Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Тілеуқабылұлы Өтебойдақ (1388-1478 ж.ж)

Тілеуқабылұлы Өтебойдақ (1388-1478 ж.ж)

Тілеуқабылұлы Өтебойдақ (1388-1478 ж.ж)

Өтей­бой­дақ Тілеуқабылұлы "1388–1478) – қазақтың әйгілі ши­пагер ғалы­мы, елдің әле­уметтік-са­яси өміріне жүйрік та­рих­шы­сы. Райым­бек ауда­ны, Шалкөде жай­ла­уын­да ғұмыр кеш­кен. Адам ағза­ларын­да кез­де­сетін кейбір ке­сел­дерді ем­деу үшін төрт түлік малға тәжіри­бе жа­сап, ши­па да­рыту амал­да­рын тапқан. Со­ның нәти­жесінде жазған «Ши­пагерлік ба­ян» ат­ты еңбегі 7 рет көшірілу арқылы бүгінгі күнге жетіпті де­ген де­рек бар. Бірақ Өтей­бой­дақтың төл еңбегі екенін дәлел­дейтін фак­си­миля­ци­ясы (ав­торлық қол­таңба нұсқасы) сақтал­маған. Кітап тұңғыш рет 1994 жы­лы Үрімші қала­сын­дағы (ҚХР) «Шыңжаң ғылым-тех­ни­ка» бас­па­сынан жа­рық көрді. 1996 жы­лы оны жа­лын бас­па­сы шығар­ды. 2002 жы­лы емшіге Шалкөде­де ес­керткіш белгі ор­на­тылған.

Өтей­бой­дақ өз тұсын­да Жәнібек хан, Жи­рен­ше ше­шен сияқты та­рихи тұлғалар­мен бас­тас бо­лып, ел қамы, ха­лық тағды­рына қатыс­ты ке­лелі істер­ге ара­ласқан қоғам қай­рат­кері. Ав­тор «Ши­пагерлік ба­ян» кіта­бын Жәнібек хан­ның тап­сы­руы бойын­ша 70 жа­сын­да жа­за бас­таған­дығы ту­ралы, со­дан Жәнібек хан дүние салған 1473 жы­лы кітап­ты 85 жа­сын­да жа­зып бітіргені жөнінде де­рек қал­дырған. Сон­дай-ақ, Өтей­бой­дақтың 90 жасқа жақын­дап, дүние салғаны жөнінде де де­рек бар. Де­мек, Тіеуқабылұлы Өтей­бой­дақты 1366 жы­лы дүни­еге келіп, 1478жы­лы дүние сал­ды деп жо­балауға бо­лады.

Өтей­бой­дақ «Ши­пагерлік ба­ян» кіта­бын­да өзі ту­ралы бы­лай дейді: «Өтей­бой­дақ Тілейқабыл­дың ұлы­мын. Ата тегім Ұлыжүз Зар­ман, Зар­манішінде Ал­бан. Ме­кенім Жетісу. Ауылым­да құрбы-құрдас, та­ныс-білістерім аз емес. Жа­ным­да Жи­рен­ше ше­шен, Жәнібек хан­ның қара­шасы­мын. Жы­лым – иіртек, сек­сен бес­ке келдім. Бойым ұзын, қара то­ры, қоңқақ мұрын­ды, кең иықты, қап сақал­ды, ұзын қас­ты, кем сөзді жан­мын».

Емшілік, ши­пагерлік қаси­ет Өтей­бой­даққа ата-тегінен жұғыс­ты болған. Ата-ба­ба әулетінің жи­нақтаған мол тәжіри­бесін бойына да­рыта білген Өтей­бой­дақ бұл са­лаға бар ғұмы­рын ар­нап, ха­лық ме­дийина­сын ғылы­ми жүйеге келтірген. Сөйтіп ши­пагерліктің өз за­манын­дағы биік деңгейіне көтеріле білген. Бұл жол­да ол Әл-Фа­раби сияқты атақ-даңқ, дүние-мүлік, бас құрап, үйлі-ба­ран­ды бо­лу де­ген­дей, пен­де­ге тән қаси­ет­тердің бәрін тәрк етіп, бүткіл өмірін ши­пагерліктің қыр-сы­рын иге­руге са­рып ет­кен.

«Ши­пагерлік ба­ян» бүгінгі күнге Өтей­бой­дақтың ағайын ұрпақта­ры арқылы жет­кен. Кітап уақыт­тың алу­ан түрлі зо­балаңынан өтіп, мейлінше көлемді мұра­ның төрттен бір бөлігі Қытай­дағы аты­шулы «мәде­ни төңкеріс» кезінде «хуң-уей­бин­дер» та­рапы­нан өртел­ген.

Өтей­бой­дақтың «Ши­пагерлік ба­ян» кіта­бы қазақтың дәстүрлі ме­дици­налық тәжіри­бесі ту­ралы мейлінше мол мағлұмат бе­реді. Бұл рет­те, ав­тордың мыңнан ас­там дәрі түрлерін тоғыс­ты­ру арқылы 4 мыңнан ас­там ши­палық ша­ралар­дың қол­да­нымын (ре­цепт бе­ру) ұсы­нуы, оның білікті ши­пагер, ғұла­ма ғалым болғанын пайым­да­тады. Сон­дай-ақ «Ши­пагерлік ба­ян» кіта­бын­да өсімдіктен алы­натын 728 түрлі, жан-жа­ну­ар­лардан алы­натын 318 түрлі, ме­тал-ме­тал­ло­ид­тардан түзілетін 318 түрлі ши­палық қаси­еті бар дәрілердің ата­луы,500-ге тар­та ана­томи­ялық ата­улар­дың келтірілуі, бұл еңбектің та­рихи-эт­ногра­фи­ялық мән-маңызы­ның ерек­ше екенін білдіреді. Теңдесі жоқ «Ши­пагерлік ба­ян» ол за­ман­да да қазақ тілінің қан­ша­лық тұнық, бай болғаны­ның айқын дәлелі.

«Ши­пагерлік ба­ян» кіта­бы арқылы Өтей­бой­дақ Тілеуқабылұлы­ның тек қана ғұла­ма ши­пагер ғана емес, со­нымен бірге ха­лықтың өмір сал­ты­на, дүние та­нымы­на, ру­хани мәде­ни­етіне мейлінше қанық болғаны, өз за­маны­ның те­рең ой­лы, ұлтжан­ды тұлғасы болғаны айқын аңғары­лады.