Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Бейбарыс Сұлтан

Бейбарыс Сұлтан

Бейбарыс Сұлтан

Жа­мақұлы Бей­ба­рыс (1223–1277) – түркі әулеті Бах­ри­ден шыққан мам­люктердің Еги­петті би­леген төртінші сұлта­ны. Оны та­рихи шығар­ма­лар­да Бей­ба­рыс, Би­барыс деп те атай­ды. Оның шыққан тегі – қып­шақ. Бірақ қай жердің қып­шағы де­ген­ге кел­генде әр түрлі де­рек­тер ай­ты­лып, бірі – Хо­резм, Дер­бент қып­шақта­рынан де­се, екіншілері маңғыс­та­улық еді де­генді ай­та­ды. Соңғы зерт­те­улер бұл дүдәмал­дықтың түйінін шешіп, Бей­ба­рыс­тың қып­шақ тай­па­сының Беріш ру­ынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб ел­дерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын ха­лық ро­маны – «Бей­ба­рыс­та» оның әкесі Жа­мақ, ше­шесі Әйек деп, олар­дың нақты есімдерін атап көрсет­кен. Бей­ба­рыс өмір бойы қып­шақ тілінде сөй­ле­ген, ал­дыңғы Ази­ядағы араб тілдес ха­лықтар­мен тілмәш арқылы түсініскен.

Бей­ба­рыс Да­маскінің ба­зарын­да 800 дир­хемге құлдыққа са­тылған­нан кейін жаңа қожайыны Ай­да­кин Бун­дукда­ридің аты­мен әл-Бун­дукда­ри де­ген есімге ие бол­ды. Кейін Бей­ба­рыс­тың ерек­ше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлта­ны Са­лих На­жумид­дин оны өзінің же­ке гвар­ди­ясы­ның бір бөліміне сар­дар етіп ала­ды. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің аты­мен өзіне әл-Са­лихи де­ген есімді және қабыл­дай­ды. Ол осын­да жүрген­де крест жо­рығына қаты­сушы­ларға қар­сы күрес­те Еги­пет әскеріне қол­басшы­лық етеді.

Еги­петтің жаңа сұлта­ны Му­иззәддин Ай­бек Айюби әулетінің соңғы бас­таған кез­де, Бей­ба­рыс бас сауғалап, Си­рияға қашып ке­теді. Со­дан мам­люктер Ай­бекті өлтірген­нен кейін ғана ол Ка­ирға қай­та ора­лады. Мұнда таққа жаңа отырған Мұзаф­фар Сай­фуд­дин Құтұз сұлтан оны әскеріне бас­шы етіп, Си­рия жеріне ішкер­лей кірген моңғол­дарға қар­сы күрес­ке ат­та­нады. Айн-Жа­лут түбіндегі шайқас­та мам­люк қолы моңғол­дардың тас-талқанын шығара­ды. Осы соғыс­та Бей­ба­рыс ер жүректілігімен ай­рықша көзге түседі. Бірақ Құтұз, не­ге екені белгісіз, басқаларға сый-си­япат жа­сап, Бей­ба­рыс­ты еле­усіз қал­ды­рады. Осыған өкпе­леген Бей­ба­рыс өзіне ни­ет­тес адам­дармен келісіп, Ка­ирға қай­тар жол­да Құтұзды өлтіреді. Жақтас­та­ры Бей­ба­рыс­ты Еги­петтің сұлта­ны деп жа­ри­ялай­ды. Сөйтіп ол әд- Мәлік әз-Заһир Ру­ки-әд-Дүние вә-д-Дин Бей­ба­рыс әл-Бун­дукда­ри әл-Са­лихи де­ген есіммен Еги­петтің тағына оты­рады. Билік ба­сына келісімен Бей­ба­рыс бар күш-жігерін крест жо­рығына қар­сы ша­бу­ылға жұмсай­ды. Негізгі ша­бу­ыл 1265 жы­лы бас­та­лып, крест тағушы франк­тердің қамал­да­ры бірінен кейін бірі алы­нады. Бұдан кейін Кіші ар­ме­ния пат­ша­лығына (1267 ж.) Кіші Азия селжұқта­рына қар­сы жо­рықтар жа­сап, бер­берлерді бағын­ды­рады.

Бей­ба­рыс мед­ре­селер са­луға көп күш жұмсай­ды, ка­нал­дар мен бөгет­терді жөнде­теді. Ка­ир қала­сын­да ол сал­дырған мешіттердің бірі қазір де «Бей­ба­рыс мешіті» деп ата­лады.

Бей­ба­рыс Ху­лагу әулетіне қар­сы күре­су мақса­тымен Ал­тын Ор­да ха­ны Бер­ке­ге елші жібе­реді. Осы­дан бас­тап Еги­пет пен Ал­тын Ор­да ара­сын­да тұрақты дип­ло­мати­ялық қаты­нас ор­нап, екі ел ара­сын­дағы одақтас­тық қашан Ал­тын Ор­да ыды­рағанға дейін сақта­лады. Өй­ткені бұл бай­ла­ныс­тың осын­ша­лық ұзақ уақытқа ұла­сып, берік сақта­лу­ының негізінде еги­пет елін би­леген Бей­ба­рыс сұлтан­ның бір кез­де тағдыр­дың қатал кесімімен қол үзіп қалған туған жеріне, ата ба­басы­ның еліне жақын­да­уды мақсат тұтқан ар­ман тілегі жатқан еді. Бұл, сайып кел­генде, Мы­сыр елін «Қып­шақ Еги­петі» атан­дырған мам­люк-қып­шақтар­дың ор­тақ мүддесі бо­латын. Сон­дықтан олар Бей­ба­рыс­тан кейін де, қашан мам­люк қып­шақ әулетінен күш кет­кенше «Ал­тын Ор­да» атанған қып­шақ елінен, өздерінің ата ме­кенінен қол үзбе­уге ұмты­лады. Қатал тағдыр тағы да олар­дың жо­лын кесті. Еги­пет­те мам­люк-қып­шақтар билік ба­сынан қуыл­ды, Қып­шақ да­ласын­да Алытн Ор­да ыды­рап кетті. Кезінде жат ел­ге құл бо­лып са­тылып бар­са да, тектілігін та­нытып, қажы­мас қай­рат­тың, мұқал­мас жігердің үлгісін көрсетіп, билік ба­сына көтерілген мам­люк қып­шақтар­дың ру­хы тек ара­да жеті ғасыр өткен­де ғана ба­рып, Бей­ба­рыс есімі арқылы ата ме­кеніне орал­ды. Қазір өзінің кіндік қаны тамған жерінде – Жайық өзенінің аты­ра­уын­да биік тұғырға ор­ныққан Бей­ба­рыс­тың ес­керткішке ай­налған алып тұлғасы тәуелсіз елдің арай­лы таңын жер­лестерімен бірге қар­сы алып, өшпес айғағын­дай бо­лып асқақ тұр.

1277 жы­лы Бей­ба­рыс­ты уәзірі қып­шақ Қала­уын у беріп өлтірді. Оның сүйегі Да­маскідегі Баб-әл-Ба­рид зи­раты­на қойыл­ды. Осы­лай­ша Бей­ба­рыс сұлтан мәмлүктер мем­ле­кетін ірі дер­жа­ваға ай­нал­ды­рып, Мы­сыр мен Си­ри­яны «крестілер жо­рығы», моңғол шапқын­шы­лығынан қорғап қал­ды.