Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Аяз би Жаманұлы (шамамен 711-800 ж.ж.)

Аяз би Жаманұлы (шамамен 711-800 ж.ж.)

Аяз би Жа­манұлы- қазақ халқының ежел­ден ел­ге аты мәшһүр болған, аты аңызға ай­на­лып кет­кен ақылгөй абыз, ше­шен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа «Аяз би» ер­тегі мен «Аяз би әлініңді біл, құмырсқа жо­лыңды біл» дейтін қанат­ты нақыл сөз арқылы сақта­лып жет­кен. Аяз бидің ғұмыр­на­масы жөнінде әр түрлі де­рек­тер бар. Майқы би Мән ба­ласы­ның шежіресін жазған Ша­пыраш­ты Қаз­бек бек Та­уасарұлы өзінің «Түп-тұқиян­нан өзіме дейін» («Жа­лын», 1993 ж.) дейтін кіба­бын­да Аяз бидің және оның серігі Құмы­рысқа ба­тыр­ды «Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Мәнұлы­ның оң жағын­да оты­ратын сенімді ақылгөй би­лер еді», -деп жа­зады. Сон­да бұл де­рек бойын­ша Аяз би хиж­ра жыл са­на­уынан 711 жы­лы бұрын ту­ып, 800 жы­лы дүни­еден өткен, Майқы Мәнұлы­ның за­ман­да­сы, тұтас бо­лып шығады. Ал зерт­те­уші Бал­та­бай Адам­байұлы­ның «Ал­тын Сан­дық» ат­ты (1989 ж.) кіта­бын­дағы шағын мәлімет­те Аяз би-Хи­уа хан­дығы дәірінде өмір сүрген та­рихи адам­деп, оны XI-XII ғасырға жатқыза­ды. Бұл-әлі ре­реңірек зерт­те­уді қажет ететін мәсе­ле.

Аяз бидің қан­дай би болғаны, адам­гершілік қадір-қаси­еті жөнінде қазақ эн­цикло­педи­ясын­да бы­лай жа­зылған: «Бұрынғы қой­шы, ке­дей Аяз өзінің ақыл­ды­лығы, да­налығы арқасын­да уәзір бо­лады. Ол Ма­дан хан­ның бірне­ше сы­нынан өтеді. Оған шөп жа­маны-қоға, құс жа­маны- са­уысқан екенін дәлел­деп бе­реді. Хан­ның тұлпа­рының си­ырға, өзінің қара ха­лыққа ша­тыс­тығын айыра­ды. Шарт­ты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үй­ле­неді, хан­ның күншіл, ақыл­сыз қырық уәзірін өлімнен құтқара­ды. Аяз­дың да­налығын, дос­тыққа адал­дығын, серт­ке беріктігін, қайырым­ды­лығын, әділдігін Ма­дан мойын­дап, ха­лық қалап, оны хан етіп көте­реді».

Майқы би өзінің төңірегіне ақыл­ды, да­на, би, ше­шен­дерді, ба­тыр, бал­гер, көріпкел әули­елерді көп жи­нап, олар­мен ақыл­да­сып оты­рады. Майқының Әндір, Мәді де­ген ас­пан әлемін, жұлдыз­дар сы­рын бол­жай­тын білімпаз­да­ры болған. Олар ас­панға, жұлдыз­дарға қарап, мал-ша­руа жайын, егіншілікке қолай­лы мерзімді күні бұрын бол­жап, ха­лыққа пай­да­сын тигізеді. Ал Аяз би сияқты да­на би­леріне өзінің оң жағынан орын бе­реді екен. Аяз бидің Құмырсқа де­ген әрі би, әрі ба­тыр жан серігі бо­лып­ты. Қай­да бар­са да екеуі жұбын жаз­бай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазы­лық құрып, көбіне­се ел мен ел ара­сын­дағы елшілік, бітімгершілікпен ай­на­лыса­ды. Сон­дықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбіне­се арқа сүйеп, оларға се­неді. Ол екеуімен Майқы би ха­лық тағды­ры, ел жағдайы, ша­руа қамы жөнінде жиі-жиі ақыл­да­сып, ой-пікір алы­сып оты­рады. Кей­де дәл жа­уап ай­та ал­май, ша­лыс басқан за­мат­та оларға ес­керту жа­сап түзеп, бағыт беріп жібе­реді екен. Бір жо­лы ол екеуі жа­рыса сөй­леп, Майқының ал­дын кес-кес­тей беріпті, сон­да Майқы би оларға бы­лай депті:

Би­лер бүгін Майқының ал­дын ке­сесің,
Ер­тең жұрттың төбесін те­сесің.
Майқының да ай­та­тын кебі бар,
Ай­туға аузы­ның да ебі бар.
Хан сөзінің қашан­да бәрі дұрыс,
Әзір сөзіме бол­ма бұрыс,
Ақылым ал­жыған жоқ,
Он­дай­ды бол­жағам жоқ,
Орын­сыз ауыз аш­саң,
Екі би ба­сар­сың шоқ.
Аяз би әліңді біл,
Құмырсқа жо­лыңды біл.

Ел ара­сын­да «Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жо­лыңды біл» де­ген нақыл сөз со­дан қал­са ке­рек.