Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Абу-л-Қасым әл-Фараби (1130-1210 ж.ж)

Абу-л-Қасым әл-Фараби (1130-1210 ж.ж)

Абу-л-Қасым әл-Фа­раби — ғалым, ой­шыл адам болған. Оты­рар қала­сын­да туған және сол жер­де бас­та­уыш білім алған. Кейіннен Яс­сы, Шаш, Са­мар­хан, Бұха­ра қала­ларын­да өз білімін жалғас­ты­рады. Ол фи­лосо­фия, ло­гика, эти­ка, та­рих, ге­ог­ра­фия, аст­ро­номия ғылым­да­рынан те­рең білімі болған. Те­рең ой­лар мен көзқарас­тар, ізде­ну арқылы ол осы са­лада өзінің ең жоғарғы ой-тұжы­рым­да­рын қал­дырды. Біздің за­маны­мызға дейін ол кісінің мы­на еңбек­тері сақта­лып қал­ды: «Та­за шын­дық», («Та­за шын­дық»), «Пайғам­барлар­дың қаси­ет­тері ту­ралы әули­елер сөзі», «Уағыз үлгілері», («Об­разцы про­пове­дей»).

Абу-л-Қасым әл-Фа­рабидің қол­дан жазған еңбек­тері Үнді, Ни­дер­ланды, Түркия, Еги­пет, Ва­тикан, Ре­сей және Өзбекс­тан­да (Таш­кент пен Пе­тер­бург­та шығыс­та­ну инс­ти­тут­та­рын­да) сақталған. Ру­хани-пси­холо­ги­ялық шығар­ма «Та­за шын­дық» ғиб­ратты үлгіде жа­зылған, қанат­ты сөздер­ге то­лы, ішкі мазмұны жағынан Қожа Ах­мет Яс­са­уидің «Хик­меттерімен» және Жүсіп Ба­ласағұнның «Құдатғу білік» дас­танда­рымен бір қатарға қоюға бо­лады.

«Та­за шын­дық» — ру­хани та­залыққа, ізгілікке, әділдік пен адам­дыққа үндейтін еңбек. Бұл еңбектің маңыз­ды­лығы, он­да ис­лам оқуының 4 бас­ты шар­ты түсіндіріледі: «мем­ле­кеттің қара­пайым­ды­лығы, құдірет иесінің кешірімділігі, ашу кезіндегі ақыл, мүсірке­усіз қайырым­ды­лық».