Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Бұқар жырау Қалқаманұлы

Бұқар жырау Қалқаманұлы

Бұқар жырау Қалқаманұлы

Бұқар жы­рау Қалқаманұлы (1693–1787) – әйгілі жы­рау, Абы­лай хан­ның ақыл­шы-биі, абыз. Жұрт оны «Көме­кей әулие» деп атаған. Сөй­ле­ген­де үнемі қара сөзбен емес, көме­кейі бүлкілдеп, түй­дек-түй­дек жыр­мен сөй­лейтін болған. Көбіне-көп Абы­лай хан­ның өтінішімен, «сәуе ай­тшы» де­ген тілегімен түсінде көрген істерін бол­жап ай­та­ды екен, бұла­ры дәлме-дәл келіп отырған. Жы­рау қазақ халқының жоңғар басқын­шы­лығы тұсын­да, елдің бо­лашағы қыл үстінде тұрған кез­де өмір сүріп, сол ал­мағайып за­ман­дағы күрделі мәсе­лелер­ге өз жыр­ла­рымен жа­уап бе­ре білген. Осын­дай ауыр сәттер­де Абы­лай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқын­шы жауға қар­сы күрес­те біріктіру­ге, бір ту­дың ас­ты­на топ­тасты­руға күш салған. Өзінің са­яси-әле­уметтік мәнді жыр-толғаула­рымен сол жа­лын­ды күрестің жыр­шы­сына ай­налған. Осы мақсат­та ол Абы­лай хан­ды бірден-бір қажетті бас­шы са­нап, оған ха­лық бірлігін сақтап ка­латын көсем тұрғысын­да үлкен сенім артқан. Абы­лай хан да сол биік та­лап­тан та­былып, елдің бірлігі мен жарқын бо­лашағы үшін жан аямай қыз­мет ет­кен. Жы­рау сол азат­тық жо­лын­да өлімге бас бай­лап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсет­кен хан мен оның ба­тыр­ла­рын жырға қосып, олар­дың өшпес әде­би бей­не­лерін жа­саған. Әсіре­се, Абы­лай хан­ның көре­гендігі мен да­налығын, ауыр ке­зең, қиын сәттер­де ел ұйытқысы бо­ла білгенін асқақ жыр­лаған. Оның «Абы­лай хан­ның қасын­да», «Ал, тілімді ал­ма­саң», «Ай, Абы­лай, Абы­лай», «Қазақтың ха­ны Абы­лай», «Ханға жа­уап ай­тпа­сам», «Ба­сыңа біткен күніңіз», «Ай, Абы­лай, сен он бір жа­сыңда», «Ал, ай­та­мын, ай­та­мын» ат­ты толғаула­рын­да хан­ның сол кез­дегі ұстанған са­яса­ты мен көре­гендігі, алғыр­лығы мен білгірлігі си­пат­талған. Ал «Са­дыр, қай­да ба­расың?», «Бұқаре­кең біз келдік, Ақан, Төбет бай­ларға» де­ген жыр­ла­рын­да ол ел бо­лашағы, та­тулық мәсе­лелерін сөз ет­кен. «Он екі ай­да жаз ке­лер», «Абы­лай хан­ның қасын­да», «Ханға жа­уап ай­тпа­сам» ат­ты толғаула­ры ха­лық бо­лашағы мен бейбітшілікті сақтау, отар­ла­уды көзде­ген ел­ден жы­раққа, Жи­делі бай­сынға көшу мәсе­лесін қозғаған. Бұл жыр­лардың үгіт-на­сихат­тық, ди­дак­ти­калық си­паты ба­сым. Бұқар жы­ра­удың толғаула­ры, шын мәнінде Абы­лай дәуірінің ай­на­сы.

Бұхар өмір сүрген дәуірдің ұлы оқиғасы- жоңғар қал­мақта­рының өктемдігі, олар­дың қазақ жерін ба­са көктеп енуін білеміз. Қал­маққа қар­сы ұрыс бас­талған шақтан аяғына дейін бар ауыт­па­лықты Бұхар елімен бірге кеш­кен. Ол әсіре­се, өзі туған өлкесін азат ету күресіне тіке­лей ара­ласып, қол­басшы­лары­мен бірге, ақыл­шы, үгітші бо­лып бел­сендік көрсет­кен. Абы­лай Бұхар­мен осы тұста қат­ты са­насқан. Қал­мақ қолы­на қар­сы тұрған қазақ қолын Абы­лай хан басқарып, оны Ай­да­бол­дан Ата­лық ба­тыр мен Сүйіндік елінен шыққан Ол­жа­бай (1696–1792 ж) ба­тыр­лар қол­даған. Қал­мақтар арылған­нан кейін Абы­лай көрші Қырғыз, Таш­кент­тегілер­мен ерегісіп, оларға қыр көрсет­кен. Ол­жа­бай Абы­лай­дың бұл са­яса­тына қар­сы бол­ды. Бұхар жы­рау Ол­жа­бай­ды қол­дай­ды. Осы тұста ха­лық аңыз­да­рын­да Ол­жа­бай келіссөз жүргізіп қырғыз­ды соғыс­сыз бітіреді-міс. Ауыз бірлігі мол кезінде Абы­лай қолы қал­мақтың Қал­ден Се­рен хон­тай­шы­сын Қарқара­лы, Ба­янауыл жер­лерінен ығыс­ты­рып, көп ол­жа­лы бо­лады. Бұхар Бөген­бай­дың өлімін хан Абы­лайға естіртуші жы­ра­удың бірі. Ол ба­тыр­дың та­рихи рөліне та­нып, оған де­ген ха­лықтың қайғысын хан қайғысы­на ұштас­ты­ра жыр­лаған. Қазақтың даңқты ба­тыр­ла­ры қата­рына алып, оны да­ралай да білген:

Қазақтың ха­ны Абы­лай,
Абы­лай ха­ным бұл қалай?
Ақиықты ас­панға
Ұштас­пай қып тор­ла­ды.
Құлағанға ұқсай­ды,
Қазақтың қамал қорғаны.
Қайғыра­мыз хан­за­дам,
Ай­тпа­сыма бол­ма­ды-
Ба­тырың өтті Бөген­бай!

Ұлты­ның та­маша ру­хани адам­гершілік қаси­ет­терін бойына да­рытқан көкірегі даңғыл, ал­мас тілді, ду­алы ауыз ке­меңгерді Абы­лай хан да қасы­нан бір елі қал­дырмаған. Ақыл-ойға ке­мел «Көме­кей әулие» Абы­лай хан­ның дұрыс шешім, па­расат­ты пайым қабыл­да­уына, қос бүйірдегі Қытай мен Ре­сей аты қос алып мем­ле­кеттің ара­сын­да оңтай­лы са­ясат ұста­уына, әске­ри дип­ло­мати­ялық қарым-қаты­нас­тарды рет­те­уге ба­рын­ша ықпал жа­саған. За­ман кел­беті, Отан тағды­ры, бол­мыс шын­дығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қол­басшы, бірту­ар баһадүр, үздік мәміле­гер, зер­делі мем­ле­кет бас­шы­сы Абы­лай хан­ның жор­ту­ыл-жо­рық күндеріндегі іс-қимыл­да­ры, ұлты­ның ұлы мұрат­тар жо­лын­дағы ізгі, жа­лын­ды күресі жы­рау мұра­ларын­да шы­найы шын­шылдықпен су­рет­телген. Әсіре­се, оның толғаула­рын­да Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның отар­ла­ушы­лық, басқын­шы­лық са­яса­ты, зұлым­дық әре­кет­тері әшке­релен­ген. Мы­салы, «Қилы за­ман» толғауын­дағы мы­на бір жай­лар «Күнба­тыс­тан бір дұшпан, Ақырын­да шығар сол тұстан. Өзі са­ры, көзі көк, Дінда­рының аты боп Күншығысқа қарай­ды. Ша­шын ал­май, та­рай­ды, Қүдай­ды білмес, діні жоқ, Жа­ман­дықта міні жок, Зат­сыз, тексіз бір кәпір, Аузы-ба­сы жүн кәпір, Жемқор­ларға жем беріп, Аз­ды көпке теңгеріп, Ел қамын айтқан жақсы­ны, Сөй­лет­пей ұрар ұрты­на. Ба­уыз­да­май ішер қаныңды, Өлтірмей алар жа­ныңды, Қағазға жа­зар ма­лыңды. Есен алар пұлыңмен, Сол­дат алар ұлыңнан, Күндердің күні, Абы­лай, Жа­яулап ке­лер жұртыңа, Жағалы шек­пен кигізіп, Бал­ды май жағар мұртыңа, Есе ти­мес өзіңе, Есіктегі құлыңнан», та­бан­дап жыл­жып ке­ле жатқан қай­шы­лығы мол за­ман­ды елес­те­теді. Қазақ қоғамы­ның сәнінен, мәнінен ай­ры­латы­нын, дінінің, тілінің, жерінің то­заты­нын, қабілетсіздер сұңғыла­лар­ды илеп би­лейтінін, дәрменсіздік жа­лай­ты­нын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін ба­ян­даған.

Бұхар Абы­лай хан­ды да, Бөген­бай ба­тыр­ды да өз ор­та­сын­да, басқа ба­тыр­лармен бірге су­рет­тейді. Олар бірінен бірі асып түсіп оты­ратын қай­тпас ер­лер. Со­лар­дың ішінде Бөген­бай­дың тұлғасы өзге­ше.

Бұхар­дың бұл сөздері қазақ хан­дығының сыртқы са­яса­ты ту­ралы ай­тылған ақыл­дар. Мұның өзі- жы­ра­удың кезінде ел ара­сын­дағы са­ясатқа тіке­лей ара­ласып отырғаны­ның куәсі.

Бұхар өлеңдері- өзінің стилі жағынан ауыз әде­би­етімен және өзінен бұрын жа­саған Асан, Қаз­туған, Шал­гез жы­ра­улар толғаулар­мен са­бақтас, ақыл, нақыл, ғиб­рат, өси­ет ретіндегі толғаулар.

1992 жы­лы Қазақстан Ғылым ака­деми­ясы әде­би­ет және өнер инс­ти­туты жы­ра­удың тұңғыш жи­нағын шығар­ды. Оны құрас­ты­рушы М. Жармұха­медұлы.

Бұқар жы­рау по­эзиясы­ның негізгі ерек­шеліктерін, ішкі ағыс-толқын­да­рын, күйлі-қуат­ты толғам­да­рын білімпаз­дықпен са­ралаған М. Әуезов: «Жы­рау… за­ман сын­шы­сы, сөй­ле­се шешілме­ген жұмбақ, түйіні ша­тасқан сөздерді ғана сөй­лейді. Өзі тұрған за­ман­ның белгілеріне қарап, ке­лешек за­ман не ай­та­тынын бол­жай­ды. Сөзінің бәрі те­рең ой, те­рең мағына­мен сөй­лейді. Сыртқы түрі құба­жон­датқан толғау, са­лыс­тырған су­рет­термен ұқсатқан но­бай, жағалатқан белгімен ке­леді… Не ай­тса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі ту­ралы: не көпке ар­наған ақыл, өси­ет есебінде ай­ты­лады», — дейді. Жы­ра­удың толғаула­рының сыртқы сым­ба­ты мен ішкі қаси­ет-қуатын­да, көркем ой­лау про­цесінде ши­ыр­шық атқан жа­лын­ды ше­шендіктің буы, асқақ қаһар­мандық рух­тың лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құры­лысы күрделі ой ағымы­на, пікір еркіндігіне, ауызекі сөй­леу стиліне бағына­ды. Тар­мақтар 7–8 бу­ын­ды, ұйқас­та­ры еркін. Тегінде, толғау му­зыка­лық ас­паптар­дың (қобыз яки дом­бы­ра) сүйемел­деуімен оран­да­лады. Толғаула­рының по­эзиялық сәулеті, ерек­ше қаси­еті және оның сөз қол­да­ну ерек­шелігі де өзге­ше «Бұха­рекең сөй­ле­ген уақытын­да сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жет­кен та­мыры ғана, бұл кісінің сөзін түгел жа­замын де­ушіге Нұқтың өмірі, Айып­тың са­быры, Ап­ла­тон­ның ақылы ке­рек» — деп жа­зады жы­ра­удың тұңғыш биб­ли­ог­ра­фы Мәшһүр Жүсіп Көпе­ев. Жы­ра­удың шығар­ма­лары­ның текс­то­логи­ясы әлі күнге рет­ке келтірілме­ген. Ең қажетті таңда­малы сөздер, сөз тіркес­тері, сөй­лем­дер іріктеліп, сұрып­та­лып алын­баған, дұрыс, түзу, мұқият са­лыс­ты­рулар жүргізілме­ген. Бұл бо­лашақтың ісі. Бұқар жы­рау мұра­сын жи­на­уда, жа­ри­ялауда және зерт­те­уде Мәшһүр Жүсіп Көпе­ев, Қ. Ха­лид, Г. По­танин, Ш. Уәли­ханов, М. Әуезов, С. Сей­фул­лин, С. Мұқанов, Қ. Жұма­ли­ев, М. Мағауин, Р. Сыз­дықова секілді ұлт зи­ялы­лары еңбек сіңірген.