Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қайыр хан (шамамен 1165-1220 ж.ж)

Қайыр хан (шамамен 1165-1220 ж.ж)

Қайыр­хан — (туған шы­лы ша­мамен) Оты­рар қала­сын­да дүни­еге кел­ген. Оты­рар қала­сының би­ле­ушісі. Хо­резм би­ле­ушісіне қыз­мет ет­кен, қып­шақ тай­па­сынан шыққан. 1218 жы­лы Қарақорым­нан Оты­рар қала­сына кел­ген са­уда ке­ру­ені ара­сын­да Шыңғыс хан­ның тыңда­ушы­лары бар деп сезіетен­ген. Қайыр­хан ке­рукні то­нап, адам­да­рын өлтірген. Осы оқиғадан соң Шыңғыс хан Қайыр­ханды ұстап бе­руді та­лап ет­кенімен, Хо­резм­шаһ бұл та­лап­ты орын­да­май, кел­ген елшілерді өлтіреді. Нәте­жесінде екі ел ара­сын­да соғыс бас­та­лып, 1219 жы­лы қыркүйек­те Шыңғыс хан әскері Ертістен Жетісу арқылы Сыр­да­рияға келіп жетті. Оты­рарға та­янған­да Шыңғыс хан қала­ны қор­шауға ұлда­ры Шағатай мен Үге­дей басқарған әскер­лерді қал­ды­рып, өзі үш қосы­нымен Бұха­раға ат­та­нады. Қайыр хан күшін са­лып қорғана­ды. Қорғаныс­тың бесінші айы біту­ге та­янған­да хо­резмдік әскер­ба­сы Қара­ша-Хад­жиб он мыңдық қолы­мен беріліп, моңғол­дарды қалаға кіргізіп жібе­реді. Соғыс қала­ның ішінде жүрді. Қайыр­ханды сенімді әскер­лерімен берік қамалға бекініп, тағы бір ай соғыс­ты. Қамал­ды қорғаушы­лар түгел қырылған­нан кейін ғана Қайыр­хан 1220 жы­лы ақпан­да қолға түсіп, Шыңғыс хан­ның ал­ды­на апа­рылып, сол жер­де өлтіріледі.