Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Ескелді би (1692-1780 ж.ж)

Ескелді би (1692-1780 ж.ж)

Ес­келді Жыл­гелдіұлы- би, ше­шен, қол­басшы. Ша­мамен 1695 жы­лы Жетісу өңіріндегі Қара­тал өзенінің бойын­да дүни­еге келіп, 1770 жы­лы дүни­еден озған. Төле бидің Ұлан­би­ке де­ген қызы­нан туған жи­ен не­мересі. Ұлы жүз құамын­дағы жа­лайыр тай­па­сының си­ыр­шы ру­ынан шыққан. Ес­келді би «Ақта­бан шұбы­рын­ды, алқакөл сұла­ма» жыл­да­ры Тұрлым­бет Бе­кенұлы, Жай­нақ, Тәттібай мер­ген, Мал­та­бар, Құлжан сияқты ба­тыр­ларды өз маңына жи­нап, жоңғар шапқын­шы­лығына қар­сы қан­дай шайқас­тарда қаһар­мандық көрсет­кен. Кейін Ес­келді би бас­таған жа­лайыр қолы Аңырақай шайқасы­на, Аягөз, Тас­кескен мен қазіргі Те­келі қала­сынан әрідегі Жол­ба­рыс сайы, Бал­дырған­ды, Қызқұлаған де­ген жер­лерде өткен соғыс­тарға қаты­сып, қазақ жерін жа­удан азат ету­ге еле­улі үлес қосқан. Ес­келді бидің Абы­лай хан­ның сенімді серігі болғаны жайын­да да аңыз­дар сақталған. Со­ның бірі- Ес­келді бидің қал­мақ ха­ны Қал­ден Се­рен­мен келіссөз жүргізу­ге ба­рып, соңын­да қал­мақ ха­ны «су­дың түбін қыз бекітеді» деп, қызын Ес­келді би­ге бер­гендігі ту­ралы аңыз. Бірақ Ес­келді би: «Ата сал­тын са­насыз бұза­ды. Тон жағасыз, ел ағасыз бол­мас» деп, жо­лын Абы­лай ханға бер­ген екен. Ха­лық ара­сын­да «Ес­келді би ай­тты» де­ген ұлағат­ты сөздер кең та­раған.

Ал­ма­ты об­лы­сының Тал­дықорған ауда­ны 1929 жылға дейін «Ес­келді би» аты­мен ата­лып, кейін ол атау алы­нып тас­талған бо­латын. 2000 жы­лы Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің Жар­лығымен бұл атау қал­пы­на келтірілді.

Ес­келді би ту­ралы жа­зушы Ұ. Дос­панбет «Қызыл жол­ба­рыс» ат­ты 2 том­дық та­рихи ро­ман жаз­ды. Со­нымен бірге Бақты­бай Жол­ба­рысұлы мен Са­ра Тас­танбекқызы жыр жол­да­рын жаз­ды.

Ес­келді би Жыл­келдіұлы

Ес­келді би Жыл­келдіұлы (1695–1770) – би, ше­шен, туған жерін жоңғар шапқын­шы­лары­нан азат ету­де аян­бай күрес­кен қол­басшы, Төле бидің Ұлан­би­ке ат­ты қызы­нан туған жи­ен не­мересі. Ал­ма­ты об­лы­сының Іле мен Қара­тал өзені ара­лығын­да туған. Ұлы жүз құра­мын­дағы жа­лайыр тай­па­сының си­ыр­шы ру­ынан шыққан. Ес­келді би «Ақта­бан шұбы­рын­ды, Алқакөл сұла­ма» жыл­да­ры Тұрлы­бет Бе­кенұлы, Жай­нақ, Тәттібай мер­ген, Мал­та­бар, Құлжан сияқты ба­тыр­ларды өз маңына жи­нап, жоңғар шапқын­шы­лығына қар­сы қан­ды шайқас­тарда қаһар­мандық көрсетті. Кейін Ес­келді би бас­таған жа­лайыр қолы Аңырақай шайқасы­на, Аягөз, Тас­кескен мен қазіргі Те­келі қала­сынан әрідегі Жол­ба­рыс сайы, Бал­дырған­ды, Қызқұлаған де­ген жер­лерде өткен шайқас­тарға қаты­сып, қазақ жерін жа­удан азат ету­ге еле­улі үлес қос­ты. Ес­келді бидің Абы­лай хан­ның сенімді серігі болғаны жайын­да да аңыз­дар сақталған. Со­ның бірі Ес­келді бидің қал­мақ ха­ны Қал­дан Се­рен­мен келіссөз жүргізу­ге ба­рып, соңын­да «су­дың түбін шым бекітеді, да­удың түбін қыз бекітеді» деп, қал­мақ ха­ны қызын Ес­келді би­ге бер­гендігі ту­ралы аңыз. Бірақ Ес­келді би «Ата салт­ты са­насыз бұза­ды. Тон жағасыз, ел ағасыз бол­мас» деп, жо­лын Абы­лай ханға бер­ген екен. Ха­лық ара­сын­да «Ес­келді би ай­тты» де­ген ұлағат­ты сөздер кең та­ралып, ол жөнінде Бақты­бай Жол­ба­рысұлы, Са­ра Тас­танбекқызы, т. б. жыр жол­да­рын ар­на­ды. Ал­ма­ты об­лы­сының Тал­дықорған ауда­ны 1929 жылға дейін «Ес­келді би» ауда­ны ата­лып, 2000 жы­лы Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің Жар­лығымен бұл атау қал­пы­на келтірілді. Ес­келді би ту­ралы жа­зушы Ұ. Дос­панбе­ти «Қызыл жол­ба­рыс» ат­ты 2 том­дық та­рихи ро­ман жаз­ды.