Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қарасай батыр (1589-1671 ж.ж)

Қарасай батыр (1589-1671 ж.ж)

Қарасай батыр (1589-1671 ж.ж)

Ал­ты­найұлы Қара­сай -қазақтың қаһар­ман ба­тыры, қол­басшы, есімі ша­пыраш­ты ру­ының ұра­нына шыққан аса көрнекті та­рихи тұлға. 1589 жы­лы Ал­ма­ты об­лы­сының, Жам­был ауда­нына қарас­ты Суықтөбе та­уының етегінде, Жетісу өңіріндегі Қара­саз де­ген жер­де дүни­еге келіп, 1671 жы­лы Са­ры­арқадағы Көкше­тау үшін болған шайқас­та ауыр жа­рала­нып дүние салған. То­пырақ Көкше­тау ала­бын­дағы Айыр­тау сіле­менің Құлшын­бай деп ата­латын төбесінен бұйырған. Қасы­на өзінің қан­ды көй­лек доы арғын Ағын­тай ба­тыр жер­ленген.

Қос арыс-ша­пыраш­ты Қара­сай мен арғын Ағын­тай ба­тырға және олар­мен бірге қан­ды шайқас­та қаза болған сар­баздарға қос күмбезді ке­сене ор­на­тылған. (1999ж).

Қара­сай ба­тыр­дың шыққан тегі ұлы жүз ша­пыраш­ты. Шежіре де­регі бойын­ша, Ша­пыраш­ты Шам (Ыс­тық), одан Мал­ды, Желді, Қал­ды есімді үш ұл ту­ады. Мал­ды­дан Екей, Еміл, Емілден жайық пен Есқожа ту­ыла­ды. Есқожа­дан Алы­сай, Ал­ты­най, Шу­аш есімді үш ұл туған. Ал­ты­най­дың үшінші әйелінен Қара­сай ба­тыр туған.

Сөз орайын­да ай­та кет­кен жөн, Қазақстан Рес­публи­касы­ның тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­ба­ев осы Қара­сай ба­тыр­дың тіке­лей ұрпағы. Атап айтқан­да Қара­сай­дан Көшек, одан Ай­дыр, одан Мыр­за­тай, одан Ай­дыр, одан Мыр­за­тай, одан Кен­ба­ба, одан Еділ, одан Са­пақай, Одан На­зар­бай, одан Әбіш, одан Нұрсұлтан ту­ыла­ды,

Қара­сай ба­тыр­дың өмір сүріп, ғұмыр кеш­кен за­маны қазақ-жоңғар ара­сын­да екі ғасырға со­зылған қанқасап соғыс­тың ені тұта­нып, ені ши­еленісіп, бірте-бірте екі көшпелі елдің так­ти­касы мен стра­теги­ясы­ның сынға түсе бас­таған кезі еді. Бұл кез­де қазақ халқының дер­бес ел бо­лып, ірге бекітіп, біртұтас эт­ни­калық са­на-сезімінің ор­ныққаны­на екі ғасыр­дың жүзі болған. Со­дан да бо­лар, қазақ-жоңғар ара­сын­дағы өрт тұтанған кез­де елі мен жерін қорғау үшін алғаш рет атқа қонып, елдің шетіне, желдің өтіне, жа­удың бетіне шығып, ерлік көрсет­кен ба­тыр­лардың са­пын­да Қара­сай Ал­ты­найұлы да бол­ды. Қазақ-жоңғар соғысы XVI ғасыр­дың өзінде-ақ ши­еленіскені жөнінде та­рих­шы В. В. Вельям­ми­нов-Зер­нов жа­зала­ды. Ал ағыл­шын көпесі А. Джен­кинсон 1557 жы­лы Қытайға бар­мақшы бо­лып жолға шыққан, бірақ қазақ-жоңғар ара­сын­да Таш­кент үшін қырғын соғыс бо­лып жатқан­дықтан Қытайға өте ал­мағанын жа­зып қал­дырған. Де­мек Қара­сай ба­тыр ат жа­лын тар­тып мініп, сар­баздар са­пына тұрған кез­де көшпелі екі ел ара­сын­дағы соғыс тәсілдері, қорғаныс әдістері әбден шыңда­лып, өліспей беріспейтіндей ши­еленісіп үлгер­ген. Міне, бұл тұрғыдан кел­генде, қазақ халқының ұлттық пат­ри­отизмін, ерлік дәстүрін алғаш рет қалып­тасты­ру, ор­нықты­ру мис­си­ясы Қара­сай қатар­лы ба­тыр­лардың пе­шенесіне жа­зылған. Жетісу­да туған Қара­сай ба­тырға Арқаның Айыр­та­уынан то­пырақ бұйыруы, Қызыл­жарда туған Ба­ян ба­тыр­дың соңғы демінің Іле бойын­да та­усы­луы, Еділ бойын­да туған та­ма Қабан­бай ба­тыр­дың Арқадағы Са­рысу бойын­дағы шайқас­та қаза та­буы, Ерей­мен­та­удың Ма­лай­са­рының Ала­тай бөктерінде.

Ал­ты­найұлы Қара­сай ба­тыр

Ал­ты­найұлы Қара­сай (1589–1671) – қазақтың қаһар­ман ба­тыры, әйгілі қол­басшы­сы, есімі ша­пыраш­ты ру­ының ұра­нына шыққан аса көрнекті та­рихи тұлға. Қара­сай ба­тыр Ал­ма­ты об­лы­сының Жам­был ауда­нына қарас­ты Суықтөбе та­уының етегінде Қара­саз де­ген жер­де дүни­еге келіп, арқа жерінде Көкше­тау үшін болған шайқас­та ауыр жа­рала­нып дүние салған. То­пырақ Көкше­тау ала­бын­дағы Айыр­тау сілемінің Құлшын­бай деп ата­латын төбесінен бұйырған. Қасы­на өзінің қан­ды көй­лек до­сы арғын Ағын­тай ба­тыр жер­ленген. Қос арыс — ша­пыраш­ты Қара­сай мен арғын Ағын­тай ба­тырға және олар­мен бірге қан­ды шайқас­та қаза болған сар­баздарға қос күмбезді ке­сене ор­на­тылған (1999).

Қара­сай ба­тыр­дың шыққан тегі ұлы жүз ша­пыраш­ты. Шежіре де­регі бойын­ша, Ша­пыраш­ты Шам (Ыс­тық), одан Мал­ды, Желді, Қал­ды есімді үш ұл ту­ады. Мал­ды­дан Екей, Еміл, Емілден Жайық пен Есқожа ту­ады. Есқожа­дан Алы­сай, Ал­ты­най, Шу­аш есімді үш ұл туған. Ал­ты­най­дың үшінші әйелінен Қар­сай ба­тыр туған.

Сөз орайын­да ай­та кет­кен жөн, Қазақстан Рес­публи­касы­ның тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­ба­ев осы Қара­сай ба­тыр­дың тіке­лей ұрпағы. Атап айтқан­да Қара­сай­дан Көшек, одан Ай­дыр, одан Мыр­за­тай, одан Еділ, одан Са­пақай, одан На­зар­бай, одан Әбіш, одан Нұрсұлтан ту­ады.

Қара­сай ба­тыр­дың өмір сүріп, ғұмыр кеш­кен за­маны қазақ-жоңғар ара­сын­да екі ғасырға со­зылған қан қақсап соғыс­тың енді тұта­нып, енді ши­еленісіп, бірте-бірте екі көшпелі елдің так­ти­касы мен стра­теги­ясы­ның сынға түсе бас­таған кезі еді. Бұл кез­де қазақ халқының дер­бес ел бо­лып, ірге бекітіп, біртұтас эт­ни­калық са­на-сезімнің ор­ныққаны­на екі ғасыр­дың жүзі болған. Со­дан да бо­лар, қазақ-жоңғар ара­сын­дағы өрт тұтанған кез­де елі мен жерін қорғау үшін алғаш рет атқа қонып, елдің шетіне, желдің өтіне, жа­удың бетіне шығып, ерлік көрсет­кен ба­тыр­лар қата­рын­да Қара­сай да бол­ды. Қазақ-жоңғар соғысы XVI ғасыр­дың өзінде-ақ ши­еленіскені жөнінде та­рих­шы В. В. Вельями­нов-Зер­нов жа­зады. Ал ағыл­шын көпесі А. Джен­кинсон 1557 жы­лы Қытайға бар­мақшы бо­лып жолға шыққан, бірақ қазақ-жоңғар ара­сын­да Таш­кент үшін қырғын соғыс бо­лып жатқан­дықтан Қытайға өте ал­мағанын жа­зып қал­дырған. Де­мек, Қара­сай ба­тыр ат жа­лын тар­тып мініп, сар­баздар са­пына тұрған кез­де көшпелі екі ел ара­сын­дағы соғыс тәсілдері, қорғаныс әдістері әбден шыңда­лып, өліспей беріспейтіндей ши­еленісіп үлгер­ген.

Жал­пы XVII ғасыр аясын­да, яғни Қара­сай ба­тыр­дың ат үстінде болған ке­мел шағын­да қазақ-жоңғар ара­сын­да әйгілі үш соғыс­тың болғаны та­рих­тан аян. Мұның біріншісі – 1635 жы­лы болған Сібір- То­был соғысы. Бұл соғыс ту­ралы И. Э. Фи­шер «Сібір та­рихы» ат­ты еңбегінде жазған. Та­рихи де­рек­терде осы ке­зеңде жа­лайыр, ша­пыраш­ты ру­лары­ның То­был бойын­да болғаны ай­ты­лады. Сібір-То­был соғысы­на Қара­сай ба­тыр­дың қатысқаны ешқан­дай күмән келтірмейді.

Екінші соғыс 1643 жы­лы болған. Бұл әйгілі Жәңгір сұлтан­ның (ол кез­де әлі хан тағына отыр­маған) 600 жан­кешті сар­базда­рымен жоңғар­дың 50 мың әскеріне қар­сы тұрып, оған ал­шын Жа­лаңтөс ба­тыр 20 мың әскерімен көмек­ке ке­летін жойқын соғыс. Бұл соғыс жайын­да орыс та­рих­шы­лары Н. М. Ка­рам­зиннен бас­тап И. Я. Злат­кинге дейін та­усы­ла жа­зып, жал­пы соғыс та­рихын­да си­рек кез­де­сетін оқиға ретінде атап өтеді, яғни шежіре де­рек­терінде ша­пыраш­ты Қара­сай ба­тыр­дың 3 мың қолы­мен осы соғысқа қаты­сып, жой­да­сыз ерлік көрсет­кені ай­ты­лады.

XVII ғасыр­дың аясын­да қазақ-жоңғар ара­сын­да болған сұра­пыл соғыс­тың үшіншісі – 1652 жы­лы өткен. Бұл соғыс­та Жәңгір хан­ды жек­пе-жек­те 17 жа­сар Қал­дан Се­рен өлтірді. Осын­дай­да «та­рих­тың тәлкегі» де­уден гөрі, «та­рих­тың заңды­лығы» де­уге бо­латын бір гәп ес­ке түседі, сол Қал­дан Се­реннің ба­ласы Ша­рыш­ты Аңырақай шайқасын­да 17 жа­сар Абы­лай сұлтан (ол кез­де хан емес) жек­пе-жек­те өлтіреді. 1652 жылғы соғыс­та Қара­сай ба­тыр жал­пы қазақ әскер­лері қол­басшы­лары­ның бірі ретінде ақыл-па­раса­тымен, тапқыр­лық-та­бан­ды­лығымен та­нылған.

1929 жы­лы жаз­да Ша­пыраш­ты қолы Жайық бойынан шар­шап келіп, ты­ныс­тай­мыз ба деп Асы (Ал­ма­ты об­лы­сы) жай­ла­уын­да жатқан­да, ой­рат­тардың ол­жа­лап ке­те са­лу мақса­тымен қара­ша айын­да Іле­ден өтіп ша­бу­ыл жа­са­уы Қара­сай­ды атқа мінгізді. Қара­сай аяқ-ас­ты­нан бас­талған ұрысқа екі мың қол жи­ып, осы қазір Қара­сай ауылы тұрған ой­пат­та ой­рат тай­шы­сы Банжұрды тас талқан етті. Қоян-қол­тық айқас­та көбі қырылған қал­мақтар Іле­ден қай­та өту­ге мұрша­сы кел­мей, Сөгетіге қарай қаш­ты. Ақыры, жау тұмсығы То­райғыр та­уына тірел­генде, кел­ген мыңдай қол­дан ба­сы Банжұр бо­лып тігер­ге тұяқ қал­ма­ды. Ең соңғы екі қал­мақты Байынқол жағасын­да ұстап, екеуін қара есек­ке теріс мінгізіп, таңып қал­мақ ауылы­на қарай ай­дап жібе­реді. Ұрыс болған жер (ауыл) Қара­сай аты­мен атал­ды. Со­пы-Са­ты көлінің түстігінде де ұрыс болған. Бұрын ба­басы Ша­пыраш­ты ұрыс са­лып, со­ның аты­мен ата­латын сай­дың бір са­ласы да күні бүгінге дейін Қара­сай есімімен ата­лады.

1635 жы­лы ой­рат-қал­мақ мем­ле­кеті бой көтерді. Қытай және қазақ пен қырғыз жерінің ор­та­сын­да жатқан Жоңғар хан­дығы, аумағын кеңей­туді ой­лап, та­улы, тас­тақты өлке­ден гөрі, жа­зықты өңірге көз алар­та түсті. Кешікпей мұздай қару­ланған 50 мың қол қазақ пен қырғыз жеріне ба­сып кірген. Алғашқы шайқас­тың бірі осы Та­лас өңірінде өтеді. Бұл соғыс­та өзбек қолын Ал­дышүкір басқарып келіп, қазақ, қырғыз жа­сағымен бірлесіп, тұтқиыл­дан кел­ген жауға қар­сы соққы бер­ген. Ба­уыр­лас үш ұлттың үзеңгі қағысқан бірлігі өзбек жерінде, қазақ да­ласы­ның оңтүстік ай­мағы – Сай­рам маңын­да болған соғыс­та да ажы­рама­ды.

Жетісу­ды ба­уыры­ны басқан жоңғар ба­тыр­ла­ры На­рынқол мен Байынқол, Қас­тек пен Қас­ке­леңнің үздіксіз жеңісіне мас­танғаны сон­дай, Ала­тау асып, қырғыз жеріне қалың қолын төгеді. Ыс­тықкөл өлкесінде өткен шайқас­та қырғыз жұрты жауға төтеп бе­ре ал­май қала­ды. Сон­да «қыр­да қырғыз ба­ласы жы­ласа, ой­да қазақ ененің омы­ра­уы сыз­дай­ды» де­ген­дей, ба­уыр­лас елді көрініп кел­ген апат­тан құтқарайық деп, жа­нына бес мың жа­сағын ертіп, қазақтан шыққан Ша­пыраш­ты Қара­сай ба­тыр Шу жа­зығын­да ұрыс салған екен. Қара­сай­дың өзі жек­пе-жек­те қылыш­пен қал­мақтың қоңтай­шы­сының оң қолын ша­уып түсіреді. Осы­ны арқаланған қазақ, қырғыз жа­сақта­ры аруақ шақырып, май­дан да­ласын­да ай­та қалар­лықтай ерліктер көрсет­кен екен.

1664 ұлу жы­лы Қара­сай ұрысқа ақырғы рет ал­пыс ал­ты жа­сын­да қатыс­ты. Арқос Аңқойынан (қазірше Жоңғар қақпа­сы) екі мың торғауыт Най­ман­дар мен Жа­лайыр­ларға ша­бу­ыл жа­сап, Қара­сай мен Ағын­тай тағы да ұрысқа кіріп, жа­уды ой­сы­рата қуады. Осы ұрыс­та Қара­сай ба­тыр ауыр жа­рала­нып, сап­тан шығады. Ағын­тай ба­тыр да аяғынан жа­рала­нып, ақсақ бо­лып қала­ды.

Енді қат­ты-қайырым, күшке түсер қимылға жа­рамаған­дықтан Қара­сай ба­тыр ел басқару ісіне кірісті. Екі жұрттың ара­сын­дағы елшілік жұмыс­тарда бо­лып, билікке ара­лас­ты. Қара­сай 1669 жы­лы Ре­сей­мен келіссөз жүргізу­ге барған. Бұл жолға ол үмітпен ат­та­нып, орыс пат­ша­сы әкімдерінен түңіліп қай­тты. Қара­сай ба­тыр мен кіші жүз – Жетісу-Та­ма-Тұғынай, Най­ман-Ма­тай Ке­ден би үшеуі келіссөз жүргізіп, қару-жа­рақ, зеңбірек ал­мақ бол­ды, бірақ орыс­тар ер­тең бұл қару өзімізге пәле бол­май ма де­ген­дей мой­нын ішіне алып, қазақ елшілерін құр қол шығарып са­лады.

Осы бір жыл­да­ры қазақ жері аз да бол­са ты­ныш­та­лып, жаға жай­лау, етек қыс­тау болған за­ман бо­ла қал­ды. Қара­сай ба­тыр бірсы­пыра туған­да­рымен өзінің қан­дыкөй­лек до­сы Ағын­тай еліне көшіп ба­рады. Он­да бір жыл­дай тұрып, 1671 доңыз жы­лының та­мыз айын­да жетпіс үш жа­сын­да дүни­еден өтеді. Сүйегі Арқада, Айыр­тау де­ген жер­ге қойыл­ды.

Қара­сай ба­тыр­дан ал­ты ба­ла қал­ды. Олар: Әуез, Өтеп, Көшек, Түрікпен, Ер­кен, Төркен. Соңғы екі ба­ладан ұрпақ қал­маған. Бірақ екеуі де есейіп, аза­мат болған­да өлген. Әкесінің елу жа­сын­да туған егіз ұл Ал­ты­най тұқымы Арқаға барған соң бір күнде мерт болған. Екі бірдей ұлы­ның қаза­сы әке өлімін тез­де­те түскен. Та­лай өлімді көріп, та­лай өлікті қолы­мен ұстаған Қара­сай ба­тыр: «Өліп көрген жоқпын, одан басқаның бәрін көрдім де­сем, әлі көрме­генім көп екен ғой» деп екі ба­ласы­на қат­ты қайғырған. Қара­сай екі ұлдың қырқына жет­пей қайтқан. Қазақтың Қара­сай ба­тыры­ның жы­лын бер­ген соң Ағын­тай ба­тыр да дүние салған. Оны да Қара­сай ба­тыр қойылған бейітке жер­леді.

Осы­лай­ша, ерлігі мен даңқы ай­бын­ды қазақтың Қара­сай ба­тыр есімі ұрпақтан-ұрпаққа ұран бо­лып ғасыр­лардан жалғасын та­уып ке­леді.