Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Ерәлы (1791-1794 ж.ж)

Ерәлы (1791-1794 ж.ж)

Ера­лы, Ермұха­медәлі -Кіші жүз ха­ны Әбілқайыр хан­ның ба­ласы. Ерәлі жас­тайынан әкесімен бірге хан кеңес­теріне қаты­сып, әкімшілік, істер­ге ер­те ара­ласа­ды. 1733 жы­лы қаңтар айын­да Әбілқайыр хан­ның Ре­сей им­пе­ри­ясы­на жібер­ген елшілігін басқарған.

Елшілікті Ре­сей пат­шайымы Ан­на Иоан­новна сал­та­нат­ты түрде қабыл­да­нады. Ерәлі әкесі Әбілқайыр хан­ның ерік-қала­уын білдіре оты­рып, Ре­сей пат­ша­сынан Кіші жүз қазақта­рын қол­да­уды өтінеді. Ерәлі Әбілқайыр­дың ама­наты­ретінде ағасы Ни­язсұлтан­мен бірге Санкт-Пе­тер­бург­те қала­ды. Олар бірте-бірте Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның отар­лау са­яса­тының шын сы­рын ұғады. Ел­ге қай­туға асығып, Ерәлі әкесінен ама­наттқа басқа бір ба­ласын жібе­руді өтінеді. Ерәлі 1738 жы­лы ке­рей, уақ, та­рақты ру­лары­нан қару­лы күш жа­сақтап, Сыр­дың арғы бетінде, Қызылқұм жағына билік жүргізіп жатқан хи­уалықтарға ша­бу­ыл жа­сай­ды. Оар­ды қарақал­пақтар қоны­сына дейін ығыс­ты­рады.1740 жы­лы Ерәліні Сыр бойының жұрты хан көте­реді. Орын­бор ге­нерал-гу­бер­на­торы А. А. Пе­ут­линг Ерәліні 1790жы­лы қай­тыс болған Нұра­лының ор­ны­на Кіші жүз ха­ны етіп сай­ла­уды ұйғара­ды.1791 жы­лы 4 қыркүйек­те Ор қала­сы түбінде зеңбірек­терден са­ют беріп, Ерәлі Кіші жүз ха­ны бо­лып сай­лан­ды. Хан бо­лып сай­ланған кейін де ол өз ор­да­сын Сыр бойынан көшірме­ген.