Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Әнет баба (1628-1723 ж.ж.)

Әнет баба (1628-1723 ж.ж.)

Әнет баба (1628-1723 ж.ж.)

Әнет ба­ба — «Жеті жарғыны» құрас­ты­руға қатысқан атақты 7 бидің бірі болған. Жас кезінде Бұқара­да мед­ре­се бітіреді. Ис­лам қағида­ларын, ша­риғат ере­желеріне жүйрік болған. Әнет ба­ба әділдігімен, діндар­лығымен аты ел­ге жайылған. Қалқаман-Ма­мыр да­уы кезінде бірін-бірі сүй­ген екі жас жа­задан бо­сатыл­сын де­ген билік айтқан. Бірақ оған Мәмбет­бай ру­ының бас­шы­сы Көкен­бай ба­тыр көнбейді. Ол Ма­мыр­ды атып өлтіріп, «ендігі тен­тегіңді сен де өлтір» де­ген ауыр шарт қойған. Көкен­тай ба­тыр­дың ауыр шар­ты­на амал­сыз көген Әнет ба­ба «Қалқаман ат­пен ша­уып өтсін, Көке­най сон­да ат­сын» де­ген тоқтамға ке­леді. Бұл жа­задан Қалқаман аман құтыл­ды. 1723 жы­лы көктем­де жоңғар­лар ша­бу­ылы бас­та­лып, ел «Ақта­бан шұбы­рын­дыға» ұшы­раған кез­де Әнет ба­ба жұртта қалған. Кейін Көке­най бас­таған ба­тыр­лар бидің сүйегін та­уып жер­леді.