Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қазтуған жырау (XV ғ.)

Қазтуған жырау (XV ғ.)

Қазтуған жырау (XV ғ.)

Қаз­туған Сүйінішұлы­ның туған, қай­тыс болған жыл­да­ры белгісіз. Ха­лық ара­сын­да Қарға бой­лы Қаз­туған ата­нып кет­кен. Қазақтың Xvғасыр­дағы ай­ту­лы жо­рық жы­ра­уы. Әскер­ба­сы, ба­тыр болған. Еділдің Ақтұма, Бо­зан бой­ла­рын­да ту­ып өскен. XV ғасыр­дың ор­та шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хан­дығына қоныс аударған.

Қаз­туған жы­рау жо­рық жыр­шы­лары және ха­лық эпо­сын жа­са­ушы­лар­дың бірі са­нала­ды. Ар­ты­на қазақтар­дың әске­ри ру­хына, туған жерін, ха­лық өмірі мен тұрмы­сын су­рет­тейтін көпте­ген өлеңдер­ден тұра­тын шығар­ма­шылық мол мұра қал­дырды. Олар­дың көпшілігі сақтал­маған. Де­ген­мен, бізге же­келе­ген ту­ын­ды­лары оның әде­би­ет та­рихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтай­ды. Оның по­эзия жа­уын­герлердің көшпелі өмірін, көзқара­сын су­рет­тейді. Және олар­дың тұрмы­сын, ай­на­ладағы құлан та­за та­биғат ту­ралы ой­ла­рын бей­не­лейді. Ақын жы­ра­улар­дың қиялы­ның жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтар­дың по­эти­калық өнерінің жоғары деңгей­де болғанын, со­нымен бірге, өзіндік ерек­шеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бо­яуы жағынан айқын су­рет­телген, жа­сам­паз ро­ман­ти­камен көркем­де­ген, нақыл­дық ой ар­ма­ны мен көркемдік тіркес­терге бай. Қаз­туған жы­рау өлеңдері көп ғасыр­лық өнер мек­тебі мен әде­би үлгі ретінде са­намыз­дан орын ал­ды. Қаз­туған жы­ра­удың «Ма­дақ жы­ры», «Туған жер­мен қош­та­су» сын­ды ту­ын­ды­ларын ежелгі қазақ по­эзиясы­ның таңда­улы үлгілеріне жатқызуға бо­лады. Ақын­ның ха­лық жыр­ла­ры арқылы жет­кен бірқатар толғаула­ры И. Бе­резиннің «Түрік хрес­то­мати­ясы» (1862 ж), Ғаб­долла Мүштақтың 1910 жы­лы шыққан «Шайыр, яки қазақ ақын­да­рының бас­ты жыр­ла­ры» жи­нағын­да, М. Мағауиннің «Ал­даспан» кіта­бын­да (1970 ж) жа­ри­ялан­ды.