Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Әйтеке би (1644-1700 ж.ж.)

Әйтеке би (1644-1700 ж.ж.)

Әйтеке би (1644-1700 ж.ж.)

Әй­те­ке Бай­бекұлы-қазақ халқының бірлігін нығай­туға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мем­ле­кет қай­рат­кері. Әлім тай­па­сының төртқара ру­ынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажы­ның бесінші ұрпағы. Бүкіл пар­сы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты « Си­несоф буа» (жа­ны пәк жан) атаған Сейітқұл әули­енің үшінші ұрпағы. Әбілқайырға ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсын­да Са­марқан­ды би­леген Жаңатөс ба­тыр­дың жақын ту­ысы. Әй­те­ке бес жа­сын­да мол­да­дан оқып са­уатын ашқан.

Ше­шендік қаси­етінің ашы­лу­ына әкесі мен Қосуақ бидің ықпал­да­ры тиді. Жеті жа­сынан бас­тап Әй­те­ке Жа­лаңтөс ба­тыр мен ата­сы Ақша хан­ның тәрбисінде бо­лады. Ол алғаш Ұлықбек мед­ре­сесінде, кейінЖа­лаңтөс сал­дырған әйгілі «Тіллә-ка­ри» (Ал­тынмен ап­талған), «Шер­дор» (Арыс­танды) мед­ре­сесінде білім ала­ды. Нәте­жесінде дін, құқық, ас­пан әлемі, та­рих, ма­тема­тика пәндерін, араб, пар­сы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.

Ақша ба­басы­нан елшілік, ел басқару жол­да­рын үй­ренді. Ал Жа­лаңтөс әске­ри қол­басшы­лық дағды­лары­на үй­рет­кен.

Мед­ре­сені та­мам­даған Әй­те­ке туған аулы­на ора­лып, әкесімен ел басқару істеріне ара­ласа бас­тай­ды.21 жа­сын­да Бұқара мен Са­марқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақал­пақтар­дың бас биі бол­ды. Ал жи­ыр­ма бес жа­сын­да Кіші жүз халқы оны бас би етіп сай­ла­ды. 1680 жы­лы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сай­лауға ай­рықша ат са­лыса­ды. Кейін Тәуке хан құқықты «Хан кеңесін» сай­лап, Әй­те­ке Кіші жүз аты­нан осы кеңестің мүшесі бо­лып сай­ланған. Осы тұста ел­ге жаңа заң үлгілерін жа­сау крек бол­ды. Тәуке хан, Әнет ба­ба, Соқыр Абыз, Төле, Қаз­бек т. б. Би­лердің қаты­су­ымен 1684 жы­лы «Жеті жарғы» қабыл­данды. Бұл заңдар жи­нағы қазақ қоғамын­дағы фе­ода­лизмді нығай­ту бағытын­да маңыз­ды рөл атқар­ды.

Әй­те­ке рес­ми түрде хан кеңесшісі бо­лады. Ол ор­та­лықтан­ды­рылған біртұтас қазақ хан­дығын құру жо­лын­да бел­се­не ат са­лыс­ты. Төле және Қаз­бек би­лер­мен бірге Тәуке хан­нан Абы­лайға дейін қазақ мем­ле­кеттігінің эс­та­фета­сын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, та­ту өмір сүруінің қамын ой­лаған қамқор­шы бо­лады. Өзін да­на, әділ би, аузы ду­алы ше­шен, ішкі және ха­лықара­лық күрделі мәсе­лелерді ше­шуде төреші, жоңғар басқын­шы­лары­на та­бан­ды қар­сы­лық көрсе­туді ұйым­дасты­ру жо­лын­да үлкен үлес қосқан озық ой­лы қай­рат­кер ретінде та­ныта білді.

Әй­те­ке би 25 жа­сынан бас­тап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашын­да Ор­да­басын­да, со­дан кейін Күлтөбе мен Ұлы­та­уда жыл сайын өткізілетін үш жүздің бас­шы­лары мен бе­делді адам­да­ры бас қосқан жи­ын­дарға тұрақты қаты­сып тұра­ды. Тәуке хан­нан бас­тап дәстүр тапқан бұл жи­ын­дарда ұлт бірлігін нығай­ту мәсе­лелері талқыла­нып, жүздер мен ру­лар­дың ара­сын­дағы өза­ра келіспе­ушіліктен ту­ын­дай­тын да­улар шешілетін болған. Қызу ай­тыс-тар­тыстар ушығып ке­тер тұста тоқсан ауыз сөздің то­бықтай түйіні іспетті жұрт тоқта­сар бәту­аны Әй­те­ке би ай­та­ды екен.

«Жеті жарғыда» Әй­те­ке ұсынған бап­тардың ішінде- «Сүйек құны», «Өнер құны» белгілі. 1685 жы­лы Әлі сұлтан мен қара­пайым ха­лық ара­сын­дағы үлкен жан­жал дауға ай­на­лып ке­те жаз­дай­ды. Әлі сұлтан­ның тен­тек ұлы бір ке­дейдің сұлу, ақын, әнші-дом­бы­рашы қызы­на де­геніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл ора­мал тар­тып, үй­ден ұзай бер­генде, бүркітін шүйітіп, қас­тандық жа­сай­ды. Бүркіт қыз­дың ба­сын мыл­жа­лап өлтіреді. Ашынған ағайын­да­ры төре­ден құн сұрай­ды.

Әлі сұлтан олар­ды маңына жо­лат­пай, барған би­лерді ит қосып қуып жібе­реді. Ақыры ел ара­сы екіге жа­рыла бас­тай­ды. Ең соңын­да құн сұра­ушы­лар жағы Әй­те­ке би­ге келіп өтініш жа­сай­ды. Ол қасы­на сіргелі ба­тыры Қаз­бекұлы Жа­бай­ды, бай­бақты ба­тыры Шол­панды ілестіріп Әлі сұлтанға ба­рады. Әй­те­кенің ай­ба­рынан ығыса­тын Әлі сұлтан амал­сыз құн төле­уге келіседі. Әй­те­ке қыз құны­на қосым­ша оның өнерлі екенін ай­тып, «өнер құнын» және қыз­дың жоқта­ушы­ларын ке­леке қылып, сүйек сын­дырғаны үшін «сүйек құнын» төле­уді та­лап етеді. Бұл екі құнның әрқай­сы­сы негізгі құнның жар­ты­сына тең екен. Сөйтіп, Әй­те­кенің қаһары­нан қай­мыққан Әлі сұлтан то­лық екі құн төле­уге мәжбүр бо­лады. Бұл оның ата дәстүр-сал­ты­на жетіктігімен бірге, өнерлі адамға ай­рықша құрметін көрсе­теді.

Ел аузын­да Әй­те­ке айтқан билік, ше­шендік сөздер, толғаулар, ба­талар көп сақталған. Биді ха­лық «айыр тілді Әй­те­ке» деп атаған.

Әй­те­ке қай­тыс болған­нан кейін Нұра­та та­уы маңын ме­кен­де­ген төртқара ауыл­да­рының көпшілігі Сыр бойына көшіп кет­кен. Одан та­раған ал­тыншы-жетінші ұрпақта­ры мен ата­лас­та­ры Қызы­лор­да, Ақтөбе об­лыста­рын­да, бірқатар­ла­ры Өзбекс­тан­дағы Нұра­та аулын­да тұра­ды. Ақтөбе об­лы­сын­дағы бұрынғы Қарабұтақ және Ком­со­мол аудан­да­ры біріктіріліп, қазір Әй­те­ке ауда­ны атал­ды. Қазақстан­ның ірі қала­ларын­да Әй­те­ке би аты көше­лер­ге берілген.

Ол Таш­кент­тен 75 шақырым жер­дегі Қауын­шы және Шы­наз ауыл­да­рының маңын­да жер­ленген.