Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776 ж.ж)

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776 ж.ж)

Қазыбек  Бек Тауасарұлы (1692-1776 ж.ж)

Та­уасарұлы Қазы­бек (1692–1776) – На­урыз­бай ба­тыр әскерінің мыңба­сы. Кіші Ази­яның ірі қала­ларын­да бо­лып, діни, ғылы­ми білім алған оқымыс­ты, жоңғар басқын­шы­лары­на қар­сы күрес­те қол бас­таған ба­тыр. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Ша­пыраш­ты тай­па­сы Асыл ру­ының Әжіке де­ген ата­сынан шыққан. Әкесі Ма­тайұлы Та­уасар би болған.

Ба­ласы­ның не­ге бол­сын қабілетті зе­ректігін ер­те байқаған әкесі Қазы­бекті бес жа­сын­да Бұха­раға апа­рып, дін оқуына­береді. Кішкен­тай­лы­лығына қара­май жақсы оқыған ба­ла Қазы­бек мед­ре­сені төрт жыл­да та­мам­дап, ел­ге ора­лады. Мұнда екі жыл ауыл ба­лала­рына дәріс бе­реді.

Екі жыл ба­ла оқытып, іраз адам­ның са­уатын ашқан он бір жа­сар Қазы­бек қасы­на ауыл­да­сы өзінен бір жас үлкен Өтеғұл бай­дың ба­ласы Өте­генді (кейін Сүйінбай, Жам­был жыр­лаған Өте­ген ба­тыр) ертіп, тағы да білім іздеп жолға шығады. Олар Са­марқант­та бір жа­рым жыл бо­лып, атақты Қазы-за­де Ру­мидің ұрпағы Ха­физ-за­деге шәкірт бо­лып, одан дәріс тыңдай­ды. Одан кейін қай­та жолға шығып, Шамға, Бағдатқа, одан әрі Ыс­тамбұлға, Рим­ге ба­рып сегіз жыл са­пар­да бо­лады. Қазы­бек­ке, әсіре­се, Бағдат пен Ыс­тамбұлда бо­лып, білім алған кез­дері өте пай­да­лы бо­лып, жан-жақты өсуіне мүмкіндік ала­ды. Араб, пар­сы тілдерін ай­тар­лықтай меңге­реді. Араб тілін жақсы білудің арқасын­да Ыс­тамбұл кітап­ха­насын­да Әл-Фа­раби еңібек­терімен та­ныса­ды, Махмұт Қашқари­дың «Ди­уани лұғат ат-Түрк», Қожа Ах­мет Йаса­уидің «Ди­уани хик­мет» кітап­та­рын осы жер­де оқиды.

Қазы­бек пен Өте­ген бүкіл Еуро­паны, орыс жерінің біраз жерін ара­лап, 1709 жы­лы ел­ге ора­лады. Ел­ге кел­геннен кейін, жиған-тер­ген дүни­елерін жи­нақтап, «Иран ше­шегі» ат­ты кіта­бын жа­зады. Бірақ, жа­угершілікті за­ман оның кітап жа­зып, ғылым­мен ай­на­лысу­ына мүмкіндік бер­мейді. Ол амал­сыз қала­мын най­заға айыр­бастап, ел қорғау ісіне ара­ласа­ды. Оның бұдан кейінгі бар өмірі елдің шетінде, жа­удың өтінде өтеді.

Ол алғаш қал­мақтар­мен Аягөзде болған соғысқа қаты­сады. Осын­да ол Қабан­мен, Қожа­бер­ген жы­ра­умен та­ныса­ды. Осы­дан бір жыл­дан соң, Се­уан Раб­данға Тәуке хан­ның елшісі бо­лып ба­рады.

Елдің «Ақта­бан Шұбы­рын­дыға» ұшы­ра­уы – ер­лердің жа­нына қат­ты ба­тады. Олар бұл күндері ат үстінен түспей, бірде босқын елдің ба­сын қосып, ұлжым­дасты­рып жат­са, бірде өкше­лей қуған жауға той­та­рыс беріп, шайқасып жат­ты. Осы бір қазақтың ба­сына төнген қара­лы күндердің ауырт­па­лығын Қазы­бек те ел ағала­рымен бірге көтеріп, ар­па­лыс­ты күн ке­шеді. Қабан­бай, Бөген­бай, На­урыз­бай ба­тыр­лар бас­таған та­лай соғысқа қаты­сып, ерлік көрсе­теді. Сон­дай шайқас­тардың бірінде қырық жерінен най­за тиіп, ақыры сол жа­радан қай­тыс бо­лады.

Бізге Қазы­бек Та­уасарұлы­ның «Түп-тұқиян­нан өзіме шейін» де­ген жалғыз еңбегі жетті. Ол он­да за­ман­даста­ры жайын­да көп де­рек­тер бе­реді. Ел-жұрты­ның тәуелсіздігі жо­лын­да арыс­танша алы­сып, опат болған көпте­ген ер­лердің аты-жөні ай­ты­лып, істе­ген ерліктері тәптіште­ле ба­ян­да­лады, за­ты қазаққа әйгілі тұлғалар жайын­да аса бір сүйіспеншілікпен жа­зады. Қазы­бек Та­уасарұлы­ның бұл еңбегінің құнды­лығы да осын­да.