Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Абылай хан (1711-1781 жж.)

Абылай хан (1711-1781 жж.)

Абылай хан (1711-1781 жж.)

Қазақ Ор­да­сының ха­ны, Қазақ мем­ле­кетінің та­рихын­дағы аса көрнекті мем­ле­кет қай­рат­кері. 1743 жылға дейін Ор­та жүздің сұлта­ны болған. Әбілмәмбет хан қаза болған соң, Абы­лай Ұлы жүздің ха­ны бо­лады.

Абы­лай хан­ның ата-ба­бала­ры Шыңғыс хан­ның ұлы Жо­шы хан­ның ұрпағы бо­лып та­была­тын – Қазақ Ор­да­сының негізін қалаған Әз Жәнібек­тен та­раған.

Әбілмансұрдың әкесі жау қолы­нан қаза та­бады. Абы­лай жас­тайынан қиын­дықты көп көреді және Ораз құлға арқа сүйеп өседі. Ол жас кезінен-ақ отан қорғау жо­лын­да ерек­ше жа­уын­герлік қаси­ет­терімен та­ныла­ды. Ол қашан­да қан­ды шайқас­тардың бел ор­та­сын­да жүреді, әсіре­се жек­пе-жек­те ерен ерлік көрсе­теді. Қалың ха­лық бұқара­сына оны әйгілі ет­кен ірі жеңіске ол Әбілмәмбет бас­таған қазақ жа­уын­герлерінің жоңғар­лармен болған шайқасын­да қол жеткізді. Бұл ұрыс­та 20 жа­сар Әбілмансұр қал­мақтар­дың қоңтай­шы­сы Қал­дан Се­реннің ұлы Ша­рыш­ты жек­пе-жек­те өлтіреді.

Жи­ыр­ма жа­сын­да хан сай­ланған Абы­лай жар­ты ғасырға жуық хан­дықты абы­рой­мен басқара­ды. Ол зер­делі са­ясат­кер, білімдар дип­ло­мат, да­рын­ды қол­басшы бол­ды. Оның көзде­ген мақса­ты мем­ле­кетті нығай­ту еді. Ол сыртқы жа­улар­дан қорғану үшін үш жүзді біріктіруді жүзе­ге асы­ра бас­тай­ды.

1743 жы­лы Түркістан қала­сын­да үш жүздің хан­да­ры, сұлтан­да­ры, ба­тыр­ла­ры бір ту­дың ас­ты­на бірігіп, Абы­лай­ды Рес­ми түрде Қазақ ха­ны етіп сай­лай­ды. Абы­лай қазақ мем­ле­кетін нығай­ту мен оның тәуелсіздігін сақтау жо­лын­да көп еңбек сіңірді. Ол билік құрған жыл­да­ры алғаш рет қазақтар мен қал­мақтар ара­сын­да бейбіт келісім жа­сал­ды. Ре­сей­мен, Қытай­мен та­ту көршілік қарым-қаты­нас ор­на­тыл­ды.

Бұл күшті мем­ле­кет­тер білгір қазақ ха­нымен са­наса­тын болған. Соғыс тәсілдерін жетік білетін қол­басшы орыс және қытай өкіметінің ішкі есебін де біліп отырған. Сон­дықтан да ол жоңғар қон­тай­шы­сы Қал­дан Се­рен­мен болған тоғыз жыл­дық келісімнен кейін соғыс өртінің тұта­наты­нын білді. Жоңғар мем­ле­кеті ішіндегі өза­ра қырқысу­лар соғыс­тың бас­та­лу­ын жыл­дамдат­ты.

1752 жы­лы жоңғар бас­шы­сы Ла­ма Дор­жы қазақ жеріне қарақшы­лық ша­бу­ыл жа­саған­да, Абы­лай хан бас­таған қазақ әскері оларға ой­сы­рата той­та­рыс бе­реді. Ке­зекті ша­бу­ыл­дан соң, соғыс­тың ай­ла-тәсілдерін жетік білетін Абы­лай өзінің бес жүз таңда­улы жа­уын­герлерін жібе­реді. Қар­сы­ласы жағынан әскер ке­леді деп күтпе­ген Ла­ма Дор­жы тұтқынға түсіп, дарға асы­лады. Бұл оқиға 1753 жы­лы 12 қазан­да болған еді.

Абы­лай­дың арғы есебі жоңғар­ларды жеңіп, олар­ды қазақтар­дың ықпа­лына көндіру, Қытай­мен және Ре­сей­мен те­резесі тең мем­ле­кет ор­на­ту еді. Бұл мақсат­та 1753–1754 жыл­да­ры ол Қабан­бай, Бөген­бай, Жәнібек, Өте­ген сын­ды ба­тыр­ла­рымен бірге қал­мақ ұлыс­та­рына ша­бу­ыл­ды үде­те түсті. 1755 жыл­дың көктемінде сар­баздар­дың жеңісті жо­рықта­ры жалғаса берді. Ақыры ой­рат­тар мен қазақтар­дың ара­сын­да 200 жылға со­зылған сұра­пыл соғыс­та қазақ халқы түпкілікті жеңіске жетті.

Қазақ халқының жеңісі көршілес Қытай мен Ре­сей үшін қолай­сыз бол­ды. 1756 жы­лы Қазақ хан­дығы мен Қытай мем­ле­кеті ара­сын­да соғыс өрті тұта­нып, ол 1757 жылға дейін со­зыл­ды. Бұл қақтығыс та Абы­лай хан­ның арқасын­да бейбіт жол­мен шешілді.

1765–1770 жыл­да­ры Абы­лай хан қырғыз ұлы­сына қар­сы жо­рық бас­тай­ды, нәти­жесінде мем­ле­кет ше­кара­сы кеңейеді. 1771 жы­лы ол Еділ қал­мақта­рын талқан­дай­ды. Мем­ле­кет ше­кара­сы Абы­лай хан билік құрған ке­зеңде одан әрі кеңейе түсті. Ха­лықтың ру­хы көтеріліп, ме­рейі үстем бол­ды.

Та­рихи тұлға Абы­лай хан­ның қол жеткізген жетістіктері сол ке­зеңде Қазақ мем­ле­кеті өте күшті болғанын айғақтай­ды.