Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Орыс хан (1361-1375 жж. билік құрған)

Орыс хан (1361-1375 жж. билік құрған)

Орыс хан (1361-1375 жж. билік құрған)

Ақ Ор­да­ның ха­ны болған. П. Са­вельев, А. Ю. Яку­бовс­кий, П. П. Ива­нов На­тан­зи­яның «Му ин-ад-дин» ат­ты ту­ын­ды­сына сүйене оты­рып, Орыс хан – Шым­тай хан­ның ұлы, Жо­шы хан­ның не­мересі деп са­най­ды. Басқа мәлімет­тер («Бахр әл-Асқар», «Та­урих-и гу­зил­дайы Нус­ре­ат­на­ма») бойын­ша, Жо­шы хан­ның 13-ұлы, Тоқа Темірдің ұрпағы (Жо­шы – Тоқа Темір – Өз Темір – Қожа Бәдік – Орыс хан) бо­лып са­нала­ды.

Орыс хан өз әкесінен кейін, 1361–1362 жыл­да­ры Ақ ор­да тағына отыр­ды. 1368–1369 жыл­да­ры Ақ Ор­да­ның ас­та­насы Сығанақ қала­сын­да бақыр ақша шыға бас­та­ды. Ақ Ор­да­ны Орыс хан өз бетінше басқар­ды. Ни­зами ад-дин Ша­мидің мәлімет­тері және басқа да де­рек­тер бойын­ша, Орыс хан 1376–1377 жыл­да­ры қай­тыс болған, енді кейбір де­рек­терде 1380 жылға дейін өмір сүрген делінеді. Соңғы де­рек­терге сай, оның бұй­рығы бойын­ша Са­рай қала­сын­да шығарылған бақыр ақша­лар та­былған екен. 1379 жылға қарай Ақ Ор­да мен Еділ бойын­дағы қала­лар­ды Тоқта­мыс­тың басқарғаны белгілі.

Орыс хан қашан­да са­яси жағынан Ал­тын Ор­даға тәуелсіз Ақ Ор­да­ны басқаруға ұмтылған екен. Әбдіра­зақ Са­марқанидің мәлімет­тері бойын­ша Орыс хан Сыр­да­рия өзенінің бойын­дағы қала­лар мен егіншіліктің да­му­ына үлес қосқан, таққа отырған соң Ақ Ор­даға өза­ра қырқысу­лар­ды тоқтатқан. XVI ғасыр­дың 70-жыл­да­рының ор­та шенінде Қажы-Тар­хан (Аст­ра­хан), 1374–1375 жыл­да­ры Са­рай қала­сын бағын­дырған.

Ақ Ор­да­ның са­яси қауіпсіздігінен үрей­лен­ген Әмір-Темір Ақ Ор­да тағына өзіне ете­не жақын Тоқта­мыс­ты отырғызуға ұмтылған. Осыған бай­ла­ныс­ты, Ақ Ор­да мен Ал­тын Ор­да ара­сын­да қақтығыс­тар, соғыс­тар бас­талды. Орыс хан Ақ Ор­да­ның ішкі са­яса­тын Ор­да­ны қорғауға бағыт­та­ды. Ал Темір өзіне көршілес мем­ле­кет­тердің ша­ру­ашы­лық және әске­ри-са­яси жағынан тәуелсіз болғанын қала­мады.

Осыған орай, XIV ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да Шығыс Дешті-Қып­шақты, Жетісу­ды жа­улап алу жо­рықта­рын бас­та­ды, бұл соғыс­тар тұрғылықты ха­лықты қат­ты дүрліктірді. 1374–1375 жы­лы Темір Тоқта­мыс­ты әскерімен Ақ Ор­даға жөнелтті. Қан­ды шайқас қырғын соғысқа ұлас­ты. Соғыс­та Орыс хан­ның ұлы Қатлұқ-Бұқа қаза бол­ды. Бұл соғыс­тың соңын­да Тоқта­мыс әскері то­лығымен талқан­далды. Тоқта­мыс бас сауғалап, тірі қал­ды. Тағы да әскер жи­нап, қай­та ша­бу­ыл жа­сады, бірақ бұл да сәтсіз бол­ды. 1375–1376 жыл­да­ры Орыс хан соғыс­ты түпкілікті аяқтауға бел бай­ла­ды. Өз әскерін жи­нап, Ал­тын Ор­дағы бет ал­ды. Екі әскер Сығанақ қала­сының маңын­да кез­десті. Алай­да күннің күрт су­ытып кет­кендігіне бай­ла­ныс­ты, шайқас болған жоқ. Қара­ма-қар­сы екі жақ мұны­мен тын­бай, бір жыл­дан соң қай­та кез­десті. Соғыс­тың ту­ра нәти­желері белгісіз. Ни­зам ад-дин Ша­ми мен Ша­аф ад-дин Әли Иези­яның мәліметі бойын­ша, бұл шайқас­та (1376–1377 жж.) Орыс хан қаза болған. Енді бір де­рек­тер бойын­ша, ол 1380–1381 жыл­да­ры өлген.

1377 жы­лы Тоқта­мыс Ақ Ор­да­ның ас­та­насы Сығанақ пен Са­уран қала­ларын ба­сып ал­ды. Ни­зам ад-дин Ша­мидің мәліметі бойын­ша, Сығанақты Тоқта­мыс 1378–1379 жыл­да­ры жа­улап алған екен. Ол мұны­мен ты­нып қой­май, Са­рай-Бер­ке мен Еділ бойын­дағы қала­лар­ды бағын­дырды. Ал­тын Ор­да мен Ақ Ор­да­ның көпте­ген қала­лары Тоқта­мыс­тың иелігінде бол­ды.

Орыс хан – қазақ хан­дығының ірге­тасын қала­ушы. Өза­ра қырқысу­лар­ды тоқта­туға бел­се­не ат са­лысқан. Мем­ле­кет біртұтас­тығын нығай­ту­да да зор еңбек сіңірген.