Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Әбу Насыр әл – Фараби

Әбу Насыр әл – Фараби

Әбу Насыр әл – Фараби

Әбу На­сыр әл – Фа­раби (870–951) – Арис­то­тель­ден кейін дүни­ежүзі білімі мен мәде­ни­етінің екінші ұста­зы атанған да­ныш­пан, эн­цикло­педист ғалым. Оның мұсыл­манша то­лық аты-жөні Мұхам­мед ибн Мұхам­мед ибн Уз­лағ Тар­ха­ни. Туған жері – Сыр­да­рия бойын­дағы ер­те за­ман­да түркі ха­лықта­рының ор­та­лығы болған Оты­рар қала­сы. Оты­рар­ды араб­тар «Фа­раб» деп атаған. Қай жер­де шыққанын білдіру үшін аты-жөніне өзінің туған ме­кенінің ата­уын тіркейтін сол за­ман­ның дәстүрімен ұлы ұстаз Фа­раби аталған. Махмұд Қашқари «Ди­уани лұғат ат-түрк» ат­ты еңбегінде Фа­раб қала­сының түрікше аты — «Қара­шоқы» деп көрсе­теді.

Әл-Фа­раби за­манын­да бүкіл Ор­та Азия мен Түркстан Араб ха­лифа­тының ықпа­лын­да болған. Соған бай­ла­ныс­ты қала халқы са­уда-сат­тық мәсе­лесіне ис­лам қалып­та­сып, да­му­ына зор үлес қосқан араб, пар­сы, түркі тілдерін қатар қол­данған. Со­ның ішінде ру­хани, ғылы­ми тіл араб тілі болған. Сон­дықтан құмар­лығы оянған Әл-Фа­рабидің осы үш тілді жетік білуі заңды­лық еді. Ол кейін білім-ғылым іздеп, көп жерді ара­лай­ды. Ақыры сол кез­де әлемнің ғылым дүни­есінің ор­та­лығы болған Бағдадқа келіп, сон­да тұрақтап қала­ды. Сол кездің әйгілі ғалым­да­рымен кез­десіп, олар­мен сыр­лас бо­лады. Грек, ла­тын, санс­крит және басқа тілдерді үй­ре­неді.

Ол өз за­манын­дағы да­мыған ғылым са­лала­рының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, еле­улі із қал­ды­рады. Одан қалған ғылы­ми еңбек­тердің өзінің са­ны жүзден ас­там. Сол еңбек­терді ғылым са­лала­рына қарай бөлетін бол­сақ, олар мы­нан­дай: аст­ро­номия, аст­ро­логия, ма­тема­тика, ло­гика, му­зыка, ме­дици­на, та­биғат ғылым­да­ры, со­ци­оло­гия, линг­вис­ти­ка, по­эзия-ри­тори­ка, фи­лосо­фия бо­лып ке­леді.

XX ғасыр­дың екінші жар­ты­сынан бері қарай Қазақстан ғалым­да­ры да ұлы ұстаз­дың бай мұра­сын жи­нап, зерт­теп та­нуға өз үлес­терін қоса бас­та­ды. Қазір Қазақстан Ғылым ака­деми­ясы­ның кітап­ха­насын­да Әл-Фа­рабидің елу шақты еңбегі бар. Олар­дың ішінде басқа тілге ауда­рыл­маған, ғалым­дар ара­сын­да осы күнге дейін белгісіз бо­лып кел­ген: — «Ал­ма­гес­ке түсінікте­ме», «Ге­омет­ри­ялық сы­зықтар жа­са­удың әдістері», «Аст­ро­логия», «Ки­таб әл-му­сики әл-ка­бир» секілді әрқай­сы­сы бір-бір ғылым­ның шыңын көрсе­тетін аса ірі ту­ын­ды­лары бар. Мұның сыр­тында соңғы жыл­да­ры Қазақстан­ның Иран­да алғашқы Төтен­ше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мыр­за­тай Жол­дасбе­ков та­уып әкеліп, Ал­ма­тыдағы Әл-Фа­раби атын­дағы ұлттық уни­вер­си­теттің кітап­ха­насы­на тап­сырған Әл-Фа­рабидің қол­жазба­лары өз ал­ды­на бір па­ра қазы­на. Олар­дың көшірмесі (он үш қол­жазба) бүгінде Еура­зия ұлттық уни­вер­си­тетінің Оты­рар кітап­ха­насын­да сақта­улы.

Өмірінің соңына қарай Әл-Фа­раби Мы­сыр, Шам, Ха­леб қала­ларын­да бо­лып, ақырын­да Шам шаһары­на келіп, сон­да тұрақтай­ды. Осын­да қай­тыс бо­лады. Оның де­несі Шам шаһары­ның Кіші қақпа (Баб ас – Сағир) жағын­дағы зи­ратқа қойыла­ды.

Әл-Фа­рабидің ісін жалғас­тырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олар­дың ішінен, ең ал­ды­мен, Ор­та Ази­яның ұлы ғалы­мы Әбу Әли ибн Си­наның (Ави­цен­на) есімін атауға бо­лады. Кейінгі кез­дегі шығыс ғалым­да­ры олар­ды бөліп жар­май «Қос Фа­раби» деп те атай­ды. Сон­дай-ақ еңбек­тері ұлы ұстаз еңбек­терімен са­бақта­сып жатқан ұлы ғалым­дар — Бе­руни, Боз­жа­ни, Омар Һайям­дар да өздерін Әл-Фа­рабидің шәкірттеріміз деп есеп­те­ген.