Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қорқыт ата

Қорқыт ата

Қорқыт ата

Қорқыт ата (9 ғ.) — қобыз ата­сы деп та­была­ды, ком­по­зитор, жыр­шы, ақын, му­зыкант, бақсы­лар­дың қамқор­шы­сы. Қорқыт ата түрік дәстүрін, сал­тын, әдетін, сенімдерін, басқа ха­лықтар­дан айыр­ма­шылығын, қысқасы, қоғам­дық мінез­де­месін ер­тегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнер­паз. Туған, қай­тыс болған жыл­да­ры белгісіз. Өмір сүрген ғасы­ры да да­улы. Кейбір зерт­те­ушілер оның Әзірет Пайғам­бар за­манын­да жа­сағанын ай­та­ды және ғылы­ми еңбек­терінде бұл пікірді дәлел­дейтін дас­тан бөлімдерін келтіреді. Ал кейбір зерт­те­ушілер Қорқыт Ата­ның Оғыз түріктерінің ер­текшісі және дас­таншы­сы болғанын ай­тып, Қорқыт­тың бүгін қолы­мыз­дағы 12 дас­тан-хи­ка­ясы­нан пікірлерін дәлел­дейтін де­рек­тер келтіреді.

Пер­тев Найили Бо­ратов Қорқыт Ата ер­тегілері жөніндегі Ис­лам Эн­цикло­педи­ясы­на жазған мақала­сын­да бұл ер­тегілердің XV ғасырға дейін ауыз­ша бо­лып кел­генін, ал XV ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да Аққойын­лы­лар та­рапы­нан жа­зылып алынғанын ес­ке түсіріп, қолы­мыз­дағы бар мәтіндер­де екі бөлек дәуірдің оқиғала­ры бей­не­лен­генін көрсе­теді. Қып­шақ-оғыз түріктерінің Сыр­да­рия солтүстігінде отан­да­рын­да IX-XI ғасыр ара­сын­да кеш­кен өмірлері осы ер­тегі-дас­тандар­да көрсетіліпті.

Және бұл ер­тегі-дас­тандар жа­зылып алынған XV ғасыр­дағы Аққойын­лы мем­ле­кетінде болған оқиғалар­ды қам­ти­ды. Қорқыт Ата ер­тегілерінің негізі қып­шақ-оғыз түріктерінің өмір-тұрмы­сына негіздел­ген және осы за­ман­ның салт, әдет-ғұрып және дәстүр түрлерін көрсе­теді. Бірақ нақ осын­дай салт-дәстүрмен жа­саған Аққойын­лы­лар ер­те­лерді қағазға жазған­да кейбір хи­ка­ялар­ды ол күндердің оқиғала­рына үй­лестіре жа­са­уы мүмкін. Кейбір ғылы­ми еңбек­терде Қорқыт Ата­ның Пайғам­барға елші бо­лып жіберілгені жа­зыл­ды.

Бұл қосым­ша­лар­дың түріктердің ис­лам дінін қабыл­даған­нан кейін жа­зылуы ықти­мал. Қорқыт Ата қып­шақ-оғыз түріктерінің білгіші бо­лып та­была­ды. «Оғыз халқының ба­сына қайыр ке­летінін сөй­ле­ген едім» деп айтқан хик­меттерінен түріктер­ге жол көрсет­кені байқала­ды және оның бақсы болған­дығы жөніндегі ықти­мал­ды күшей­теді. Бақсы­лар әрі ақын бо­латын, әрі өткен за­ман­дардың хи­ка­яла­рын сөй­лейтін, ке­лешек­тен ха­бар бе­ретін. Бақсы болғаны­ның тағы бір дәлелі-қолын­дағы қобы­зы. Әдет­те, қобыз-әули­елердің ас­па­бы. Қазіргі за­ман­да түркі ха­лықта­ры ара­сын­да Қорқыт Ата дас­та­ны кең та­раған. Қорқыт Ата­ның біздің за­маны­мызға дейін жет­кен 12 хи­ка­ясы бар. Олар­дың сегізі ішкі және сыртқы соғыс­тар ту­ралы. Екеуі ғашық оқиғала­ры жайын­да бол­са, екеуі ми­фоло­ги­ялық си­пат­та.

Бірақ бәрі де түркі дүни­есін шын си­патын­да көрсе­теді. Түркі қауымы­ның қаһар­мандығы, мәде­ни­етін, мінезін, діни әдет­терін және тұрмыс­та­рын ашып бе­реді. Қорқыт Ата ер­тегілері мен дас­танда­ры-түркі ми­фоло­ги­ясы­ның қай­нар көзі. Қорқыт VI­II ғасыр­да Сыр бойын­да бұрынғы Жан­кент қала­сы маңын­да өмір сүрген ба­тыр, атақты ақын, асқан күйші. Со­нымен бірге ол ту­ралы көпте­ген аңыз­дар сақталған. Ел аузын­дағы аңыз­дарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір ізде­уші, мәңгілік өмір үшін қай­тпас күрес­кер си­патын­да ай­ты­лады. Бірақ ол өмірінің соңын­да өлмейтін нәрсе жоқ екен де­ген пікірге ке­леді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз са­рыны­нан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі ізде­ген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күй­лерін тол­ла­сыз тар­тып, дүни­еден өтеді.

Өзі өлген­мен ар­тында күй­лері, ұлғат­ты сөздері қала­ды. Ал әде­би­ет та­рихын­да де­ректі түрде Қорқыт ата кіта­бы бар. Қорқыт ата кіта­бы осы күнге дейін Дрез­ден қала­сын­да он екі жыр­дан тұра­тын қол­жазба күйінде және Ита­ли­яда ал­ты жыр­дан тұра­тын қол­жазба күйінде сақта­лып ке­леді. Қорқыт ата кіта­бын VI­II ғасыр­ларда және одан да бұрын туған аңыз­дардың жи­нағы де­уге бо­лады. Олар­ды жыр түрінде жазған-Қорқыт ата. Кітап­та қазақ халқының құры­лу­ына тіке­лей қаты­сы бар, та­рих­та белгілі оғыз тай­па­лары­ның тағды­рына бай­ла­ныс­ты оқиғалар ба­ян­да­лады. Қорқыт ата кіта­бы мы­надай жыр­лардан тұра­ды: — Дер­се хан ұлы Бұқаш ту­ралы жыр, — Қазан бектің ауылын жау шапқаны ту­ралы жыр, — Оғыз қаған жы­ры т. б. Қорқыт ата кіта­бының жыр­ла­ры оғыз тай­па­сының туған жерін, елін сыртқы жа­улар­дан қорғау үшін қан май­данға шыққан алып ба­тыр­ла­рының ерлігі ту­ралы толғай­ды.

Дас­танда ерлік, әділдік, адам­гершілік, ата-ана­ны құрмет тұту, уәде­де тұру сияқты ізгі қаси­ет­тер ай­ты­лады. Оның қаһар­манда­ры қорқақтық пен опа­сыз­дыққа, әдіпсіздік пен са­ран­дыққа қар­сы күре­седі. Қорқыт ата кіта­бының қаһар­манда­ры мен олар­дың бас­тан кеш­кен оқиғала­ры осы иде­ялар­ды аша түседі. Жыр­лардың тең жар­ты­сынан ас­та­мы Қазан бектің ел қорғаған ерлігін, ел-жұртқа жа­саған ізгілікті істерін жыр­лауға ар­налған. Ер­лерше қару асы­нып, жа­умен тай­сал­май соғысқан Қазан бектің әйелі Бөрілі сұлу және оның ұлы Ораз ел басқарған Ба­ян­дыр хан, Дер­се хан, оның ба­ласы Бұқаш, т. б. кейіпкер­лер ерлікпен бірге ізгілік те та­ныта­ды. Қоры­та айтқан­да, Қорқыт ата кіта­бы — әр түрлі жыр­лардың жи­нағы бол­са да, ерлік жа­сау мен ізгілік көрсе­туді біртұтас өріп оты­рады. Қорқыт ата кіта­бын­да тәрби­елік құна­ры мол қанат­ты сөздер көптеп ұшы­раса­ды. Мы­салы: Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі; Құлан құдыққа құла­са, құрбақа құлағын­да ой­най­ды; Ат қинал­май жол шал­мас; Көңілі па­сық ер­де дәулет бол­мас; Қар қан­ша­ма қалың жауған­мен — жазға бар­мас; Ана­дан өне­ге көрме­ген қыз; Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған ба­лаға ешкім жет­пейді, т. б.

Қолы­на қобыз ұстаған ұзан (абыз, жы­рау) ел­ден ел­ге же­теді – деп Қорқыт ата­ның өзі айтқан­дай, өнер-мәңгілік, ол ел­ден ел­ге, ұрпақтан ұрпаққа та­рай­ды.

Қорқыт ата кім болған?

Қарақожа ұлы Қорқыт Ата қазіргі Қызы­лор­да об­лы­сы, Қар­мақшы ауда­нына қарас­ты Сыр­да­рия өзенінің төменгі жағасын­да, Жаңакент /Иени­кент/ қала­сын­да /VI­II—IX ғ. ғ,/ өмір сүрген. Өз халқының, бақыты үшін ’Жер ұйығын" іздеп, көптің муд­десін көзде­ген Қорқыт Ата — ақын, жы­рау, ком­по­зитор, әнші, күйші, қобыз­шы, өз дәуірінің ой­шы­лы болған адам. Бұл жаңа қала Сыр өзенінің Арал теңізіне қүйылар жерінде тұрған­дықтан, қазақ халқы оны Су аяғы — Ер қорқыт" деп те атаған. Та­рихи жаз­ба мәлімет­тер мен ха­лық шежіресі бойын­ша Корқыт­тың әкесі Қарақожа оғыз тай­па­сына жа­татын Ба­ят дейтін ру­дан шыққан, ал ше­шесі қазақ қура­мына кіретін қып­шақ қызы, оның туған жері қәзіргі Қос­та­най об­лы­сының Аят өзені.

Қорқыт мініп, жер дүни­енің төрт бұры­шын кезіп, аңьізға ай­налған атақты Жел­ма­яны оньің ше­шесінің жақын ту­ыс­та­ры сый­лаған. В. М. Жир­мунс­кийдің ай­ту­ын­ша, Қорқыт Ата жы­ра­улар мен жыр­шы­ларға тән көне ха­лық по­эзиясы­ның ерек­шеліктерін бойына сіңірген әнші-жы­рау әрі бол­жа­гыш ақылгөй болған. Оғыз-қып­шақ қога­мының ішкі-сыртқы істерінің білгірі Қорқыт өз за­манын­да төрт-бес хан­дықты ба­сынан өткізіп со­лар­дың бәрінде де бас уәзірлік қыз­мет атқарып отырған. Олар: Инал хан, Дой­лы хан, Көл- Еркі, Тұман хан және Каңлықожа. Хан­дарга күшті ықпал жа­саған­дықтан, олар Корқыт­тың ақыл­ды кеңесінен аса ал­маған. Осы пікірді шығыс та­рихын зерт­те­уші Әбілғазы да ба­са айтқан. Әр турлі аңыз-әңгіме­лер­де Қорқыт­тың туған жы­лы мен жа­сы жөнінде әр түрлі пікір ай­ты­лады. Кейбір де­рек­тер Қорқыт­ты 95 жыл жа­саған де­се, кейбірінде — 195-ке, тіпті 400-ге кел­ген де­ген бол­жам бар. Ал «Де­де Қорқыт кіта­бын­да» Корқыт­тың өмір сүрген уақытын Му­хам­мед пайғам­бардың за­маны­на жақын­да­тады «Ра­сул ғалей һи уәс-са­лам за­маны­на жақын Ба­ят бойын­да Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрып­ты», — дейді ол кітап­та.

Қазақтың аңыз-ер­тегілерінде Корқыт­тың туған күнін өте қорқыныш­ты етіп көрсе­теді. Ол күні алай-түлей бо­ран соғады, нөсерлі жа­уын құяды, күн тұтылған­дай, ай­на­ланы қара түнек ба­сып, үш күнге дейін күннің көзі ашыл­май­ды. Қара­та­уды қап­таған қалың бұлттан күн күркіреп, жұрттың құтын қашы­рып, зәресін ұшы­рады Ха­лық аңыз­да­ры мен жаз­ба де­рек­терге және өзінің ғылы­ми еңбек­теріне сүйен­ген қазақтың ака­демик ғалы­мы Ә. X. Марғұлан­ның мәлімдеуінде Қорқыт­тың ше­шесі нәрес­тені то­гыз күн ұдайы қат­ты толғатып, ерек­ше бір ғала­мат қорқыныш­ты жағдай­да өмірге әкел­генін ай­та­ды. Сыр­да­ри­яның жағасы мен Қара­та­удың ай­на­ласын қара тұман бұлт ба­сып, күн тұты­лады.

Сон­дықтан Қорқыт туған бұл үрейлі қара түнек күнді ха­лық «Қарас­пан» деп атаған. Сұра­пыл дүлей­ден, қара түнек­тен, қорыққан ха­лық жаңа туған ба­лаға «Қорқыт» деп ат қойған. Мағына­сы «Қорқыт, қорқыт­ты» де­ген ұғым бе­реді Мах­муд Қашқари­дың ай­ту­ын­ша,, ха­лық өлеңдерінде, «Оғыз­на­ма» жы­рын­да Қорқыт­тың туғаны ерек­ше си­пат­та­лады. Мұны ака­демик Ә. X. Марғұлан да қуат­тай­ды. Сыр­да­рияға жақын Қара­тау төңірегінде өмірге кел­ген Қорқыт туған­да сөй­леп ту­ып­ты. Ол та­уды Қара­шық /Қара­тау/ не­месе «Қарас­пан» деп атаған. Бұл жөнінде ха­лық аузын­да сақталған мы­надай өлең де бар: Қорқыт ту­ар кезінде, Қарас­панды су алған, Қара жерді құм алған. Ол ту­ар­да ел қорқып, Туған соң әбден қуанған.

Қорқыт және қобыз

Ха­лық ақын-жы­ра­ула­ры өзінің сүйікті қобы­зына қосып, Қорқыт­тың туған күнін осы­лай жыр­лаған. Тағы бір қызық жайт: ха­лық по­эзиясын­да Қорқыт қазақтың ұлттық му­зыка­лық ас­па­бы — қобыз­ды тұңғыш жа­са­ушы ретінде жыр­ла­нады Қобыз­ды жа­са­ушы да, тар­ту­шы да — Қорқыт. Жыр­да ха­лықтың бұл та­маша ас­па­бы — қыл қобыз­дың қан­дай зат­тардан, қалай жа­салғаны да си­пат­та­лады. Мы­салы:

Қарағай­дын түбінен қайырып алған қобы­зым. Үйенкінін түбінен үйіріп алған, қобы­зым. Ақ қайын­ның безінен қағып алған, қобы­зым. Өзегінен ка­ра емен ойып алған, қобы­зым. Қыл құй­рығын тұлпар­дын ішек қылған, қобы­зым. Тау те­кенің мүйізін ти­ек қылған, қобы­зым. Ақ ырғайын қиян­ның құлақ қылған, қобы­зым. Ор­те­кенің терісін са­уыт қылған, қобы­зым. Ақ түйенің сүтімен — сы­лап алған, қобы­зым Сы­рын­ды ашып, үніңді сы­нап алған қобы­зым.

Өзі мықты, үні әдемі, саз­ды бо­луы үшін қазақ халқын­да қобыз ас­па­бы күні бугінге дейін осы әдіспен жа­салып ке­леді. Қазақтың аңыз-әңгіме­лерінде Қорқыт Ата­ның қалай өлгені, не­ден өлгені ту­ралы да ай­ты­лады Со­лар­дың бірінде Қорқыт өлімнен қашып, Сыр­да­рия жағасьіна жайылған кілем үстінде жеп отырған жүзім ішінен қарақурт шы­гып, ша­гып өлтіреді. Енді бір аңыз-әңгіме­де Қорқыт өлімге тосқауыл жа­самақ бо­лып, өмір жайын ән мен күй­ге қосып, Сыр су­ының жағасы­на төсел­ген кілем үстінде қобыз­бен күй сар­на­тып оты­рады. Бір ме­зет­те куй­ге елтіп, ар­баған әбжы­лан Қорқыт қал­гып кет­кен кез­де шағып ала­ды да, Қорқыт Ата со­дан өледі.

«Қорқыт ата кіта­бы» әде­би ес­керткішінен (9—10 ғғ.) Қорқыт ата­ның Оғыз мем­ле­кетінде билік құрған оғыз тай­па­сынан шыққан­дығын білу­ге бо­лады. Оны Ш. Ш. Уәли­ханов қазақтың алғашқы ша­маны, алғашқы ақыны деп атай­ды. Қорқыт жайын­дағы аңыз әңгіме­лер Ә. На­уаи арқылы белгілі бо­лып, түркі ха­лықта­ры, әсіре­се қазақтар ара­сын­да кең та­рады. Аңыз­дарда Қорқыт қобыз жа­саған. Ол қобыз­дың му­зыка­лақ ды­быс­та­лу­ынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.

Қорқыт­тың пайым­да­уын­ша, адам­дар ада­милық қаси­ет­терін сақтап қалу ке­рек. Адам үшін ең қауіптісі — ада­милықты жоғал­ту. Сол аңыз­дарда Қорқыт жер-жаһан­ды кезіп, «басқа ел­ден әркімге өз елінде жақсы» де­ген ой түйінде­генін байқауға бо­лады. Оның ай­ны­мас до­сы сиқыр­лы Жел­ма­ясы бол­ды.

Ес­керткіші

Қорқыт атаға ар­на­лып 1980 ж. Қызы­лор­да об­лы­сының Жо­салы стан­са­сынан 18 km жер­де, Қорқыт разъезінің түбінде ар­хи­тек­ту­ралық ес­керткіш ор­на­тыл­ды. Аутор­ла­ры — сәулетші Б. А. Ыбы­ра­ев, фи­зика­дан ғалым С. И. Иса­та­ев. Ес­керткіш темір бе­тон­нан жа­салған 4 тік көктас­тан (сте­ладан) тұра­ды, биіктігі 8 m. Жоғарғы жағын­да аузы кең түтіктер ор­на­тылған. Аузы кең ор­та­лық тесікке келіп түйісетін 40 ме­талл түтік жел соққан кез­де қобыз са­рыны­мен үндес ды­быс шығара­ды.

Қобыз ата­сы, ком­по­зитор, жыр­шы, ақын, му­зыкант, бақсы­лар­дың қамқор­шы­сы. «Қорқыт ата кіта­бы» әде­би ес­керткіштерінен ІХ-Х ғасыр­ларда билік құрған оғыз тай­па­сынан шыққан­дығын білу­ге бо­лады. Оны Ш. Ш. Уәли­ханов қазақтың алғашқы ша­маны, алғашқы ақыны деп атай­ды. Қорқыт жайын­дағы аңыз әңгіме­лер Ә. На­уаи арқылы белгілі бо­лып, түркі ха­лықта­ры, әсіре­се қазақтар ара­сын­да кең та­рады. Уәли­ханов­тық-по­таниндік түсіндірме «қорқыт» сөзі — адам­зат тұрмы­сының жағдайын көрсе­тетін «қорқыту» сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу — ша­ман ха­лық аңыз­да­рының жемісі. Аңыз­дарда Қорқыт қобыз жа­саған. Ол қобыз­дың му­зыка­лық ды­быс­та­лу­ынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.

Сол аңыз­дарда Қорқыт жер-жаһан­ды кезіп, «басқа ел­ден әркімге өз елінде жақсы» де­ген ой түйінде­генін байқауға бо­лады. Оның ай­ны­мас до­сы сиқыр­лы Жел­ма­ясы бол­ды. «Қорқыт ата кіта­бы» — кейіннен түркі халқының құра­мына қосылған оғыз тай­па­сының эпи­калық жаз­ба ес­керткіші, Кітап оғыз­дардың өмірі жайын­да ба­ян­дай­ды. Оғыз — қып­шақ тай­па­лары­на ор­тақ тілде жа­зылған. Кітап­тың араб әрпімен жа­зылған екі нұсқасы саққалған (Дрез­ден, Ва­тикан). Кітап­та қазіргі қазақ тілінде кез­де­сетін ге­ог­ра­фи­ялық ата­улар көптеп кез­де­седі. Мұра­ның орыс тіліне то­лық аудар­ма­сын В. В. Бар­тольд 1922 жы­лы жа­сады, ол 1962 ж. жа­рық көрді.

Қорқыт ата­ның ке­сенесі

Қорқыт Ата­ның сегіз қыр­лы күмбезді ма­зары қәзіргі Қызы­лор­да об­лы­сы, Қар­мақшы ауда­нына қарас­ты теміржол стан­ци­ясы­на жақын Сыр­да­рия өзенінің жағасы­на /IX—XI ғ./ ор­на­тылған. Ма­зар­дың сыртқы көрінісі қазақтың киіз уйі сияқты дөңге­лек. Ә. А. Ди­ва­ев пен И. А Кас­таньенің зерт­теуі бойын­ша /IX ғ. / ма­зар кірпіштен са­лынған. Ішкі жағы қазақтың түрлі оюла­рымен бе­зендіріліп, ке­реге, уықтар бей­не­лен­ген. XIX ғасыр­дың аяғын­да Қорқыт­тың та­быты басқа жер­ге көшірілгең, ма­зары­ның қал­дықта­рын Сыр суы шайып әкет­кен. Соңғы жьілда­ры /1978—1980/ Қазақстан Рес­публи­касы та­рихи және мәде­ни ес­керткіштерді қор­гау қоғамы Ор­та­лық со­веті Пре­зиди­умы­ның шешімі бойын­ша ар­найы қар­жы бо­саты­лып, Қорқытқа мәңгі ес­керткіш ор­на­тыл­ды.

Ал­ма­тылық жас ар­хи­тек­тор Иб­ра­ев Бектің жо­басы бойын­ша жүзе­ге асы­рылған, қазақтың көне му­зыка­лық ас­па­бы — қыл қобыз бей­не­лен­ген бұл ес­керткіш жел­мен бірге ыңыл­дап, үн са­лып тұра­ды. Ес­керткіш Қызы­лор­да об­лы­сы, Қар­мақшы ауда­нының теміржол стан­ци­ясы­на жақын жер­ден бой көрсе­теді. Қорқыт Ата ма­зарын 1898 жы­лы қазақтың көрнекті фоль­кло­рисі, қазақ ауыз әде­би­еті үлгілерінің белгілі жи­на­ушы­сы Ә. Ди­ва­ев түсіріп алған екен. Сол фо­то-су­рет Стам­бул уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры М. Ер­гиннің /Ки­таби Қор­кыт/ еңбегінде пай­да­ланылған.