Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Ақтамберді (1675-1768 ж.ж.)

Ақтамберді (1675-1768 ж.ж.)

Ақтамберді (1675-1768 ж.ж.)

Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қара­та­уда туған, 1768 жы­лы Се­мей об­лы­сының Абай ауда­нын­дағы Жүрек­жо­та де­ген жер­де қай­тыс болған. Жо­рық жы­ра­уы, әскер­ба­сы, қоғам қай­рат­кері.

Қазақ халқы ба­сынан кешірген ұлы күй­зелістер кезінде өмір сүрген Ақтам­берді 17 жа­сынан бас­тап қал­мақтар­мен, Ор­та Азия би­ле­ушілерімен болған шайқас­тарға қаты­сады. Бұл соғыс­тарда ол ба­тыл­дығымен ерек­ше­ленеді, кейінірек әскер­ба­сылық қабілетімен де көзе түседі. Та­лай-та­лай ұрыс­тарда ысы­лып, ба­тыр атанған Ақтам­берді жы­рау та­рихқа «Ұлы апат жыл­да­ры» бо­лып ен­ген оқиғалар­дың ішінде жүрді. Жоңғар­ларға қар­сы ұлт-азат­тық күресін ұйым­дасты­рушы­лар­дың бірі бол­ды.

Жоңғар мем­ле­кетін талқан­дап, Қазақстан­ның шығыс өңірін жау қолы­нан бо­сатқан­нан кейін, Ақтам­берді жы­рау қазақтар­ды ежелгі ата-ба­бала­ры өмір сүрген қоныс­та­рына ор­на­лас­ты­руға бел­се­не ат­са­лыс­ты.

Ақтам­берді өз қара­мағын­дағы қазақ ру­ларын оты­рықшы­лыққа үй­ре­туге ты­рыс­ты. Бұл бағыт­та арық қазу­ды, бөген са­луды ұйым­дасты­рып, қазақтар­ды егін ша­ру­ашы­лығына үй­ре­туді қолға ала­ды.

Ақтам­берді жы­рау ту­ын­ды­лары негізінен нақыл-өси­ет түрінде ке­леді. Олар­дан көшпелі қазақ халқының ой-ар­ма­нын, мақсат-мүдде­лерін білу­ге бо­лады. Көшпенділердің өміріндегі үй жа­ну­ар­ла­ры, әсіре­се жылқының ор­ны мен рөлі ту­ралы ой -толғаула­ры өзге­лер­ден биік ту­ады. Ол жылқы ма­лын «ер қана­ты» дей ке­ле, оны жауға қар­сы шапқан ба­тыр­дың серігі ретінде су­рет­тейді.

Ақтам­берді жыр­ла­рының арқауы ба­тыр­лыққа үндеу, жауға қар­сы соғысқа жігер­лендіру бо­лып та­была­ды. Ол жоңғар­лардың билігінде қалған қазақ да­лала­рын азат етуді, қазақ халқының өрлеуін, жоңғар басқын­шы­ларын то­лығымен жеңуді ар­мандай­ды. Көпте­ген өлеңдер­де қазақ халқын жауға қар­сы жан аямай күре­суге шақыра­ды. Ақтам­берді жы­ра­удың сұра­пыл соғыс­тар кезінде ту­ын­даған өлеңдері XVI­IIғасыр­дағы қазақтар­дың жа­уын­герлік өр ру­хын дәріптейді.