Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Күлтегін Құтылығұлы (684-731 ж.ж)

Күлтегін Құтылығұлы (684-731 ж.ж)

Күлтегін Құтылығұлы (684-731 ж.ж)

Күлтегін және Білге қаған дәуіріндегі түркі мем­ле­кетінің көрнекті әске­ри қол­басшы­сы, «көк түркінің көк сем­сері» атанған атақты ба­тыры. Құтлық қаған­ның кен­же ба­ласы. Әкесінен жас­тай жетім қалып, ағасы Қапаған қаған­ның тәрби­есінде өскен Күлтегін тым ер­те есейіп, қабырғасы қатып, бұғана­сы бекімей жа­тып, жау жа­рағын асы­нып, түркі еліне тұс-тұстан төнген басқын­шы жауға қар­сы үлкен­дер қата­рын­да тұрып, ерлікпен күре­седі. Ағасы Білге қаған және То­ныкөкпен бірге Күлтегін 712–713 ж. ж түріктердің әскерін Соғды мем­ле­кетіне бас­тап келіп, оның би­ле­ушісі Гу­ректі жақтап араб қол­басшы­сы Ку­тей­ба ибн Мус­лиммен соғысқан.

Бұл рет­те түркінің атақты Білге қағаны Күлтегін ба­тыр­дың ба­сына қойылған ес­керткіш тасқа ойып жаз­дырған ғұмыр­на­масын­да: «Әкем қаған өлген­де інім Күлтегін жеті жас­та қал­ды. Он жас­та Ұмай текті ше­шемнің бағына інім Күлтегін ер атан­ды» деп жаз­ды. Та­рихи де­рек­терді са­лыс­ты­ра зер­де­лесек, бұл Күлтегіннің он жа­сын­да ер ата­нып, алғаш көзге түскен соғысы­ның табғаш елінің әйел пат­ша­сы У-хы­удың қапаған­ның ба­сына ақша тігіп, кімде-кім оны өлтірсе, соған «Жан-чо» («Чо­ны өлтіруші», яғни Мо­чо-Қапаған­ды өлтіруші) де­ген ат­пен бірінші дәре­желі кінәз атағын бе­ремін де­ген уәдесін ар­найы жар­лықпен бекітіп, түркі еліне жа­залау жо­рыққа қалың қол ат­тандырған­нан кейінгі, 694 жылғы Жау-жыу және Дин-жыу ай­мақта­рын­да болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыс­та 90 мың тұтқын­ды қолға түсірген.

712 жы­лы Ал­тай­ды ме­кен­де­ген қарлұқтар мен түркілердің бір бөлігі бұларға қар­сы шығады. Шегіну кезінде Күлтегін үлкен жа­сықпен кейін қалып, негізгі күшті қорғап қала­ды. 714 жы­лы Білге қаған мен Күлтегін бірлесіп қарлұқтар­мен олар­дың одақтас­та­рына соққы бе­реді. 715 жы­лы Күлтегін аза­лар­ды Қаракөл өзенінің төңірегінде ой­сы­рата жеңеді. Қытай жаз­ба­лары­на сүйен­сек, 715–716 жыл­да­ры Шығыс Түрік қаған­дығы ішкі дағда­рыс жағдайын­да болған. 716 жы­лы бүлікшілер хан ор­да­сын ба­сып ал­мақ болған­да Күлтегін қорғаныс­ты ұйым­дасты­рып, оларға той­та­рыс бер­ген. 716 жы­лы бүлік шығару­шылар­дың бірі иер-байырқу халқы ша­бу­ылы­нан Қапаған қаза та­бады. Оның таққа иегер ба­ласын Күлтегін өлтіреді де, билікке ағасы Білге қаған­ды отырғыза­ды. Күлтегін қаған­дықтың сол қол ша­ды және бас қол­басшы­сы бо­лып тағайын­да­лады.

Олар да­на То­ныкөкті ел басқару ісіне қай­та шақыра­ды. Күлтегін түркі мем­ле­кетін нығай­ту мақса­тымен бірне­ше рет жо­рыққа шығып, өзін қабілетті қол­басшы ретінде та­ныт­ты. 718 жы­лы қас да­уы табғаш­тар ша­бу­ылын тоқтат­ты. Қаған­дық ша­мамен 721–722 жыл­да­ры Қытайға, ша­мамен 722–723 жыл­да­ры та­табыға жо­рықтар жа­саған. өздерін то­лығымен ірге­лес мем­ле­кет­терге мойын­датқан­нан кейін көрші ел­дермен са­яси қаты­нас­та­рын жақсарт­ты. Ішкі –сырқы са­ясатқа Күлтегін тіке­лей ара­ласып отырған. 723–733 жыл­дар ара­лығын­да мем­ле­кет ешбір ел­мен соғыс­пай, ха­лық бейбіт өмір сүрді.

Міне, осы­дан бы­лай Күлтегіннің ерлік жо­лы бас­та­лады. Та­рихи де­рек­тер сол кез­дегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жо­лын­да болған қырғын соғыс­тардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпе­генін, ду­лығасы жарқырап, жа­уын жа­пырып, қан май­дан­ның ор­та­сын­да жүргенін там­са­на ба­ян­дай­ды. Бұл ара­да сол де­рек­терді тізіп жат­пай-ақ, ба­тыр­дың өзіне ар­нап ор­на­тылған ес­керткіштегі мы­на жа­зулар­дан да біраз жай­ды аңғаруға бо­лады. Тас жа­зуды­удың ав­то­ры Йолығ-тегін Күлтегін ерлігін бы­лай­ша бачн­дай­ды: «Он ал­ты жа­сына кел­генде… ал­ты чуб, соғды­ларға қар­сы ат­тандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтыл­ды. Он тұтықты қару­лы бас­шы­лар­мен қолға түсірді. Ол әскерді сон­да талқан­да­дық. 21 жа­сын­да Ча­ча Сеңүнмен айқас­тық. Күлтегін әуелі Та­дықан шо­раның Боз атын мпініп шап­ты. Ол ат сон­да өлді. Екіншісінде Ыш­быр Жам­тардың Боз атын мініп шап­ты. Ол ат та сон­да өлді. Үшіншісінде Сілікбек-иегіннің То­ры атын мініп шап­ты.

Ол ат та сон­да өлді. Күлтегіннің са­уыты­на, қалқаны­на жүзде­ген оқ тиді, бірақ бірі де де­несіне да­рыған жоқ. Күлтегін 26 жасқа кел­генде қырғыз­дарға қар­сы ат­тандық, күлтегін Байырқын­ның Ақбоз айғыры­на мініп, ша­бу­ылға ұмтыл­ды. Бір ба­тырын оққа ұшыр­ды. Екі ба­тырын най­за­мен түй­реп түсірді. Ақбоз айғыр­дың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін ал­дық… Тоғу қала­сын­да шайқас­тық. Күлтегін Аз­бан ағын мініп ұмтыл­ды. Ал­ты ба­тырын шан­шып түсіріп, жетіншісін қылыш­пен шап­ты. Тоғыз ба­тырын қуып жетіп, тақымға бас­ты… Оғыз­дармен соғыс­тық Күлтегін Жетімек (Өгсіз) ақты мініп ша­уып, тоғыз ерін ша­ныш­ты… Түргеш халқы жау бол­ды. Күлтегінді шағын қол­мен жібердік. Жойқын соғыс жа­сап­ты. Қара түргеш халқы сол жер­де өлім та­уып­ты»… Осы­лай жалғаса бе­реді. Қарап отыр­саңыз Күлтегін ба­тыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқан­ша соғыс­сыз өткен жы­лы бол­мапты. Со­ның бәрінде ол жау қолы­на жа­сын­дай тиіп, түркі қолын жеңіске жеткізіп оты­рып­ты.

Оны жер­ле­уге та­табы елінен Удар Сеңүн, табғаш­тан Ісүйі Лікең, ти­бет­тен Бөлен, алыс­тағы Соғды­дан, бұха­радан Тар­хан ұлы Нең Сеңүн, түргіс қаған­нан Мак­рач таңба­шы оғыз­дан Білге таңба­шы, қырғыз қағаны­на Тар­душ Ынан­шы Чур, т. б. көпте­ген белгілі адам­дар кел­ген. Күз айын­да өткен Күлтегін асы­на та­табы, ти­бет, түргеш, қырғыз ел­дерінің қаты­су­ынан да Күлтегіннің түркі елінің даңқты қол­басшы­сы екендігін аңғаруға бо­лады. Күлтегін ма­зары мен өрнек­телген жаз­ба та­сын тұрғызуға табғаш қаған­дығы «он мың сый, ал­тын, есепсіз күміс» әкелді. Қаған­ның зер­гершісі Чаң-Сеңүн ар­найы кел­ген. Оның құрметіне жа­зылған Күлтегін жа­зуы тек түркі ха­лықта­рының ғана емес, бүкіл адам­заттың баға жет­пес мұра­сы бо­лып та­была­ды.

Әкесі Құты­лығ қаған Екінші Шығыс Түрік қағана­тының іргесін қалап, шаңырағын көтер­се, ар­тында қалған екі ба­ласы: үлкені – Білге қағаны ел бас­тап, кішісі – Күлтегіні қол бас­тап, сол қағанат­тың ай­бы­нын асы­рып, ме­рейін та­сытып­ты. Ағайын­ды екі ұлан ақыл қосып бірге қимыл­дап, елінің бірі – ал­тын тұтқасы­на, бірі – ай­бар­лы асыл тірегіне ай­на­лып­ты. Ажал жетіп сол асыл тірек құлаған­да Ұлы Да­ла күңіреніп, төрткүл дүни­еден түгел елшілер келіп Күлтегін ру­хына тағзым етіпті. Ба­сына ел та­рихын жа­зып, алып ес­керткіш ор­на­тып­ты. Сол ес­керткіштің ғылы­ми көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің ас­та­насын­да, Еура­зия ұлттық уни­вер­си­теті бас ғима­раты­ның төрінде тұр. Ба­тыр ба­баның бақыт­ты ұрпағы күн сайын ес­керткіш қасы­на келіп, ұлы Ерлікке тағзым етеді, ата ру­хына адал­дықта­рын білдіреді.