Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Абу Ибрахим Ысқақ әль – Фараби

Абу Ибрахим Ысқақ әль – Фараби

Абу Иб­ра­хим Ысқақ әль – Фа­раби (туған жы­лы белгісіз – 951 ж.) — ағар­ту­шы ғалым, әде­би­етші, тілші, мұғалім. Әбу На­сыр әль-Фа­рабидің за­ман­да­сы. Қазіргі оңтүстік Қазақстан об­лы­сының ай­мағын­да ор­на­ласқан ежелгі қала Фа­раб­та (Оты­рар) туған. Ба­ла кезінде туған ауылын­да са­уатын ашып, со­дан кейін білім қуып араб ел­деріне ат­танған. Біраз уақыт Йемен ай­мағын­дағы За­бид қала­сын­да тұрып, оқыған. Бұл қала білім бе­ру, ағар­ту са­лала­рының ор­та­лығы са­налған. Иб­ра­хим Ысқақ өмірінің көп уақытын өзінің ғылы­ми еңбек­терін жазған шығыс ел­дерінде тұрды. Со­дан кейін өз жеріне қай­тып келіп, мұғалім бо­лып са­бақ бер­ген.

Абу Иб­ра­хим Ысқақ әль-Фа­рабидің есімі бүкіл араб еліне та­нымал. Оның еңбек­тері мен қол­жазба­лары Вей­мар, Па­риж, Лон­дон, Фе­са, Ка­ир және басқа да көпте­ген үлкен қала­лар­дың кітап­ха­нала­рын­да сақталған. Иб­ра­хим Ысқақ әль-Фа­рабидің ең үлкен еңбегі — «Ди­уан әл-адаб» («әде­би­еттік топ­та­ма»), ғалым бұл еңбегінде әде­би­ет пен тілдің сұрақта­рын жан-жақты жүйеле­ген. Абу Иб­ра­хим Ысқақ әль-Фа­рабидің ғылы­ми еңбек­терін неміс шығыс­та­нушы К. Брок­кель­ман (1868–1959) зерт­те­ген, ал олар Ка­ир­да 1974–1978 жыл­да­ры араб ғалым­да­ры Ах­мад Мұхтар Омар мен Иб­ра­хим Анис­пен 4 том бо­лып жа­рыққа шыққан.