Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Нұралы хан

Нұралы хан

Нұра­лы (1704–1790) — Кіші жүз ха­ны (1748–1786). Әбілхайыр хан­ның үлкен ұлы. 1948 жыл әкесінің қай­тыс бо­лу­ына бай­ла­ныс­ты ор­ны­на таққа отыр­ды және хан­дық дәре­жесі Ре­сей та­рапы­нан бекітілді. Оның хан сай­лау рәсіміне Ұлы және Ор­та жүздердің өкілдері де қатыс­ты.

Бас­тапқыда ше­шесі Бо­пай ха­ным­ның ақылы­мен әре­кет жа­сап, әкесінің са­яса­тын жалғас­ты­руға ты­рыс­ты. Ол Ре­сей әкімшілігінің Жайық бойын отар­ла­уына ба­рын­ша қар­сы­лық көрсетті. Орыс пат­шайымы Ели­заве­та Пет­ровнаға бірне­ше рет елші жіберіп, қазақ да­ласын отар­ла­удың негізсіздігін дәлел­де­уге, оны тоқта­туға тал­пынды.

Орын­бордың тұңғыш гу­бер­на­торы Неп­лю­евтің көмегімен Кіші жүздің тұтас­тығын сақтап қалуға ты­рысып, Арал бойына өзін «хан» жа­ри­ялаған Ба­тыр сұлтан­мен күресті.

1750 жы­лы әкесі Әбілхайырға ке­сене салғыз­ды. Алай­да ор­та­лық билікті күшей­ту қамы­мен қол ас­тындағы ха­лықтың бір бөлігін өзіне қар­сы қойып ал­ды. Әсіре­се қай­шы­лықты аху­ал Сы­рым Датұлы­ның көтерілісі кезінде тым ши­еленісіп кетті. 1773–1775 жыл­да­ры ша­ру­алар соғысын­да Е. Пу­гачевтің көтерілісіне қол­дау көрсет­кенімен бірақ оны то­лық қол­да­мады.

1783 жы­лы Жайық ка­зак­та­ры Сы­рым мен Нұра­лы хан ауыл­да­рын то­нау жо­рықта­рын бас­та­ды. Нұра­лы хан Сы­рым­ның ел ара­сын­да бе­делі жоғары екенін білгендіктен, оны орыс­тардың түрмесінен бо­сатып ала­ды.

Сы­рым темір тор­дан шыққан соң ха­лық көтерілісінің қарқыны үдей түсті. Бұл уақыт­та пат­шаға қар­сы бас көте­руден қорыққан Нұра­лы хан Сы­рымға қар­сы шығып, Ре­сейді көмек бе­руге шақыра­ды. Осы кез­ден бас­тап Сы­рым ба­тырға екі жа­умен бірдей шайқасуға ту­ра ке­леді.

1784 жы­лы Сы­рым Сағыз өзенінің бойын­да Нұра­лы ханға ша­бу­ыл жа­саған­да, ол орыс-ка­зак бекіністеріне қашып құтыл­ды. 1785 жы­лы Сы­рым­ның үзеңгілес­тері ор­на­ласқан аудан­дарда — Орал бекінісінің төменгі жағын­да ірі шайқас­тар бол­ды. 1783–1785 жыл­да­ры қазақтың бай­бақты, та­бын және та­ма ру­лары­ның жайылым­дық жер­лерін ка­зак­тар ба­сып алған соң, қиян-кескі ұрыс­тар бо­лып өтеді. Бұл ке­зеңде Кіші жүздің ба­тыс аудан­да­рын­да көтерілістер бас­та­лып, олар Жайық пен Ембі өзен­дері ара­сын­да көшіп-қонып жүрген ру­лар­ды да қам­ты­ды. Қалып­тасқан жағдай­ды пай­да­лана оты­рып, пат­ша өкіметі тіке­лей ру стар­шында­рымен келіссөздер жүргізе бас­та­ды.

Бір жағынан, бұл са­ясат қазақ да­ласын­дағы хан­дықты жою мақса­тын­да жүргізілді. Нұра­лы хан­ның өз ықти­яры­мен Ре­сей билігіне көнбейтіндігіне әбден көзі жет­кен Ека­тери­на II 1786 жы­лы ма­усым­да ар­найы жар­лығымен Нұра­лы хан­ды тақтан түсіреді. Алғашын­да Жайық бекінісіндегі абақтыға қама­лып, кейін Уфаға жер ауда­рыл­ды. 1790 жы­лы көктем­де осы қала­да дүни­еде сал­ды. 1790 жы­лы күзде қазақтар Есім сұлтан­ның ұлы Сәме­кені хан­дыққа ұсы­нады, бірақ пат­ша әкімшілігі бұл ұсы­ныс­ты қабыл­да­май­ды. 1792 жы­лы Пат­ша үкіметі Нұра­лы хан­ның інісі Ера­лыны хан­дыққа бекітіп, Ера­лы хан тағына оты­рады.

Нұра­лы хан ту­ралы А. Пуш­киннің «Пу­гачев та­рихы» ат­ты мұрағат­тық дайын­да­мала­ры мен қол­жазба­ларын­да, П. Рыч­ковтың «Жыл­на­мала­рын­да» ата­лып өтілген.