Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Асан Қайғы

Асан Қайғы

Асан Қайғы

Асан Қайғы – жы­рау, ой­шыл, абыз. Асан Қайғы ша­мамен XIVғасыр­дың аяғын­да дүни­еге келіп, XVор­та­сын­да Са­ры­арқадағы Ұлы­та­уда дүни­еден озған. Асан Қайғы ата­нып кет­кен Ха­сан Сәбитұлы бір де­рек­терде Еділ бойын­да дүни­еге кел­ген делінген. Ал атағы бір де­рек­терде әкесі Сәбит Арал өңіріндегі Сыр­да­рия жағасын қоныс ет­кен са­ят­шы дейді. Асан Ал­тын Ор­да­ның ықпал­ды би­лерінің бірі болған. Ал­тын Ор­да ыды­раған кез­де Дешті Қып­шаққа қай­тып ора­лады. Қазақ Ор­да­сын құрған Ке­рей хан Жәнібек хан­дардың ақыл­шы биі болған.

Елі мен жұрты­ның бо­лашағы ту­ралы қат­ты қайғырып толғанған абыз­ды ха­лық Асан Қайғы деп атаған. Ол өзінің толғаула­рын­да хан­дықты нығай­ту, елдің қорғаныс қабілетін арт­ты­ру қажеттігін на­сихат­тай­ды. Асан Қайғы елінің су­лы-ну­лы, шөбі шүйгін, құтты қоныс та­уып «адам­ды жүзге кел­мей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» ма­мыра­жай, еркін өмір сүруін аңса­ды. Бұл мұра­тын жы­рау «Жерұйық» деп ата­ды.

Ал­ты атанға жүк ар­тып, ал­ты жыл жай­лы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шо­лып шығады, әр қоныс, ме­кен­ге байып­ты сын, баға беріп оты­рады. Бұл бағала­ры әлі күнге дейін ел аузын­да ұмтыл­май ай­ты­лып ке­леді. Жы­ра­удың толғаула­рының бірне­шеуі әз-Жәнібек ханға ар­налған. Ер­теңгі ха­лық бо­лашағын Жәнібектің ақыл-ай­ла, көре­гендігімен тығыз бай­ла­ныс­та алып қарай­ды. Асан Қайғы толғаула­рын­да те­рең толғау бар. Ұлы мем­ле­кет Ал­тын Ор­да­ның ыды­рап, оның ор­ны­на пай­да болған ха­лықтар ара­сын­дағы ала­уыз­дық түбі орға жығаты­нын сол кездің өзінде бол­жаған. Та­лай ғасыр Ал­тын Ор­даға тәуелді болған Ре­сей мем­ле­кетінің күшейіп ке­ле жатқанын ес­кертеді. Ха­лық ба­сына төген бұл қауіптің зар­да­бын, оның не­мен ты­наты­нын да дәл бол­жай­ды: " Ол күнде қарын­дастан қайыр ке­тер, хан­нан күш, қарағай­дан шайыр ке­тер, ұлы, қызың орысқа бо­дан бо­лып, қай­ран ел, есіл жұртым сон­да не­тер? ".

Ноғай, өзбек, түркімен, қырғыз, қарақал­пақ ха­лықта­ры ара­сын­да Асан Қайғы есімі ілти­пат­пен ата­лып, құрмет тұты­лады.