Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Малайсары батыр

Малайсары батыр

Малайсары батыр

Ма­лай­са­ры (ша­мамен 1700–1756 жыл­дар) – Абы­лай хан­ның сенімді серіктерінің бірі, жоңғар шапқын­шы­лығына қар­сы күрес­те ерек­ше көзге түскен ба­тыр әрі би. Қазіргі Пав­ло­дар об­лы­сының аумағын­да дүни­еге кел­ген. Арғын ішіндегі бәсен­тин ру­ынан шыққан. Оның әкесі Тоқта­уыл — ба­тыр, ба­лу­ан, ана­сы Мөлдір — қал­мақтың атақты но­яны­ның қызы, қарын­да­сы Гауһар (Қабан­бай ба­тыр­дың әйелі) — ерлігі аңызға ай­налған қаһар­ман қыз болған. Ма­лай­са­ры ба­тыр ту­ралы де­рек­тер алғаш рет Шоқан Уәли­ханов­тың жаз­ба­ларын­да кез­де­седі.

Қазақтың ұлы ғалы­мының жа­зу­ына қараған­да Абы­лай хан Ма­лай­са­рының ба­тыр­лығын, ақылы мен қай­ра­тын жоғары бағалаған. Шоқан­ның қолын­да болған құнды де­рек­тердің бірі Жоңғар қон­тай­шы­сы Қал­ден Се­реннің Ма­лай­са­ры ба­тырға «тар­хан» атағын бе­ру ту­ралы жар­лығы. «Тар­хан» атағы көне­ден ке­ле жатқан ла­уазым, дәре­же, бұл атақтың иелері алым-са­лықтан бо­саты­лады, анау-мы­нау ұсақ қыл­мыс бойын­ша тек хан ал­дында ғана жа­уап бе­ретін болған. Бұл гра­мота қал­мақ тілінде «то­до би­чиг» («төте жа­зу» — де­ген сөз осы­дан шығады) жа­зу­ымен жа­зылған. Шежіре нұсқала­рын­дағы Ма­лай­са­рыға қатыс­ты бірсы­пыра де­рек­тер Мәшһүр Жүсіп жаз­ба­ларын­да кез­де­седі.

Ол Ма­лай­са­ры ба­тырға қатыс­ты қызықты әнгіме­лерді қазақ ба­тыр­ла­рына, оның ішінде Ол­жа­байға ар­налған аңыз­дар топ­та­масын­да келтіреді. Шежірешінің ай­ту­ына қараған­да: «Осы Ма­лай­са­ры өз за­манын­да епе­тейсіз ірі, дөкей ба­тыр­дың бірі есепті болған» — деп су­рет­тейді. Ма­лай­са­рыға қатыс­ты тағы бір де­рек­тер жа­яу Мұса Бай­жа­нов­тың Қазақ Ұлттық ғылым ака­деми­ясы кітап­ха­насы­ның си­рек кез­де­сетін қол­жазба­лар бөліміндегі «Абы­лай хан­ның 40 ба­тыры­мен Са­ры­арқаны қал­мақ ха­ны Қал­дан Се­рен­нен тар­тып алған уақиғасы» де­ген қол­жазба­сын­да кез­де­седі. Сон­дай-ақ, ке­лесі ауыз екі мағлұмат­тар ХІХ ғасыр­дың соңы мен ХХ ғасыр­дың ба­сын­да қазақ жерінде өлке­тану ісімен шұғыл­данған орыс зерт­те­ушілерінің жаз­ба­ларын­да да бар. Мәсе­лен В. Ни­китин «Па­мят­ни­ки древ­ности Кар­ка­ралинс­ко­го уез­да» ат­ты мақала­сын­да (1895 ж.) Қарқара­лы та­ула­рын­дағы тас­тан қаланған ірі бекініс жүйесін Ма­лай­са­ры аты­мен бай­ла­ныс­ты­рады.

Ма­лай­са­ры ту­ралы де­рек­терді өткен ғасыр­дың 90-шы жыл­да­ры Ертіс өңірінің белгілі өлке­тану­шысы Жеңіс Мар­да­нов жи­нақтай бас­та­ды. Ертіс бойын­да қазақ шежіресін, эпи­калық жыр­ла­рын жатқа ай­та­тын адам­дар аз бол­са да өлке­тану­шы тын­бай ізденіп, ауыз­ша де­рек­тер мен жаз­ба­ша ма­тери­ал­дарды ұштас­ты­ра оты­рып Ма­лай­са­ры ба­тырға ар­налған қысқаша этюд­тер жаз­ды. Ол «Да­уа» шығар­ма­шылық бірлестігі жа­ри­ялаған «Қазақ халқының каһар­манда­ры» кіта­бының бірінші то­мын­да жа­рық көрді. Ма­лай­са­ры ба­тыр ту­ралы га­зет мақала­лары 90-шы жыл­дардан бас­тап жа­ри­яла­на бас­та­ды. Олар­дың ішінде 1991 жы­лы та­мыз айын­да «Да­уа» га­зетінің бетінде жа­ри­яланған топ­та­маны ай­та кет­кен орын­ды.

Жоңғар Ала­та­уының ба­тысын­дағы Ал­ты­немел та­уының бір сілеміне, Ма­лай­са­ры ба­тыр есімі берілген. Ма­лай­са­ры та­уының бөктерін ме­кен­де­ген ауыл аза­мат­та­рының ба­тыр есімін жа­дын­да ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп ке­леді. Мұндағы қари­ялар ауыл­дың жас­та­рына көпте­ген ұлағат­ты әңгіме­лерді ай­тып оты­рады. Алыс са­парға шығатын­да­ры ба­тыр­дың ба­сына ар­найы келіп дұға оқиды. Бұл жердің маңынан қат­ты жүру­ге бол­май­ды деп Ма­лай­са­ры ба­тыр жер­ленген оба тұсы­нан жа­яулап өтеді. Ма­лай­са­ры ауылы­ның іргесіндегі бұлақ та «Ма­лай­са­ры бас­та­уы» ата­лады. 2006 жы­лы Пав­ло­дар об­лы­сының Қызыл­жар елді-ме­кенінде Ма­лай­са­ры атын­дағы мешіт ашыл­ды. Ал 2008 жы­лы Пав­ло­дар қала­сын­дағы Ж. Ай­ма­уытов атын­дағы Қазақ му­зыка­лық дра­ма те­ат­рында Ж. Ар­тықба­ев­тың «Ма­лай­са­ры» та­рихи дра­масы­ның премьера­сы өтті.