Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Бекет Мырзағұлұлы

Бекет Мырзағұлұлы

Бекет Мырзағұлұлы

Мыр­зағұлұлы Бе­кет (Бе­кет ата 1750–1813) – Кіші жүз құра­мын­дағы Байұлы тай­па­сының Адай ру­ынан шыққан, абыз-көре­ген, қазақтың әйгілі ба­тыры, сәулетші. Ту­ып-өскен жері Аты­рау об­лы­сы, Жем өзені бойын­дағы Ақмешіт-Құлшан және Маңғыс­тау өңірі. Өзі тұрғызған Оғылан­ды мешітіне жер­ленген. Хо­резм­дегі Пақыр­жан қажы­дан оқып, діни білім алған.

Бе­кет жас­тайынан білмек­ке құмар бо­лып, алғыр­лық зе­ректігімен көзге түскен. Ол ат жа­лын тар­тып мінген, оң-со­лын та­ни бас­таған кездің жа­угершілігі мол болған. Со­дан да ел қамы, ха­лық тағды­рына қатыс­ты істер­ге ер­те ара­ласып, па­расат-пайымы­мен, ерлік-та­бан­ды­лығымен жұрт көзіне ер­те­рек түскен. Ол, әсіре­се, мед­ре­се-мешіттер сал­дыртып, ха­лықты иман­ды­лыққа, кісілікке, ауызбірлікке ба­улуға ай­рықша көңіл бөлген.

Көзінің тірісінде оның қабілетін, қыз­меті мен же­ке ба­сына төн жа­раты­лысын си­пат­тай­тын ерек­ше төрт қаси­еті болған:

  • Біріншісі — ха­лықтың тәуелсіздігі жо­лын­да жа­уларға қар­сы күрес­ке бел­се­не ара­ласқан ба­тыр;
  • Екінші — ғылым­ның қиын жо­лымен жүріп өтіп, ба­лалар­ды білім нәрімен су­сын­датқан ағар­ту­шы;
  • Үшінші — ежелгі дәстүр бойын­ша көпте­ген елді ме­кен­дерде мешіттер мен мед­ре­селер­ге ар­нап ғима­рат­тар салған сәулетші;

  • Төртінші — мүсәпірлер мен ауру­ларға қол үшін бер­ген ерек­ше да­рын­ды, ат­пал аза­мат және аса маңыз­ды оқиғалар­ды бол­жай білген сәуегей.

Бе­кет ата­ның бұл қаси­ет­тері көзінің тірісінде-ақ ел ара­сын­да аңызға ай­налғаны сон­ша, «Ме­дине­де — Мұхам­мед, Түркістан­да — Қожа Ах­мет, Маңғыс­та­уда — Пір Бе­кет» де­ген сөз сол кез­де шықса ке­рек. Сон­дықтан да оның ел ал­дында мәрте­бесі биік болған, сәуегей ретінде құрмет­теп, пір тұта­тын.

Ха­лық мұндай асыл аза­матқа де­ген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әри­не, аңызға ақиқат ретінде қарауға бол­май­ды, де­ген­мен, Бе­кет ата­ның аты­на бай­ла­ныс­ты жа­зылған әңгіме­лер оның өмірінен алынған.

Қалың жауға қар­сы қол бас­тап, қар­сы шапқан қаһар­мандығымен Бе­кет ба­тыр атанған. Шайқас­тарда Бе­кет ба­тырға оның мейрімділік, әділдік сияқты адал қаси­ет­терінен ту­ын­даған бейбітшілікке де­ген сүйіспеншілігі сүйеу болған. Адам ба­ласы­на көмек­те­суді жөне оларға білім бе­ру, жақсы­лық жа­са­уды Бе­кет ата Ал­ла­ның бұй­рығы деп са­наған.

Бе­кет ата жер ас­ты ғима­рат­та­рын қашап жа­са­удың ежелгі дәстүрін да­мытқан.

Қазіргі таңда Бе­кет ата­ның Адам­дықтың Ақ жо­лы, Әули­елік өси­ет­тері өсіп ке­ле жатқан жас бу­ын­ды тәрби­елеуде көп септігін тигізіп отыр. Іс-әре­кеті мен қадір қаси­еті аңызға ай­налған Бе­кет ата Маңғыс­та­уда, Оғылан­ды­дағы өз мешітіне жер­ленген. Көпшілік Бе­кет ата­ны әулие тұтып, қабіріне түнейді.

Бе­кет ата ес­керткіштері — Маңғыс­тау, Үстірт, Жем бойын­дағы Бе­кет ата есімімен бай­ла­ныс­ты же­рас­ты ғима­рат­та­рының ор­тақ ата­уы. Олар ту­ралы ха­лық жа­дын­да сан алу­ан аңыз­дар сақталған. XIX ғасыр­да Үстіртті зерт­те­ген то­пог­раф Эду­ард Эверс­ман, Алек­сандр Дю­гамель ғалым­дар сол аңыз-әңгіме­лердің негізінде жи­наған де­рек­терін жа­зып қал­дырған.

Эду­ард Эверс­ман: «Үстірттегі та­удан үңгіп жа­саған мешіттер араб, пар­сы жа­зула­рымен бе­зендірілген. Мұндай ес­керткішті Бе­кет төрт жер­де жа­саған. Оның бірі Маңғыс­та­удан қашық емес, Оғылан­ды­да, екіншісі Бей­не­уде, үшіншісі Жем бойын­да, төртіншісі Арал жағасын­дағы Ба­ялы­да», — дейді. Бе­кет ата бұл мешіт-мед­ре­селер­де құдайға құлшы­лық ет­кен, ба­ла оқытқан. Оғылан­ды­дағы ғима­рат жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыс­тау ойысы­на тірел­ген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысы­на қашалған. Үш-төрт қанат көлеміндей үш бөлме. Бе­кет ата мүрдесі осы бөлме­лердің бірінің іргесіне қашап ор­на­лас­ты­рылған. Же­рас­ты ғима­раты маңын­да Бе­кет ата пай­да­ланған бұлақтар, құдықтар бар.

Ел жа­дын­да қалған әңгіме­лер­де Жем бойын­дағы Ақмешітте Бе­кет ата ба­ла кезін, ал өмірінің соңғы жыл­да­рының көбін Оғылан­ды­да өткізген.

Бе­кет ата сал­дыртқан мешіттер күні бүгінге дейін бірша­ма тәуір сақталған. Әсіре­се, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыс­тау жақ ойысын­дағы Оғылан­ды мешіті үш бөлме етіп ойылған қал­пы әлі тұр. Бе­кеттің не­мересі Мұрын­ның мүрдесі де осын­да.

Күні бүгінге дейін халқы әулие тұта­тын Бе­кет ата­ның қадыр-қаси­еті, қиял­дай ғажап ерлік істері мен ақыл-па­раса­ты ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өне­ге бо­ла бер­мек.