Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Білге қаған (шамамен 681 – 734 жж.)

Білге қаған (шамамен 681 – 734 жж.)

Білге – Күлтегіннің ағасы. Күлтегін Қапаған қаған қоз­дырған тай­па­лас­тар ара­сын­дағы соғыс­ты тоқта­ту үшін 716 ж. әске­ри төңкеріс жа­сап, қаған­дыққа ағасы Білгені қой­ды. Ал Білге Күлтегінді әскер­ба­сы, ақылгөй, әрі қайын ата­сы То­ныкөкті мем­ле­кеттік кеңесші етіп тағайын­да­ды. Осы­лай билік ба­сын­да Тан им­пе­ри­ясы­ның са­яси үстемдігіне қар­сы үштік отыр­ды. «Олар Ақыл­дың, Адал­дықтың, Қай­рат­тың өза­ра тіл та­бысып, елін-жерін көгерт­кен ұлы үштік ретінде та­рих­та қал­ды. Ал Білге қаған­ның тұсын­да тек қана бейбіт дәурен ор­на­ды». Бірақ ол құт-бе­реке өздігінен оп-оңай кел­меп еді. «Жа­лаңаш ха­лықты тоңды, аз ха­лықты көп қылу» құны не­ге түскені Күлтегін үлкен жа­зу­ын­да бы­лай ба­ян­далған: «Әкеміз, ағамыз құраған ха­лықтың атақ-даңқы жоқ бол­ма­сын деп, түркі халқы үшін түн ұйықта­мадым, күндіз отыр­ма­дым. Інім Күлтегінмен, екі уәзіріммен өліп-тіріліп құра­дым… Мен өзім қаған болған­да жер-жер­ге та­рап кет­кен ха­лық өліп-жітіп, жа­яу-жа­лаңаш қай­та келді. Ең бірінші бо­лып те­лес тай­па­сы орал­ды. Түргеш­тер, қырғыз­дар бөрілі бай­рақ ас­ты­на жи­нала бас­та­ды. Бұлар­дың бірқата­рын ай­ла-ақыл­мен, бірқата­рын әске­ри күшпен қира­туға ту­ра келді. Терістікте оғыз халқына қар­сы, ілгері қидан, та­табы ха­лықта­рына қар­сы, бер­бері табғашқа қар­сы үлкен әскер­мен он екі рет соғыс­тым», — Дейді Білге қаған (Күлтегін үлкен жа­зуы).

Түркі қағана­ты күшей­генін мүлде қала­май­тын «Ұлы Ас­пан» им­пе­ри­ясы Білгенің бейбіт келіссөзге ке­лу жөніндегі ұсы­нысын ұнат­па­ды. Қытай соғысқа дайын­да­лып жат­ты. Бірақ бұл жос­пар іске асы­рыл­ма­ды. Өй­ткені оларға 714 жы­лы ти­беттіктер ша­бу­ыл жа­сады. Түркілер ты­ныс тап­ты. Әй­тсе де, им­пе­ри­ялықтар ұсақ тай­па­лар­ды ай­дап са­лып, аран­да­тып отыр­ды. Білге қаған өздерін үнемі са­тып кетіп, қауіп төндіре бер­ген ұйғыр­ларға қар­сы жо­рыққа ат­танды. Сөйтіп, олар­ды бағын­дырды. Одан соң Білге қаған та­таб­тардың ат­та­рын тар­тып алып, ой­сы­рата жеңіліске ұшы­рат­ты. Осы­дан кейін түркі әскері жұмылған күшке ай­нал­ды. Осы кез­де Яш­тар түмен қарлұқтар­ды талқан­да­ды. Солтүстік Жоңғария түркілердің қол ас­ты­на кірді. 717 жыл­дың аяғын­да қала қағанатқа бағын­ды.

Енді қағанат­тың ал­дында не істеу ке­рек де­ген са­уал ту­ды. Сол кез­де Білге қаған, То­ныкөк, Күлтегін сан­сыз көп ұрыс­тардан кейін түркі халқы өзді-өзіне ке­лу үшін бейбіт өмірді қал­пы­на келтіру ке­рек деп шешті. «Уақыт ұтқыла­ры келіп тұр», — деп, Қытай Білге қаған­ның бейбітшілік жайын­дағы ұсы­нысын қабыл­да­май тас­та­ды. Түркілердің сол уақыт­тағы стра­теги­ялық мұра­ты қорғаныс бол­ды да, ол са­ясат пен иде­оло­гия ас­та­рын­да өзін Қытайға қар­сы қоюшы­лық жатқан еді. «Ұлы үштіктің» арқасын­да түркілер 722 ж. қытай­лар­ды талқан­да­ды.

Білге қаған түбінде Қытай­мен бейбіт қаты­нас ор­натты. Бірақ қытай­лықтар мұны он­ша құпта­мады. Сөй­те тұра мәміле­ге ке­луге мәжбүр бол­ды. Осы­лай­ша Білге халқын 722–741 жыл­дар ара­сын­да 20 жыл бейбіт өмірмен қам­та­масыз етті. Екі ел ара­сын­дағы бұл ты­ныш­тық Білгенің алғыр са­яса­ты арқасын­да ор­на­ды.

722 ж. кез­де­суде Сю­ан­цун үлкен қоша­мет көрсет­кен Қытай­дың бұрынғы елшісі, түркіден шыққан сатқын 734 ж. қытай жағының өтінішімен Білге қағанға у беріп өлтірді.

Білге өлер ал­дында оны дарға асып, тұқымы­мен құртып жібе­руге бұй­рық бе­реді. Ал Қытай им­пе­рато­ры өзіне сезік түсірмес үшін қаған­ды жер­леу рәсіміне елші жібе­реді. Түркі тағына Білге қаған­ның ұлы Иол­лығтегін отыр­ды.