын же­дел да­мытуға мүмкіндік берді. Рес­публи­када газ са­ласын да­мыту ша­рала­ры 2004–2010 жыл­дарға ар­налған ар­найы бағдар­ла­ма шеңберінде жүргізілді.

2007 жы­лы еліміздің эко­номи­касы, со­ның ішінде өнеркәсібі жоғары қарқын­мен да­му­ын одан әрі жалғас­тырды. Үкімет «30 кор­по­ративті көшбас­шы» бағдар­ла­масы­на сәй­кес ірі отан­дық биз­несті да­мыту­ды қолға ал­ды.

Ауыл ша­ру­ашы­лығы

1992–1993 жыл­дардағы дағда­рыс ауыл ша­ру­ашы­лығын­да бас­талды. Оның бас­ты се­бебі – ауыл ша­ру­ашы­лығы мен өнеркәсіп са­лала­ры өнімдері бағасы­ның ара­сын­дағы үлкен ал­шақтық еді. Бұл ауыл ша­ру­ашы­лығын қат­ты күй­зеліске әкеп соқтыр­ды.

Ауыл ша­ру­ашы­лығының те­рең дағда­рысқа ұшы­ра­уына рес­публи­кадағы кол­хоздар мен кеңшар­ларды жап­пай және тез ара­да же­кеше­лендіру науқаны­ның зар­да­бы тиді. Ауыл ша­ру­ашы­лығының бас­ты са­ласы – егіншілік. На­рықтық қаты­нас­тарға көшу­ге бай­ла­ныс­ты алғашқы үш жыл ішінде қалып­тасқан са­ланың бе­рекесі қал­ма­ды. 1992–1994 жж. қата­рынан жаңбыр болғаны­на қара­мас­тан ас­тық аз алын­ды, егіншіліктің байырғы мәде­ни дәре­жесі төмен­деп кетті. Ауыл ша­ру­ашы­лығын­да жүргізілген ре­фор­ма­лық ша­ралар­дың нәти­жесінде өндірілген өнімдердің 90 пайызы же­ке меншік құры­лым­дардың үлесіне тиді. Мем­ле­кет ауыл ша­ру­ашы­лығына са­лықты азай­тты.

Үкімет 2002 жыл­дан бас­тап ауыл ша­ру­ашы­лығына қатыс­ты үлкен жүйелі жұмыс­тарды жүргізе бас­та­ды. Жер, Ор­ман және Су ко­декс­тері жа­сал­ды. 2002 жы­лы 5 ма­усым­да мем­ле­кеттік-аг­рарлық бағдар­ла­ма қабыл­данды. Ол 2003–2005 жыл­дарды қам­ты­ды, яғни ауыл­ды қол­дау, өркен­де­ту жыл­да­ры деп атал­ды.

2003–2004 жыл­да­ры еліміздің аг­рокәсіптік ке­шені мем­ле­кет та­рапы­нан қол­дауға ие бол­ды. 2005 жы­лы Қазақстан ауыл­ша­ру­ашы­лығы са­лала­ры, со­ның ішінде егін ша­ру­ашы­лығы одан әрі да­мыды. Аг­роөнеркәсіптік ке­шенді да­мыту­дың 2006–2008 жыл­дарға ар­налған жаңа бағдар­ла­масы қабыл­данды. 2007 жы­лы ауыл ша­ру­ашы­лығы одан әрі да­ми түсті. Ауыл­ша­ру­ашы­лық дақыл­да­рының бар­лық түрлері бойын­ша жақсы өнім алын­ды.

На­рық жағдайын­да аг­рарлық сек­тордың бас­ты бір са­ласы – мал ша­ру­ашылғының жағдайы төмен­деді. Мал­дың са­ны жыл­дан-жылға азай­ды. Же­ке ша­ру­аларға бөлініп берілген мал­дар өнім бе­рудің ор­ны­на са­тылып кетті, не­месе ауыл тұрғын­да­рына ке­ректі та­уар­ларға ауыс­ты­рыл­ды. Мал са­нының аза­юының тағы бір се­бебі – бұрын Қазақстан бүкіл Кеңес Одағына ар­нап ет дайын­да­са, енді оны 15 мил­ли­он ха­лыққа ғана есеп­теп өндіретін бол­ды.

2005–2007 жыл­да­ры Үкімет ел­де мал ба­сын өсіру­мен қатар мал тұқымын асыл­данды­ру ісіне едәуір на­зар аудар­ды. Мал ша­ру­ашы­лығын одан әрі да­мыту және мал ба­сын қай­та көбей­ту үшін негізгі үш бағыт­та жұмыс істеу көзделді:

  1. Се­лек­ци­ялық – асыл тұқым­данды­ру жұмыс­та­рының деңгейін қөте­ру арқылы қол­да бар мал ба­сының ге­нети­калық әулетін арт­ты­ру, жоғары са­палы тұқым­мен бар­лық ана­лық мал­ды қол­дан ұрықтан­ды­руды жап­пай қолға алу.
  2. Перс­пек­ти­валық мал тұқым­да­рын да­мыту үшін жағдай туғызу. Ауыл ша­ру­ашы­лығы са­ласы­ның ғалым­да­рымен бірле­се оты­рып, жоғары са­палы өнім бе­ретін мал тұқым­да­ры анықта­лып, оларға мем­ле­кеттік қар­жы көздерін қарас­ты­ру.
  3. Жоғары са­палы өнім бе­ретін мал тұқым­да­рын та­биғи өсіммен ар­найылан­ды­рылған ор­та және ірі та­уар­лы өндіріске қай­та бейімде­уге қол жеткізу.

Еге­мен Қазақстан­ның мәде­ни­еті (1991–2006 жж.)

Қазақстан еге­мендік алу­ымен бай­ла­ныс­ты қазақ халқының ру­хани өмірінде мәде­ни жаңа про­цес­тер кеңінен өріс ал­ды. Ха­лыққа білім бе­ру, ғылым мен мәде­ни­ет өз да­му­ының кең жо­лына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы ке­зеңіндегі пар­ти­ялық иде­оло­гия мен са­яси қағида­лар­дың қыс­пағынан құтыл­ды.

Білім жүйесі. Қазақстан­да білім жүйесінде көпте­ген оң өзгерістер орын ал­ды. Ең бас­ты­сы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стан­дарт­та­ры жа­сал­ды, оқыту­дың жаңа әдісте­месі енгізілді. Қазақстан Рес­публи­касын­дағы білім бе­рудің жай-күйі алғаш рет 1995 жы­лы көктем­де оқу са­ласы қыз­меткер­лерінің рес­публи­калық кеңесінде талқылан­ды. Гим­на­зи­ялар, ли­цей­лер, же­ке және ав­торлық мек­тептер ашыл­ды. Та­рих, ана тілі 1–5 сы­нып­тар үшін оқу пәндері бойын­ша оқулықтар шығарыл­ды. Егер соңғы кез­ге дейін Қазақстан мек­тептерінде тек бұрынғы КСРО та­рихы оқытыл­са, енді қазақ халқының өз та­рихын те­рең тал­дап оқытуға көңіл бөлінді.

Қазақстан­ның Білім және ғылым ми­нистрлігінің де­рек­тері бойын­ша 2000/2001 оқу жы­лын­да ел­де жал­пы білім бе­ретін мек­тептердің са­ны 8 109 бол­ды. Олар­дың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тәжік, 1 ук­ра­ин, ал 2008 мек­теп ара­лас, қазақ-орыс тілдерінде са­бақ жүргізген

2001 жы­лы ел­де ор­та білім бе­ру жүйесін ақпа­рат­танды­рудың бірінші ке­зеңі негізінен аяқтал­ды, нәти­жесінде 58 оқушыға бір компьютер­ден келді. «Ин­тернет – мек­тепте» бағдар­ла­масы аясын­да 1 414 оқу ор­ны, оның ішінде 868 ауыл мек­тебі ақпа­рат желісіне қосыл­ды.

Үкіметтің 2002–2004 жыл­дарға ар­налған Іс-қимыл бағдар­ла­масын­да бар­лық деңгей­дегі білім бе­ру, оқыту­дың мем­ле­кеттік жүйесін жетілдірді, оқу-әдісте­мелік ке­шенді қалып­тасты­ру, мек­тепке дейінгі ба­лалар ме­кеме­лерінің са­нын арт­ты­ру көзделді.

2003/2004 оқу жы­лын­да Қазақстан­да жұмыс істейтін мек­тептердің са­ны – 8260-қа жетіп, он­да 3 026,2 мың оқушы білім ал­ды. Мек­тептердің 3 687 (44,6%) қазақ тілінде оқыта­тын, 2 069 (26,1%) қазақ және орыс тілдерінде оқыта­тын жал­пы білім бе­ретін мек­тептер жұмыс істеді. Мек­тептер­де 270 мыңнан ас­там пе­дагог жұмыс істеді, оның ішінде 195,8 мыңының жоғары білімі, 60 мыңнан ас­та­мының кәсіптік ор­та білімі бол­ды.

2005/2006 оқу жы­лын­да Қазақстан білім және ғылым ми­нистрлігіне қарай­тын 8 222 мек­теп жұмыс істеді, он­да 3 млн. оқушы білім ал­ды. Оларға 300 мыңдай мұғалім са­бақ берді.

2006 жы­лы жал­пы білім бе­ретін мек­тептер­де 31 оқушыға 1 компьютер­ден келді. Мек­тептердің 89 пайызы ин­тернет­ке қосыл­ды.

2007 жылғы та­мыз айын­да Қазақстан­да «Білім ту­ралы» жаңа Заң қабыл­данды.

Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің 2004 жылғы 11 қазан­дағы жар­лығымен бекітілген «Қазақстан Рес­публи­касын­да білім бе­руді да­мыту­дың 2005–2010 жыл­дарға ар­налған Мем­ле­кеттік бағдар­ла­масын­да» 12 жыл­дық ор­та білім бе­ру жүйесіне көшу белгіленді. Оның негізгі мақса­ты – жаңа ке­зеңнің та­лап­та­рына сай жас­тарды өмірге ба­улу үшін оларға бұрынғыдан да жоғары деңгей­де білім бе­ру.

Қазақстан мек­тептерінде са­палы білім алу­ды қам­та­масыз ету мақса­тын­да 2004 жы­лы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілді.

Ғылым. Еге­мендік алған жыл­да­ры еліміздің ғылы­мын да­мыту са­лала­рын­да үрдіс өзгерістер байқал­ды. Қазақстан Рес­публи­касы Ғылым Ака­деми­ясы­ның құры­лымы мен ғылы­ми ізденістерінің тақырып­та­ры жаңа та­лап­тарға сай қай­та­дан қарас­ты­рыл­ды. Ә. Х. Марғұлан атын­дағы Ар­хе­оло­ги­ялық инс­ти­тут, Ғарыш­тық зерт­теу, Ме­хани­ка және ма­шина, Ин­форма­тика және басқару, Фи­зика-тех­ни­калық проб­ле­малар­ды зерт­теу т. б. инс­ти­тут­та­ры ұйым­дасты­рыл­ды. Са­лалық ғылым ака­деми­яла­рының жүйесі кеңейтілді. Қазақстан Рес­публи­касы Ин­же­нерлік ака­деми­ясы құры­лып, жұмыс істейді, ал Ауыл ша­ру­ашы­лық ака­деми­ясы Қазақстан Ұлттық ака­деми­ясы­ның құра­мына енгізілді. Ғылы­ми дәре­желер тағайын­дау және ғылы­ми атақтар бе­ру, дис­серта­ци­ялық жұмыс­тардың са­пасын бақылап бекіту үшін рес­публи­ка Жоғары ат­теста­ци­ялық ко­митеті құрыл­ды.

2000 жы­лы Рес­публи­ка бойын­ша 400-ден аса ғылы­ми инс­ти­тут­тар мен ғылы­ми ор­та­лықта­рын­да 17 мыңнан ас­там ғалым­дар қыз­мет етті. Бұлар­дың 1000-ы ғылым док­торла­ры бол­са, 2800 ғылым кан­ди­дат­та­ры еді. Ғылы­ми ме­кеме­лердің 42 пайызы Ауыл ша­ру­ашы­лығы ми­нистрлігінің, 21 пайызы – білім және ғылым ми­нистрлігінің, 10 пайызы ден­са­улық сақтау ми­нистрлігінің қара­уын­да бол­ды.

2003 жылғы 22 қазан­да бұрынғы ҚР Ұлттық ғылым ака­деми­ясы­ның 109 мүшесі қатысқан құрыл­тай жи­налы­сы өткізіліп, «Қазақстан Рес­публи­касы­ның Ұлттық ғылым ака­деми­ясы» қоғам­дық бірлестігінің Жарғысы бекітілді.

Еге­мендік алған уақыт­тан бері ғалым­дардың зерт­те­улері нәти­жесінде 5 мың ав­торлық куәлік, 1354 ше­телдік па­тент­тер және 13 ли­цен­зи­ялық келісім куәлан­ды­рылып бекітілді.

Рес­публи­ка ғалым­да­рының бел­се­не қаты­су­ымен Ал­ма­тыда – ақпа­рат­тық тех­но­логи­ялар, Орал­да – ма­шина жа­сау, Қараған­ды­да – ме­тал­лургия жөніндегі парк­тер ашыл­ды. Ас­та­нада би­отех­но­логи­ялық ке­шен са­лын­ды. Кур­ча­тов­та және Ас­та­надағы Еура­зия уни­вер­си­тетінің жа­нын­да яд­ро­лық тех­но­логи­ялар­ды зерт­теу қолға алын­ды. Қазақстан Ор­та­лық Азия мем­ле­кет­терінің ара­сын­да бірінші бо­лып кос­мосқа өзінің жер серігін ұшыр­ды.

Қазақстан­ның еге­мендік алған уақыт ішінде ха­лыққа білім бе­ру, ғылым­ды да­мыту­да бірша­ма та­быс­тарға қолы жетті. Ғылым мен білім эко­номи­каның бәсе­кеге қабілеттілігін, елдің ұлттық қауіпсіздігін қам­та­масыз ету және мем­ле­кет әуелетін арт­ты­руға өзінің тиісті үлесін қос­ты.

Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зиденті Н. Ә. На­зар­ба­ев еңбек­тері

«Қазақстан­ның Еге­мен мем­ле­кет ретіндегі қалып­та­суы мен да­му­ының стра­теги­ясы» (1992 ж.)

Бұл еңбектің маңызы: тәуелсіздік жо­лына түсу­дегі бас­ты бағыт­тар көрсетілді. Ел да­му­ының түбе­гейлі кон­цепци­ясы алғаш рет анықтал­ды. Ішкі және сыртқы са­ясат са­ласын­дағы, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі міндет­тер са­ралан­ды. Қазақ халқының та­рихи мис­си­ясы­на тоқта­лып, жергілікті ұлт мүддесі ерек­ше ес­керілетіні қажеттігі ай­тыл­ды.

«Ұлт өзінің мем­ле­кетінсіз ұлт бо­лып өмір сүре ал­мақ емес…. Біздің мем­ле­кетімізде тұрғылықты ұлттың – қазақтар­дың мүдде­лері же­келе­ген мәсе­лелер­де ерек­ше атап ай­ты­латы­ны әбден орын­ды, мұның өзі мем­ле­кет­тердің бірқата­рын­да тап осы­лай етіледі де».

«Қазақстан­ның бо­лашағы – қоғам­ның иде­ялық бірлігінде» (1993 ж.)

Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі иде­оло­ги­яның қажеттігі бар ма, жоқ па де­ген та­лас төңірегінде нақты пікір ай­тты: Иде­оло­гия – адам­дардың қоғам­дастығын са­яси және эко­номи­калық міндет­терді ше­шуге топ­тасты­ру тәсілі. Иде­оло­гия – әле­уметтік мінез-құлықты қалып­тасты­ру ме­ханизмі. Иде­оло­гия мем­ле­кеттің және оның тұғыр­на­масын қол­дай­тын пар­ти­ялар­дың, қоғам­дық қозғалыс­тардың адам­дардың ақыл-ойына өрке­ни­етті түрде ықпал ету тәсілі. Өмір алға озып отырған кез­де әр түрлі иде­оло­ги­ялық ағым­дар бо­лады. Маңызы: Қазақстан­ның қазіргі ке­зеңдегі қоғам­дық-са­яси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақты­лығын сақтау бағыт­та­ры көрсетілді.

«Ғасыр­лар тоғысын­да» (1996 ж.)

Кеңестік жүйе мен де­мок­ра­ти­ялық ке­зең ара­лығын су­рет­тейді. Маңызы: Екі ке­зең тоғысын­дағы са­яси мәсе­лелер­ге айқын түсінікте­ме берілген.

«Та­рих толқынын­да» (1999 ж.)

«Та­рих­тың шеңбер­лері және ұлттық зер­де» бөлімінде ел та­рихын 12 ке­зеңге бөледі. Маңызы: Та­рих қой­на­уын зер­де­лей оты­рып, ұлттық қаси­етті сақтауға тәрби­елеу қажеттігі ба­са ай­ты­лады.

«Сын­дарлы он жыл» (2003 ж.)

Еңбек­те қазіргі таңдағы әлемдік проб­ле­малар көтерілді. Ең бас­ты­сы – есірткіге қар­сы күрес мәсе­лесіне тоқтал­ды.

«Қазақстан – 2030» стра­теги­ясы

1997 жылғы қазан – Пре­зидент Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың «Қазақстан – 2030» жол­да­уы жа­ри­ялан­ды. Қаралған мәсе­лелер:

  • Эко­номи­калық дағда­рыс­тан шығу жол­да­ры.
  • Ре­фор­ма­лар­ды аяқтау.
  • Ал­дыңғы қатар­лы мем­ле­кет­тер қата­рына қосы­лу.
  • «Қазақстан ба­рысын» қалып­тасты­ру

Жол­да­уда бо­лашаққа бол­жам, қазіргі жағдайға тал­дау жа­салып, ішкі және сыртқы са­ясат­тың негізгі бағыт­та­ры, рес­публи­каның да­му­ының ерек­шеліктері ай­тыл­ды.

Бұл бағдар­ла­мада еліміздің са­яси, әле­уметтік-эко­номи­калық да­му­ының жақын ара­дағы және стра­теги­ялық ұзақ мерзімдегі да­му жол­да­ры көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 ба­сым­дық:

  1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау
  2. Ұлттық қауіпсіздік ба­сым­дықта­рының деңгейіне мықты де­мог­ра­фи­ялық және көш-қон са­яса­ты шығары­луға тиіс.

    XXI ғасыр қар­саңын­да Қазақстан Ре­сейдің ар­ты­нан адам са­ны сыртқы көші-қон про­цес­терінен ғана емес, та­биғи жол­мен ке­ми бе­ретін «де­мог­ра­фи­ялық апатқа» ұшы­рай­ды.

  3. Ішкі са­яси тұрақты­лық пен қоғам­ның топ­та­су­ын нығай­ту
  4. Ішкі са­яси тұрақты­лық пен қоғам­ның топ­та­су­ын жүзе­ге асы­рудың міндет­тері:

    • Теңдікке негіздел­ген бірыңғай аза­мат­тықты да­мыту.
    • Эт­ни­калық түсініспе­ушілік се­беп­терінің жойылуы және эт­ни­калық топ­тар құқықта­рының тең бо­лу­ын қам­та­масыз ету.
    • Дәулеттілер мен жар­лы­лар ара­сын­дағы айыр­ма­шылықты азай­ту. Ауыл проб­ле­масы­на үнемі ерек­ше көңіл бөлу.
    • Әле­уметтік проб­ле­малар­ды ұдайы шешіп оты­ру.
    • Са­яси тұрақты­лықты және қоғам­ның топ­та­су­ын қам­та­масыз ететін бай Қазақстан­ды қалып­тасты­ру.
    • Адам­дар ара­сын­дағы қарым-қаты­нас пен ком­му­ника­ци­ялық бай­ла­ныс­тардың бар­лық ны­сан­да­рын да­мыту.
    • Әртүрлі кон­фесси­ялар ара­сын­дағы өза­ра құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қаты­нас­ты нығай­ту.

    Қазіргі ке­зеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қай­та өрлеуі та­биғи құбы­лыс деп қабыл­да­натын бол­ды.

    Мем­ле­кет ең ал­ды­мен ор­та тап­тың мүддесін білдіру­ге тиіс. Қала мен се­ло ара­сын­дағы жікте­лудің те­рең про­цесі жүріп жа­тыр.

    Қазақстан – өзінің белгілі та­рихы мен өзіндік бо­лашағы бар еура­зи­ялық ел. Сон­дықтан оның мо­делі басқа ешкімнің мо­деліне ұқса­май­тын бо­лады, ол өз бойына әртүрлі өрке­ни­ет­тердің жетістіктерін сіңіреді.

  5. На­рықтық қаты­нас­тар негізінде эко­номи­калық өсу.
  6. Қазақстан­ның са­ла­уат­ты эко­номи­калық өрлеу стра­теги­ясы на­рықты эко­номи­каға, мем­ле­кеттің бел­сенді рөліне және ше­тел ин­вести­ци­яла­рын тар­туға негіздел­ген.

    Мем­ле­кет бел­сенді рөл атқара оты­рып, эко­номи­каға ара­ласуы шек­те­улі бо­лады. Бұл проб­ле­маны ше­шудің стра­теги­ясы:

    • Үкіметтің са­уда мен өндіріске әкімгершілік ара­ласу­ын жою.
    • Же­кеше­лендіру про­цесін аяқтау.
    • Ор­та­лық Үкіметті және жергілікті өкімет орын­да­рын па­расат­ты орын­дасты­ру.
    • Сот билігі мен құқық қорғау ор­ганда­рын ре­фор­ма­ла­уды жан­данды­ру.
    • Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орын­дай­тын аза­мат­тарды қыл­мыстан қорғау.
    • Билік пен заңның бар күшін заңсыз жол­мен, шалқып өмір сүретіндер­ге қар­сы қол­да­ну.

    Тұрақты өрле­уді қам­та­масыз ету үшін өндірісті ди­вер­си­фика­ци­ялау қажет. Ал­дағы міндет:

    • Қазақстан­ды дүни­ежүзілік қауым­дастық ал­дында ин­вести­ци­ялар үшін тар­тымды жер ретінде көрсе­ту.
    • Ин­вести­ци­ялар­ды тар­ту.

    2010 жылға дейінгі бас­тапқы ке­зеңде мы­на са­лаларға көңіл бөлу қажеттігі ба­са көрсетілді:

    • Ауыл ша­ру­ашы­лығы;
    • Ор­ман және ағаш өңдеу өнеркәсібі;
    • Жеңіл және та­мақ өнеркәсібі;
    • Ту­ризм;
    • Тұрғын үй құры­лысы;
    • Инф­рақұры­лым жа­сау.
  7. Қазақстан аза­мат­та­рының ден­са­улығын, білімі мен әл-ауқатын көте­ру.
  8. Қазақстан аза­мат­та­рының ден­са­улығы, білімі мен әл-ауқатын көте­рудегі стра­тегия:

    • Ауру­ды бол­дырмау және са­ла­уат­ты өмір сал­ты­на ын­та­лан­ды­ру.
    • Әйел мен ба­ла ден­са­улығын жақсар­ту және қорғау.
    • Та­мақта­нуды, қор­шаған ор­та мен эко­логи­яның та­залығын жақсар­ту.

    Көрке­юші және са­яси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әле­уметтік шын­дық, аза­мат­тардың әл-ауқаты­ның ар­туы.

    Ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі – миг­ра­ци­ялық са­ясат. Ол – ха­лықтың бір ел­ден басқа бір ел­ге қоныс ауда­руы.

  9. Энер­ге­тика ре­сурс­та­рын же­те пай­да­лану.
  10. Қазақстан­дағы та­биғи ре­сурс­тар­ды, әсіре­се энер­ге­тика­лық ре­сурс­тар­ды пай­да­лану стра­теги­ясы:

    • Ха­лықара­лық шарт­тар жа­саған­да Қазақстан­ның мүддесін, эко­логи­ясын, өз адам­да­рымыз­дың жұмыс­пен қам­ты­луы мен да­яр­ла­ну­ын, әле­уметтік міндет­терді ше­шу қажеттігін көздеу.
    • Мұнай мен газ экс­пор­ты үшін құбыр ар­на­лары­ның жүйесін құру.
    • Әлемдік қауым­дастықтың ірі ел­дерінің мүддесін Қазақстан­ның әлемдік отын өндіруші ретіндегі рөліне бағыт­тау.
    • Ішкі энер­ге­тика инф­рақұры­лымын құру мен да­мыту, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсе­келестік проб­ле­мала­рын ше­шу үшін ше­тел ин­вести­ци­яла­рын тар­ту.
    • Ре­сурс­тар­дан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пай­да­лану.
  11. Инф­рақұры­лым, көлік, бай­ла­ныс­ты да­мыту.
  12. Инф­рақұры­лым, көлік пен бай­ла­ныс са­ласын­дағы Қазақстан­ның міндеті – отан­дық көлік-ком­му­ника­ция ке­шенінің бәсе­келестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін са­уда легінің ұлғай­ты­лу­ын қам­та­масыз ету.

    Теміржол

    Қазақстан­дағы жүк та­сыма­лының негізі – теміржол. Осы са­ланың ал­дында тұрған стра­теги­ялық міндет­тер:

    • Ха­лықара­лық көлік және са­уда бай­ла­ныс­та­рын, Транс­порт ма­гист­ралі бойын­ша тран­зиттік жүк та­суды қам­та­масыз ететін негізгі темір жол бағыт­та­рын жаңар­ту.
    • Дос­тық стан­ци­ясын да­мыту, Дос­тық-Ақтоғай участ­кесін нығай­ту­ды аяқтау.
    • Бар­лық көліктік-ком­му­ника­ци­ялық мо­нопо­ли­ялар­ды ба­тыл қай­та құры­лым­да­уды жүзе­ге асы­ру.

    Ав­то­мобиль жол­да­ры

    Же­ке меншік ма­гис­та­раль­дар са­лу, қазіргі бар­ла­рын же­кеше­лендіру мен кон­цессияға бе­ру жөніндегі жұмыс­тарды бас­тау.

    Әуе көлігі

    • Ави­ацияда тәртіп ор­на­ту және ұшақтар паркін ли­зинг пен жоғары деңгейді ұшақтар­дың белгілі бір көлемін са­тып алу есебінен то­лықты­ру.
    • Әуежай­лар­ды қай­та жаңар­ту, қыз­мет көрсе­ту мен сер­висті қам­та­масыз ету деңгейін ха­лықара­лық стан­дартқа жеткізу.

    Су көлігі

    «Ақтау» ай­лағын қай­та жаңар­ту және флот­ты ке­мелер­мен то­лықты­ру үшін ше­тел ин­вести­ци­яла­рын тар­ту.

    Бай­ла­ныс және те­леком­му­ника­ци­ялар желілері

    - Шалғай­дағы әлсіз да­мыған аудан­дарға кем де­ген­де, бай­ла­ныс қыз­метінің ең төмен деңгейін бе­ру (ба­лаларға ар­налған ай­мақтық оқыту бағдар­ла­мала­рын та­рату).

    - Бо­лашақта әлемнің да­мыған ел­дерінің инф­рақұры­лым­да­рымен бәсе­келе­суге қабілетті дер­бес және тиімді те­леком­му­ника­ци­ялық қыз­мет көрсе­ту жүйесін құру.

  13. Де­мок­ра­ти­ялық кәсіби мем­ле­кет құру.

Қазақстан қоғамын басқару­дағы негізгі міндет­тер:

  • Мем­ле­кеттік қыз­мет пен басқару құры­лымы­ның осы за­манғы тиімді жүйесін жа­сау.
  • Ба­сым мақсат­тарды іске асы­руға қабілетті үкімет құру.
  • Ұлттық мүдде­лердің сақшы­сы бо­ла ала­тын мем­ле­кет қалып­тасты­ру.

Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалып­тасты­руға мүмкіндік бе­ретін 7 негізгі стра­тегия ұста­ным­да­ры:

  1. Ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.
  2. Стра­теги­ялар негізіндегі іс-қимыл бағдар­ла­мала­ры бойын­ша атқары­латын жұмыс.
  3. Ве­домс­тво­ара­лық үй­лестіру.
  4. Ми­нист­рлердің өкілеттіктері мен жа­уап­кершіліктерін, есептілігін және олар­дың қыз­метіне стра­теги­ялық бақыла­уды арт­ты­ру.
  5. Ор­та­лыққа тәуелділікті жою.
  6. Сы­бай­лас жемқор­лыққа қар­сы күрес.
  7. Кадр­лар­ды жал­дау, да­яр­лау және жоғары­лату жүйелерін жақсар­ту.

Қазақстан елінің 8 ар­тықшы­лығы ба­са көрсетілді.

  1. Тәуелсіз, еге­мен мем­ле­кеттің негізі қалан­ды.
  2. Ескі са­яси және эко­номи­калық жүйеден түбе­гейлі бөлек­тенді.
  3. Қоғам­дағы өзгерістер ықпа­лымен адам­дар да түгел өзгерді.
  4. Ора­сан зор бай­лық – та­биғи ре­сурс­тар.
  5. Же­текші фак­тор – адам­дардың өзі, олар­дың ерік-жігері, күш қуаты, та­бан­ды­лығы, білім-білігі.
  6. Ауыл ша­ру­ашы­лық жер­лері.
  7. Қоғам­ның са­яси тұрақты­лығы мен бірлігі.
  8. Қазақстан­дықтар­дың бай­сал­ды­лығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқын­дығы.

Қазақстан­ның сыртқы си­пат­тағы бірқатар мүмкіндіктері:

  1. Еура­зия ай­мағын­дағы жол­дардың түйіскен то­рабын­да ор­на­ласқан ге­ог­ра­фи­ялық жағдайы.
  2. Ше­телдік мем­ле­кет­тер мен до­нор­лық ұйым­дар та­рапы­нан қол­дау көрсетілуі.
  3. Ауқым­да­ну және ғылы­ми-тех­ни­калық прог­ресс прцесі.

Қазақстан қоғамы да­му­ын­дағы ке­леңсіз си­пат­тар:

  1. Ком­му­нистік ұста­ным­дар ру­хын­да тәрби­елен­ген адам­дардың бірне­ше ұрпақта­ры қалып­тастырған – діл. Сон­дықтан бұқара­лық са­наны төзімділікпен жаңғыр­ту қажет.
  2. Өндіріс көлем­дері төмен­деуі әсерінен әле­уметтік аху­ал­дың төмен­деуі.
  3. Аза­мат­тардың көпшілігінің та­бысы мен өмір сүру деңгейінің на­шар­ла­уы.
  4. Ұлттық жи­нақтар­дың ұлғаюы мен ка­питал қор­ла­ну­ының ба­яула­уы.
  5. Ке­дейлік пен жұмыс­сыздық проб­ле­мала­ры.
  6. Де­мог­ра­фи­ялық өнімсіздіктің ұлғаюы.
  7. Же­те да­яр­ланбаған және на­шар ұйым­дасты­рылған мем­ле­кеттік басқару.
  8. Заңдар­дың жар­ты­кештігі және тұрла­усыз­дығы.

2030 жы­лы Қазақстан же­дел өркен­деп ке­ле жатқан үш ай­мақтың – Қытай­дың. Ре­сейдің және Мұсыл­ман әлемінің ара­сын­дағы эко­номи­ка мен мәде­ни­етті бай­ла­ныс­ты­рушы бу­ын рөлін атқара­тын бо­лады.

2030 жыл – Қазақстан күрделі жол­дан ой­дағыдай өткен және да­мудың ке­лесі ке­зеңіне нық қадам­мен аяқ басқан ел бо­лады.