Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Бөгенбай батыр(1690-1775 ж.ж.)

Бөгенбай батыр(1690-1775 ж.ж.)

Бөгенбай батыр(1690-1775 ж.ж.)

Бөгем­бай Ақшаұлы, Қан­жығалы Бөгем­бай, кейбір де­рек­терге Бөген­бай, 1690ж. Қара­тау бөктеріндегі Бөген өзенінің бойы-1775 ж., кейбір де­рек­терде 1776, 1778ж. ж. Ақмо­ла об­лы­сы Ерей­мен­тау ауда­нын­да Қор­жынкөл көлінің маңын­да өмір сүрген.

Қазақ халқының жоңғар шапқын­шы­лығына қар­сы азат­тық күресі та­рихын­да ерек­ше рөл атқарған ба­тыр, қол­басшы. 18 ғ-дағы қазақ ба­тыр­ла­рының жа­сы үлкен ақсақалы, сон­дықтан оны ха­лық аңыз­да­рын­да ар­дақтап «Қан­жығалы қарт Бөгем­бай» деп атап кет­кен. Қара­бал­та түбінде қырғыз­дармен болған шайқас­та Бөген­бай ба­тыр 77 жас­та болған де­седі. Арғын­ның қан­жығалы ру­ынан Ба­тыр­лар әулетінен шыққан. Ата­сы Әлдеуін ба­тыр Есім хан әскерінің қол­басшы­сы, әкесі Ақша ба­тыр Тәуке хан­ның 80 мың қолын басқарған сар­дар болған. Бөген­бай ба­тыр 1708 ж. (кейбір де­рек­терде 1709 ж.) Әз Тәукенің бұй­рығымен 30 мың жа­сақты бас­тап, қазақ елінің бе­рекесін ала бас­таған қазақ-орыс­тарды түре қуып, Еділден әрі асы­рып тас­тағаны ту­ралы де­рек­тер бар. Осы ұрыс­та Бөген­бай алғаш рет ерлігімен көзге түсті. Бөген­бай жоңғар­ларға қар­сы 100-ден ас­там шайқасқа қатысқан. «Қазақтың қамал-қорғаны» (Бұқар жы­рау) баһадүр Бөген­бай қазақ халқының Абы­лай бас­таған ұзақ жыл­дарғы ұлт бірлігі үшін күресінің ұйтқысы бол­ды. 1710 ж. Қарақұмда өткен үш жүз қазақта­рының құрыл­тайын­да бүкілқазақтық жа­сақ құрып, жоңғар шапқын­шы­лығына той­та­рыс бе­ру жос­па­ры талқылан­ды, бұл жи­ын­да көшіп кетіп жан сақта­уды ұсынған­дар да бо­лады, бірақ «сол кез­дегі ерлігімен әйгілі болған ру­басы Бөген­бай мұндай әре­кет­тердің бәрін тый­ды». Осы құрыл­тай­да Бөген­бай ба­тыр үш жүздің бас сар­да­ры бо­лып сай­лан­ды. 1726 ж. Бөген­бай бас­таған қазақ қолы Бұлан­ты өзенінің бойын­да қал­мақтарға қар­сы күй­ре­те соққы берді. 1772 ж. Көктем­де Қожа­бер­ген басқарған қазақ-та­тар жа­сағымен тізе қосып, Бөген­бай бас­таған қазақ-ноғай-қарақал­пақтың біріккен әскері Ни­яз, Аюлы та­ула­рының етегінде жоңғар­лармен болған шайқас­та жеңіске жетті. «Аңырақай шайқасын­да» Ор­та жүз қолын басқарған Бөген­бай ба­тыр Қара­керей Қабан­бай, Шақшақ Жәнібек, Ке­рей Жәнібек т. б тізе қоса оты­рып, қазақ елінің тұтас­тығын сақтап қала­уда ерек­ше ерлік көрсетті. Бөген­бай Жайық, Жем, Ойыл өзен­дері бойы мен Ерей­мен­тау, Қарқара­лы, Аягөз, Түркістан, Шу бойы, Жетісу өңірі, Қырғыз жер­деріндегі, т. б. шайқас­тарда қол бас­таған. 1756–58 ж. Бірінші рет Шығыс Түркістан­даға кел­ген қытай әскерімен болған әйгілі Талқы соғысын­да қытай әскеріне қат­ты соққы беріп, олар­ды Үрімжіден асы­ра қуды. Бөген­бай жа­сы ұлғайған шағын­да ауырып қай­тыс болған. Мәйітін Түркістан­дағы Қожа Ах­мет Иаса­уи мешітіне жер­леу үшін ба­тыр­дың де­несін та­за ару­лап, былғарыға орап, қыс бойы сөре­ге қойып сақтаған. 1776 ж. Көктем­де ба­ласы Тұра­налы мен қан­жығалы Ай­тбай Ат­келтірұлы басқарған елдің игі жақсы­лары ба­тыр­дың сүйегін нарға теңдеп, Түркістанға жеткізіп, Қожа Ах­мет Иаса­уи мешітіне жер­ленген. Бөген­бай ба­тыр­дың де­несі сөре­ге қойылған жер бүгінге дейін Ерей­мен өңірінде «Бөгем­бай сөресі» деп атал­ды. Бөген­бай ба­тыр­дың ерлігін Қожа­бер­ген жы­рау «Елім ай» ат­ты та­рихи дас­танды жыр­лап, «Ер Бөген­бай» ата­латын қис­са ар­налған. Бұқар, Үмбе­тей, Ке­рей Жанкісі, Сегіз сері Шақшақұлы Бөген­бай ту­ралы дас­тандар шығарған. Бөген­бай ба­тыр ту­ралы дас­тандар шығарған. Бөген­бай ба­тыр­дың ба­ласы Тұра­налы, не­мересі Ба­пан би, оның ба­ласы Сәбден (Саққұлақ би) де өз за­ман­да­рын­да атақты адам­дар болған. 1991 ж. Ас­та­на-Пав­ло­дар, Ерей­мен­тау- Пав­ло­дар тоғысқан жол то­рабын­да Бөген­бай ба­тырға ар­нап ес­керткіш ор­на­тыл­ды.