Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Барақ хан (шамамен 1423-1428)

Барақ хан (шамамен 1423-1428)

Ба­рақ хан-Ал­тын Ор­да ха­ны, Орыс хан­ның не­мересі, Құйыр­шық хан­ның ұлы. Ша­мамен XIVғасыр­дың 2-жар­ты­сын­да дүни­еге келіп, 1428 жы­лы қай­тыс болған. 1419–1422 жыл­да­ры Ұлықпектің көмегімен Шығыс Дешті Қып­шақта (Ақ Ор­да) билік ба­сына ке­леді. 1422 жы­лы Еділдің бойын­да Ал­тын Ор­да әскерін жеңіп, таққа оты­рады. 1426 жы­лы Ұлығ Мұхам­мед хан­нан жеңіліп, тағынан айыры­лады да, Ноғай Ор­да­сының мыр­за­сы Мансұр би­мен одақ құра­ды. Мансұр би Құйыр­шықтың қызы­нан туған жи­ені бо­латын. Билік үшін та­лас­та Ба­рақ хан Мансұр биді өлтіреді. Осы­дан кейін Ал­тын Ор­да жерінде қала ал­маған Ба­рақ хан ығысып келіп, 1426–1427 жыл­да­ры Сыр­да­рия бойын­дағы қала­лар үшін Ұлықпек­пен соғыса­ды. 1427 жы­лы өзіне қар­сы ат­танған Ұлықпектің әскерін тас-талқан етіп, Ма­урен­нахрға жо­рық жа­сай­ды.

Та­рих­та Әбілқайыр хан Ба­рақ сұлтан қолы­нан қаза бо­луы- қазақ та­рихын­да аса күрделі тра­геди­ялық жағдай. Қазақ елін қызғыш­тай қорғап өмірінің 48 жы­лын Ре­сей­ге қар­сы күрес­ке ар­наған есіл ердің қаза­сына бүкіл ха­лық қат­ты қайғыра­ды. Көп ұза­май оның жер­ленген жері ха­лық көп ба­ратын ки­елі орынға ай­на­лады.

Елдің осы­нау қарғысы мен лағнетін есіте бас­таған Ба­рақ кірер­ге тесік та­ба ал­май сасқаны­нан- Мені үш жүздің үш биі ақта­ды-деп ел­ге жалған ха­бар та­рат­ты. Шын­дығын­да оны ақтауға қатысқан­дар өзінің қол ас­тында жүретін төртқара Қоза­най, қара­кесек Мәмет Ата­лық және най­ман Ол­жа­бай би­лер бо­латын. Бұл мәліметтің шын­дыққа кел­мейтіні мы­нада: біріншіден, Әй­те­ке би 18 ғасыр­да өмір сүрген жоқ, екіншіден, Төле би сияқты әйгілі би­лер мұндай қыл­мыс үшін Ба­рақ сияқты адам­ды ешқашан ақта­май­ты­ны белгілі. Оның үстіне Ба­рақтың Төле би секілді адам­дардың ал­ды­на ба­руға беті жоқ еді, өзі қашып-пы­сып өмір сүрді.

Көп ұза­май Ба­рақ пен Күшік сұлтан­дар өлтірілді, тіпті олар­дың ба­ла-шағасы­ның көбі Әбілқайыр ба­лала­рының қолы­нан қырылғаны белгілі. Сон­дай-ақ Әбілқайыр­дың ба­ласы Ба­рақтың жа­нын­да жүріп аран­дап қалған Сы­рым­бет ба­тыр­ды жанұясы­мен қырған.

Сон­дықтан сол кез­дегі хан­дар ара­сын­дағы билікке та­лас, таққа та­ласу өза­ра бірін-бірі өлтіру бірне­ше ғасырға со­зылған.

Ба­рақ хан 1428 жы­лы Ноғай Ор­да­сының мыр­за­лары Қази, На­урыз­бай соғыс­та қаза та­бады. Ба­рақ өлген соң, Шығыс Дешті Қып­шақта (Ақ Ор­да) шай­ба­нилықтар тақта ұзақ оты­рады. Ба­рақ хан­ның Мір Се­ид, Мір Қасым және Би Сайид (Жәнібек хан) де­ген үш ұлы бо­лады.