Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Сыпыра жырау

Сыпыра жырау

Сы­пыра жы­рау (туған — өлген жыл­да­ры белгісіз) – Дешті Қып­шақтың әйгілі жыр­шы­лары­ның бірі, ноғай, қарақал­пақ, башқұрт, ба­рабы, құрдақ, қырым та­тар­ла­рына ор­тақ тұлға. Оның жыр­ла­ры бізде өз аты­мен жет­пе­ген, толғаула­ры «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқта­мыс хан­ның хи­ка­яты» аңыз-әңгіме­лер мен «Ер Тарғын», «Едіге ба­тыр» эпи­калық жыр­ла­рын­да сақталған. Қазақ зерт­те­ушілері Сы­пыра жы­ра­уды ноғай­лы дәуірінен жет­кен көпте­ген эпи­калық жыр­лардың бірден-бір ав­то­ры са­най­ды. Қазақ аңыз­да­ры мен ба­тыр­лар жы­рын­да жы­рау ел бірлігін көзде­ген да­на ретінде су­рет­те­леді, бірде 120, бірде 180 жа­саған, көпті көрген тәжіри­белі қарт кейпінде көрінеді. Ауыз әде­би­еті дәстүрі біздің за­маны­мызға Сы­пыра жы­ра­удың қиын ке­зеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Ал­тын Ор­да­ның сол кез­дегі би­ле­ушілеріне ар­наған бірне­ше толғау-мо­ноло­гын жеткізді. Бұл толғау-мо­нолог­тарда жы­рау би­ле­ушінің өзін, оның ата-ба­бала­ры мен төңірегіндегілерді си­пат­тап, қалып­тасқан жағдайға баға бер­ген, бо­лашақты бол­жап, со­дан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдай­да өзінен көмек сұрап, хан­дармен жа­уласқан ба­тыр­ларды бітістіру мақса­тын­да жыр­лаған толғаула­ры белгілі. Бұл толғаулар Сы­пыра жы­ра­удың негізінен мәңгілік жыр­шы және бітістіруші болған­дығын дәлел­дейді. Сы­пыра­ның Едіге ту­ралы эпос­та бей­не­лен­ген Тоқта­мыс ханға ар­наған өлеңі оның толғауының клас­си­калық үлгісі бо­лып та­была­ды. Ар­нау жыр­да Сы­пыра жы­рау ал­ды­мен өзін та­ныс­тырған соң өзінің Тоқта­мыс­тың сегіз ата­сын, со­ның ішінде Шыңғыс хан­ды да көріп-білгенін ай­та­ды, олар­дың әрқай­сы­сына тиісінше мінез­де­ме бе­реді. Со­дан кейін Едігенің Тоқта­мыс­тан қашуы кез­дей­соқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қай­та келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жыр­лай­ды. Со­нымен бірге жы­рау Тоқта­мыс­тың күй­зеліске ұшы­раған ұлы­сы мен тұтқынға түскен қыз­да­ры мен әйел­дерінің тағды­рын әдемі су­рет­тейді. «Ер Тарғын» жы­рын­да Сы­пыра жы­рау ту­ралы «өз өмірінде толғау ай­тып, тоғыз хан­ды түзет­кен кісі» делінген, ал «Те­лағыс» жы­рын­да ол ноғай­лы ішіндегі өза­ра қырқыс­ты өршітпей, ел ара­сын­дағы бе­делімен те­геуірінді жы­рымен жа­ула­сушы жақтар­ды бітістіріп отырған тұлға ретінде көрінеді. Ноғай халқын­да кез­де­сетін «Тоқта­мыс хан­ның хи­ка­яты» ат­ты аңыз­да Сы­пыра жы­ра­удың аты­нан қара сөзбен ара­лас ай­ты­латын жыр­лар өзінің та­биғи си­паты жағынан жы­ра­удың «Мен қар­тыңмын, қар­тыңмын» ат­ты толғауына ұқсас ке­леді. «Қырым­ның қырық ба­тырын» жыр­лаған әйгілі Мұрын жы­рау өзін Сы­пыра жы­ра­удың ұрпағы са­наған. Сы­пыра жы­рау шығар­ма­шылығы көпте­ген түркі ха­лықта­ры әде­би­етінде көркем үлгі ретінде орын ал­ды. Мы­салы, ол ноғай­лықтарға — Сы­быра йырау, башқұрттарға — Сыбрй йыры­сы, та­тар ба­рабиндіктер­ге — Са­фар­дау, қырым­дарға — Сы­пара жы­рау ретінде белгілі. Ал қарақал­пақтар Сы­пыра­ны өздерінің ең үлкен эпос­шы жы­ра­улар мек­тебінің негізін са­лушы са­най­ды.