Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Домалақ ана (1378-1456 ж.ж)

Домалақ ана (1378-1456 ж.ж)

Домалақ ана (1378-1456 ж.ж)

До­малақ ана (Нұри­ла) Түркістан қала­сын­да 1378–28.05.1456 Қара­тау, Ба­лабөген өзенінің жағасын­да жер­ленген- есімі ел ұра­нына ай­налған абыз ана­лар­дың бірі. Түркістан­дық Мақтым Ағзам қожа­ның не­мересі. Әкесінің есімі -Әли Сы­лан, ана­сының есімі-Нұрби­ке. Нағашы ағасы Уәйіс хан-Моғолс­тан­ның ха­ны болған. До­малақ ана­ның әкесі Әмір Темірдің әскерінде қыз­мет етіп түзде жүреді, ел ана­сы ер­те қай­тыс бо­лып, жетім қала­ды. Сөйтіп Нұри­ла ата­сы Мақтым Ағзам қожа­ның қолын­да тәрби­еле­неді. Кейінірек Бәйдібек бидің шақыру­ымен Мақтым Ағзам­ның от­ба­сы Қара­тау маңына көшіп ба­рып қоныс­та­нады. Мақтым Ағзам жаңа қоны­сын­да мек­теп-мед­ре­се ашып, мешіт сал­ды­рады. Осын­да жүріп бой жет­кен До­малақ ана ата­сы Мақтам Ағзам­ның өси­етімен 19 жа­сын­да (1397ж) Бәйдібек би­ге тұрмысқа шығады. До­малақ ана­ның ел­ге ақыл­ды­лығымен, да­налығымен, та­залығымен аты шыға бас­тағаны осы кез еді. Оның да­налығы, әули­елігі, тапқыр­лығы жайын­дағы әңгіме­лер ел ара­сын­да кең та­раған. Со­ның бірі- «До­малақ ана» ата­уы жөніндегі ел аузын­да ай­ты­латын аңыз. Ел ішіндегі де­рек­терге қараған­да До­малақ анаға «Диһнат ма­ма» де­ген ата­уды түп тегі түрікпен Қара хай­дар де­ген кісі оның да­налығына тәнтті бо­лып қойған екен. «Диһнат ма­ма»-пар­сы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» де­ген мағана бе­реді. «Диһнат ма­ма» сөзі уақыт өте ке­ле тілдің да­му заңды­лығына орай ды­быс­тық өзгерістер­ге ұшы­рап, «До­малақ анаға» ай­налған. До­малақ ана ел ара­сын­дағы да­улы мәсе­лелер­ге ара­ласып, бітімгершілікпен шешімін та­буға өз үлесін қосқан. До­малақ ана­дан ұрпақта­рының бәрі де білімімен, ақыл­ды­лығымен ерек­ше­леніп, ел би­леген. Жа­рықшақ де­ген ұлы әуелі Таш­кент әмірлігінде кеңесші, кейін бүкіл Жетісу өлкесінің ұлыс­бегі болған. Оны До­малақ ана­ның нағашы ата­сы Моғолс­тан­ның ха­ны Уәйіс хан қол­дап отырған. 1429 ж. Уәйіс хан қай­тыс бо­лып, әке тағына ұлы Есен Бұға оты­рады. Сол күннен бас­тап Жа­рықшақ Есенбұға хан­ның бас уәзірі бо­лады. До­малақ ана өмірінің соңғы жыл­да­ры Таш­кент қала­сын­да өтеді. Алай­да ері Бәйдібектің түсінде бер­ген аяны бойын­ша, өздерінің ескі қоны­сы Қара­тауға ба­рып тұруға қам­да­нып, жол ше­геді. Көш Ба­лабөген өзенінің жағасы­на кел­ген кез­де До­малақ ана сол жер­де на­маз оқып тұрып көз жұма­ды. Өзінің тілегі бойын­ша До­малақ ана сол жа­зыққа жер­ле­неді. До­малақ ана­ның не­мересі ұлыс­бегі Ду­лат Бұха­радан Аб­дулла Ше­ри ұста­ны ал­ды­рып, До­малақ ана­ның ба­сына төрт қанат­ты, төбесі күмбез­бен көмкерілген ке­сене там тұрғызы­лады. До­малақ ана­ның бұл күмбез-зи­раты қас­терленіп, елдің ар­найы келіп зи­ярат ететін ор­ны­на ай­налған. Ке­сене 1957,1996жыл­да­ры қай­та жөнде­уден өткен.

До­малақ ана

Шын есімі Нұри­ла – есімі ел ұра­нына ай­налған абыз ана­лар­дың бірі. Түркістан­дық Мақтым Ағзам қожа­ның не­мересі. Ол 1378 ж. Түркістан қала­сын­да өмірге кел­ген. Ата­сы Мақтым Ағзам­ның өси­етімен До­малақ ана он тоғыз жа­сын­да (1397) Бәйдібек би­ге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі де­рек­терге қараған­да, оған «Дих­нат ма­ма» де­ген ата­уды түп тегі түрікпен Қара Хай­дар де­ген кісі қойған. «Дих­нат ма­ма» – пар­сы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» де­ген мағына бе­реді. «Дих­нат ма­ма» сөзі уақыт өте ке­ле ды­быс­тық өзгерістер­ге ұшы­рап, «До­малақ анаға» ай­налған. Одан та­раған ұрпақта­рының бәрі де білімімен, ақылы­мен ерек­ше­леніп, ел би­леген. Жа­рықшақ де­ген ұлы Жетісу өлкесінің ұлыс­бегі болған. 1429 ж. Уәйіс хан қай­тыс бо­лып, әке тағына ұлы Есенбұға оты­рады. Сол күннен бас­тап Жа­рықшақ Есенбұға хан­ның бас уәзірі бо­лады. До­малақ ана өмірінің соңғы жыл­да­ры Таш­кент қала­сын­да өтеді. Алай­да ері Бәйдібектің түсінде бер­ген аяны бойын­ша, өздерінің ескі қоны­сы Қара­тауға ба­рып тұруға қам­да­нып, жол ше­геді. 1456 жыл­дың жи­ыр­ма сегізінші ма­мырын­да көш Ба­лабөген өзенінің жағасы­на жет­кен кез­де До­малақ ана сол жер­де на­маз оқып тұрып көз жұма­ды. Өзінің тілегі бойын­ша До­малақ ана сол жа­зыққа жер­ле­неді.

Ке­сенесі

Не­мересі Ду­лат Бұха­радан Аб­дулла Ше­ри ұста­ны ал­ды­рып, До­малақ ана­ның ба­сына төрт қанат­ты, төбесі күмбез­бен көмкерілген ке­сене там (1456) тұрғыза­ды. До­малақ ана ке­сенесі бірне­ше рет бұзы­лып, қай­та өңдел­ген. 1957 ж. қай­та жаңар­тылған ке­сене де көп уақыт сақтал­маған. 1996 ж. Маңғыс­та­удан ар­найы әкелінген ақ тас­пен жаңадан 12 м биіктікте сегіз жа­пырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез ор­на­тылған. Бұл күмбез-зи­рат елдің ар­найы келіп зи­ярат ететін ор­ны­на ай­налған.