Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Есет Көкіұлы

Есет Көкіұлы

Көкіұлы Есет (1667–1749) — қазақ халқының жоңғар басқын­шы­лары­на қар­сы күрес­те есімі ел­ге та­нылған әйгілі ба­тыр­ла­рының бірі. Шыққан тегі Кіші жүздің Жетіруы ішіндегі та­ма ру­ының, ата­шал тар­мағынан. Әбілқайыр хан Рос­сияға қосы­лу мәсе­лесін көтер­генде со­ның қасын­да бо­лып, Кіші жүз бен Ор­та жүздің орыс пат­ша­сының қолас­ты­на өтуіне бел­сенді ат­са­лысқан атақты Кіші жүз Бөкен­бай ба­тыр­дың күйеу ба­ласы.

Есеттің әкесі Ба­зарқұлұлы Көкі де за­манын­да аты шыққан ба­тыр болған. Жауға үнемі тай­сал­май ту­ра ша­батын­дықтан «Тай­мас ба­тыр» де­ген ат алған. Та­рих­шы­лар Салқам Жәңгір хан жоңғар­дың Ба­тыры қоңтай­шы­сының 50 мыңдық әскеріне 600 жа­уын­гермен қар­сы тұрып, шайқасып жатқан­да 20 мың әскер­мен көмек­ке ке­летін Жа­лаңтөс баһадүрдің әскерінің ішінде осы Көкі ба­тыр­дың да болған­дығын, сон­да оның шеп бұзып, үлкен ерлік көрсет­кенін жа­зады.

Жа­уын­герлік за­ман­да ту­ып, күрес­пен есейіп, ер жет­кен тұрғылас­та­ры сияқты Есет те ел қорғау жо­рығына ер­те ара­ласа­ды. Же­ке ерлігімен көзге түсіп, ба­тыр ата­нады. Тәуке хан­ның тұсын­дағы жеңісті шайқас­тарда Есет ба­тыр Кіші жүз қолын бас­тай­ды. Осын­дай шайқас­тардың бірінде най­за­герлігімен көзге түсіп, ерен ерлік көрсет­кен Есет­ке ри­за болған Тәуке хан кейін шақырып алып: «Ай­ба­тың аса түссін, най­заң мұқал­ма­сын, ел на­мысы тұздығың бол­сын» деп ба­та беріпті де­ген әңгіме де бар.

Есет ба­тыр әйгілі «Ақта­бан шұбы­рын­ды­дан» кейін ел бо­лып бірігіп, жоңғар­ларға алғашқы ала­пат соққы бер­ген Бұлан­ты шайқасы­на қаты­сып, езілген елдің еңсесін көтерт­кен Ұлы жеңіске өз үлесін қоса­ды. Ал та­рихи бетбұрыс жа­саған Аңырақай соғысын­да ол Кіші жүз құра­мының ту­ын көтер­ген атой­шы бо­лады.

Есет ба­тыр­дың кейінгі өмірі Әбілқайыр хан­ның са­яса­тымен тығыз бай­ла­нысып жа­тады. Хан­ның қасын­да бо­лып, ақыл кеңесін бе­реді, хан мен ха­лық ара­сына түскен жа­рықшақты дәне­кер­леп бітірушісі бо­лады. Әсіре­се, орыс пат­ша­сының қол ас­ты­на өтер кез­дегі хан ба­сына үйірілген қауіп бұлтын сейілту­де ол сол кездің та­рихи ірі тұлғала­ры Бөген­бай, Жәнібек ба­тыр­лармен бірле­се оты­рып, оған үлкен көмек көрсе­теді. Рос­си­ямен қарым қаты­нас­ты жақсар­ту­дағы сіңірген еңбегі үшін пат­ша үкіметі оған 1743 жы­лы «тар­хан» атағын берді.

Есет ба­тыр сек­сен екі жа­сын­да өзінің ата­мекенінде, өз ажа­лынан қай­тыс бо­лады.