Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Майқы би (шамамен XII-XIII ғ.ғ)

Майқы би (шамамен XII-XIII ғ.ғ)

Майқы би – аңызға ай­налған та­рихи тұлға, атақты би, ше­шен. Ха­лықтың ауыз­ша та­рихы­ның ай­ту­ын­да, Шыңғыс­ты хан көте­руге қатысқан 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр ше­шендігімен бүкіл қазақ қауымы­ның ара­сын­да атағы шыққан адам. Ха­лық ара­сын­да: «Түгел сөздің түбі бір, түп ата­сы Майқы би» де­ген ескі сөз бар. Шежіре­лер­де Майқы би де­ген ат­пен өмір сүрген бірне­ше тұлға кез­де­седі. Кейбір зет­те­ушілер оны б. з. б. үйсін мем­ле­кеті би­ле­ушілерінің бірі деп есеп­тейді. Майқы би Мәнұлы де­ген ат­пен белгілі. Б. з. б. 178–89 жыл­да­ры өмір сүрген және аңыз бойын­ша би атанған тұңғыш адам. Шежіре­лер­де кез­де­сетін екінші Майқы би Төбейұлы (1105–1225) Шыңғыс хан­ның за­ман­да­сы, әрі оны хан көтер­ген 12 бидің бірі. Пар­сы та­рих­шы­сы Ра­шид ад-Диннің «Жа­миғ ат – та­уарих» ат­ты шығар­ма­сын­да «Қошын­дық Бай­ку де­ген ат­пен» Майқы бидің Шыңғыс хан­ның оң қолы, ел басқару ісіндегі ақыл­шы­сы, бас биі болғаны, Жо­шы хан әскер­лерінің оң қана­тын басқарғаны ай­тыл­ды. Осы де­рек моңғол жыл­на­масы «Ал­тын тоб­чи­да» да бар. Кейбір ха­лық аңыз­да­рын­да Майқы бидің Ор­манбет би өліп, он сан ноғай­лы ел бүлінген­де қазақ ұлы­сын құрған және қазақтың үш жүзіне таңба үлестіріп бер­ген абыз-би болған­дығы ай­ты­лады.

Шежіре де­рек­тер бойын­ша Ұлы жүздің түп ата­сы Ақарыс­тан Ұзын­сақал Ыбы­райым, одан Кейкі, одан Төле би, одан Қойыл­дыр, Қоғам, Майқы, Мекіре та­рай­ды. Майқы есімі қазақтар­дың шығу тегіне қатыс­ты көпте­ген аңыз-әңгіме­лер­де кез­де­седі.

«Қазақ Со­вет эн­цикло­педи­ясын­да» оның Шыңғыс хан­ның ел басқару ісіне көмек­тесіп, ақыл­шы­сы, өзі жо­рыққа ат­танған­да ор­ны­на қал­ды­ратын биі болғаны, Жо­шы хан­ның Ба­тысқа жа­саған жо­рығын­да моңғол әскерінің он қана­тын басқарғанын ай­та­ды. Осыған қараған­да, Майқы би жас жағынан Шыңғыс хан­мен қатар­лас, бол­ма­са еп­теп үлкен бо­луы мүмкін.

Ал қазақ аңыз­да­ры оны одан бірер ғасыр кейін жа­сатып, қазақтар­дың үш жүзге бөліну кезінде үлкен рөл атқар­ды де­генді ай­та­ды.

Майқы би қазақ ру­ларын үш жүзге бөліп, Үйсін бас­таған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бас­таған бөлікті Ор­та жүз, Ал­шын бас­таған бөлікті Кіші жүз деп атай­ды. Ноғай­лы хан­да­рының бірі – Қызыл Арыс­танның ба­ласы Ах­метті Ұлы­та­уда үш жүздің ха­ны етіп көрсе­теді.

Майқы би қазақ ұлы­сын құра оты­рып, ұрпақта­рына: «Хан ақыл­ды, әділ бол­са, қара­шасы ын­ты­мақты, ба­тыл бол­са, қара жер­ден су ағызып, ке­ме жүргізеді… Ақ білектің күшімен, ақ най­за­ның ұшы­мен ел бо­луды ой­лаңдар…» де­ген өси­ет қал­дырған. Бұл аңыз­да Майқы бидің өз за­манын­да аса бе­делді, ақыл­ды ірі адам болғанын аңғар­та­ды. Майқыдан бас­тап би – атақ ла­уазым, билік — өнері са­нала­ды. Ха­лықтың әдет-ғұрып, сал­тын, жол-жо­ралғысын заңға ай­нал­ды­рып, қолғам­дық қару етеді.

Майқы бидің ала­тын ор­ны ерек­ше, түркі ха­лақта­ры әлі бөлінбей тұрған кез­де өмір сүріп, әділдігімен, ше­шендігімен жал­пы түркілік қай­рат­кер дәре­жесіне көтерілген адам бол­са де­ген бол­жамдар бар. Майқы биді өзбек, та­тар, башқұрт, қарақал­пақ ха­лықта­ры өз биі деп есеп, қадір тұтқан.