Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Кетбұға жырау

Кетбұға жырау

Кетбұға жырау

Кетбұға (ша­мамен 1150–1225) — жы­рау, күйші, аңыз кейіпкері. Ор­та жүз құра­мын­дағы най­ман тай­па­сының бағана­лы тар­мағынан шыққан. 14 ғасыр­да жа­зылған «Шад­жа­рат әл-ат­рак» («Түрік шежіресі») ат­ты кітап­тағы де­рек­тер мен ел аузын­дағы аңыз­дарға қараған­да, Жо­шы хан аң аулап жүріп қаза тапқан­да, Шыңғыс ханға қара­лы ха­бар­ды жеткізу­ге ешкімнің ба­тылы жет­пейді. Сон­да Кетбұға бас ке­тер ауыр міндетті өз мой­ны­на ала­ды. Әуелі: «Теңіз бас­тан былған­ды, кім тұнды­рар, а, ха­ным, Те­рек түптен жығыл­ды, кім тұрғызар, а, ха­ным», — деп толғап, Шыңғыс хан­ды қара­лы ха­барға әзірлеп ала­ды да, ба­ласы Жо­шының өлімін күй­мен естіртеді. «Ақсақ құлан — Жо­шы хан» күйі осы­лай ту­ып­ты-мыс.

Бүгінгі күнге Кетбұғаның осы күйі және күй шығарар ал­дында айтқан бірне­ше жол өлеңі ғана жет­кен. Басқа әде­би не бол­ма­са му­зыка­лық шығар­ма­сы сақтал­маған. Алай­да, ха­лық жа­дын­да Ұлығ (ұлы) жыр­шы атанған Кетбұғаның өз кезінде шығар­ма­лары ха­лық ара­сына кең та­раған, көшпелілер ара­сын­да сөз өнерінің да­му­ына ерек­ше ықпал ет­кен көрнекті тұлға болған­дығы байқала­ды.

15 ғасыр­дың аяғы мен 16 ғасыр­дың алғашқы ши­регінде өмір сүрген Дос­панбет жы­рау Кетбұға биді құрмет­пен атап, оның сөздерімен өзінің та­ныс­тығын білдіреді. Ха­лық өлеңдері мен аңыз әңгіме­лерінде де Кетбұға ел қамқоры, да­на ақсақал ретінде бей­не­лен­ген. Ол ту­ралы аңыз­дар қырғыз фоль­кло­рын­да да бар.