Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Марғасқа Жырау

Марғасқа Жырау

Марғасқа жы­рау (туған және өлген жыл­да­ры белгісіз) (XVII ғ.)– ақын, жа­уын­герлік рух­тағы жыр­ларды шығару­шы, қазақ по­эзиясын­дағы көне дәстүрді жалғас­ты­рушы. Жал­пы жы­ра­удың өмірі, шығар­ма­шылығы ту­ралы бізге жет­кен де­рек­тер тым аз. Де­ген­мен қол­да бар де­рек­терге қараған­да Марғасқа жы­рау Есім хан­ның жо­рық жы­ра­уы, қол бас­таған ба­тыры болған. Қилы за­ман­дарда шапқын­шы­лықтар мен жо­рықтар­дан ха­лықтың жа­нын сақтап, ма­лын қорғау хан­мен қатар осы тұлғалар­дың да жа­уап­кершілігінде болған. Есім хан­ның жо­рық жы­ра­уы ретінде елдің ты­ныш­тығы үшін аян­бай еңбек ет­кен ол ха­лықты жəбірле­ген мейірімсіз хан­дарды аяусыз сы­наған. 1627 жы­лы Таш­кент өңіріне билігін жүргізіп тұрған Тұрсын хан­ның Есім ханға қар­сы бүлігін ба­суға қатысқан. Жы­рау Есім хан­ның өмірі мен ерлік істері су­рет­телген «Еңсе­гей бой­лы ер Есім» ат­ты жеті мың жол­дық та­рихи жыр­ды алғаш жыр­ла­ушы болған де­ген бол­жам бар. Марғасқа жы­ра­удың бізге жет­кен са­на­улы ғана жыр­ла­ры оның от тілді, орақ ауыз­ды жы­рау болған­дығын көрсе­теді. «Ей, Қатаған­ның хан Тұрсы­ны» ат­ты өлеңінде: «Ей, Қатаған­ның ха­ны Тұрсын, Опа­сызға лағынет бол­сын. Кінəсіз ха­лықты жы­латқан Жер Тəңірісі сияқты­сың. Ал­тын тақта отыр­саң дағы Ажалға төтеп бер­мессің», — деп Таш­кент ха­нының қазақ ауылы­на опа­сыз­дықпен ша­бу­ыл жа­сағанын, жа­зықсыз жан­дарды қырып-жойған­дығын бетіне ба­сады.