Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Доспанбет жырау

Доспанбет жырау

Дос­панбет жы­рау (1490–1523) — жы­рау, қол­басшы, ба­тыр. Дос­памбет жы­рау қазақ халқының қалып­та­су ке­зеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ор­да­сын­да әске­ри қол­басшы бол­ды. Дешті Қып­шақты көп ара­лаған, Бақша­сарай­да, Стамбұлда болған. Қырым ха­нының жағын­да көпте­ген әске­ри жо­рықтарға қатысқан. Дос­памбет жы­рау тай­па­ара­лық ұрыс­тардың бірінде 1523 жы­лы Аст­ра­хан маңын­да қаза тап­ты. Дос­памбет жы­рау жыр­ла­рынан оның мұрат-мақса­ты, түсінік-талғамы, дүни­еге көзқара­сы анық аңғары­лады. Отан қорғау, ел­ге, жер­ге де­ген сүйіспеншілікті бей­не­лейтін жыр­ла­рын­да қырым, ноғай, қазақ жұрты­ның іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел бо­лып отырған за­ман­ды аңсау са­рыны байқала­ды. Жы­рау ол за­ман­ды қай­тып кел­мес бақыт­ты өмір ретінде толғай­ды. «Ай­на­ла бұлақ ба­сы таң», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, азау де­генің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом су­лар», «Ай­на­лайын, Ақ Жайық» т. б шығар­ма­лары бар. Жы­рау өткен өмірді жыр­лаған­да туған ел, өскен жер­ге де­ген ыс­тық ма­хаб­ба­тын ке­лер ұрпақ бо­лашағымен бай­ла­ныс­ты­ра си­пат­тай­ды. Олар­дың да ер­тең еліне қорған, тірек бо­лу­ын қалай­ды. Дос­памбет жы­рау өз ба­сын өлімге тігіп, сан рет қан­ды шайқас­тарға қатысқан ата қоны­сын үлкен сүйіспеншілікпен толғай­ды. Жы­рау ел қорғау, жо­рық тақыры­бына ар­налған жыр­ла­рын­да елі мен жері үшін өлген ердің ар­ма­ны жоқ деп, отан­шылдық рух­ты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқан­дықты, қонақжай­лы­лықты ата-ба­бадан ке­ле жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Дос­памбет жы­рау шығар­ма­лары қазақ по­эзиясы та­рихын­да өзге­ше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерек­ше­ленеді. Жы­рау ай­тайын де­ген ойының қуатын есе­леп арт­ты­ру үшін қай­та­ла­улар­ды жиі қол­да­нады. Сөйтіп, олар­ды ұтым­ды­лықпен пай­да­ланып, ой­дың әсерлілігі мен, өткірлігін күшей­те түседі. Дос­памбет жы­ра­удың ерлік пен елдікке үндейтін толғаула­ры Бұқар жы­рау, Ма­хам­бет сын­ды өзінен кейінгі ақын­дарға еле­улі әсер ет­кені байқала­ды. Бұл дәстүр то­лыса, ке­мел­де­не ке­ле жаңа си­патқа ие бол­ды. Жы­ра­удың шығар­ма­лары біздің за­маны­мызға то­лық жет­пе­ген. Оның жыр­ла­рының көпшілігі жо­рық үстінде қол­ма-қол ай­тылған. Сон­дықтан ел жа­дын­да сақталған­да­ры ғана бізге жет­кен. Осы азғана жыр­ла­рының өзінен-ақ оның жыр­ды түй­дек-түй­дегімен ағыта­тын да­уыл­паз жы­рау болғаны аңғары­лады. Дос­памбет жы­ра­удың жыр­ла­ры ер­те­рек­те 1893 жы­лы М. Ос­ма­нов­тың «Ноғай уа құмық шығыр­ла­ры» ат­ты жи­нағына ен­ген. Кейін 1896 жы­лы

В. Рад­ловтың «Ха­лық әде­би­етінің үлгілері» де­ген жи­нағына ба­сыл­ды. Оның жыр­ла­ры «Ер­те­дегі әде­би­ет нұсқала­ры», «Ал­даспан», «XV-XVI­II ғасыр­лардағы қазақ по­эзиясы», «Бес ғасыр жыр­лай­ды», т. б. сан алу­ан хрес­то­матия, жи­нақтар­да үздіксіз жа­ри­яла­нып келді.