Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Тоқтарбайұлы, Қобыланды

Тоқтарбайұлы, Қобыланды

Тоқтарбайұлы, Қобыланды

Тоқтар­байұлы Қобы­лан­ды (XV ғ.) – аты аңызға ай­налған ха­лық ба­тыры. Шыққан тегі – Қып­шақ, оның ішінде Қара Қып­шақ. Ха­лық жа­дын­да сақталған әңгіме­лер­де, ха­лық шежіре­лерінде оны көбіне «Қара Қып­шақ Қобы­лан­ды» деп атай­ды.

Шежіре де­рек­теріне қараған­да, Қара Қып­шақ Қобы­лан­ды Жо­шы хан­ның Шай­бан де­ген ба­ласы­ның тұқымы Әбілхайыр хан­ның тұсын­да (XV ғасыр) өмір сүрген, со­ның белгілі қол­басшы­лары­ның бірі болған адам. Қазақ хан­дығының бөлінуіне де осы Қобы­лан­ды ба­тыр се­беп болған делінеді. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: «Біздің осын­дағы арғын­дардың ата­сы Дайырқожа Әбілхайыр хан­ның сүйікті қазы­сы екен. Билікті әділ айтқан­дықтан „Ақжол“ ата­нып­ты. Және Қара ҚЫп­шақ Қобы­лан­ды да хан­ның сүйікті ада­мы екен. Екеуі іштей жа­ула­сып жүрген­де, бір күні Қобы­лан­ды Дайырқожа­ны да­лада өлтіріп кетіпті. Мұны әз-Жәнібек хан біліп, Қобы­лан­ды­ны ша­риғат бойын­ша қысас қылып өлтіру­ге сұрап­ты. Әбілхайыр бе­рейін де­се, көп қып­шақ бұзы­латын болған соң, бе­ре ал­май, үш кісінің құнын ал де­ген соң, бұған Жәнібек өкпе­леп, бөлініп ке­теді» де­ген де­рек беріледі. Бұл оқиғаның та­рихи шын­дық екенін Дайырқожа­ның әкесі Қотан жы­ра­удың өлген ба­ласы­ның де­несін ай­на­лып, қайғырып, қан жұтып жүріп айтқан: «Қара Қып­шақ Қобы­лан­ды­да нең бар еді, құлы­ным? Сек­сен асып та­янған­да тоқсанға. Тұра ал­мастай үзілді ме жұлы­ным» деп бас­та­латын толғауы да дәлел­дей түседі.

Қобы­лан­ды ба­тыр жайын­да екінші бір де­рек көзі – қазақ халқының қаһар­мандық жыр­ла­рының бірі – «Қобы­лан­ды ба­тыр» жы­ры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа ба­тыр­лық жыр­ларға қараған­да шоқтығы биік тұрған ха­лықтық шығар­ма, ерлік эпо­пи­ясы. Бұл жыр­дың оқиғала­рына қараған­да, Қобы­лан­ды­ның ерлік жо­лы қазақ елінің сол кез­дегі сыртқы жа­уы – қызыл­бастар (пар­сы­лар) мен олар­дың шапқын­шы­лық жа­саған ха­ны Қазанға қар­сы күресінен бас­та­лады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан ба­тыр­ла­рының аты­на қарап, олар­дың атақты Едіге ба­тыр­дың тұқым­да­ры екенін аңғаруға бо­лады. Қобы­лан­ды ба­тыр­дың Орақ ба­тыр­мен дос бо­лып, Ал­шағыр­мен жа­уығуы – Қазақ хан­дығының өза­ра іштей екіге бөлінген Ноғай ор­да­сының бірін қол­дап, екіншісімен соғысып жатқан та­рихи ке­зеңін алға тар­та­ды.

Мұның бәрі Қара Қып­шақ Қобы­лан­ды ба­тыр­дың аңыз­дық негізде қиял­дан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне та­нылып, құрметіне бөлен­ген хас ба­тыр­ла­рының бірі болғанын дәлел­дейді.