Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Хақназар хан (1538-1580)

Хақназар хан (1538-1580)

Қасым хан­ның ба­ласы Хақна­зар (Ақна­зар) хан тұсын­да қазақ хан­дығы қай­та бірігіп да­ми түсті. Хақна­зар қазақ хан­дығын 42 жыл би­леді. Қазақ хан­дығының 300 жыл­дық та­рихын­да Хақна­зар­дай ұзақ жыл ел би­леген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыс­тау, әске­ри-са­яси істері жағын­да қажыр­лы да қабілетті қай­рат­кер бол­ды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдай­лар­да дип­ло­мати­ялық да­рыны мол май­тал­ман екендігін көрсетті.

Хақна­зар хан таққа отырған соң хан­дық үкіметтің билігін нығай­туға және күшей­ту­ге қажыр­лы қай­рат жұмса­ды. Өзінен бұрынғы Та­пир хан және Бұй­даш хан тұсын­да бы­тыраңқы жағдайға түскен Қазақ хан­дығын қай­та біріктірді. 1523–1524 жыл­да­ры жа­рыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығай­тты, тіпті сол за­ман­ның та­рихи де­рек­терінде Хақна­зар хан «қазақтар мен қырғыз­дардың пат­ша­сы» деп атал­ды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене оты­рып, Моғолс­тан хан­да­рының Жетісу мен Ыс­тықкөл ала­бын жа­улап алу әре­кетіне той­та­рыс берді. Хақна­зар хан­дық құрған дәуірде қазақ хан­дығының сыртқы жағдайын­да аса ірі та­рихи оқиғалар ту­ды. Бұл кез­де ба­тыс­та күшейе түскен орыс мем­ле­кеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жы­лы Қазан хан­дығын, 1556 жы­лы Аст­ра­хань хан­дығын Рос­сияға бағын­дырды. Осы жағдайға бай­ла­ныс­ты, Еділ мен Жайық ара­сын­да ұлан-бай­тақ өңірді ме­кен­де­ген Ноғай ор­да­сы ыды­рай бас­та­ды. Ноғай ор­да­сын би­леген маңғыт мыр­за­лары­ның ара­сын­да үкімет билігіне та­ласқан фе­одал­дық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыс­тар ха­лық бұқара­сын қат­ты күй­зелтіп, жап­пай на­разы­лық ту­дыр­ды, Ноғай одағы құлды­рап, ауыр дағда­рысқа тап бол­ды. Хақна­зар хан тұсын­да Қазақ хан­дығының күшеюі және ха­лық өмірінің оңалуы, Ноғай ор­да­сына қарас­ты қазақ тай­па­ларын қызықты­рып өзіне тарт­ты. Ноғай одағына қарас­ты көшпелі тай­па­лар­дың бір бөлігі қаңлы­лар, қып­шақтар тағы басқалар Қазақ хан­дығына келіп қосы­лып жат­ты. Олар­ды Хақна­зар хан қар­сы алып отыр­ды. Ноғай ор­да­сы н би­ле­ушілерінің бірі Ыс­мағыл мыр­за ішкі фе­одал­дық қырқыс­та өз ағасы Жүсіп мыр­за­ны өлтірді. Жүсіп мыр­за­ның ба­лала­ры Ыс­мағыл мыр­за­мен соғыс­ты. Ноғай ор­да­сын­да өза­ра қырқысқан екі топ пай­да бол­ды. Ыс­мағыл мыр­за­ның то­бы Моск­ва княз­дығына қосы­луды жақта­ды, оған қар­сы топ Қазақ хан­дығына қосы­луға бой ұрды. Бұл жағдай­ды пай­да­ланған қазақ ха­ны Хақна­зар Ноғай ор­да­сының көп ұлы­сын (бұлар­дың көбі қазақтың кіші жүзі ал­шын одағына ен­ген тай­па­лар) өзіне қосып ал­ды. 1557 жы­лы Ноғай мыр­за­сы Ыс­мағыл орыс пат­ша­сы Иван IV ке: «Менің ту­ыс­та­рым қазір Жайықтың арғы жағын­да, бізден қалып қойып, қазақ пат­ша­сына қосы­лып кетті» деп арыз ай­тты. Хақна­зар хан

Ноғай ор­да­сының ыды­ра­уын пай­да­ланып Жайық жағала­уын­дағы көшпелі тай­па­лар­ды қазақ хан­дығына қосып алу­мен ғана тын­ба­ды, Ыс­мағыл мыр­за бас­тап, ба­тысқа қарай ауған ноғай­ларға қуалай ша­бу­ыл жа­сап, олар­ды одан әрмен ығыс­ты­рып, ірге кеңей­ту әре­кетін жа­сады. Орыс пат­ша­сы Иван IV-нің ноғай ара­сына жібер­ген елшісі Се­мен Маль­цев 1569-жы­лы орыс пат­ша­сына: «Хақна­зар пат­ша­ның, Шығай хан­за­даның, Ша­лым хан­за­даның қазақ ор­да­лары, ал олар­мен қоса 20 хан­за­да ноғайға келіп, ұрыс бол­ды» деп ха­бар­лаған. Кейбір зерт­те­ушілердің ай­ту­ына қараған­да, жоғары­дағы ша­бу­ыл­дар ба­тысқа қарай ауған ноғай тай­па­лары­ның Еділ мен Жайық өңірін тас­тап, Дон са­хара­лары­на қарай ке­туіне се­беп болған көрінеді. Бұл жөнінде та­рих­шы Ах­мет За­ки Уәли­ди: «1969-жы­лы Шығай, Хақна­зар, Ша­лым сұлтан­дар бірлесіп, Ыс­мағыл­дың ба­ласы Орыс сұлтанға ша­бу­ыл жа­сады, осы­дан соң ұзақ тұрмай ноғай мыр­за­лары ақырын­дап ел­дерін Жайық пен Еділдің ба­тыс жағына, Дон са­хара­лары­на көшіру­ге, башқұрт ел­дерін тас­тауға мәжбүр бол­ды» дейді. Бұл жеңіс Қазақ хан­дығының жерін кеңейтіп, күш-қуаты мен бе­делін арт­тыр­ды, та­рихи де­рек­те­мелер­де қазақ ха­ны Хақна­зар­ды «қазақтар мен ноғай­лар­дың ха­ны» деп атаған.

XVI ғасыр­дың ор­та­сын­да ауыр дағда­рысқа ұшы­раған Ноғай одағы ішкі фе­одал­дық қай­шы­лықтар мен қырқыс­тардың және ха­лық бұқара­сының фе­одал­дық үстемдікпен қанауға қар­сы күрес­терінің нәти­жесінде бор­дай то­зып, 1569-жыл­дан соң мем­ле­кет ретінде өмір сүру­ден қал­ды. Бұрын Ноғай одағына қараған қазақ тай­па­лары және олар­дың эт­ни­калық тер­ри­тори­ясы Қазақ хан­дығына бірікті. Бұрын Ноғай одағының ас­та­насы бо­лып кел­ген Са­рай­шық қала­сы да қазаақ хан­дығына өттіі. Бұл қазақ хан­дығының, қазақ тай­па­лары­ның және қазақта­ар­дың эт­ни­калық тер­ри­тори­ясыын біріктіру жо­лын­да жа­саған жеңісті қадам­да­рының бірі бол­ды. Со­нымен қатар ноғай­лы дәуірінде жа­салған не­месе жаңғыр­ты­лып жыр­ланған қыру­ар жыр­лар, «Қырық ба­тыр жы­ры» сын­ды алып эпос қазақ мәде­ни­етінің қазы­насы­на қосыл­ды.

Ноғай ор­да­сының ыды­ра­уы, оған қарас­ты қазақ тай­па­лары мен олар­дың ме­кен­де­ген жер­лерінің қазақ хан­дығына қосы­луы хан­дықтың ба­тыс, солтүстік және оңтүстік жағын­дағы жағдай­да өзгеріс ту­дыр­ды. Орыс мем­ле­кеті мен қазақ хан­дығы ара­сын­дағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыды­ра­уы, оның бір бөлігінің қазақ хан­дығына қосы­лып, енді бір бөлігінің орыс пат­ша­сына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп ке­ле жатқан орыс мем­ле­кетінің ше­кара­сын қазақ хан­дығына жақын­да­та түсті. 1563-жы­лы Сібір хан­дығының билігін тар­тып алған Көшім хан ендігі жер­де қазақ хан­дығына дұшпан­дық по­зиция ұста­ды. Оның үстіне моңғол би­ле­ушілері мен қазақ хан­да­ры ара­сын­да да қақтығыс­тар бо­лып отыр­ды. Осын­дай күрделі жағдай­лар­мен есеп­тескен Хақна­зар хан Қазаақ хан­дығының сыртқы са­яса­тын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хан­да­ры үнемі жа­ула­сып кел­ген Ма­уаран­нахр­дағы Шай­ба­ни әулетімен одақтас­тық бай­ла­ныс ор­на­туға ұмтыл­ды. Ор­та Ази­яның ең ірі қала­лары­ның бірі Таш­кентті ба­сып алуға бағыт­талған әске­ри қимыл­да­рын тоқтат­ты. Сөйтіп, шай­ба­ни әулетінен шыққан Бұха­ра ха­ны

Аб­долла ІІ-мен қазақ ха­ны Хақна­зар «қас­таспай дос бо­лып, өза­ра көмек­те­су» жөнінде «ант­тас­тық шарт» жа­сас­ты. Хақна­зар хан­ның бұл дип­ло­мати­ялық ша­расы оңды бол­ды.

XVI ғасыр­дың 60-жыл­да­рының соңы мен 70-жыл­да­рының ба­сын­да соғыс қимыл­да­ры тоқтап, бейбітшілік ор­на­ды, қазақтар­дың Ор­та Азия халқымен са­уда-сат­тық қарым-қаты­насы, эко­номи­калық бай­ла­нысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хан­дығының ішкі жағдайын жақсар­туға, халқының ша­ру­ашы­лық өмірінің оңалу­ына тиімді бол­ды. Со­нымен қатар қазақ хан­дығын да нығай­та түсті.

Бұха­ра ха­ны Аб­долла ІІ (1557–1598) тұсын­да Таш­кент маңын Но­розах­мет (Ба­рақ) хан­ның ба­ласы Ба­ба сұлтан би­леді. Ол Бұха­раға бағын­бай өз ал­ды­на тұрды. Үнемі Аб­долла хан­мен соғыс­ты. Сөйтіп, Ба­ба сұлтан Бұха­ра хан­дығынан бөлініп шығуға әре­кет етті. Қазақ ха­ны Хақна­зар өзбек хан­да­рының өза­ра қырқысы­на ара­ласып, біре­се Аб­долла хан­ды, біре­се Ба­ба сұлтан­ды қол­дап екеуін де әлсіре­туге, осы арқылы өздеріне үлкен пай­да түсіру­ге ты­рысып бақты. 1579-жы­лы Аб­долла хан екінші ше­ру тар­тып Ба­ба сұлтанға қар­сы жо­рық жа­сады. Қазақ ха­ны Хақна­зар оның Ба­ба сұлтанға қар­сы күресін қол­да­ды. Қазақ хан­дығы осы­ның бо­да­уына Аб­долла хан­нан Түркістан ай­мағын­дағы бірне­ше қала­ны қай­та­рып ал­ды. Бұдан кейін Таш­кент би­ле­ушісі Ба­ба сұлтан қазақ хан­дығына Түркістан, Са­уран қала­ларын бер­генде, қазақ сұлтан­да­ры бір мезгіл Ба­ба сұлтан­ды қол­да­ды. 1579-жыл­дың екінші жар­ты­сын­да қазақ сұлтан­да­ры әскер­лерімен Таш­кент­ке келді. Олар қай­та­дан Аб­долла жаққа шықпақ бо­лып, Таш­кент би­ле­ушісі Ба­ба сұлтанға қар­сы ас­тыртын әре­кет істеді. Бірақ бұл ас­тыртын әре­кетті сез­ген Ба­ба сұлтан қазақ сұлта­ны Жа­лым­ды, оның екі ұлын, Хақна­зар хан­ның екі ұлын өлтірді. Іле-ша­ла оның ас­тыртын жібер­ген ада­мы 1580-жы­лы Хақна­зар хан­ды өлтірді.