Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Ахмет Йүгінеки (XII ғ)

Ахмет Йүгінеки (XII ғ)

Ах­мет Йүгіне­кидің ту­ып- өскен елі Түркістан қала­сы маңын­дағы Жүй­нек де­ген жер. Әкесі Махмұд ақын болған. Ах­мет араб тілінде еркін сөй­ле­ген. Кейбір де­рек­терде оны туған­нан соқыр болған де­се, енді бір де­рек­тер: «соқыр адам қалай­ша та­биғат сұлу­лығын та­маша­лап, по­эти­калық тілде қалай су­рет­тейді?!»- деп теріске шығара­ды.

Осы­дан еліп, ақын жа­нары­нан уақыт өте ке­ле ай­рылған де­уге бо­лады. Өз за­маны­ның қадірлі де бе­делді ада­мы болған. Білімпаз­дығы үшін «Әдиб (оқымыс­ты де­ген сөз) Ах­мет» ата­нып­ты.

Қожа Ах­мет Йас­са­уидің шәкірті. Ол түркі халқы әде­би тілінің қалып­та­су­ына ықпал ет­кен. Өзінің атақты «Хи­батул-л-хақайық», яғни «Ақиқат сыйы» де­ген еңбегін жа­зады. Кітап 466 жол өлеңнен тұра­ды, 20 шақты тақырып­тарға бөлінген. Шығар­ма ар­зу өлең өлшемімен түркі тілінде жа­зылған. Бір-бірінен айыр­ма­шылығы аз үш түрлі нұсқасы және әр түрлі үзінділері бар.

Оның ой­ла­рының бір алу­аны мы­надай: «Адам дүни­еге Ал­ла мен ғылым­ды та­нып- білу үшін ке­леді. Жердің құпи­ясын білу-бақыт­ты өмірге ба­рар жол. 18 мың ғалам­ды жа­ратқан Жа­рату­шыны мақта­маған жер-дүни­еде ешкім жоқ. Ал­ла жақсы­лықты 100 бөліктен жа­рат­ты. Оның 99-ын өзіне қал­ды­рып, тек біреуін ғана жер­ге жібе­реді. Жер бетіндегінің бәрі Ал­ла еркімен істелінеді. Өзіне жақын­ды да, алыс­ты да — адам­дардың бәрін сүй, Ал­ла­ның хик­метін сезіне біл. Егер адам өздігінен ғылымға бет бұрма­са, оны қан­ша оқытқан­мен, құмға сіңген су­мен бірдей. Ешқашан біреу жайын­да жа­ман ай­тпа, сол кез­де ешкім сен жайын­да жа­ман ай­тпай­ды.

Егер өз көзіңмен көрме­сең не оған то­лық көзің жет­пе­се, куәлік бер­ме, жа­ла жап­па. Бол­маған іс жайын­да ешнәрсе ай­тпа. Бұл үлкен күнә бо­лып са­нала­ды.

Адам­дар, әле­уметтік һәм басқа да жағдай­ла­рына қара­мас­тан, құдай ал­дында бірдей. Адам өзінде бар нәрсе­ге қанағат тұтуы ке­рек. Егер олай ет­пе­се, біріншіден, тегін ай­тып, мақта­на ала­ды, екіншіден, басқа ру­дың өкілдерін өзінен төмен ұстауға ұмты­лады, үшіншіден, ауа райы жұлдыз­дарға бай­ла­ныс­ты де­ген­ге се­неді, төртіншіден, өлген адам­ды көп жоқтап жы­лай­ды.

Адам­дарға тәтті де ащы нәрсе-тіл. Жақсы­лық та, жа­ман­дық та тілден ке­леді. Ай­тылған сөз атылған оқпен тең. Тіпті, бір сөз ай­тар ал­дында әбден ой­ла­ну ке­рек…»

Ақын­ның осы атақты кіта­бының қол­жазба­сы Стамбұл мешітінде сақталған. Шығар­ма­лары 1444 жы­лы Арс­лан, Әмір мен 1480 жы­лы Түрік ғылы­мы Нәжит Асыл жа­саған көшірме­лерімен белгілі. Түрік тілінде алғаш рет Ра­шид Рах­ме­ти Арат жа­ри­яла­ды. Ал қазақ тіліндегі транс­крип­ци­ясын Әмір Нәжит (1981 жы­лы) жа­сады.