Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Мұхаммед Хайдар Дулати

Мұхаммед Хайдар Дулати

Мұхаммед Хайдар Дулати

Мұхам­мед Хай­дар Ду­лати (1499–1551) – белгілі та­рих­шы, әде­би­етші, Моғолс­тан мен оған ірге­лес об­лыстар­дың та­рихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа бо­лып са­нала­тын «Та­рих-и Ра­шиди», «Джаһан­на­ме» дас­танда­рының ав­то­ры. Таш­кент­те дүни­еге келіп, Үндістан­дағы Каш­мир уала­ятын­да қай­тыс болған. Ғалым Жетісу­дағы Ду­лат тай­па­сы әмірлерінің ұрпағы. Ата-ба­бала­ры Моғолс­тан мем­ле­кеті құра­мын­дағы Оңтүстік-Шығыс Қазақстан­ның, Қырғызс­тан мен Түркіменс­тан­ның са­яси өмірінде белгілі адам­дар болған. Ду­лати — өз за­маны үшін жан-жақты әрі аса те­рең білім алған ғұла­ма адам. Оған Ба­быр, Сұлтан Са­ид хан сияқты ор­та ғасыр­лық аса көрнекті ғұла­малар та­рих ғылы­мы, по­эзия, му­зыка, сәулет өнері, зер­герлік са­лала­ры бойын­ша дәріс бер­ген.

Хай­дар Ду­латидің әкесі Мұқамед Ху­сейн Шай­ба­ни хан­ның қолы­нан қаза та­бады. Әкесі қай­тыс болған соң 1509 жы­лы Хай­дар Ду­лати сол кез­де Ка­бул уәла­ятын би­леп тұрған өзінің туған бөлесі Ба­быр пат­ша­ның қара­мағына ба­рады. Ал Ба­быр өзінің атақты «Ба­быр­на­ме» ат­ты ме­му­ар­лық кіта­бын­да Хай­дар Ду­лати­дың ақын­дық та­лан­тын, білімділігін, са­дақ же­бесін жа­са­удағы ше­берлігін аса жоғары бағалаған. Сұлтан Са­ид хан Қашқар елінің билік тағына отырған кез­де Хай­дар Ду­лати осын­да келіп, Қашқар би­ле­ушілерінің бірі бо­лады.

Сон­дай-ақ ол хан­ның мұра­гері Әбу ар-Ра­шид сұлтан­ның ұстаз-тәрби­ешісі бо­лып тағайын­да­лады. 1533 жы­лы хан тағына отырған Әбу ар-Ра­шид ду­лат тай­па­сының бас­шы­лары­нан қауіптеніп, олар­ды қат­ты қуғынға ұшы­рата­ды. Ду­лати Үндістанға қашып кетіп, он­да Ұлы Моғол­дар са­райының әскер­ба­сы бо­лады. 1541 жы­лы Ба­быр ұрпақта­рының көмегімен Каш­мир елін жа­улап алып, сон­да дер­бес мем­ле­кет­ке өзі же­ке да­ра билік жүргізеді. 1551 жы­лы Хай­дар Ду­лати сон­дағы тай­па­лар­дың бірімен шайқас кезінде мерт бо­лады. «Та­рих-и Ра­шиди» — Хай­дар Ду­латидің есімін әлем­ге мәшһүр ет­кен ең бас­ты шығар­ма­сы.

Бұл еңбегінде ғалым ХV-ХVI ғасыр­ларда қазіргі Қазақстан, Өзбекс­тан, Қырғызс­тан, Шығыс Түркістан ай­мағын­да болған аса маңыз­ды та­рихи оқиғалар ту­ралы ба­ян­дай­ды. Сон­дай-ақ дас­танда Ауғанс­тан, Ти­бет, Үнді ел­дерінде орын алған кейбір са­яси, мәде­ни, әле­уметтік оқиғалар да қам­тылған. Ғалым, сол ел­дерді ме­кен ет­кен ру-тай­па­лар­дың, ха­лықтар­дың та­рихын, қоғам­дық-әле­уметтік өмірін, әде­би­етін, мәде­ни­етін, әдет-ғұрпын, салт-са­насын зор білгірлікпен жа­зып қал­дырған. Бұл еңбектің ең құнды­лығы — Хай­дар Ду­лати өз көзімен көрген аса маңыз­ды оқиғалар­ды өзінен бұрынғы және өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі та­рихи құбы­лыс­тармен ше­бер түрде бай­ла­ныс­ты­ра оты­рып ба­ян­даған.

«Та­рих-и Ра­шиди» — қазіргі Қазақстан, Өзбекс­тан, Шығыс Түркістан, Ауғанс­тан, Үндістан, Ти­бет ел­дерінің ХV-ХVI ғасыр­лардағы та­рихын, ге­ог­ра­фи­ясын, әде­би­еті мен мәде­ни­етін зерт­те­уші ғалым­дар үшін аса құнды, тап­тырмас де­рек­тер көзі бо­лып та­была­ды. Бұл еңбек­те бір кез­де ауылы ара­лас, қойы қора­лас бо­лып жатқан күллі түркі ха­лықта­рының қоғам­дық-әле­уметтік ғұмы­ры ба­ян­да­лады. Алай­да Хай­дар Ду­латидің бұл кіта­бын қазақ халқының төл та­рихы, шы­найы шежіресі де­уге бо­лады. Қазақ та­рихы, Хай­дар Ду­латидің ай­туы бойын­ша, Моғолс­тан мем­ле­кетінің өмірге ке­луімен тіке­лей бай­ла­ныс­ты. Моғолс­тан — шығысын­да Ертіспен, солтүстігінде Балқаш көлімен, ба­тысын­да — Түркістан және Таш­кент шаһар­ла­рымен, оңтүстігінде Қағари­ямен шек­тесіп жатқан ұланғайыр мем­ле­кет болған. Со­нау XIV ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да Моғолс­тан­ның алғашқы хан­да­ры Тоғлұқ-Темір мен Іли­яс-қожа Ма­уеран­нахр­ды өзіне қара­ту үшін бірқатар соғыс­тар жүргізген.

Бертін ке­ле осы мем­ле­кет­ке қарас­ты, Жетісу жеріндегі билік әмір Қама­рад­динге көшкен. Бұл кез­де Ор­та Ази­яның би­ле­ушісі Әмір Темір Моғолс­тан жеріне қай­та-қай­та ша­бу­ыл жа­са­умен болған. Моғолс­тан­ның би­ле­ушілері әмір Қама­рад­дин Ду­лат, Еңке төре, Қызырқожа хан және Ақ Ор­да би­ле­ушісі Тоқта­мыс хан бас қосып, Әмір Темірге қар­сы шыққан. Он бесінші ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да мем­ле­кеттің ішкі қай­шы­лықта­ры күшейіп, қазақтың көпте­ген ру-тай­па­лары Дешті Қып­шақты тас­тап кет­кен. Жетісуға қоныс аударған олар­ды Шу өңіріне қазақтың алғашқы хан­да­ры са­нала­тын Жәнібек пен Ке­рей бас­тап барған. Моғолс­тан ха­ны Есенбұға көшіп кел­ген қазақтарға негізінен Шу өзені, Қара­тау маңайынан қоныс беріп, Жәнібек пен Ке­рей Жетісу­да қазақ хан­дығын құрған. Сөйтіп, Хай­дар Ду­латидің «Та­рих-и Ра­шиди» еңбегінде қазақтың алғашқы хан­да­ры және олар­дың көрші ел­дермен қарым-қаты­насы кең көлем­де сөз бо­лады.

Сон­дай-ақ мұнда Ке­рей хан­ның ба­ласы — Бұрын­дық хан, Жәнібек хан­ның ба­ласы — Қасым хан, т. б. ту­ралы құнды де­рек­тер бар. Хай­дар Ду­лати қазақ халқының эт­ни­калық құра­мына ен­ген ру-тай­па­лар жайын­да ег­жей-тег­жейлі жа­за келіп, тай­па­лық тар­тыстар­дың та­рих­та сан рет қан­ды қақтығыс­тарға соқтырғанын, ел ішіндегі ала­уыз­дықты сыртқы жа­улар қалай пай­да­ланып кет­кенін нақты де­рек­тер негізінде әңгіме­лейді. «Та­рих-и Ра­шиди» қанат­ты сөздер­ге, мақал-мәтел­дерге, сан қилы әде­би теңеулер­ге мейлінше бай. Ең бас­ты­сы — бұл ме­му­ар­лық еңбектің шы­найы көркем ту­ын­дыға тән сю­жеттік желісі бар, ком­по­зици­ялық құры­лысы ши­рақ жа­салған әрі ме­тафо­ра, эпи­тет, теңеу іспет­тес көріктеу құрал­да­ры қатар пай­да­ланылған.

Тағы бір на­зар ауда­ратын жәйт — ав­тор белілі бір та­рихи де­рек­терді тізбек­те­умен шек­теліп қой­май, дәл сол де­рек­тер жайын­да өзінің ой-толғаныс­та­рын ди­дак­ти­калық фи­лосо­фи­ялық, пси­холо­ги­ялық тұрғыдан тал­дап түсіндіреді. Хай­дар Ду­лати «Та­рих-и Ра­шидиді» жа­зу үстінде өзін да­рын­ды ақын ретінде де та­ныта білген. Про­за тілімен түсіндіру қиын болған кейбір жәй­ттерді ол арагідік по­эзия тілімен, яғни жыр­мен жеткізген. Оның ақын­дық да­рынын кезінде «Та­рих-и Ра­шидиді» өзге тілдер­ге тәржіма жа­саған Ба­тыс пен Шығыс­тың көпте­ген ғұла­мала­ры ерек­ше атап көрсет­кен. Хай­дар Ду­латидің бұл еңбегін тұңғыш рет Анг­ли­яның аса көрнекті та­рих­шы­сы Де­нисон Росс (1871–1940) ағыл­шын тіліне ауда­рып, оны 1895 жы­лы Лон­донда бас­ты­рып шығарған. Осы кітап сол күйінде ешбір өзгеріссіз қай­та­дан 1972 жы­лы Лон­донда жа­рық көрген.

Шығар­ма­ның қазақ та­рихы­на қатыс­ты тұста­рын кезінде белгілі шығыс­та­нушы ғалым­дар В. Вельями­нов-Зер­нов, В. Вят­кин, т. б. тәржіма жа­сап, өз еңбек­терінде ғылы­ми негізде пай­да­ланған. Шежіренің кейбір бөлімдерін кезінде қазақтын көрнекті ғалы­мы С. Ас­фенди­яров­та аударған. Хай­дар Ду­лати шежіресінің қазақ та­рихы­на қатыс­ты жер­лері 1969 жы­лы орыс тілінде жа­рық көрген. Өзбек ғалым­да­ры «Та­рих-и Ра­шидиді» пар­сы тілінен орыс тіліне ауда­рып, 1996 жы­лы Таш­кент­те бас­ты­рып шығарған. Қоры­та айтқан­да, Хай­дар Ду­латидің «Та­рих-и Ра­шид» еңбегі — түркі тек­тес ха­лықтар та­рихы­нан, со­ның ішінде қазақ ка­уымы­ның көне шежіресінен аса құнды де­рек­тер бе­ретін бірден-бір ту­ын­ды.