Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қожаберген жырау

Қожаберген жырау

Қожа­бер­ген То­лыбайұлы ша­мамен 1663 жы­лы Солтүстік Қазақстан об­лы­сы, Жам­был ауда­ны, Гүлтөбе Ма­манай өңірінде дүни­еге келіп, 1763 жы­лы қай­тыс болған жы­рау, ба­тыр. Арғы тегі Ор­та жүз Аша­май­лы Керйдің Көше­бе ру­ының Та­узар әулеті. Жас­тайынан нағашы­сы Жа­лаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы ұрпақта­рының қолын­да өсіп, Үргеніш, Бұқара, Са­марқан мед­ре­селерінде оқыған, араб, пар­сы тілдерін меңгер­ген. Он үш жа­сынан ақын­дыққа бет бұрған ол он жеті жа­сын­да аңыз әңгіме­лерді өлеңмен жыр­лаған. Қазақ халқының шығу та­рихын жырға қосып, «Ата тек» дас­та­нын жазған. Тәуке хан тұсын­да Қоқан, Хи­уа, Бұқара хан­дықта­рымен пар­сы, түрікмен елі ара­сын­да елшілік қыз­мет атқарған. 1688 жы­лы Әз Тәуке бас­таған ба­раша ха­лық жақсы­лары 25 жас­тағы Қожа­бер­генді ор­да­басы етіп сай­лаған. Сөйтіп ол жоңғар шапқын­шы­лығына қар­сы күрес­кен қазақ жа­сағының бас қол­басшы­сы болған. Ел қорғаған ба­тыр ерліктері Бұқар жы­ра­удың «Ұста­зым» толғауын­да ба­ян­да­лады. Қожа­бер­ген Тәуке хан тұсын­дағы «Жеті жарғы» заңдар жи­нағын әзірле­уге бел­се­не қаты­сып, кейін оны ақ былғарыға жа­зып Әз Тәуке­ге та­быс ет­кен. Со­нымен қатар ол сол кез­дегі қоғам­дық, әле­уметтік жағдай­ды, қазақ елінің ішкі-сыртқы хал-аху­алын жырға қосып, «Жеті жарғы» ат­ты та­рихи дас­тан жаз­ды. «Елім-ай» дас­та­нын­да 1723 жылғы қазақ елі өміріндегі ауыр ке­зең, «Ақта­бан шұбы­рын­ды, Алқакөл сұла­ма» оқиғасын су­рет­теді. Қожа­бер­геннің қазіргі уақытқа «Ба­ба тіл» дас­та­нының алғашқы бөлімі, «Ата тек» та­рихи жы­рының, «Қуаныш» ат­ты өлеңінің, «Ер Қой­лы­бай» дас­та­нының үзінділері, «Жас­тық», «Кәрілік», «Өси­ет», «На­урыз ба­тасы», «На­сихат өлеңдері» мен «Елім-ай» сияқты аз ғана шығар­ма­лары жет­кен. Оның аталған шығар­ма­лары «Елім-ай» де­ген ат­пен 2001 жы­лы Пет­ро­павл­да кітап бо­лып шықты.