Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Наурызбай батыр

Наурызбай батыр

Наурызбай батыр

Құттым­бет (Құтпан­бет) ұлы На­урыз­бай (1706–1781) жоңғар басқын­шы­лары­на қар­сы күрес­те аты шыққан атақты ба­тыр­лардың бірі, белгілі қол­басшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Ша­пыраш­ты тай­па­сының Асыл ру­ынан. Ме­кені Ал­ма­ты қала­сы маңын­дағы Жал­пақтөс, Серіктас де­ген жер­лер.

Ел ба­сына түскен ауырт­па­лық өзге за­ман­даста­ры сияқты На­урыз­бай­ды да ер­те есей­теді. Оның ере­сек­тер қата­рына қосы­лу­ына нар тұлғалы алып де­несі де септігін тигізген сияқты. Ха­лық жа­дын­да оның «То­ры ала тұлпар­ды, түйе тұрпат­ты» ба­тыр бей­несінде қалуы да со­дан.

На­урыз­бай­дың өмірі жоңғар­ларға қар­сы күрес­те өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасы­на қаты­сып, жи­ыр­ма үш жа­сын­да қал­мақ ба­тыр­ла­ры Ша­мал­хан мен Қас­ке­леңді жек­пе жек­те өлтіріп, ба­тыр ата­нады. Ба­тыр­дың ерлігіне ри­за болған елі: «На­урыз­бай­дың екпіні та­удан асқан тасқын­дай. Қал­мақты қой­дай қыра­ды, от­тан су­дан тар­тынбай. Тор ала тұлпар ас­тында, шойын шоқпар қолын­да. Түйе тұрпат­ты тұтқыр ер, оңды сол­ды ұра­ды» деп, оның атын жырға қосып, мақтан тұта­ды.

Аңырақай шайқасы қазақ қауымы біріксе, жоңғар­ларды жеңетінін, жау қолын­да қалған жерді азат ету­ге бо­латы­нын анық көрсетіп бе­реді. Абы­лай Арқаға барған­нан кейін тұс тұсқа жа­ушы жіберіп, жаңа күш топ­тай­ды. Осыған Ұлы жүзден Өте­ген, Райым­бек, На­урыз­бай секілді ба­тыр­ларды шақыра­ды. Райым­бек ба­ра ал­май қала­ды, Өте­ген мен На­урыз­бай жа­уын­герлерін ертіп, мерзімді уақытын­да же­теді. Бірақ кейін Өте­ген ба­тыр Абы­лай­дың Қытай­мен жа­саған қарым қаты­насы­ның са­яси мәніне түсінбей, оған қар­сы бо­лып, еліне қай­тып ке­теді. Ал На­урыз­бай Абы­лай­дың қасын­да бо­лып, оның сенім ар­тар атақты ба­тыр­лардың біріне ай­нал­ды.

Қол бас­тап та­лай шайқасқа қатысқан На­урыз­бай ба­тыр 1750–1752 жыл­да­ры Бәсен­тиін Ма­лай­са­ры, Қыс­тық Ма­лай, Ша­пыраш­ты Қасқары ба­тыр­лармен бірге тізе қоса қимыл­дап, қазақ қолы­ның жеңісті жо­лын жалғас­ты­рып, жоңғар­ларды Тұрпан­нан асы­ра қуып тас­тай­ды.

Жоңғар басқын­шы­лары­на қар­сы азат­тық соғысы­на На­урыз­бай­дың өзімен бірге Құдай­бер­ген, Шол­пан, Дүй­сен де­ген ба­уыр­ла­ры да қаты­сады. Бірақ олар­дың бәрі де жау қолы­нан қаза та­бады.

На­урыз­бай ба­тыр 1822 жы­лы (жылқы) Бу­рабай ба­урайын­да дүни­еге кел­ген. Мүсіні қол­мен құйған­дай. Жа­уыры­ны қақпақтай, күпшек ке­уде, биік бой­лы, де­несі тіп-тік, белі жіңішке. Сол сұлу­лықтың үстіне Абы­лай ата­сына тартқызып, өнерді де шексіз жо­март­тықпен үйіп-төгіп мол бе­руі тіпті қай­ран қал­ды­рар­лық. Өзі ақын, өзі әнші, өзі ком­по­зитор-күйші. «Төре­лер күйі» деп ата­латын көп күй­лер бар, осы төре­лер күй­лерінің бір өкілі – На­урыз­бай еді. Ту­ма та­лант өнер ше­берлігімен қоса, тапқыр сері мінезді болған. Со­ның бәрінен де На­урыз­бай­дың ба­тыр­лығы ба­сым еді.

Ке­неса­ры жа­уына ша­бу­ыл са­лар­да әрдайым На­урыз­бай­дың ақыл-кеңесіне ден қойып отырған, қысыл­таяң, қиын жер­лерге көбіне со­ны ғана жұмсаған. Өй­ткені туған інісі, әрі үзеңгілесі болған.

На­урыз­бай орыс­тарға, Қоқан әскер­леріне қар­сы ұлт-азат­тық көтерілістің бел ор­та­сын­да жүрді. Қазақ мем­ле­кетінің мүддесін қорғауда асқан ба­тыл­дық та­ныт­ты және Ке­неса­ры хан­ның адал да абы­рой­лы қол­басшы­лары­ның бірі еді. На­урыз­бай­дың теңдесі жоқ ба­тыр­лығын жа­ула­ры да мойын­даған. Оның «оң қолын­да төрт жігіттің күші бар» де­ген сөз бе­кер ай­тыл­ма­са ке­рек. Ішіне қорғасын құйылған най­за­сы бар ол жан­серігі Ақауызға мініп, «Абы­лай!» деп ұран­дап шапқан­да, дұшпан­да­ры оны алыс­тан та­ниды екен. На­урыз­бай жа­сағы қазақ әскерінің ал­дыңғы са­пын­да, аса жа­уап­ты тап­сырма­лар­ды орын­дап отырған. Жасқану де­генді білме­ген нағыз жа­ужүрек болған, оны кей­де ке­реметтің күші сақтап қала­тын­дай екен. Ке­неса­ры хан­мен бірге Ақмо­ла қама­лын­да және пол­ковник Би­зонов­тың жақсы қару­ланған жа­сағымен шайқас­тарда көрсет­кен ба­тыл әре­кеті оның баһадүрлігінің көрнекті үлгісі іспетті.

Бір күні На­урыз­бай қасы­на жол­даста­рын ертіп, көп жа­саған да­на қарт Абызға өзін сы­нат­паққа ке­леді. Сон­да Абыз: «Е, На­урыз­бай, менің жа­сым 120 ға келіп отыр, осы жас­тың ішінде се­нен ар­тық ер көрмедім. Үш нәрсенің сырт­та­ны бар еді: иттің, қасқыр­дың, жігіттің. Сен жігіттің сырт­та­ны екенсің. Бірақ адам ба­ласы­на мейірімің жоқ екен, бағың маңдайыңда ғана екен, ғұмы­рың қысқа 20–25 тен ас­пассың, дүни­еден ар­манда қал­ма!» де­ген екен.

Ке­неса­ры қолы аз ғана күшпен қор­ша­уда қалған­да, На­урыз­бай жанған от­тай ла­пыл­дап: «Ке­не аға, маған Ағыбай мен Құрман­ды бас қылып жүз жігіт беріңіз. Мен қырғыз шебін жа­рып өтіп, жол аша­мын. Сол жер­ден сіздер де шығасыз­дар. Бұл бірден-бір дұрыс жол бо­латын. Бірақ Ке­неса­ры:

- Жау шебін жа­рып өтіп, аты жүйріктеріміз қашып құты­лар­мыз, ал қалған­дар қай­теді? Бәрі түгел қырыл­май ма? Маған сеніп соңыма ер­ген елімді жауға тас­тап, өз ба­сым­ды сақта­сам, сон­да менің кім болғаным? Жоқ, өлсек бәріміз бірге өлеміз, құтыл­сақ бірге құты­ламыз!» — дейді.

Көптің аты көп, то­пырақ ша­ша ал­май­сың. Орыс, қазақ, қырғыз ма­нап­та­рының қолы үше­улеп қор­шаған соң қол қырыл­ды. Иман (Аман­келдінің әкесі), Бұғыбай, Бұқар­бай, Құрман сияқты ба­тыр­лар опат бол­ды. Ке­неса­ры хан тұтқын­да қала­ды. На­урыз­бай, Ағыбай, Же­кеба­тыр үшеуі тізе қосып, соңына ер­ген азғана топ­пен жау шебін бұзып өтіп ке­теді. Алай­да сыңары­нан ай­рылған аққудай алысқа ұзай ал­май, маңай­да төңірек­теп жүреді.

Қырғыз ма­нап­та­ры бол­са, Ке­неса­рыны қай­тер­лерін білмей қал­ды. Өлтірейін де­се – қорқады. На­урыз­бай тірі жүрген­де ты­ныш­тық бер­меуі хақ, қан құсты­рып кек ал­май қой­май­ды. Бәрі ой­ла­са ке­ле ақыры Ке­неса­рыны бо­сатып жібе­руден басқа жол тап­па­ды. Ол жай­ды На­урыз­бай қай­дан білсін, ке­уде­дегі жа­ны ғана бөлек жүретін аяулы ағасы­ның жау қолын­да қалып, қор болған күйігі шы­дат­пай қайғыла­нып, ақыры Ағыбай ба­тырға «- Ей, Ағеке, бұрынғының сөзі бар ғой – екі қатын­ның ба­ласы екі ру­лы ел де­ген, мен Ке­не ағам­ды не жа­удан ара­шалап алайын, не бірге өлейін, ағам­нан жа­ным ар­тық емес» — деп ба­сын өлімге берік бай­лай­ды да, есіл ер­лермен қош­та­сып, Ке­неса­ры хан тұтқынға түскен жер­ге бет алып, жау жа­тағына жалғыз ба­рып кіреді. Асыл ер Кекілік та­уын­дағы ұрыс­та қырғыз­дар қолы­нан Ке­неса­ры хан ағасы екеуі қаза бол­ды.

На­урыз­бай ба­тыр – халқының тәуелсіздігі, бос­тандығы мен бо­лашағы үшін, ұрпақтар­дың бақыты үшін құрбан болған ба­тыр­лардың бірі еді.

Ерлігі На­урыз­бай­дың ерек еді,
Хан Ке­не ақылы асқақ зе­рек еді.
Біреуі оба болған ағаш­тай те­рек еді,
Біреуі на­мыс де­се өлер еді,
Екеуі қапы­лыс­та қаза тап­ты,
Қазақтың ба­ласы­на ке­рек еді…