Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қабан (Қабылиса) жырау Асанұлы

Қабан (Қабылиса) жырау Асанұлы

Қабан (Қабы­лиса) жы­рау Асанұлы (1733–1824) — XVI­II ғасыр­да ұлы жүз ішіндегі Жа­лайыр­дан шыққан аса көрнекті қай­рат­кер. Өр мінезімен, өжет ба­тыр­лығымен, от ауыз­ды, орақ тілді сөзімен көзінің тірісінде-ақ Қабан ақын атанған. Ол ел бас­шы­лары Ес­келді, Бал­пық би­лер­мен қатар «әулие» де­ген атқа ие болған. Өй­ткені әр жер­де ша­шырап, көшіп-қонып жүрген жа­лайыр­лардың ба­сын қосып біріктіру­де, тұтас бір ел етіп топ­тасты­руда оның еңбегі, қажыр-қай­ра­ты үш ғасыр бойы аңыз-әңгіме­ге ай­налған. Ел үшін, жер үшін қанын төгу­ге, жа­нын қиюға әзір екенін мы­на бір көріністен-ақ байқауға бо­лады.

Ақын­ның шөбе­ресі Мәри­ма Рақметқызы­ның ай­ту­ына қараған­да, қазақ-қал­мақ соғысы кезінде Жа­лайыр­дың бір ба­тыры жек­пе-жектің шар­тын сақта­май, қар­сы­ласын қас пен көздің ара­сын­да шан­шып өлтіреді. Мұның ар­ты дау-да­майға ай­на­лып, қалып­тасқан салт-дәстүрді бұзғаны үшін әлгі жас ба­тыр­ды қал­мақ жағы бай­лап бе­руді та­лап етеді. Ел ағала­ры бұл та­лапқа мойынсұнып тұрған­да, Қабан ақын алға шығып: «Бұл ба­тыр ел қорғаны бо­ла ала­тын аза­мат екен, жо­лына жан пи­да — мені бай­лап беріңдер!» дейді де, өз еркімен жау қолы­на ама­натқа ке­те ба­рады (жур­на­лист Ораз Ис­майылұлы­ның жаз­ба­сынан).

Фи­лоло­гия ғылым­да­рының док­то­ры М. Жол­дасбе­ков Қабан ақын­ның ал­дағыны бол­жай­тын әули­елігін бей­не­лейтін мы­надай аңыз келтіреді: «Бірде Жетісу өлкесінен шыққан атақты ба­тыр­лар Өте­ген, Райым­бек, Қараш және Қабан төртеуі бас қосып оты­рады. Райым­бек пен Өте­ген құрдас, Қараш­тың жа­сы олар­дан сәл кішілеу, бәрінен үлкені Қабан екен. Райым­бек сөз бас­тай­ды:

- Өте­ген, „ел ара­лаған — сын­шы“ де­ген, жер-дүни­ені шар­лап келдің, жа­сымыз бол­са тақады, ба­тыр атағың бар, көпті көрдің, өле қал­сақ жағдайымыз қан­дай бо­лады, қай­сы­сымыз қай жер­де қала­мыз, ай­та ала­сың ба? — дейді. Өте­ген:

- „Аға тұрып сөй­ле­ген ініден без“ де­ген, бұл дүни­енің жа­рығын бізден бұрын көрген ал­ды­мыз­да Қабан ағамыз отыр, сол кісі ай­тсын! — депті. Сон­да Қабан:

- Екеуің біріңді бірің түрткілеп, ақыры мені сөй­леттіңдер ме? — деп сөз бас­тай­ды.

— Әке-ше­шем қойған атым­ды өзгертіп, ел мені Қабан атан­дырды: мен бір бас­та­удың ба­сын­да, шоқ қамыс­тың түбінде қалар­мын. Үш күн де­нем жер­де жа­тады, үш күннен соң та­была­ды. Ал, Өте­ген, сенің мінезің жай­лы, жүзің жы­лы еді, жыл­жып аққан су­дың жағасын­да жа­тасың, бірақ түбінде сені де жыл­жы­тып басқа жер­ге қояды. Райым­бек сен көпшіл ең, қиямет-қайымға дейін ба­сыңнан да­быр, үстіңнен дүбір кет­пейтін үлкен жол­дың бойын­да бо­ласың» де­ген екен. Бұл аңыз­ды Ке­нен Әзірба­ев пен Әмірқұл Құлшықов айтқан. («Асыл ар­на­лар», Ал­ма­ты, «Жа­зушы» бас­па­сы, 1986, 152–153-бет­тер). Бұл аңыз рас бол­са, Қабан­ды шын әулие де­уге қақымыз бар. Се­бебі, Өте­геннің қабірі «жыл­жып аққан су» Іле өзенінің бойын­да-тұғын, беріде Қап­шағай теңізінің ас­тында қала­тын болған соң, ұрпақта­ры «жыл­жы­тып» биік төбенің ба­сына қой­ды. Райым­бек Ал­ма­тыдан Таш­кент­ке қарай шығатын үлкен жол­дың бойына жер­ленген екен, ол маңай бұрын да, қазір де да­быр-дүбірдің ор­ны бол­ды, жу­ыр­да ұрпақта­ры ба­сына биік ес­керткіш ор­на­тып, ары-бері өткен­дер, ар­найы ке­лушілер тәу ететін қаси­етті ме­кен­ге ай­нал­ды. Қабан­ның өзі Іле өзені бойын­дағы шоқ қамыс­тың ішінде, бұлақ ба­сын­да жа­тыр.

Қарт жур­на­лист мұна­дай бір де­рек келтірген: "Бірде ақын ауылы­на Ұзы­нағаш жақтан бір топ мей­ман ке­леді. Ба­ла-шағала­ры жақын ауылға тойға кетіп, үй­де жалғыз қызы Қоянкөз бен Қабан ақын­ның өзі қала­ды. Қонақтарға шай қай­на­тылып, ет асылған­да ер­ке қыз құда түсу­ге кел­гендер­ге ылғи қой­дың қол етін қазанға са­лып­ты. Ал­да­рына ас кел­генде қонақтар тіксініп: «Жақсы әке­ден де осын­дай көргенсіз ба­ла ту­ады екен-ау» деп, бір-біріне қара­сады. Со­ны аңғарған ақын та­бан ас­тында:

Ба­лам білмей қонаққа қол асып­ты,
Қол ас­са да қой етін мол асып­ты.
Сан­нан бұрын өмірге ке­леді қол,

Со­ны біліп ер­теңге жол ашып­ты, — дейді. Иша­рат­ты түсінген қонақтар: «Мы­на қыз осал бол­ма­ды. Қазақтың ескі сал­тын бұзып, жаңа жо­ралғы жа­сап отыр екен, қой­дың жам­ба­сын, төсін, сан етін ас­пай, қазанға қолын са­лу­ын­да да мән бар екен ғой», -деп құдан­да­лық рәсімін жа­сап, ел­деріне қай­тып­ты.

Сыр бойын­да ту­ып-өскен ақын ел ба­сыла­ры Ес­келді, Бал­пық, Орақты­лар­мен бірге жа­лайыр­ларды Іле мен Қара­тал өңіріне көшіріп әкел­генде, бар­лық са­налы өмірін Шаған та­уының шатқал­да­рын­да, Ла­басы­ның ба­урайын­да өткізсе ке­рек. "Құй­ма құлақ қари­ялар­дың ай­ту­ына қараған­да, Қабан қап­сағай де­нелі, ай­бар­лы, ақыл­ды адам болған, — деп жа­зады Ораз Ис­майылов. -Ел қорғап, ерлік көрсетіп, тіпті елінің аман­дығы үшін ама­натқа өз еркімен кет­кен кез­дері болған. Есейе ке­ле елшілікке жүріп, билікке ара­ласып, халқының қамын же­ген. Әділдік пен аман­дықты жоғары ұстаған Ақын ата әркімнің қайғы-қасіретіне ой­лы көзбен қарап, оларға хал-қадірінше қол ұшын беріп отырған. Қабан­ның қан­дай ақын болғанын Ке­нен Әзірба­ев­тың «Жам­был жыр» де­ген толғауынан аңғару қиын емес:

Ұста­зы Сүйінбай­дың Қабан ақын,
Бас иген Ұлы жүзде та­мам ақын.
Нағашы­сы Жа­лайыр Қабан еді деп,
Жам­был атам ай­та­тын маған атын.
Атағың үлкен еді-ау Қабан жы­рау,
Жам­былдың айтқан сөзі ес­те тұр-ау.
Жи­ені — сар­бас ақын сөй­лерінде,
Әдеті — мұртын қағып, құлақ бұрау.

«Имп­ро­виза­тор ақын­дарда өзі та­бынған адамға еліктеу әдеті болған, — деп жа­зады ғылым док­то­ры М. Жол­дасбе­ков. Қабан — Сүйінбай­дың да, Са­рыбас­тың да нағашы­сы. Сүйінбай­дың, Са­рыбас­тың, Ке­неннің жыр толғар­да ас­панға қол­да­рын сер­меп, құлақ бұра­ула­ры сол Қабан­нан қалған».

«Менің ақын­дығым ба­лала­рыма да­рымай­ды, қызым мен жи­ен­деріме көшеді», — де­ген екен Қабе­кең. Оны­сы да әули­елік бо­лып шыққан. ХІХ ғасыр­дың өрен жүйрік ақыны Бақты­бай­дың түсіне кіріп, аруағы қона­тынын Қабе­кең әри­не білген жоқ. ХХ ғасыр­дың жыр­шы­сы қалқа ақын­ның да Қабанға си­ынып, «пірім» деп оты­рады екен. Арқаның ақиығы Біржан сал­мен ай­тысқан ақын Са­ра бы­лай деп толғаған:

Қаси­етті Қабы­лиса Асанұлы,
Мыр­за­дай іргесі кең ел­ден шыққан.
Кем бол­мас еш­теңеден мұны ұққан.
Бұл кісі өзі әулие, әрі ақын,
Исі қазақ біледі оның атын,
Өзге­ден Қабе­кеңнің сөзі та­тым.

Қабан ең ал­ды­мен адал сөй­лейтін, билігі, бай­лығы бар адам­дарды өтірік мақтап жағын­бай­тын, қара қыл­ды қақ жарған ақын болған. Оған бір мы­сал: "Марқұм Иманғазы қари­яның ай­ту­ын­ша, бір жо­лы ақын ауылы­на ба­рым­та­шылар ба­са-көктеп кіріп, жылқыла­рын ай­дап әке­теді. Қабан бас­таған жа­ужүрек жігіттер ба­рым­та­шылар­ды қуып жетіп, айқаса кет­кенде ана­лар­дың бір жігіті сойылға жығылып, мерт бо­лады. Ба­рым­та­шылар құн да­улап, Әділ төре­ге жүген­ген. Төре Қабан­ды шақыр­тып: "Құнын не­ге қай­тар­май­сың де­ген­де, ақын ой­лан­бастан:

Ұрыға құн жоқ,
Ұрыға құн бол­са, мо­мынға күн жоқ.
Өзі ізденіп келіп, өлген не­меге,
Маған сал­саң, дым жоқ! — де­ген екен.

Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» есіне түсіп, төре ары қарай дау ай­тпап­ты. ХІХ ғасыр­да өмір сүрген Бақты­бай ақын айтқан­дай, «ине­мен қара сөзді са­бақтаған» Қабан ел-жұртты иман­ды­лыққа, ша­ри­ат жо­лына шақырып, көп өлеңдер шығарған. Оның ис­лам дінін жетік білгендігін, кітап оқыған са­уат­ты­лығын, өлеңдерін жа­зып та шығарғанын та­лай толғаула­рынан, өси­ет өлеңдерінен аңғару қиын емес. Амал не, қол­жазба­лары сол күйінде сақтал­маған, же­ке жыр­ла­ры ауыз­дан-ауызға көшіп өзгер­гені, бұрма­ланғаны, кейбіре­улердің өз жа­нынан қосқан­да­ры да байқала­ды. Қабан­ның ел есінде қалған да­налық сөздері көп. «Не қиын? Не қым­бат?», «Дүни­еде не жетім», «Не ор­тақ және не­ше жұпты бар» — деп са­уал қояды да, бәріне өзі тәпіштеп жа­уап қайыра­ды. Мы­салы, «Не қым­бат?» де­ген сұрағына көкей­ге қона ке­тетін мы­надай жа­уап ай­та­ды:

Ту­ып-өскен елің қым­бат,
Кіндік кес­кен жерің қым­бат.
Әлпеш­те­ген анаң қым­бат,
Ер­ке­леген ба­лаң қым­бат.
Жақсы дос, жа­рың қым­бат,
Бәрінен де ұят пен арың қым­бат.

«Ел көңілін кім ашар?», «Жігіт көңілін кім ашар?», «Ұл көңілін кім ашар?», «Ауру­дың көңілін кім ашар?», «Ат­тың көңілін кім ашар?», «Кім жақын?», «Білген­дерден ғиб­рат ал» сияқты өлеңдерінде өмірдің сан қыр­лы сыр­ла­рын, тіршіліктегі қилы-қилы құбы­лыс­тардың ас­тар-мәнін ашып көрсе­теді. «Бақыт, қай­дан ке­лесің?», «Бақыт, қай­да ба­расың?» же­ген жыр­ла­рын­да сұрақ-жа­уап арқылы сан-са­лалы тұрмыс­тың та­тым­ды-та­тым­сыз жақта­рына ой­ла­на қарап, те­рең толғана­ды. Қабан ел-жұртты та­тулыққа, ба­уыр­малдыққа шақыру­дан жа­лықпаған. Жақан Исаұлы де­ген кісі мы­надай бір оқиғаны айтқан: «Сол за­ман­да Іле өзенінің оңтүстік ба­тыс бет­кейінде қазақ-қырғыз ара­сын­да жан­жал ту­ып, қырғыз жағының бір ба­тыры мерт бо­лады. Мұның аяғы на­сырға ша­батын болған соң, қазақ жағы Шу бойын­да жатқан Қабанға адам жібе­реді. Лез­де жет­кен Қабе­кең қан­ды да­уды ше­шу үшін екі күн, екі түн жыр­лап, қазақ пен қырғыз ежел­ден дос-ба­уыр екенін „төсек­те ба­сы, төскей­де ма­лы қосылған“ ту­ыс­тығын дәлел­деп, та­тулыққа шақырған көрінеді».

Қабан — та­лай ай­тысқа түсіп, жеңімпаз атанған ақын. Бізге жет­кені екеуі-ақ, олар: «Тұмар­ша­мен және та­утан­мен ай­ты­сы». Та­утан қыз­бен жұмбақ ай­тысқа түскен­де өз за­маны­на сай аса білімді, оқымыс­ты адам­ның бей­несі көз ал­ды­мызға ке­леді. Өмірдің, тіршіліктің, діннің сан-са­ласын қам­ти­тын жұмбақты тұмар­ша сұрақ күйінде қояды да, Қабан сүрінбес­тен дәл, анық жа­уап қайырып оты­рады. Бұдан біз тапқыр­лықпен қоса асқан ақыл­ды­лықты, білімдар­лықты аңғара­мыз. Қабан ақын­ның бас­па бетінде жа­рық көрген жыр­ла­рынан «Әрқашан білгенімді сал­дым хатқа», «Өзім тер­ген кітап­тан оқып, білдім», «жа­зып отыр­мын», «жа­зып кеттім» де­ген сөздерді ұшы­рата­мыз. Бұған қараған­да, ол жан-жақты са­уат­ты адам болған.

Жетісудің даңқты ақын-жы­ра­ула­ры үлгі тұтқан, аруағына си­ынған Қабы­лиса-Қабан ақын мұра­сы аз сақталған­мен, ба­рының өзі бүгінгі, ер­теңгі ұрпаққа тәлім-тәрбие бе­рерлік ал­тын қазы­наға ай­на­лып отыр.