Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Шығай хан — (1580—1582 жж.) билік құрған

Шығай хан — (1580—1582 жж.) билік құрған

Хақна­зар хан қаза болған соң оның ор­ны­на Жәдік сұлтан­ның ба­ласы, Жәнібек хан­ның не­мересі Шығай 1580–1582 жыл­да­ры хан бол­ды. Ол бұл кез­де сек­сен жас­та болғаны­мен, қазақтар­дың ішінде бе­делді хан бол­ды. Оның өміріне қатыс­ты мәлімет­тер та­рих­та аз сақталған. Шығай хан қазақ хан­дығының сыртқы са­яса­тын­дағы Хақна­зар хан ұстаған бағыт­ты жалғас­тырды. Ол Шай­ба­ни мұра­гер­лерінің ара­сын­дағы қақтығыс­тарды қазақ мем­ле­кетін нығай­ту мақса­тын­да ұтым­ды пай­да­лан­ды.

1582 жы­лы Бұха­ра ха­ны Аб­долла, қазақ ха­ны Шығай және оның ба­ласы Тәуекел сұлтан­мен күш біріктіріп, Таш­кент би­ле­ушісі Ба­ба сұлтанға қар­сы Ұлы­тау жо­рығын ұйым­дастыр­ды. Ба­ба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қып­шақ да­ласы­на қаш­ты, өзбек, қазақ әскер­лері Ба­ба сұлтан­ды Са­рысуға, Ұлы­тауға дейін қуды. Шығай хан сол жо­рықта қай­тыс бол­ды. Түркістанға қай­тып ке­ле жатқан Ба­ба сұлтан­ды Тәуекел сұлтан өлтіріп, ба­сын Аб­доллаға әке­леді. Қас жа­уын жойғанға ри­за болған Аб­долла хан Тәуекел­ге Са­марқан өлкесіндегі Аф­ри­кент уәла­ятын тар­ту етті. 1582 жы­лы Шығай хан қай­тыс болған­нан кейін таққа оның ұлы Тәуекел (1582–1598 жж.) отыр­ды.