Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Махмұд Қашқари

Махмұд Қашқари

Махмұд Қашқари

Махмұд Қашқари (то­лық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхам­мед) (1029–1101) – түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрас­ты­рушы, эн­цикло­педист-ғалым, атақты «Ди­уани луғат-ат-түрік» еңбегінің ав­то­ры. Қашғар­да ту­ып, Ба­ласағұн қала­сын­да өмір сүрген. Қара­хан­дар ақсүйек­тері ор­та­сынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхам­мед Ма­урен­нахр­ды жа­улаушы Боғыр­ханның не­мересі. Ол Қашғар­да білім алып, Бұха­ра мен Бағдад­та оқуын жалғас­тырған. Түркі ха­лықта­рын түгел­ге жуық ара­лап, заң ілімі, ариф­ме­тика, Құран, ша­ри­ат пен ха­дис бойын­ша білім ал­ды.

Араб-пар­сы тілдерін, әде­би­еті мен мәде­ни­етін меңгерді. XI ғасыр­да «Ди­уани луғат-ат-түрік» еңбегін жа­зып, түркі тілдерінің мәрте­бесін көтерді. Кітап­та тек түркі сөздерін теріп жа­зып, өзге тілден ен­ген сөздерді қол­данбаған. Ғалым бұл кітап­та Бағдад оқымыс­ты­сы Әбдірах­ман әл-Бас­ри­дың (VI­II ғ.) «Ки­табул ай­ни» ат­ты еңбегі негізінде түзген. Сөздіктің түпнұсқасы жоғалған. А. Абул­фатх­тың 1266 жы­лы жа­саған көшірмесі 1915 жы­лы Ыс­тамбұл ба­зарын­да ескі зат­тарды са­тушы­ның ар­ба­сынан та­былған. Қазір Ыс­тамбұлдағы Фа­тих кітап­ха­насын­да сақта­улы тұр.

3 том­нан, 8 кітап­тан тұра­тын еңбек­те 6800 түркі сөзі ғылы­ми жүйеге түсірілген. Ғалым­ның бұл кіта­бы ер­те ор­та ғасыр­лық түркі халқының эн­цикло­педи­ясы сияқты. Ол түркіта­ну та­рихын­да тұңғыш рет та­рихи-са­лыс­тырма­лы әдісті қол­да­нып, ди­алек­то­логия ғылы­мының негізін сал­ды. Түркі тай­па­лары­ның ерек­шеліктерін сақтай оты­рып, тіл бай­лығын зер­де­леу, ай­ты­лу, жа­зылу, заңды­лықта­рын, қол­да­ну аясы­на қатыс­ты айырым белгілерін зерт­теу ғалым­ның бас­ты ұста­нымы бол­ды. Сөздер­ге түсінік бе­руде 242 бәйіт пен 262 мақал-мәтелді пай­да­лан­ды. Ауыз әде­би­етінің жоқтау («Алып Ер Тоңға өлді ме?»), ай­тыс («Жаз бен қыс­тың ай­ты­сы») үлгілерін де қам­ты­ды.

Кітап­та ерлік істерді ма­дақтаған, та­биғат көріністері мен ғашықтықты жыр­лаған жыр шу­мақта­ры кез­де­седі. Түркі то­пырағын­да Яс­са­уиден бас­та­лады деп та­нылып кел­ген со­пылық по­эзия үлгілерін Махмұд Қашқаридің сөздігінен та­буға бо­лады. Ғалым өз сөздігінде 29 тай­па­ның эт­но­ним, то­поним­дерін, ту­ыс­тық ата­ула­ры мен киім-ке­шек, тағам ат­та­рын, салт-дәстүр ерек­шеліктерін атап көрсетіп, ұсақ ру­лар­дың таңба­лары­на дейін си­пат­тай­ды. Сол кез­дегі түркі ха­лықта­рының дүни­ені қабыл­да­уы, эт­ни­калық нор­ма­лары мен құнды­лықта­ры, өзін-өзі ұстау әдеті тілге ти­ек етіледі. Әртүрлі тай­па­лар ара­сын­дағы та­рихи-мәде­ни бай­ла­ныс­тар, Қазақстан мен Ор­та Азия аумағын­да болған кейбір та­рихи оқиғалар жайын­да (Мәсе­лен, Ес­кендір Зұлқар­найын жо­рығы ту­ралы) құнды мәлімет­тер келтіріледі.

Ғалым­ның дөңге­лек кар­та­сы ең ежелгі түркі кар­та­сы ретінде белгілі. Мұнда ол түркі ха­лықта­рының та­ралым ай­мағын көрсе­теді. Кітап­ты түзу­де бірне­ше жы­лын сарп етіп, 1072–1078 жыл­да­ры Бағдад қала­сын­да жа­зып бітірген. Бұл кітап 1997–1998 жыл­да­ры қазақ тілінде жа­рық көрді. Ауда­рып, бас­паға әзірле­ген А. Еге­убаев. Махмұт Қашқари­дың «Түркі сөздігінен» басқа «Ки­тап-и-джа­вахир ан-нахв фи луғат ат-түрік» («Түркі тілдері син­таксисінің құнды қаси­ет­тері ту­ралы») ат­ты еңбегі болған, бірақ кітап біздің за­маны­мызға жет­пе­ген. Ғалым өзінің кіта­бы ту­ралы «Түркі тілін үй­ре­нудің қажеттілігін өмір та­лабы мен ақыл та­разы­сы әбден дәлел­дейді.

Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыз­дардың сөздері мен сөй­леу мәнер­лерін зерт­теп, қажеттісін пай­да­лан­дым. Әрқай­сы­сының тілі мен сал­ты са­нама әбден қалып­тасты. Со­лар­ды мұқият зерт­теп, ар­найы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ес­керткіш әрі та­усыл­мас әде­би-көркем мұра боп қал­сын де­ген ни­ет­пен түркі ел­дерінің сөздігін жа­сап, кітапқа „Түркі сөздерінің жи­нағы“ деп ат қой­дым. „Жи­нақты“ сегіз бөлімге топ­тастыр­дым. Әрбір тай­па­ның тілінен сөз жа­сауға бо­латын түбір сөздерін ғана ал­дым. Түркі ха­лықта­рының бәйіт-жыр­ла­ры мен мақал-мәтел­дерінен мы­сал­дар келтірдім. Бұл кітап­ты пай­да­ланған­дар кейінгілер­ге, олар өздерінен кейінгілер­ге жеткізсін де­ген ни­ет­пен тағы біраз та­был­май­тын тіркес­терді пай­да­лан­дым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа ха­лықтық мұра­ны қаз-қал­пында жеткізу мақса­тымен қиянға қанат қағып, әсемдік әлем — мәңгілік өмірге біржо­ла жол­да­ма ал­дым», — деп жаз­ды. ЮНЕС­КО 2008 жыл­ды ғұла­ма ғалым­ның туғаны­на 1000 жыл то­лу­ына орай «Махмұт Қашқари жы­лы» деп жа­ри­ялаған бо­латын.