Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қадырғали Жалайыр (шамамен 1530-1605 ж.ж)

Қадырғали Жалайыр (шамамен 1530-1605 ж.ж)

Қадырғали Қосымұлы Жа­лайыр (1555 жы­лы ша­мамен ту­ылған жы­лы -1607 жы­лы) — ор­та ғасыр­дағы қазақ халқының ғұла­ма ғалы­мы, белгілі биі. Жа­лайыр тай­па­сынан шыққан. Жа­лайыр ата­нуы осы­дан. Ата-ба­бала­ры Қара­хан за­маны­нан бері үздіксіз хан но­ян­да­ры, уәзірлері, ба­тыр­ла­ры бо­лып, ата­лық қыз­метін атқарған. Әкесі Қосым бек, ата­сы Темшік ба­тыр атанған. Қадырғали Жа­лайыр хан ор­да­сын­да жас бек­за­далар­дың ақылгөйі-тәрби­ешісі, хан­ның қара­шысы (ақыл­шы­сы, кеңесшісі) бол­ды. Аулын қал­мақтар ша­уып, Шығай хан­ның ба­ласы, Тәуекел хан­ның інісі, әскер ба­сы Он­дан сұлтан жау қолы­нан өлген соң, ол Он­дан сұлтан­ның 13 жа­сар ба­ласы Ораз-Мұхам­медті ертіп, ауыл-ай­мағымен Сібір ха­ны Көшімнің қол ас­ты­на көшіп ба­рады, он­да да төбе би сай­лан­ды. Өзінің «Жыл­на­малар жи­нағын­да»: «Менің ата­ларым Ораз-Мұхам­мед сұлтан­ның ата­лары­на қыз­мет етті. Өзім Ораз-Мұхам­медтің ата­сы Он­дан сұлтанға қыз­мет еттім, одан соң Ораз-Мұхам­медтің қасын­да бол­дым» деп жаз­ды.

Қадырғали Жа­лайыр ана тілімен қатар араб, пар­сы тілдерін же­те игеріп, Шығыс­тың клас­си­калық әде­би­еті мен мәде­ни­етін, ғылы­мын те­рең білген. Ол -Ор­та Ази­яның атақты ғалым­да­рымен теңдес білімдар адам­ның бірі.

Қадырғали Жа­лайыр­дың ғұла­ма ғылым­ды­лығы мен да­налығын бағалаған Көшім хан оны өзінің ақылгөй кеңесшісі ет­кен. Қадырғали Жа­лайыр Сібір князі Сей­тектің де кеңесші биі болған. Кейіннен Көшім ханға қар­сы шығып, ол Ораз-Мұхам­медпен бірге Сей­тек­пен жақын­дасқан, сөйтіп оның мәрте­бесін көтеріп, бе­делін арт­тырған. Сібір во­ево­дасы Д. Чул­ков 1588 жы­лы Ертіс өзенінің жағасын­да қар­шыға са­лып, көңіл көтеріп жүрген кез­де Қадырғали Жа­лайыр­ды Ораз-Мұхам­мед және Сей­тек­пен Бірге ал­дап тұтқынға түсіреді де, үй-іші, жақын ту­ыс­та­рымен бірге «ама­нат» ретінде әке­луге жөнелтті.

Қадырғали Жа­лайыр 1598жылға дейін Мәске­уде пат­ша са­райын­да тұрды. 1590–91 жыл­да­ры швед­терге, Қырым хан­дығына қар­сы соғыс­тарға қаты­сып, ерлік көрсет­кені үшін орыс пат­ша­сы Фе­дор Ива­нович 1592 жы­лы Ораз-Мұхам­мед сұлтан­ды Ока өзені бойын­дағы Қасым хан­дығынан жер бөліп берді.

1600 жы­лы орыс пат­ша­сы Бо­рис Го­дунов Ораз-Мұхам­медті Қасым хан­дығының ха­ны етіп қой­ды. Қадырғали Жа­лайыр оның 4 уәзірінің бірі етіп тағайын­далды. Осы кез­де Қадырғали Жа­лайыр тіке­лей ғылым­мен шұғыл­данды.

Ол Қасым хан­дығын­да 1600 жы­лы өзінің «Жа­ми ат-та­уарих» (« Жыл­на­малар жи­нағы») ат­ты шежіре кіта­бын жа­зуды бас­тап, оны 1602 жы­лы аяқта­ды. Шежіре 157 бет, Қытай қағазы­на аса ұқып­ты­лықпен жа­зылған. Ғалым шығар­ма­сын өзі тұтас Шығыс ғұла­мала­рының дәстүрі бойын­ша орыс пат­ша­сы Бо­рис Го­дуновқа ар­наған. Қадырғали Жа­лайыр­дың шежіресі- ер­те­дегі қазақ тілінде жа­зылған тұңғыш та­рихи шығар­ма.